Жердің сыртқы қабаттарын суреттеңіз


Биосфера туралы айтып беріңіз



бет5/7
Дата30.11.2022
өлшемі36,03 Kb.
#53634
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11-21геоэкология

Биосфера туралы айтып беріңіз.

Биосфера (грекше bіos – тіршілік, sphaіra – шар) –экосфера, биогеосфера – айналаны қоршаған ортадағы тірі организмдердің тіршілік ететін табиғи ортасы. Бұл терминді 1875 ж. австрия ғалымы-геологы Э.Зюсс ғылымға енгізген. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін қалаған академик В.И.Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +500 -500С температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады. В.И.Вернадский биосфераны геологиялық жағынан алғанда кездейсоқ емес әртүрлі жеті бөліктерден тұрады деп есептеді: тірі, биогенді, өлі, биологиялық өлі заттар, радиоактивті ыдыраушы заттар, шашыранды атомдардың заттары және ғарыштық заттар. Олардың ішіндегі алғашқы төртеуі маңызды болып саналады. Тірізат. Ғылыми әдебиетке бұл ұғымды В. И. Вернадский енгізді, ол химиялық құрамы, энергиясы және салмағы арқылы біріккен бүкіл тірі организмдердің жиынтығы. Биогенді зат (көмір, мұнай, әктас, шым тезек және т.б) - Жердің бүкіл геологиялық тарихында организмдер қалдықтарынан құралған, қуатты энергия көзіне жататын органикалық және органикалық- минералдық заттар. Өлі заттар - түзілу үрдісіне тірі заттар қатыспаған тірі организмдердің тіршілік ету орталары немесе субстрат. Биологиялық өлі заттар тірі және өлі заттардың (үгілу қабаты, топырақтар, тұнбалар, табиғи сулар, шөгінді жыныстар және басқалары) синтезі нәтижесінде түзіледі. Биологиялық өлі заттағы тірі және өлі заттардың ара қатынасы әртүрлі болады. Мысалы, көп ғалымдар топырақтың шамамен 93% өлі және 7 % органикалық заттардан тұрады деп есептейді. Тірі зат биосфераның аз ғана бөлігі болғанымен (бүкіл биосфера салмағының 0,01%) оның негізін құрайды. В.И.Вернадский бойынша, тірі заттар - бұл қуатты геологиялық фактор ретінде тіршілік ететін (немесе бұрын тіршілік еткен) тірі организмдердің жиынтығы. В.И.Вернадский ең алдымен тіршілік бар жерлерді қамтитын биосфераның таралу кеңістігін анықтады. Биосфераның таралу шекарасын ондағы тірі заттардың тіршілік етуімен байланыстырды. Ол тірі заттар деп микроорганизмдер, балдырлар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер мен жануарлар жиынтығын атады. Осы тірі заттың бейорганикалық ортамен тұрақты өзара әрекеттесуі бірыңғай термодинамикалық қабықта жүреді. Биосфераның төменгі шекарасы жер қыртысының 2-3 шақырымына дейінгі, ал мұхит түбінен төмен 1-2 шақырым тереңдіктегі аумақты қамтиды, ал жоғарғы жағы 20- 25 шақырым биіктіктегі озон қабатына дейін жетеді. Тірі ағзалардың ең тығыз орналасқан бөлігіне тропосфераның 50м биіктікке дейінгі төменгі бөлігі мен жер қыртысының беті жатады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет