Жергілікті қауымдастықты оқыту орталығы (ЖҚОО) жəне басқа да қосымша білім беру


«Біздің ұқсастығымыз қандай?» жаттығуы



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата03.03.2017
өлшемі0,68 Mb.
#7312
1   2   3   4   5   6

«Біздің ұқсастығымыз қандай?» жаттығуы 

Өту барысы.  Топ мүшелері дөңгеленіп отырады. Жүргізуші өзіне əйтеуір бір жері ұқсайтын 

бір  қатысушыны  ортаға  шақырады.  Мысалы,  «Света,  ортаға  шық,  себебі  екеуміздің 

шашымыздың  түсі  ұқсас».  Света  ортаға  шығып,  осындай  жолмен  тағы  біреуді  ортаға 

шақырады. Ойын топтың барлық мүшелері ортаға шыққанға дейін жалғасады.



«Комплименттер» жаттығуы

«Толеранттылық деген не?» жаттығуы 

Мақсаты:

• 

қатысушыларға «толеранттылық» ұғымының ғылыми түсінігін беру; 



• 

«толеранттылық» түсінігінің көпаспектілігін көрсету. 

Өту барысы: Жүргізуші топ мүшелерін 3-4 адамнан тұратын топтарға бөледі. Əр топ «миға 

шабуылдың» нəтижесінде өздерінің толеранттылық туралы түсініктерін жеткізулері керек. 

Қатысушылар олардың ойынша толеранттылық қандай мағына беретінін сұрау керек. 

Анықтама қысқа əрі нұсқа болуы керек. Талқылаудан кейін өздерінің берген 

анықтамаларын барлық қатысушылармен бөлісуін сұрайды. Топтағы талқылау біткеннен 

кейін, əр анықтама тақтада немесе ватман қағазында жазылады.   



Сабақты қорыту. 

2 - сабақ. ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ: БҰЛ НЕ? (II бөлім)

Сергіту сəті.

«Жалпы ритм» жаттығуы

Мақсаты:  топтың біртұтастығын арттыру. 

Өту барысы. Топ мүшелері дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші белгілі бір жылдамдықпен 

ритмды ұлғайта отырып бірнеше рет шапалақтайды, бұл ритмді топ мүшелері де 

жалғастырып əкетулері керек: жүргізушінің оң жағында тұрған қатысушы бір 

шапалақтайды, одан кейін екінші қатысушы шапалақтайды, осылай жалғасып кете береді. 

Бір ритмде тек бір адам ғана шапалақтап тұрған сияқты дыбыс шығару керек.

«Толеранттылық эмблемасы» жаттығуы 

Мақсаты:

• 

Толеранттық анықтамасымен бірге жұмысты жалғастыру. 



• 

Қиялды дамыту, өз ойын жеткізудің эксперименталды əдістерін дамыту.



«Толеранттылық пантомимасы» жаттығуы 

Өту барысы.  Барлық қатысушылар 3-4 топқа бөлінеді (3-5 адамнан). Əр топ тақтада 

ілінген толеранттылықтың бір анықтамасын алады. 



Міндеті: алынған анықтаманы, ыммен көрсету керек. Басқа қатысушылар не туралы айтып 

тұрғанын түсініп, табулары керек.



Талқылау. Жүргізуші төмендегі сұрақтарды қояды:

• 

Қандай пантомиманы табу кезінде еш қиындық тумастан, тез таптыңыздар? 



• 

Пантомиманы ойлап тапқан кезде топпен бірге қандай қиындықтарға тап 

болдыңыздар? 

«Себет» жаттығуы

Мақсаты:

• 

ассоциалды қатар арқылы «толеранттылық» түсінігімен жұмыс істеу; 



• 

фантазияны, шығармашылық ойлауды дамыту. 



33

32

Өту барысы.  Жүргізуші əр түрлі ұсақ заттар салынған себетпен ортада шеңбермен жүріп 

шығады. Қатысушылар себетке қарамай бір затты алады. Бəрі дайын болған кезде, 

жүргізуші қатысушылардың қолдарындағы заттың толеранттылық ұғымымен қандай 

байланысы бар екендігін айтып берулерін сұрайды.

Сабақты қорытындылау.

