Геожүйе (географиялық жүйе) – материалдық жүйе ретінде бірін-бірі толықтыратын немесе кеңістік пен уақытқа байланысты тығыз қарым-қатынаста даму үстіндегі табиғат құрауыштарының біртұтас жиынтығы.Дегенмен «геожүйе» мен «экожүйе» - бір-біріне теңдес ұғымдар. Бірақ геожүйелер экожүйелерге қарағанда өндірістік аумақтар кешенін және өндіріс орындарының таралу аймағын да қамтиды. географиялық жүйе - географиялық қабықтың өзара байланыстағы және өзара әрекеттес көптеген құрам бөліктерінен тұратын географиялық түзілім. Қазірге дейін барлық қалыптасқан анықтамалар бойынша геожүйе - әр текті элементтердің жүйелік қасиеттерінің (тұтастығы, өзара байланысы) көрінуі; осы анықтамалардың екінші бөлігі - жүйенің теографиялылықтың белгілері (жүйе элементтерінің немесе бөліктерінің аумақтық реттілігінің қатынастары; Жерге, жер бетіне, географиялық қабыққа, тағы да басқалары қатыстылығы) көрсетіледі. "Геожүйе" ұғымының 4 топтағы негізгі анықтамалары қалыптасқан термин: 1) табиғи географиялық түзілімдер үшін; 2) табиғаттың, халықтың ЭВМ шаруашьшықтың элементтерін бір уақытта бірдей қамтитын күрделі түзілім үшін; 3) табиғаттық және әлеуметтік-экономикалық түзілімдер үшін; 4) Геожүйе ғылымдарды қамтитын ғылымдарының барлық нысандарын белгілеу үшін қолданылады
Ландшафтар туралы айтып беріңіз.
Ландшафт құрамдас бөліктерінің арасында тұрақты қатынастар мен байланыстар қалыптасқан тұтас табиғи жүйе болып табылады. Ландшафттың құрамдас бөліктерінің арасында әрқайсысының өзгеруі бүкіл ландшафттың өзгеруіне алып келетін бірнеше дербес топтарды бөліп қарауға болады. Ондай топтар биологиялық, климаттық, гидрогеологиялық, геологиялық, геоморфологиялық құрамдас бөліктер болуы мүмкін. Олар бір-біріне бірдей дәрежеде әсер етеді және кейбір құрамдас бөліктер мен олардың қасиеттері басқа құрамдас бөліктерге олардың әсеріне қарағанда күштірек әсер етеді. Ландшафт – құрамына ішкі геожүйелердің: жерлердің, алқаптардың, фацийлердің өзіндік ерекшелікті жиынтығы кіретін, белдемдік және белдемдік емес белгілері бойынша біртекті генетикалық бірыңғай геожүйе. «Ландшафт» ұғымының тек табиғаттанулық ғана емес, тұтынушылық құны да бар. Себебі, ландшафт – географиялық қабық құрылысының белгілі бір белдемге тән барлық белгілерін сақтаған ең шағын аумақтық бірлік. Онда табиғаттың өңірлік те, ішкі де ерекшеліктері ұштасқан, табиғи себепші шарттардың, тіршілік жағдайларының және адамдардың қызметінің сол жерге тән жергілікті кешені толық көрінеді. Ландшафттарды олардың орналасқан жеріне, табиғи құрамдас бөліктері қасиеттерінің қиылысуына байланысты тұрпаттарға, тұрпатшаларға, кластарға, класшаларға, түрлерге біріктіреді. Ландшафттың тұрпаты – аса ірі таксономиялық бірлік, ол жылумен және ылғалмен табиғи қамтамасыз етілуінің арақатынасы бойынша анықталады. Ландшафттың жұмыс істеуінің көптеген көрсеткіштері, оның өнімділігі, яғни биомасса өндіруі тап осы арақатынасқа байланысты.