1.
Тренингті өткізу.
Топтың дайындығы мен қатысушылардың жеке дайындығына сəйкес тренингтің
бағдарламасын жүзеге асыру.
2.
Тиімділікті бағалау
Қатысушылардан кері байланыс (сауалнамаларды толтырту).
Тренингтің соңында кері байланысты жүзеге асыру.
Есеп дайындау: топ жұмысы, ұсыныстар, алдағы уақыттағы əрекеттер, оқытудың үлгілік
жоспары.
Ұйымның жетекшісімен тренингтің қорытындысын талқылау.
3.
Тренингтен кейінгі қолдау
Білік пен дағдыларды жетілдіру бойынша жеке консультация.
Қатысушылардың болашақтағы дамуы бойынша басшылықтың консультациясы.
Жеке жəне барлық топ қатысушыларына арналған тренингтен кейінгі қолдау көрсету.
Алдағы уақыттағы əріптестікке байланысты бірлескен ұсыныстарды құрастыру.
Тренингті өткізудің бір үлгісі осы нұсқаулықтың қосымшасында берілген
Қорытынды
Білім беру жəне тəрбиелеу үдерістері ұлттық болмысты қалыптастыру мен мəдени-ұлттық
құндылықтарды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Тек жақсы білім мен тəрбие алған
азамат тарихи жəне мəдени өзгерістерге қатыса алады. Мұндай азамат өзінің белгілі бір
халыққа жататындығын сезіне алады, оның мəдениеті жоғары, жан дүниесі бай, жоғары
рухани құндылықтарды меңгерген болып келеді. Дегенмен, білім берудің тағы бір маңызды
бөлігі – жастарды өзге ұлттардың тіршілік болмысы мен мəдениетін түсінуге үйрету. Əр түрлі
ұлттардың мəдениеті бір-бірімен араласқан кезде ғана, жекелеген халықтардың мəдениетінің
ерекшеліктері айқын байқалады.
Этномəдени білім мен тəрбие бірнеше ұстанымдарға сəйкес берілуі керек. Біріншіден,
этникалық жəне тілдік топтарға берілетін білім заң шеңберінде шектелген жəне барлық ұлт
өкілдерінің этномəдени саладағы қызығушылықтары мен сұраныстарын бірдей
қанағаттандыратындай болуы керек. Екіншіден, этномəдени білім беруге тек білік пен
дағдыны қалыптастыруға арналған механизм ретінде ғана емес, адами жəне ұлттық
болмыстың сақталуы мен дамуын қамтамасыз ететін институт ретінде қабылдау керек.
Үшіншіден, этно-конфессионалдық білім беру бағдарламасы көпмəдени тұлғаны
қалыптастыру, жеке тұлғаның өз мəдениетін толық меңгеріп, өзге ұлттардың мəдениетін
түсінуі, əр мəдениеттің өзара байланысы деген түсініктерге негізделіп құрастырылуы керек.
25
24
Этномəдени білім беруге аймақтағы этномəдени білім беру кеңістігі көмектеседі, яғни бір
аймақта тұратын əр түрлі ұлттардың ұлттық мəдениеттерін қолдауға жағдай жасау, этникалық
мəдениеттерді дамытуға арналған шаралар. Этномəдени кеңістік бір жағынан этномəдени
білім беруге қажетті жағдай жасайды, екінші жағынан этномəдени білім беретін қоғам мен
жеке тұлғаның нақты əлеуметтік-мəдени институты ретінде жұмыс істейді. Бұл отбасы,
аналық тəрбие, балаларға арналған мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мектептер, оқу
орындары, ұлттық-мəдени орталықтар, үйірмелер, курстар, жалпы қосымша жəне кəсіби
білім беру орталықтары, т.б. Құрылымы бойынша кеңістік екі органикалық бөлімнен
құралады: институционалдық (мектеп, колледждер, оқу орындары, т.б.) жəне формалдық
емес (отбасындағы білім мен тəрбие, достармен, көршілермен қарым-қатынас жасау, т.б.).
Формалдық емес білім беру этномəдени жəне этно-конфессионалдық білім беру жүйесінде
ерекше орын алады. Бұл қойылған міндеттің орындалуында маңызды рөл атқарады,
этномəдени білім формалдық емес білім беру арқылы тəжірибеде көрсетіледі.
3.
Қосымша: практикалық материалдар
Жоғары сынып оқушыларына арналған сауалнама
1.
Сіз тұратын ауданда/кентте/қалада/ауылда өмір сүретін ұлттарды атаңыз.
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
2.
Өзге ұлт өкілдеріне сіздің қарым-қатынасыңыз қандай?
2.1.
Сыйлаймын
2.2.
Жек көремін
2.3.
Маған бəрібір
3.
Сіз олармен қандай деңгейде қарым-қатынас жасауға дайынсыз?
3.1.
Сабақ кезінде араласамын
3.2.
Достық қарым-қатынас
3.3.
Жақын достар
3.4.
Өзімнің тағдырымды байланыстыруға дайынмын
3.5.
Араласқым келмейді
4.
Сіз өзіңіз өзге ұлт өкілдеріне қандай үлгі көрсетер едіңіз немесе олардан қандай
үлгі аласыз?
4.1.
Сабақ барысында
4.2.
Бос уақытты өткізу жолы
4.3.
Мінезіндегі ерекшеліктер
4.4.
Ас үйлеріндегі ерекшеліктер
4.5.
Киім кию ерекшелігі
4.6.
Отбасыларындағы қарым-қатынас
4.7.
Отбасындағы тəрбие
4.8.
Мəдени, ұлттық дəстүрлер
4.9.
Өнер мен музыка
4.10. Ештеңе
5. Сіз оқитын сыныпты көпұлтты отбасы деп атай аласыз ба? Неге?
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
Жауап бергеніңіз үшін рахмет!
«Азаматтың өмірлік ұстанымы»
(өзін-өзі жетілдіру жəне өзін-өзі тану тренингінде қолдануға болады)
Мен – табиғат перзентімін жəне табиғат мырзасымын, сондықтан мен....
·
көк аспанды, жарқыраған жұлдыздарды, жер мен теңізді жақсы көремін;
·
күн шыққанға, жаңбыр жауса, қар жауса, жел тұрса, бəріне де қуанамын;
·
шөптерді таптамаймын, гүлдерді жұлмаймын, құстарды қорқытып ұшырмаймын,
жануарларды ренжітпеймін;
·
табиғаттың дауысын ести аламын, табиғатпен сөйлескенді жақсы көремін, жер
табиғаты үшін алаңдаймын;
·
өз күшім жеткенше табиғаттың гүлденгеніне барымды саламын;
барлық адамдармен бірге табиғаттың жағдайына жауаптымын.
Жер бетіндегі барлық тірі ағзаларға қарағанда, Мен – ерекше саналы ақыл иесімін,
сондықтан мен....
·
бірнəрсені түсінбей жатып, оған сенбеймін;
·
ойлаудың негізгі құралы ретінде өзімнің сөзімді жетілдіремін;
·
өз əрекеттеріме жауап беремін, ойланбай əрекет етпеймін;
·
өмірлік жағдайларды, жеке жүріс-тұрысымды, өзімнің қарым-қатынасымды ойланып
істеймін;
·
мақсат қоя білемін жəне оны шешудің лайықты жолдарын таңдап аламын;
·
ойланбай əрекет етуге, қылмыс жасауға қарсы тұра аламын;
·
өз өмірімде не болып жатқанына толық жауап бере аламын.
Мен өмірді барлық қырынан қабылдай аламын, сондықтан мен....
·
барлық өмір нышандарын қарсы аламын, өмірі өшіп бара жаста көңілім бұзылады;
·
кез-келген тірі жанға зиян келетін əрекеттер жасамаймын;
·
адамдардың көңіл-күйлерін, денсаулықтарын ескеремін;
·
біреуге жаман болса, мұңына ортақтасамын, біреу қуанса, мен де бірге қуанамын, біреу
ренжулі болса, оны қорғаймын;
·
өз денсаулығыма жауап беремін, менің денемнің əдемі мен қайратты болуы үшін
барымды саламын;
·
біреудің өміріне қауіп төніп тұрса, көмекке асығамын;
·
өмірдің объективті заңдылығын түсінемін, себебі ол маған жер бетінде еркін өмір
сүруіме көмектеседі.
Мен оларсыз өмірді елестете алмайтын адамдармен бірге өмір сүремін, сондықтан
мен....
·
айналамдағы барлық адамдарды оның жасына, мамандығына, жағдайына, қызметіне,
сырт келбетіне қарамастан мен, ең алдымен, Адам ретінде қабылдаймын;
·
басқа Адамды тыңдаймын, көремін, қабылдаймын, түсінемін;
·
басқа Адамдарға олардың рұқсатымен көмек көрсетемін;
·
басқа Адамдарға жылы көзқараста боламын жəне олармен сөйлесуге əрқашан
дайынмын;
·
айналамдағы адамдарды құрметтеумен қатар, мен олардан маған ұқсамауларына жəне
27
26
менің оларға ұқсамауыма құқығым бар екенін білемін;
·
басқа Адамның жеке тұлғасына жəне оның өмір сүрі ерекшелігіне қызығушылық
танытамын;
·
жер бетіндегі барлық адамға бақыт тілеймін, оларды бəрі ақсы болғанын қалаймын.
Мен – жасампазбын, бұл менің Жер бетіндегі өзіндік «Менімді» көрсететін жалғыз
əдіс, сондықтан мен…
·
табиғаттың жəне адамның қолдан жасаған нəрселерін құрметтеймін, кез келген еңбекті
жəне адамның өз жұмысын адал атқаруын бағалаймын;
·
оқығанды жақсы көремін жəне өз мүмкіндіктерімді ашу үшін оқуға тырысамын;
·
бос сандалып жүрмеймін жəне ешқандай жұмыстан қашпаймын;
·
тапсырылған жұмысты тез əрі сапалы орындау дағдыларымды жетілдіремін;
·
мені қоршаған ортаны жəне жағдайларды жақсартуға тырысамын;
·
əлеммен əрекеттестікте болу үшін көптеген əр түрлі білік пен дағдыларды меңгеремін;
·
маған бақыт сыйлайтын жəне жер бетінде мен өз қолымнан бірнəрсе жасауға
көмектесетін өзімнің кəсіби жұмысымды іздеймін.
Мен біреуге масыл болмас үшін өзім өмір сүре алатын ақша таба білуім керек,
сондықтан мен...
·
өзімнің жұмысқа қабілеттілігімді арттырамын;
·
бастаған жұмысымды аяқтаймын;
·
өз уақытымды жоспарлаймын, басты нəрселерді бірінші орынға қоямын, маңызды
емес жұмыстарды кейінге қалдырамын;
·
ешкімнен ақша сұрамаймын, ата-аналарымнан талап етпеймін, ешкімнен қарыз
алмаймын жəне бөтен адамның ешқандй затын алмаймын;
·
ақшаны саналы түрде жұмсаймын, менің қолымда ақша бар болса, мен оны өмір сүру
құралы ретінде ғана қараймын;
·
өзіме тəжірибе жинаймын;
·
«өмір сүру құралын» жəне «өмір сүрудің маңызын» дұрыс бөлемін, материалдық
байлық тек өмір сүру құралы ғана екенін түсінемін.
Мен – Ер азамат атауын алып жүрген қоғамның бір бөлігімін, сондықтан мен...
·
мықтымын, өз-өзімді қолға ала білемін, кең пейілдімін;
·
əрқашан арқа сүйей алатын адаммын;
·
балалардың, əйелдердің, қариялардың, барлық əлсіз жандардың қорғаушысымын;
·
менің отбасымда, мектебімде, қаламда, елімде болып жатқан нəрселерге жауап
беремін, бұл жауапкершілікті өз еркіммен жəне мақтанышпен алып жүремін;
·
əйел затын табиғатты жалғастырушы ретінде құрметтеймін, оның алдында бас иемін;
·
болашақта сүйікті жəне сүйе білетін жар болуға, əке болуға, отбасының асыраушысы
болуға дайынмын;
·
ішкілікті, шылым шегушілікті, төбелес құмарлықты, жаман сөздер сөйлеуді ер
мінездік танытудың жалған əдістері ретінде жек көремін, төмен ортаның жаман əрекеттеріне
қарсы тұрамын.
Мен əйел заты деген атауды алып жүрген, қоғамның бір бөлігімін, сондықтан мен...
·
əрқашан əдемімін, нəзікпін, мейірімдімін;
·
достармен танысу кезінде дұрыс пікір айта аламын, ер адамды дұрыс таңдаймын;
·
өз біліміміді жетілдіремін, себебі əдемі болу үшін ақыл да керек;
·
мейірімді, қамқор боламын, кез келген тірі жанға көмек көрсетуге дайын тұрамын,
адамдарға қарым-қатынас кезінде əдеп сақтаймын;
·
болашақта сүйікті жəне сүйе білетін жар болуға, ана болуға, отбасының
эмоционалдық тірегі болуға дайынмын;
·
əйелдер қоғамның рухани деңгейін көрсететінін жəне ер азаматтарды ұлы іске
жетелейтін де əйел адам екенін түсінемін.