3 - сабақ. ТОЛЕРАНТТЫ ТҰЛҒА 

Мақсаты:  толерантты  жəне    толерантты  емес  тұлғаның  ерекшеліктері  мен  олардың 

арасындағы айырмашылықтар туралы түсіну.



Сергіту сəті.

«Өзгеру» жаттығуы 

Мақсаты:

• 

метафоралық  құралдар  арқылы  өзін-өзі  тану  жəне  өз  ойын  сыртқа  шығару.  Өту 



барысы.  Қатысушылар  дөңгеленіп  отырады.  Жүргізуші  олардың  төмендегі  сөйлемдерді 

жалғастыруын сұрайды:

• 

«Егер мен кітап болсам, ......... болар едім (сөздік, өлеңдер жинағы)». 



• 

«Егер мен тағам болсам, .... болар едім (ботқа, бəліш, картоп)». 



«Толерантты тұлғаның ең басты қасиеттері» жаттығуы 

Мақсаты:

• 

қатысушыларды толерантты тұлғаның негізгі қасиеттерімен таныстыру;



• 

жасөспірімдерге өздерінің толеранттылық деңгейін ұғынуларына мүмкіндік беру.  



Өту  барысы.    Қатысушылар  А  жəне  Б  бағандары  көрсетілген  сауалнама  бланкілерін 

қолдарына  алады.  А  бағанында  толеранттылықтың  15  қасиеті  көрсетілген.  Жүргізуші 

толерантты  тұлғаның  бойында  болуы  тиіс  15  қасиетті  түсіндіріп  береді.  Б  бағанына  əр 

қатысушының өзіне маңызды болып есептелетін қасиеттерді жазуларын сұрайды. 

Сауалнаманы толтыруға 3-5 минут уақыт беріледі. 

Содан  кейін  жүргізуші  алдын  ала  тақтаға  жабыстырылған  дайын  бланкті  толтырады.  Бұл 

үшін ол Б бағанында бірінші көрсеткен қасиетті жазғандардың қолдарын көтеруін сұрайды. 

Дұрыс жауап бергендер есептеліп, бланктің бағанына жазылады. Осылай əр қасиет бойынша 

жауаптардың саны есептеледі. Ең көп жазылған толеранттылық қасиет толерантты тұлғаның 

ең басты қасиеті болып саналатын болады (осы топтың көзқарасы бойынша).



Қысқаша дəріс «Толерантты тұлға мен толерантты емес тұлғаның 

айырмашылықтары қандай?»

Мақсаты: толерантты тұлға туралы психологтардың пайыдауларымен таныстыру. 

«Сиқырлы дүкен» жаттығуы 

Мақсаты: қатысушылардың толық толерантты тұлға ретінде өздерін қабылдауларына қандай 

қасиеттер жетіспейтіндігін түсінуіне мүмкіндік беру.

Сабақты қорытындылау:

• 

Толерантты тұлғаға қандай қасиеттер тəн? 



• 

Толеранттын емес адамның қасиеттері қандай? 

• 

Сіздің ойыңызша,  толерантты тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайлар қандай?



4 - сабақ. МЕН ЖƏНЕ МЕНІҢ ТОБЫМ: ӨЗІҢЕ ДЕГЕН ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ. 

ӨЗІҢДІ ҚҰРМЕТТЕУ 

Мақсаты:

• 

өзіңе деген қатынас басқаларға деген толеранттылықпен қандай байланыста екендігін 



көрсету; 

• 

өзіңе  деген  толеранттылықт ан  басқа ларға  деген  толеранттылық  қа лай 



қалыптасатынын көрсету; 

• 

тұлғаның өз-өзіне қатынасында өзін құрметтеудің қалай əсер ететінін көрсету; 



• 

жоғары сынып оқушыларының өзін жақсы бағалауын қалыптастыру; 

• 

жасөспірімге  өз  қабілеттерін,  тұлғалық  ерекшеліктерін  түсініп,  оны  айналадағы 



адамдардың қалай көретінімен салыстыру; 

• 

қандай жолдар арқылы қарым-қатынасты толерантты етуге болатындығын көрсету.  



Сергіту сəті.

 

«Бой-боймен тұру» жаттығуы



Мақсаты: біртұтастықты, өзара түсіністікті, топтағы келісімді арттыру.

Өту барысы:  Қатысушыларға көздерін жұмып, бой-боймен тұру керек.

«Қол шапалақтау» жаттығуы 

Мақсаты: топ мүшелерінің белсенділігін, өз-өздерін бағалауларын арттыру, көңіл-күйлерін 

көтеру.


«Өзін кім бəрінен жақсы мақтайды немесе «Қара күнге» естелік» жаттғуы 

Мақсаты:

• 

өзі туралы жақсы көзқарастағы  ішкі диалогты жүргізу дағдысын қалыптастыру;



• 

өзін талдау дағдысын жетілдіру.  



«Сенімсіз – сенімді – өзіне-өзі сенімді» жаттығуы

Мақсаты: сенімсіздік, сенімділік жəне өзіне-өзі сенімділік күйлерін бастан кешіру; осы 

күйлерге байланысты қарым-қатынас стилін зерттеу. 



Өту барысы. Жүргізуші топ мүшелерін жұптарға бөледі. Жұптағы біреу өзіне сенімсіз, ал 

екіншісі сенімді адамның рөлін ойнайды. Олардың əрқайсысы өз рөлдерін басқаларға 

түсінікті етіп көрсетулері керек. Содан кейін қатысушылар рөлдерін алмастырып, қайта 

көрсетеді. Соңында жүргізуші екі адамның да өз-өздеріне сенімді адамдардың рөлінде 

ойнауларын сұрайды. Əрі қарай жаттығуды талдайды.  

«Нобель сыйлығы» жаттығуы

Мақсаты: жасөспірімдердің əлеуметтік құзіреттіліктерін арттыру, «адамзат алдындағы 

жауапкершілікті сезінуді» бастан кешіру, болашақ туралы арманмен, қиялмен жұмыс істеу.



Өту барысы. Жүргізуші қатысушыларға нобель сыйлығы туралы айтып береді, тақтаға 

оқушылар өз баяндамаларын дайындауға арналған сұрақтарды жазады. Əр лауреаттын 

сөзіне шапалақ ұрылады. Əр қатысушы сөйлеп болғаннан кейін оларға сұрақтар қойылады. 

Өз жетістіктері туралы айтып үлгере алмай қалған топ мүшелері өзінің номинациясын 

атап, не себепті сыйлықты алып отырғандығын қысқаша түсіндіреді. 

Сабақты қорытындылау.

5 - сабақ. МЕН ЖƏНЕ МЕНІҢ ТОБЫМ: ӨЗІҢЕ ЖƏНЕ БАСҚАЛАРҒА ДЕГЕН 

ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ. ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ 

Сергіту сəті.

«Қай ертегінің қаһарманына ұқсаймын?» жаттығуы

Мақсаты:  метафоралық нысанда өзінің ойын білдіру, топ қатысушыларынан кері 

байланыс қабылдау, нақты тұлғааралық қабылдаулар дағдысын қалыптастыру. 



35

34

«Бес жақсы сөз» жаттығуы



Мақсаты: топтан кері байланыс алу, өзіне деген бағаның артуы, өзін-өзі тану, басқа адамға 

жағымды əсер қалдыру.



Өту барысы. Сіздердің əрқайсыларыңыз алақан түрінде қағазды ойып қиып, оған өз 

аттарыңызды жазасыздар. Осы қағазды сіз оң жағыңызда тұрған адамға бересіз, ал сізге 

сіздің сол жағыңызда тұрағн адам береді. Оның берген қағазындағы бір саусаққа сіз оның 

иесіне қатысты бір жақсы сөз жазасыз. Жаттығу соңында əрекет талқыланады.



«Менің затым мен туралы не біледі?» жаттығуы

Мақсаты:

өзін-өзі ашу, өзін-өзі тану;



топ ішіндегі сенімді арттыру.



Өту барысы.  Қатысушылар дөңгеленіп отырады. Бір қатысушы өзінің бір затын қолына 

алып, сол заттың атынан өзінің иесі туралы айтады. Мысалы, «Мен – Жайнаның 

түймесімін, мен онымен танысқаныма көп болған жоқ, бірақ ол туралы айтарым...». 

Осылай топ мүшелерінің барлығы айтып шығады.