Менің ішкі дүнием бар, жеке «Менім» қалыптасқан, сондықтан мен...
·
ішкі дүниемді жетілдіремін, оны жаңа біліммен, тəжірибемен толықтырамын;
·
ішкі құпияларымды сақтаймын, ешкімнің менің ішкі дүниемді қозғауына жол
бермеймін;
·
əр адамның жекелігін мойындаймын жəне құрметтеймін;
·
маған өзіммен-өзім жеке қалған ұнайды, жалғыздықтан қорықпаймын, мұндай
кездерде мен өзімнің жеке «Меніммен» сөйлесемін;
·
дұрыс емес қылық жасаған кезде мені арым мазалайды;
·
өз уақытымен өзімнің ішкі дүниемді тазартып отырамын, өзіме дұрыс баға беремін,
жаңа мақсаттар қоямын;
·
өзімнің əлемімды жасаушымын, яғни өз өмірімнің қожайыны өзіммін, өз бақытымды
өз қолыммен жасаймын.
Мен – өз Отанымның ұлымын, мен – өз Отанымның қызымын, сондықтан мен...
·
өз Отанымның өткенін зерделеймін, бүгініне қызығушылық танытамын, туған
жерімнің болашағына алаңдаймын;
·
халқымның бай əрі көркем тілін құрметтеймін;
·
елімде болып жатқан жағдайларға белсенді түрде қатысамын жəне отандастарымның
тағдырына алаңдаймын;
·
отаныммен мақтанамын жəне отандастарымның дұрыс емес қылықтары үшін
ұяламын;
·
өз халқымның дамып, гүлденуін тілеймін, артық жұмыс істеуден, біреуге бағынудан
құтқарамын;
·
өз елімнің гүлденуі үшін өз ісімді адал атқарамын;
·
егер қажет болса, мен өз елімді шамам жеткенше қорғауға əзірмін.
Менің бостандығым
·
Мен еркін адаммын, бірақ мен айналамда көп адам бар қоғамда өмір сүремін
сондықтан...
1.
Мен үшін əрдайым жəне барлық жерде екі қатаң тыйым бар:
- БАСҚА АДАМНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНА ЖƏНЕ ОНЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫНА
ҚАРСЫ БОЛУҒА БОЛМАЙДЫ
- ЖҰМЫС ІСТЕМЕУГЕ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРМАУҒА ЖƏНЕ
ƏРЕКЕТ ЕТУ БАРЫСЫНДА ТУАТЫН ЖЕКЕ ҚАБІЛЕТТЕРДІ ДАМЫТПАУҒА
БОЛМАЙДЫ
2. Еркін таңдау жасай отырып, мен алдымен, істегелі отырған əрекетімнің арты не боларын
болжап аламын:
- МЕН ҚАЗІР НЕНІ ҚАЛАЙМЫН?
29
28
ОСЫ ƏРЕКЕТКЕ БАРҒАННАН КЕЙІН МЕН ӨЗІМДІ ҚАЛАЙ СЕЗІНЕМІН?
МЕНІҢ ЖАНЫМДАҒЫ БАСҚАЛАР ӨЗДЕРІН ҚАЛАЙ СЕЗІНЕТІН БОЛАДЫ?
3.
Енді мен өзімнің қалауларымды, пайымдауларымды жеткізе аламын, жағдайға
байланысты əрекет ете аламын:
-АҚЫЛСЫЗ БОЛЫП КӨРІНУДЕН ҚОРЫҚПАСТАН,
-БАСҚАЛАРҒА ҰҚСАП КЕТУДЕН ҚОРЫҚПАСТАН,
-БАСҚАЛАРДЫҢ ҚАЛАУЛАРЫН, ПІКІРЛЕРІН, ƏРЕКЕТТЕРІН ҚҰРМЕТТЕЙ ОТЫРА.
Авторы - п.ғ.д. Н.Е. Щуркова
Ұлтаралық қақтығыс жағдаяттарды шешу дағдыларын қалыптастыру тренингі
Тренинг бағдарламасы
1.
Мақсаты: этнотолеранттылықты дамыту, қақтығыс жағдаяттарды тиімді шешуге
жаттығу жасау. Тренингте «Кейс əдісі» жəне «Рөлдік ойындар» психотехнологиялары
қолданылады.
2.
Танысу. Танысу əр түрлі халықтарға тəн амандасу түрлері арқылы жүргізіледі. Əрі
қарай көңіл күй мен адамдардың қазіргі күйі талқыланады. Əрі қарай тренингке қатысушылар
тренингтің соңына дейін бір мəдениеттің адамы ретінде рөлде ойнайды.
3.
«Визит картасы». Қатысушыларға сұрақ: «Қақтығыс дегенді сіздер қалай
түсінесіздер жəне өмірде оларды шешудің қандай тиімді əдістерін қолданасыз?». Тапсырма
«Метафора ретінде немесе пиктограммалық сурет арқылы қағаздың сол жақ бөлігіне
қақтығыс жағдайындағы сіздің күйіңіз жəне алған əсеріңізді бейнелеңіз, ал оң жақ бөлігіне сіз
үшін жағдаяттың тиімді шешілгенін бейнелеңіз. Дəл сол кездегі алатын əсеріңізді өз
денеңізбен көрсетіп беріңіз. Қалған қатысушылар осы қимылды қайталаса болады.
4.
Жағдаятты ойнап көрсетіп беру. Тапсырма. Қатысушыларға таратылған
материалдарда баяндалған немесе қатысушылардың өздері айтқан кейбір ұлтаралық
қақтығыстардың сценарилері шағын топта талқылауға беріледі. Əрі қарай осы жағдаяттарды
қатысушылар түрлі рөлге ойнап көрсетулері керек. Бірақ, жағдаяттан шығу жолын көрсетпес
бұрын, топтың барлық қатысушылары өздерінің жағдаятты шешу бойынша ұсыныстарын
айтуы керек.
5.
Дағдыны қалыптастыру. «Лайықты жауап» жаттығуы. Барлық қатысушылар бір
қатысушының жүріс-тұрысына немесе сыртқы келбетіне қатысты ренжітетіндей ескерту
жазылған карточка алады. Барлығы кезектесіп дөңгеленіп тұрып карточада жазылған сөзді
оқып шығады. Бұл сөздерді олар бір-біріне қарап оқиды.
6.
Қорытынды. Кері байланыс. Тапсырма. Визит картасының артқы бетіне «Менің
жаңа дағдыларым» тақырыбында сурет салу.
Дереккөздер: Кашапов М.М., Конфликттік құзіреттілік қарсыласты толерантты
қабылдаудың негізі ретінде // ғылыми мақалалар жинағы. Қазіргі қоғамдағы толеранттылық:
Пəнаралық зерттеулер тəжірибесі/ ғылыми жетекші: М.В. Новиков, Н.В.Нижегородцева –
Ярославль : ЯГПУ баспасы, 2011. Б.15-18; Пралиев С.Ж., Намазбаева Ж.И., Каракулова З.Ш.,
Садыкова А.Б. «Шығармашыл зияткер тұлғаны қалыптастыру». Оқу-əдістемелік құрал. –
Алматы: “ ҰЛАҒАТ” баспасы, 2013 -120 б.
«Өзіңмен жəне басқалармен бір əлемде өмір сүру» тренингі
Тренингті «Толерантты сананы қалыптастыру жəне ресейлік қоғамда экстремизмнің
алдын алу» жобасы бойынша М.В. Ломоносов атындағы ММУ психология факультеті,
тұлға психологиясы кафедрасының жəне «Гратис» Ғылми-практикалық психологиялық
жəрдем беру орталығының қызметкерлері əзірлеген.
Мақсатты топ – жоғары сынып оқушылары, жастар.
Тренинг үш мəселелі блоктардан тұрады.
1- блок. Толеранттылық түсінігі (1-3 сабақтар)
Бірінші блоктың мақсаты:
•
«толеранттылық», «толерантты тұлға», «толеранттылық шегі» ұғымдарымен танысу;
•
қоғамда толеранттылық пен шыдамсыздықты таныту туралы талқылау.
2-блок. Өзіне жəне топтың қатысушыларына толеранттылық таныту (4-6 сабақтар)
Екінші блоктың мақсаты:
•
өзіне деген құрметті сезіну жəне басқаларды құрметтеу;
•
топтық əрекеттестік кезінде əр қатысушының жеке тұлғалық қасиеттерінің əр
түрлілігін түсіну;
•
өзіне-өзі талдау жасау, өзін-өзі тану, өзі туралы жақсы көзқарастағы ішкі диалогты
қалыптастыруды жетілдіру;
•
өз халқына жақсы көзқараста болу;
•
жақсы көзқарастағы кері байланыс пен топтың қолдауын алу арқылы өзіне деген
бағаны арттыру.