«Мен қандаймын?» жаттығуы

Мақсаты: жасөспірімге өзін түсінуге, оның өзіндік «Мені» оны айналасындағылар қалай 

көретінен қаншалықты сəйкес келетінін ұғыну.



Сабақты қорыту.

 6- сабақ. МЕН ЖƏНЕ МЕНІҢ ТОБЫМ: ӨЗІМЕ ЖƏНЕ ӨЗГЕЛЕРГЕ 

ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ТАНЫТУ. ТОЛЕРАНТТЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС 

Сергіту сəті.

"

  Бұл тамаша!"

   жаттығуы 

Мақсаты: өзіне деген бағаны арттыру, топтан қолдау көру. 

Өту  барысы.    Бір  қатысушы  ортаға  шығып  өзінің  қабілетін,  талантын,  дағдысын  айтады 

(мысалы,  мен  жақсы  билеймін,  мен  арықтардан  секіріп  өте  аламын).  Бұл  сөздерге  басқа 

қатысушылар  хормен  "  Бұл  тамаша!"  деп  қолдау  тұрулары  керек.  Осылайша  кезектесіп 

барлық қатысушы ортаға шығады. 



"

  Мені қуант"

   жаттығуы 

Мақсаты:  əлеуметтік  түсініктерді  қалыптастыру,  сезімталдықты,  басқа  адамды  түсіну 

дағдыларын жетілдіру.



Өту барысы.   Ортаға қатысушылардың біреуі шақырылады.   Бүгін оның туған күні болып 

мысал алынады . Басқалардың міндеті - оған қуаныш сыйлау. Қатысушылардың өздері оған не 

сыйлайтынын шешеді: зат немесе оқиға, тіпті басқа нəрсе (жарысқа арналған автомобиль, 

саяхат,  жағалаудағы  вилла,  математика  сабағынан  бестік,  т.б.).  Кімнің  сыйлығы  ең  жақсы 

болса, туған күн иесінен жауап алады, туған күн иесі оған қарап жымияды. Сыйлығы ең сəтті 

шыққан қатысушы келесі туған күн иесі атанады, ойын осылай жалғаса береді[3].



«Қатып қалған» жаттығуы 

Мақсаты: эмоциналдық көңіл-күйді бақылау дағдысын жетілдіру. 

«Қарым-қатынас кезінде толеранттылықты қалай сақтауға болады?» жаттығуы

Мақсаты: қақтығыс жағдаятынан конструктивті түрде шығу жолдарына үйрету.

Өту барысы. Қай-қайсысымыз болса да, кез-келген уақытты қақтығыс жағдайына тап болуы 

мүмкін. Əркім əрқалай жағдаяттан шығады – біреу ренжіп қалады, екінші біреу конструктивті 

шешім қабылдауға тырысады. Қақтығыстан толеранттылықты сақтап, өзіне деген құрметті 

жоғалтпай, ешкімді кемсітпей қалай шығуға болады? Жүргізуші қатысушылардан біреудің 

ренжіткен  уақытын  есіне  түсіріп  айтып  берулерін  сұрайды.  Бір  қатысушы  ренжіп  қалған 

адамның, екінші қатысушы ренжіткен адамның рөлін ойнайды. Төменде көрсетілген сызбаны 

қолданып, ренжіген адам жағдаяттан дұрыс шығудың жолын қарастырады. Мысалы, анасы 

баласын достарының көзінше ыдыс жумағаны үшін сөгеді.

Жағдаяттан дұрыс шығудың сызбасы:

1. 


Саған ұнамайтын əрекетті нақты сипаттап, ашық əңгімеге тарт: «сіз маған балалардың 

кзінше ұрысқан кезде....» 

2. 

Осы жағдаяттың əсерінен сенде қандай сезім болды, соны сипаттап бер: «...мен өзімді 



сол үшін қолайсыз сезіндім». 

3. 


Оған  ол  қалай  істегенде  дұрыс  болатындығын  түсіндір.  Оған  сенің  көңіліңнен 

шығатындай əрекет жасаудың жолын көрсет: «...сондықтан келесі жолы менің достарымның 

алдында бұлай жасамауыңызды сұраймын». Бұл түсіндіру оның алдындағы айтылған сөздің 

жалғасы болады жəне сөзді қорытындылайды. 

4. 

Оған ол басқаша жолмен түсіндірген кезде қалай қарайтыныңды түсіндір: «...сол кезде 



мен сіздің ескертулеріңізді ескеретін боламын». 

Осы тапсырманы бірнеше қатысушыға орындатыңыз. 



«Мен пікір білдіремін, сен пікір білдіресің» жаттығуы 

Мақсаты:

• 

өзінің  бір  нəрсеге  көңілі  толмау,  ренжу,  көңілі  қалу  сияқты  жағымсыз  сезімдерін 



толерантты түрде жеткізе білу;

• 

қарым-қатынасты еркін жүргізуді үйрету.



Сабақты қорытындылау.

7 - сабақ.  БАСҚАЛАРҒА ДЕГЕН ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ: ƏР ТҮРЛІ ƏЛЕМДЕР      

(I бөлім)

Мақсаты:

• 

əр халық арасындағы шыдамсыздықтың салдарын көрсету; 



• 

басқа мəдениеттің өкілімен байланысқан кезде туындайтын түсініспеушіліктердің 

себептерін жəне оның салдарын түсіндіру; 

• 

өзге мəдениеттің өкілімен тиімді байланыс жасау дағдыларын үйрету..



Сергіту сəті. 

«Ым арқылы түсті тап» жаттығуы

Мақсаты:   бейвербалды түрде ойды жеткізу дағдысын қалыптастыру.

«Шыдамсыздық картасы» жаттығуы

Мақсаты:

• 

интолеранттылықтың  кең  таралғандығын  жəне  оның  қандай  қаупі  бар  екендігін 



түсіндіру; 

• 

жоғары сынып оқушыларының жаһандық қақтығыстардан шығудың жолдарын табуға 



деген қызығушылықтарын ояту. 

37

36

Өту барысы. Жүргізуші жəне қатысушылар жер бетіндегі «қайнап жатқан» нүктелерді тауып, 

оларды картадан белгілейді.

Талқылау:

• 

Адамдар құрбан болатын қақтығыстарды ақтап алып шығуға бола ма?



• 

Қақтығыстардың негізгі туындаусебептері қандай?

• 

Қақтығыстың алдын алудың сіз қандай жолдарын ұсынасыз??



«Топтық сурет» жаттығуы

Мақсаты: 

• 

əр топтың жүріс-тұрысының стереотиптерін түсіну;



• 

топ мүшелерінің көңіл күйлерін арттыру, белсендіру. 



Өту барысы. Барлық қатысушылар 3-4 адамнан тұратын шағын топтарға бөлінеді. Əр топ 

белгілі  бір  халықтың  мəдениетін  таңдап  алады,  таңдап  алған  халықтың  салт-дəстүрлерін 

немесе  мəдениетіндегі  ерекшеліктерді  қимыл  арқылы  көрсетеді.  Қалған  қатысушылар 

халықтың атын табулары керек.

 

 «Карамбия» ойыны

Мақсаты:

• 

жасөспірімнің  мідениетаралық  түсініспеушіліктің  арты  не  болатыны  туралы 



білімдерін жетілдіру; 

• 

өзге  мəдениет  өкідерімен  ержелер  мен  нормаларды  білмей,  дұрыс  қарым-қатынас 



жасау мүмкін еместігін түсіндіру.

Өту  барысы.  Қатысушылардың  арасынан  2-3  адам  «елшілердің»  рөлін  ойнауға  таңдап 

алынады. Жүргізуші оларды бір-біріне ұқсастығы жоқ етіп таңдап алады, мысалы қыздар мен 

ұлдарды.  «Елшілер»  басқа  бөлмеге  кіріп  кетеді.  Ол  бөлмеде  топқа  қоятын  сұрақтарын 

дайындайды. Елшілер басқа бөлмеде дайындалып жатқан кезде, топ мүшелеріне төмендегі 

нұсқаулық  беріледі:  «Біз  -  карамбиялықтармыз!  Біз  өз  елімізде  əрекет  ететін  үш  заңға 

бағынамыз: 

• 

Біз тек жынысы өз жынысымызбен бірдей адамдармен ғана байланысамыз. 



• 

Біздің сөздігімізде тек екі ғана сөз бар, олар «иə» жəне «жоқ».