3-блок. Басқаларға қарым-қатынас жасаудағы толеранттылық
(7-10 сабақтар)
Үшінші блоктың мақсаты:
•
қақтығыс жағдаятынан шығудың конструктивті тəсілдерін үйрену, өзінің ойын жəне
уайымдауларын еш қақтығыссыз жəне зорлық-зомбылықсыз жеткізе білуге үйрену;
•
əлеуметтік қабылдауларды, əлеуметтік ойларды, сенімді, басқа адамдарды тыңдай
білуді, эмпатияға қабілеттілікті, қолдау көрсетуді жетілдіру;
•
əлеуметтік байланыстарды нығайтатын коммуникативтік дағдыларды жетілдіру;
•
ұлтаралық байланыстарда түсіністік пен толерантты мінез-құлық танытуға дағдылану.
Жалпы ұсыныстар
1.
Тренинг 1-1,5 сағаттан тұратын он бір сабаққа есептелген.
2.
Қатысушылардың саны 15 адамнан аспауы керек.
3.
Тренингті жүргізі үшін толерантты сананы қалыптастыруға мүмкіндік беретін
31
30
шығармашылық орта сақталатындай арнайы бір бөлме берілгені дұрыс. Тренингтің өту
барысында бөлме «толерантты» атрибутикамен толығып отыруы керек.
4.
Тренингті жүргізуші тек сабақтың мазмұнына ғана емес, оқыту барысына басты назар
аударғаны дұрыс.
Сабақтың құрылымы
Əр сабақ үш бөлімнен құралған:
1.
Сергіту сəті. Топ мүшелерінің белсенділігіне əсер ететін, жақсы атмосфераның
қалыптасуына, біртұтас əрекет етуге көмектесетін жаттығулар.
2.
Сабақтың негізгі мазмұны. Бұл бөлімде сабақтың тақырыбын түсінуге бағытталған
дəріс, ойындар, жаттығулар, тапсырмалар беріледі.
3.
Рефлексия. Əр сабақтың соңында топ мүшелері өз ойларымен, пікірлерімен, көңіл
күйлерімен бөлісе алатындай уақыт қалдырып отыру керек.
Тренинг мақсаты:
•
Топ мүшелерін «толеранттылық», «толерантты тұлға» түсініктерімен,
толеранттылық кезінде жəне шыдамсыздық кезінде байқалатын критериялармен
таныстыру, адамдармен араласу кезінде жəне басқа да орталарда толерантты мінез-құлық
көрсетудің үлгілерін көрсету.
•
Қатысушыларды толерантты тұлғаның белгілерін қалыптастыратын əдістерге
үйрету.
•
Эмпатияға бейімділікті, қиялдауды, қолдау көрсетуді, сенімді, өзін-өзі тануды «Мен»
жəне «Басқалар» контексінде жетілдіру.
1-сабақ. ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ: БҰЛ НЕ? (I бөлім)
Мақсаты:
•
қатысушыларды «толеранттылық» түсінігімен таныстыру;
•
толеранттылықты өзі түсінуі бойынша қатысушылардың пікірін тыңдау:
1)
«ғылыми анықтама» тудыру негізінде;
2)
экспрессивті нысанның көмегімен;
1)
ассоциативті қатарды қолдану арқылы.
Кіріспе бөлім
Мақсаты: мəселеге кіру.
Танысу. Топта жұмыс істеу ережелері қолданылады. Жүргізуші қатысушыларға оларға
қалай атаған ұнайтынына байланысты өздерін таныстыруды сұрайды (мысалы, бүркеншік
ат қолдану).
«Қар үйіндісі» жаттығуы
«Оң жақтағы көрші, сол жақтағы көрші» жаттығуы
Мақсаты:
•
топта достық қарым-қатынастағы, бір-біріне еш күш көрсетпейтін атмосфера орнату;
•
топ ішіндегі сенімді жəне топ мүшелерінің біртұастығын жетілдіру.
Қолына доп ұстаған қатысушы өзінің оң жағындағы жəне сол жағындағы көршілерінің атын
атайды, содан кейін өзін таныстырады. Осыдан кейін ол допты топтың кез келген мүшесіне
қарай лақтырады. Допты қағып алған қатысушы да өзінің сол жағындағы жəне оң жақтағы
көршісінің атын атап, содан кейін өзінің атын атайды. Ойын осылай жалғаса береді.
Достарыңызбен бөлісу: |