• 

Біздің  сұраққа  жауабымыз  бізге  сұрақ  қойып  тұрған  адамның  күлімдеп  тұрғанына 



байланысты  болады.  Егер  ол  күлімдеп  тұрса,  біздің  жауабымыз  «иə»  болады,  ал  егер 

күлімдемесе «жоқ» деп жауап береміз. 

Жүргізуші топ мүшелерінің осы ережелерді толық меңгергендігіне көзі жетуі керек. 

   «Елшілер» дайын болған кезде, ойын басталады. Оларды бір-берлеп шақырыңыз, олардың 

қоятын сұратын бір-бірі білмеуі керек.

      Сауалнамадан  кейін  елшілер  Карамбия  мəдениеті  жəне  оның  тұрғындары  туралы  есеп 

береді.

      Сұрақтарды  талқылап  болғаннан  кейін  «карамбиялықтар»  елшілерге  олардың 



мəдениетінде қабылданған ережелермен таныстырады.

Сабақты қорытындылау.

8 – сабақ. БАСҚАЛАРҒА ДЕГЕН ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ: ƏР ТҮРЛІ ƏЛЕМДЕР   

(ІI бөлім)

 «Бейтаныс əлемдер» жаттығуы 

Өту барысы. Жүргізуші ойынға аз қатысады, жасөспірімдердің шығармашылық, ізденушілік 

қабілеттерін ашуға бағытталған. Ойынның басында барлық қатысушылар екі топқа бөлінеді. 

Ойын үш кезеңнен тұрады [3].

1 - кезең. «Əлемдерді құрастыру». Командалар өз əлемдерінің аңыздарын құрастырады.

2 - кезең. «Кездесу». Командалар бір бөлмеген жиналады. 

Əрі  қарай  «əлемдердің»  кезекті  презентациясы  жүргізіледі.  Презентацияны  белгілі  бір 

жоспарға  сай  жүргізген  дұрыс.  Ең  алдымен,  əлемнің  қожайындары  өз  əлемдерінің 

атауларымен  таныстырады.  Оның  тұрғындарының  бейнесін,  өздерінде  қабылданған 

заңдармен таныстырады. Соңында қонақтарды инопланеталық ас үйдің тағамдарынан дəм 

татқызады, «ұлттық» биді үйретеді.



3 - кезең. «Ортақ заңдарды қабылдау».

Бұл  кезеңде  командалар  өзара  барлығына  ортақ  заңдарды  қабылдап,  құжатқа  қол  қойып, 

бекітеді. Заңдар жазылған ватман қағазы қабырғаға ілінеді.

Сабақты қорытындылау.

9 - сабақ.  БАСҚАЛАРҒА ДЕГЕН ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ: ҚОЛДАУ КӨРСЕТІП 

ҮЙРЕНЕМІЗ 

Мақсаты: жасөспірімдердің түсіністік, қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыру.

Сергіту сəті.

 «Мұқият бол» жаттығуы

Мақсаты: байқағыштық қабілетті арттыру. 

Өту  барысы.  Қатысушылар  дөңгеленіп  отырады.  Жүргізуші  оларға  бір-біріне  мұқият 

қарауларын сұрайды, кім қандай киім кигенін есте сақтауларын сұрайды. 



 «Ванька-Встанька» жаттығуы 

Мақсаты: топ ішінде сенім мен бір-біріне қолдау көрсетуді жетілдіру. 

Өту барысы. Қатысушылар бір-біріне жақын   дөңгеленіп отырады. Қатысушылардың бірі 

ортаға шығады. Ол өзін барынша жеңіл əрі еркін ұстайды, қалған топ мүшлеері оны жақтан 

тартады. Шеңбердің ортасында барлық қатысушылар бол алады.

Шеңбердің ортасында болған қатысушыларға жүргізуші сұрақ қояды:

—  Кім  шынымен  де  өзін  еркін  ұстады,  шеңберді  айналып  тұрған  адамдардан  қоырқпай, 

оларға кім толық сене алды? 

Топ  мүшелері  өзгенің  сенімдерін  5  балдық  жүйе  бойынша  бағалайды,  өз  бағаларын 

саусақтарымен көрсетеді. Ең төмен баға берген қатысушылардан неге өздерін еркін ұстай 

алмағандары, не нəрсе кедергі болғандығы сұралады. 


39

38

«Мені түсін» жаттығуы 



Мақсаты: қарсыластың ойлары мен сезімдерін түсіну, оның көзқарасын ұғыну.

Өту  барысы.  Қатысушылар  дөңгеленіп  отырады.  Жүргізуші  оларға  қашан  əділетсіздік 

жасалғандығын  естеріне  түсіріп,  оны  айтып  берулерін  сұрайды.  Сол  жағында  отырған 

көршісі  осы  оқиғаны  нақтырақ  етіп  айтып  беруі  керек  жіне  оны  түсінуге  тырысуы  керек. 

Оқиғаның авторы қайталап айтып берген əңгіменің дұрыстығын бағалайды. Жаттығу шеңбер 

бойына жалғаса береді.

«Көзбе-көз» жаттығуы

Мақсаты: басқа адамның ойы мен сезімдеріне назар аудару.

Өту  барысы.  Қатысушылар  жұптарға  бөлінеді.  Үш  минуттың  ішінде  олар  бір-бірлеріне 

көздеріне қарап тұрады, қарсы тұрған адамның көзіне қарап тұрып оның ойы мен сезімдерін 

түсінуге тырысады. Содан кейін қатысушылар өз əсерлерін топпен бөліседі.

«Қашқынның рөліне кір» жаттығуы

Мақсаты: жоғары сынып оқушыларының өзін басқа адамның орнына қойып көруі, қоғамның 

əлсіз топтарына қолдау көрсету.



Өту  барысы.    Жүргізуші  топ  мүшелеріне  мигранттардың  əлеуметтік  жəне  құқықтық 

жағдайлары  туралы  айтады.  Олар  көп  жағдайды  шыдамсыз  болып  келеді,  оларға  ерекше 

қолдау  көрсеткен  дұрыс.  Олардың  көпшілігі  соғыстарды,  қанкешулерді  бастан  кешірген 

немесе  өз  жақындары  мен  туғандарын  жоғалтып  алған  адамдар.  Олар  жаңа  жерде  жақсы 

нəрселерге  қол  жеткізгілері  келеді.  Сонымен  қатар,  олар  өздерін  бейтаныс  көршілердің 

арасында жалғыз, бөтен сезінеді.

Жүргізуші қатысушыларға қашқындардың басынан өтетін əр түрлі жағдайлардың қысқаша 

сипаттамасы бар карточкалар таратады. Қатысушылар өз қолдарында жазылған кейіпкердің 

образына кіріп, оқиғаны баяндап берулері керек (əңгімені оқып, дайындауға 5-7 минут уақыт 

беріледі).



Сабақты қорыту: 

• 

Өзіңді басқа адамның орнына қойып, оның барлық ой-сезімдерін сезіну қиын болды 



ма?

• 

Қандай топтағы адамдар ерекше қамқорлықты, қолдауды қажет етеді? 



10 - сабақ.  ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ШЕГІ 

Мақсаты:

• 

Толерантты мінез-құлықтың шегін түсіну жəне сезіну; 



• 

Толерантты мінез-құлықты көрсететін критерийлерді табу; 

• 

Сыни талдау, өз бетімен ойлау дағдыларын жетілдіру



• 

Əлеуметтік қабылдауды жетілдіру. 



«Сөз қойып үлгер» жаттығуы

Мақсаты: тұлғааралық əрекеттестік дағдыларын жетілдіру. 

Қатысушылар бір-біріне доп лақтырады. Доп лақтырушы бір зат есімді айтады, допты 

қабылдап алған қатысушы тез мағынасына сəйкес келетін етістік айтуы керек. Мағынасыз 

сөз айтқан адам ойыннан шығады. Етістікті дұрыс таңдай білген адам, зат есім айтып, 

допты келесі қатысушыға лақтырады. Ойын осылай жалғаса береді.

«Толеранттылық кодексі» жаттығуы 

Мақсаты: «толеранттылық кодексін» құрастыру.

Өту барысы. Жүргізуші топ мүшелеріне Жалпыға ортақ адам құқықтары 

декларациясының негізінде «Толеранттылық кодексін» құрастыруды ұсынады.



«Сот» жаттығуы 

Мақсаты: «Толеранттылық кодексі» негізінде шешім қабылдау. 

Сабақты қорытындылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет