Қазақстандық модельдің базалық сипаттамалары:
• этникалық сферада азаматтық қоғамның институттарын дамыту;
• мемлекетпен диалогтың институттандыру жүйесінің болуы;
• барлық этникалық топтардың заң алдындағы теңдігі;
• ұлттардың қызығушылықтарын кепілді түрде көрсету жəне оларды мемлекет билігінің
жəне Парламенттің жоғары деңгейіндегі қоғамдық-саяси үдерісіне тарту;
• ұлтаралық мəселелерді деполитизациялау жəне ұлтаралық келісімге əсер ететін
əрекеттерге тыйым салу.
Бүгінде Қазақстан Республикасы – əлеуметтік-мəдени өлшемдер бойынша толеранттылық
ұстанымдары жүзеге асырылып жатқан ең жемісті үлгілерінің бірін көрсетіп отыр,
мемлекетте 140-тан астам ұлт өкілдері жəне 17 түрлі діни көзқарастағы адамдар бір-
бірімен келісімде өмір сүреді.
Қазақстан Республикасының халқы
қазақтар — 64,55 %,
орыстар — 22,35 %.
өзбектер - 2,96 %,
украиндер — 1,88,
ұйғырлар — 1,42,
татарлар — 1,22,
немістер — 1,08,
өзге ұлттар — 4,53 %
Толеранттылықтың сипаттамалары:
эмпатия - өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну қабілеттілігі. Оның
айқын көрінісі – өзге адамдардың қайғы-қасіреті мен қиыншылықтарына ортақтасып,
оларға жанашырлық білдіру, сол арқылы өзгенің ауыр психикалық жай-күйін өз басынан
кешіргендей халге түсуі. Олардың пікірлеріне ортақтас болып, қолдау көрсетуі;
ақ пейілділік – олардың көңіл-күйлерін сезіну ғана емес, адамдарға өзінің жақсы қарым-
қатынасын, құрметін, адал көзқарасын көрсету, тіпті егер оның кейбір əрекеттері ұнамаса
да, олардың пікірін сыйлау, басқаларды қорғауға дайын болу;
ерекшелік – қарым-қатынаста өз болмысын сақтау, бетперде жамылып, түрлі рөлге кірмей
байланыс жасау, түрлі проблемалар мен адамдарға қарым-қатынасын немесе көзқарасын
еш бүкпесіз жасырмай көрсету, айналасындағылармен қатынас кезінде өзіндік ерекшелігін
сақтау;
сезімдерді қабылдау - өз сезімдерін жəне өзгелердің сезімдерін жеткізу кезінде, сезімге
əсер ететін жағдайларда еш қорықпау, адамдармен қатынас кезінде тек белгілі бір нəрсені
сезініп қана қоймай, оларды көрсете білу, басқа адамдардың эмоционалдық əрекеттерін
қабылдау, бірақ бұл басқа адамдарға өз сезімдерін көрсету арқылы олардың бұл сезімдерге
деген жауапкершіліктерін мойындату емес;
өзін-өзі тану – əр адамның өзін жеке тұлға ретінде зерттеуі, өзіндік «Менін» жоғалтпай
басқа адамдардың бағалауларына, көзқарастарына қол жеткізуге талпыну;
рефлексия – өз əрекеттеріне, басқа адамдардың əрекеттеріне баға бере білу, өзінің ішкі
дүниесін тани білу;
адамгершілік адамдарға, олардың ішкі жан-дүниесіне, қызығышушылықтарына көңіл
аудару, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде оларға қысым көрсету мен
мəжбүрлеуге жол бермеу.
Толеранттылық мəдениетінің қалыптасуы қазіргі жаһандану дəуірінде ерекше өзектілікке
ие болып отыр. Осының əсерінен əлем біртұтастыққа қол жеткізеді. Қазіргі таңда көптеген
мемлекеттердің ішкі саясаттарының негізгі бағыты халық арасында бейбітшілік пен
келісімді
орнату
болып
табылады.
Е.Л.
Тугжановтың
пікірінше,
Қазақстан
Республикасында ұлтаралық толеранттылықтың қалыптасуы 4 кезеңде жүзеге асты.
Бірінші кезең 1985-1995 жж. аралығын қамтиды. Бұл кезеңде қазақстандық модельдің
1995 жылы Конституцияның қабылданып жəне Қазақстан халқы Ассамблеясының
құрылып, этномəдени бірлестіктердің заңнамалық жəне институционалдық тұрғыдан
қалыптасып, құрылуы жүзеге асты.
Екінші кезең — 1995 жылдан 2002 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Қазақстандық
сəйкестіктің белгілері анықталды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сəйкестігін
қалыптастыру концепциясының негізінде қазақстандық қоғамның қазақ халқының
төңірегінде шоғырлануы. Қоғамда этникалық жəне конфессионалдық қарым-қатынастарды
саясиландырудан бас тартудың принциптік пікірі қалыптасты.
Үшінші кезең — 2002 – 2007 жж. аралығы. Этносаралық толеранттылықтың
қазақстандық моделін қалыптастыру саясатының жүзеге асырылу кезеңі. Аталған кезеңде
орта мерзімге арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының Стратегиясы, Тілдерді
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, «Қоғамды жұмылдыру идеясы – Қазақстан
дамуының шарты ретінде» Концепциясы қабылданып, жүзеге асырылып жатыр. 2006-2008
жылдарда Этносаралық жəне конфессия аралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдіру
бағдарламасы іске асырылды.
Төртінші кезең 2007 жылы басталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа
конституциялық мəртебеге ие болып, еліміздің бас заң шығарушы органына өз өкілдерін
сайлау құқығын иеленді. Ассамблея туралы заңнамалық құжаттың жобасын əзірледі. Бұл
кезең Мемлекеттігіміз бен тəуелсіздігімізді сақтай отырып, Қазақстан халқының ұлттық
бірлігінің нығаюы жəне қоғамдық келісімнің қалыптасуымен сипатталады.
(Қараңыз:
Қазақстанның
мемлекеттік
этносаясаты:
жаңа
трендтер:
əдістемелік
құрал/Жалпы ред. Е.Л.Тугжанов. — Астана: ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік
11
10
Қазақстандағы діни бірлестіктер:
• Ислам дініне қатысты республикалық «Қазақстан мұсылмандарының рухани басқармасы»
бірлестігі, филиалдар ретінде 2228 мешіт құрамына кіреді;
• Республикалық діни бірлестік – «Митрополит аймағы», 9 епархия мен 261 махалла
құрамына кіреді;
• Армяндық апостоль шіркеуі– 1;
• Ескі дəстүрдегі шіркеулер – 8;
• Рим католикалық шіркеулері – 79;
• Иудей қауымдастықтары - 4 ;
• Буддалық бірлестіктер – 2;
• Протестанттық бірлестіктер – 462;
• Дəстүрлі емес ұйымдар - 16.
• жəне т.б.
ҚР ұлтаралық келісім моделін жүзеге асыру құралдары:
Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА). ҚХА 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан
Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы
консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н. Ə. Назарбаев Қазақстан халқы
Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тəуелсіздіктің бірінші жылына арналған
Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. 2008 жылы 20 қазанда Елбасы
«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңға қол қойды. Мұндай институтты құру
қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тəуелсіз, полиэтносты,
поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама
мəдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық
қатынастарды дамыту мəселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын əлемдік
тəжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды
дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың
этносаралық толеранттылық жəне қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы
жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып,
қоғамды ұйыстырушы əлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына
айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып
табылады. Бұл оның ерекше мəртебесін айқындайды.
ҚХА мақсаты мен міндеттері. Ассамблеяның мақсаты қазақ халқын шоғырландырушы
халық ретінде қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық жəне рухани-
мəдени құндылықтарын қалыптастыру негізінде қазақстандық азаматтардың ерекшеліктерін
қалыптастыру үдерісінде Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді сақтау.
ҚХА міндеттері:
1.
этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен жəне азаматтық қоғам
институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді
жəне толеранттықты одан əрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
2.
халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары
бойынша қоғамдық келісімді қолдау жəне дамыту;
3.
қоғамдағы экстремизмнің жəне радикализмнің көріністері мен адамның жəне
азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған əрекеттерге қарсы
тұруда мемлекеттік органдарға жəрдемдесу;
4.
азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мəдениетін
қалыптастыру;
5.
Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномəдени жəне өзге де
қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
6.
Қазақстан халқының ұлттық мəдениетін, тілдері мен дəстүрлерін өркендету, сақтау
жəне дамыту болып табылады.
ҚХА басшылығы. Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяны құрады жəне
қайта ұйымдастырады, Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды, Ассамблея
басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды; Ассамблея сессиясын
шақырады; Конституцияға жəне Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жұмыс
жасайды. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы ассамблеясын өмір бойы
басқауына құқығы бар.
ҚХА құрылымы. Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесі,
Ассамблея Хатшылығы, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
ассамблеялары құрайды. Ассамблея Сессиясы – Ассамблея мүшелерінің жиналысы
Ассамблеяның жоғары басқарушы органы болып табылады. Сессияны Қазақстан
Республикасының Президенті қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады.
ҚХА құрамы. Ассамблеяның жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың
жəне астананың ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарын -
этномəдени жəне өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерін, мемлекеттік органдар өкілдерін жəне
қоғамда өзіндік орны, абырой-беделі бар тұлғаларды қамтиды. Қазіргі уақытта Ассамблея
құрамында 382 мүше бар.
ҚХА жұмысы. Ассамблея тарихында 15 сессия өткізіліп, онда қоғам өмірінің маңызды
мəселелері мен мемлекет дамуының негізгі бағыттар талқыланды. Қазіргі таңда
Республикамызда Қазақстан ұлттарының тілін, мəдениетін, дəстүрлерін дамытуға барлық
қажетті жағдайлар жасалған. Этномəдени бірлестіктердің де саны артып келеді, олардың
саны қазір 800-ден астам, олардың 28-і республикалық деңгейде. Газеттер мен журналдар 15
тілде, радио 8 тілде, телебағдарламалар 7 тілде шығарылады. Оқыту тек өзбек, ұйғыр, тəжік,
украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп бар. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пəн ретінде
жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік
алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік жəне лингвистикалық мектептер ашылды.
Қазақ жəне орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, корей жəне
неміс театрлары жұмыс істейді.
ҚХА мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асырудағы жұмыстарының негіздері:
• Ұлтаралық ынтымақтастық пен қоғамдық келісім моделін жүзеге асыру;
• Конфессия аралық диалог жəне толеранттылық – Қазақстандағы ұлттық келісім негізі;
• Мəдениет аралық диалог – азаматтықтың жаңа қазақстандық моделін қалыптастырудың
негізі;
• Этнотілдік контекст: мəнді етіп, өмірде қолдану;
• Аймақтық-халықаралық аспект жəне еуразиялық интеграция.
Ассамблеяның жұмысы Қазақстан Республикасының ұдтаралық қатынастарды тиімді шеше
білетін мемлекет ретінде халықаралық беделін көтереді.
Ұлтаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі төмендегі
ұлтаралық келісімдерді қамтамасыз етудің деңгейлерінде жүзеге асырылады:
• конституциялық жəне саяси-құқықтық деңгей (Конституцияда қоғамдық келісімді, саяси
тұрақтылық пен қазақстандық патриотизмді қамтамасыз ету туралы айтылған);
• доктриналық деңгей (Қазақстанның ұлттық бірлігі доктринасына сəйкес ел тəуелсіздігі
ұлттық бірлікті, қоғамдық келісімді сақтау, ұлтаралық толеранттылық мəдениетін
қалыптастыру арқылы нығаяды);
13
12
• институционалдық деңгей (Қазақстан халқы Ассамблеясының жетекшілік рөліндегі
азаматтық қоғамның институттарының деңгейі) (Қараңыз: Қазақстанның мемлекеттік
этносаясаты: жаңа трендтер: Əдістемелік құрал/ жалпы ред. Е.Л.Тугжанов. — Астана: ҚР
Президенті жанындағы Мемлекеттік басқрау академиясы, 2011. — 204 б.)
Осылай, Қазақстанда əр түрлі ұлттар мен діндер арасында жақсы қарым қатынас орнап,
соның əсерінен қоғамда ынтымақтастық қалыптасып отыр. Ұлтаралық жəне конфессия
аралық келісімді қалыптастырудың Қазақстандық моделі айтарлықтай қиын əлеуметтік-
саяси мəселелерді күш қолданбай-ақ шешуде тиімді қолданылады. Бұл үлгінің негізі
халықтың өз жерінде əр түрлі ұлттар мен ұлыстардың, діндердің көптігін байлық деп
түсінуінде жатыр. Қазақ мемлекетінің азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді
нығайтуға мақсатты түрде күш жұмсауы əлеуметтік тұрақтылықтың маңызды факторы болып
табылады. Азаматтық қоғамның қалыптасуы барысында халықтың əр түрлі көзқарастары
мен қызығушылықтарынан қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл мəселені шешуде төмендегі
мəнде қолданылатын жалпыұлттық идеяның маңызы зор:
• қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық келісімге негізделген мемлекеттік идеологияны
жүзеге асыру;
• Қазақстан халқы бірлігі мен қоғамдағы толеранттылықты нығайту;
• Қазақстандық қоғамның мəдени, рухани, дəстүрлі жəне тарихи құндылықтарын сақтауды
қамтамасыз ету;
• біртұтас халықтың қалыптасуын ұлттық-мемлекеттік қауымдастық ретінде жүзеге асыру.
2. Этномəдени білімді қалыптастырудың əдістері мен нысандары
Жоғарыда аталып көрсетілген міндеттерді шешуде білім мен тəрбие беретін мемлекеттік
институттардың, тіпті отбасылық тəрбие мен білімнің маңызы зор. Балалар мен жастардың
этномəдени, этноконфессионалдық сауаттылықтарын қалыптастыруда осы институттардың
рөлі ерекше. Қазіргі уақыттағы ғылыми-педагогикалық жəне саясаттануға байланысты
еңбектерде этномəдени білімнің көптеген анықтамалары берілген. Бірқатар пікірлерді талдай
келе, этномəдени жəне этноконфессиялық білімдердің басты мағынасы осы білімді
меңгерген адам əртүрлі этномəдениеттер мен діндерді қабылдап, оларды түсінуде белсенді
тəжірибесі бар адам болып табылады. Осы тақырып бойынша білім жасөспірімдер мен
жастарға əр түрлі мəдениет өкілдерімен ұлтаралық келісімді сақтай отырып қарым-қатынас
жасауға бағыттайды. Ғылыми əдебиеттерде осындай құзіреттіліктерді қалыптастырудың
сыртқы жəне ішкі бағыттары бар. Сыртқы мақсат ұлтаралық қатынастрадың тұрақталуы, əр
түрлі ұлттардың ерекшеліктерін ескере отырып, олармен диалогқа түсу арқылы көрінеді. Ал
ішкі мақсат əр адам этномəдени жəне этноконфессиялық білімдерді біліп қана қоймай, олады
практикада белсенді қолдануынан көрінеді. Басқа сөздермен айтқанда, этномəдени білім тек
қана полиэтникалық қоғамға бейімделу ғана емес, осы ортада белсенді əрекет ете білу.
Кез келген білімді меңгертуде адамдардың жас ерекшеліктерін ескеруден бастау алады. Біз
нұсқаулықта балалармен, жасөспірімдермен, жастармен жүргізілетін жұмыстардың
нысандары мен əдістеріне аз тоқталдық, келесі нұсқаулықтарда мектеп жасына дейінгі
балаларға, мектеп оқушыларына, жастарға арналған ақпараттар беретін боламыз.
2.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына этномəдени дағдыларды
қалыптастырудың ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына этномəдени білімдерді қалыптастырудың
өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл балаларды тек осы біліммен хабардар ету ретінде жүзеге
асырылады (белгілі бір ақпаратты білу). Балаларға тек хабардар ету арқылы ғана этномəдени
білім берудің себебі, бұл білімді əр адамның 10-11 жасынан бастап қана қабылданады, осы
жастан бастап алынған ақпараттар білім, білік, дағдыға айналып, өмір сүру əдебіне айналады.
Этномəдени ақпараттандыру – балаларға тек əр халықтың, ұлттың тарихы мен мəдениетін
түсіндіріп қана қою емес, бұл басқа ұлт өкілдерін қабылдауға үйрету. Мектепке дейінгі
жастағы балалар əлеуметке белсенді түрде енді еніп келе жатқан балалар, дəл осы кезеңде əр
баланың бойында өзі туралы жəне қоғам туралы түсініктер қалыптасады. Осыған
байланысты балаларды этномəдени білімдермен ақпараттандырудың осы кезеңде жүзеге
асырылуының маңызы зор. Бұл танымдық жəне эмоционалдық нысанда жүргізіледі.
Этномəдени ақпараттандырудың танымдық нысаны баланың өз ұлтының ерекшеліктерін
түсіне білуі, өзінің жəне басқа ұлттардың салт-дəстүрлерінен хабардар болуы,
полиэтника лық қоғамдағы жүріс-тұрыс əдептерін білуі, қажеттеліктері мен
қызығушылықтарының мəнін түсіне білу. Этномəдени ақпараттандырудың эмоционалдық
нысаны ұлттық мақтаныш, патриотизм, өз ұлтына деген құрметінен құралады.
Этномəдени ақпараттандырылудың дұрыс
жүргізілуі тəрбие берудің əдістері мен
нысандарына байланысты.³ Мектеп жасына
дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен
мүмкіндіктеріне сəйкес ақпаратты қабылдау
ерекшеліктеріне қарай əдіс-тəсілдермен
э т н о м ə д е н и т ү с і н і к т е р б е р і л е д і . Б ұ л
біріншіден, көрнекілік құралдары арқылы
яғни, көзбен көру арқылы түсіндірілетін
демонст рация, техникалық құралдарды
қолдану; баяндау – түсіндіру, əңгімелеу, оқыту,
сөйлесу т.б. арқылы, практикалық жəне ойын
əдістері – жаттығулар, ойындар, қарапайым
тəжірибелер арқылы түсіндіріледі.
Балалармен жұмыс істеу кезінде оқыту мен білім берудің тұтастай оқыту, топтық жұмыс,
жеке жұмыс нысандары арқылы оқыту əдістері қолданылады. Тəжірибелі педагогтер
балаларға білім беру барысында оқушылардың қызығушылықтарын оятатын, олардың сана-
сезімдерін дамытатын əдіс-тəсілдерді таңдайды. Мұндай əдістерге төмендегілерді жатқызуға
болады.
Жұмыстың əр түрін – танымдық-зерттеушілік, еңбек жұмыстарын, ойын, қозғалыс
белсенділігі, көркемдік-музыкалық, коммуникативтік, көркемдік-бейнелік, көркем
əдебиеттерді оқыту арқылы жүргізілетін сабақтар топтамасы. Сабақтың тақырыбына сəйкес
педагог-тəрбиеші əрекеттің ең басты түрін таңдап алады, мысалы бір сабақта ол құрылымдық
нысанда болса, басқа сабақта музыкалық нысанда, үшінші сабақта танымдық тұрғыда
жүргізілуі мүмкін. «Əр халықтың би мəдениеті» тақырыбын өту кезінде əрекеттің ең басты
түрі музыкалық-хореографиялық əрекет болады (оқушылар əр түрлі халықтардың билерінің
элементтерін меңгереді, халықтық музыканы тыңдайды), əрекеттің басқа түрлері (танымдық,
көркем бейне əрекеттері) қосымша қызмет атқарады.
Сонымен қатар, əр түрлі мəнде қолданылатын түрлі əрекет түрлері қолданылатын
тақырыптар да бар. Мысалы, «Əлем халқының мерекелері» тақырыбын өту кезінде балалар
əр халықта қандай ұлттық мерекелер бар екендігін, олар қалай аталып өтетінін білсе, дəл осы
тақырыптағы сурет салу сабағында мерекенің ерекшеліктерін сурет қылып салуды үйренеді.
Ал музыка сабағында түрлі халықтың əндерін айтып, хор айтуды үйренеді, мəдени сабақта
мерекені тойлау кезінде өткізілетін халықтық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырады.
3. Бұл əдіс мақсатқа жетудің жолын білдіреді, оқыту əдісі – педагог пен білім алушылардың өзара тығыз байланысы арқылы жүзеге
асырылады.
15
14
Сондай-ақ, мектеп жасына дейінгі балаларды белгілі бір халықтық мерекеге қатыстыруға
болады (мысалы, «Күзгі жəрмеңке»). Біріктірілген сабақтардың топтамасы педагог-
тəрбиешіге тақырып мазмұнын сақтай отырып пəнаралық байланыстарды қолдануға,
əрекеттің əр түрлі əдістері мен нысандарын пайдалануға мүмкіндік береді, бұл сабақтардың
нəтижесінде балалар этномəдени əлемді жан-жақтан тани алады. Мұндай сабақтардың
мазмұны оқушылардың əр түрлі бағыттағы шығармашылық қабілеттерін ашып, белгілі бір
халықтың өмір сүру əдебін сезінуіне көмектеседі.
Əңгімелесу. Əңгімелесуді сабақ үстінде тек баяндау үшін ғана емес, оқушылармен өз бетінші
жұмыс жүргізудің нысаны ретінде қолдануға болады. Танымдық əңгімелесулер төмендегі
сипаттамалар негізінде құрылады:
-
балалардың отбасындағы, туысқандарымен араласқандағы өзін-өзі сезінулері, яғни əр
отбасының этномəдени ерекшеліктеріне сəйкес өз өмір сүру əдебі бар;
-
экскурсиялар, бос уақытын ұйымдастыру арқылы оқушыларға əр халықтың мəдениеті
мен ұлтаралық қатынастар саласындағы түсініктерін қалыптастыратын бақылаулар;
-
балалардың білімін жүйелеу, нақтылау, жалпылау мақсатында жүргізілетін
қорытынды əңгімелер түріндегі білім беру жұмыстары. Əр түрлі əңгімелесулер (танымдық,
этикалық, эвристикалық) тек сабақ барысында ғана емес, бос уақыт кезінде де жүргізіледі.
Бейне көрсетелімдер. Бейне фильмдерді балаларға тек сабақ барысында ғана емес, бос
уақыттарында көрсете беруге болады (көбіне түстен кейінгі уақыттарда), бірақ бұл жұмыс
барасында педагог ұйымдастырушы ретінде рөл атқарып, балалар жұмыс түрлерін өздері
таңдайды. Бейнематериал арнайы құрастырылған білім беру бағдарламалары түрінде немесе
телеарналардың белгілі тақырыпқа жасаған бағдарламалары түрінде қолданылады.
Саяхаттау кезінде адамдардың өздері түсірген бейнематериалдарын көрсетуге болады. Бейне
көрсетілімдер біріншіден, балалардың бойында əр түрлі өмірлік образдар мен əр халықтың
əрекет ету ерекшеліктеріне бейімделулеріне, екіншіден, тарихи фактілер туралы,
халықтардың сəулеттері, ересек адамдардың еңбек етуі туралы бейне фильмдер көру арқылы
таным көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Этномəдени жəне мемлекеттік тақырыптардағы түрлі кештер мен мерекелер.
Жұмыстың бұл нысаны «мономатериал» түрінде (мысалы, балалардың қазақ жəне Орталық
Азияның басқа да халықтарының салт-дəстүрлерін айқын көрсететін сценариі бар «Наурыз»
мерекесіне қатысуы) немесе басқа да Жаңа жыл сияқты мерекені əр халықтың тойлау
ерекшелігі негізіндегі материал түрінде қолданылады. Бұл əрекеттерге балалар қатысса,
оларға үлкен көлемдегі позитив пен энергия алуларына мүмкіндік беріледі. Мұндай
мерекелер балалардың байқампаздық, тез қабылдау, сезімталдық қасиеттерін жəне
этномəдени құбылыстарға қызығушылықтарын оятады.
Фольклорлық концерттер мен театрландырылған қойылымдар. Жұмыстың аталған түрі
ата-аналар, педагогтер мен балалардың ғана қатысуымен де, қаланың немесе ауданның кəсіби
өнер майталмандарын білім беру ұйымына шақыру арқылы да жүргізіледі. Концерттер
(əндер, билер, музыкалық аспаптарда ойнау) бір тақырыпқа арналған (мысалы, күнтізбедегі
мерекелерді атап өту) немесе əр түрлі тақырыпқа арналған (оқы жылының соңында
ұйымдастырылатын қорытынды концерттер) болып өткізіле береді. Театрландырылған
қойылымдардың сценарийлері этномəдени тақырыпты ашып көрсететін халықтық ертегілер,
авторлық əңгімелер желісінде құрастырылады. Олар фольклорлық сипатты сақтай отырып
(мысалы, еңбекқорлықты, қонақжайлылықты көрсету) күнтізбелік жəне отбасылық
мерекелерде қойылады.
Концерт болсын, театрландырылған қойылымдар болсын, танымдық жəне ойын əрекеттерін
музыкамен, бимен, театр ойындарымен жалғаса отырып, балаларға басқа ұлт өкілінің рөлінде
басқа ұлттың мəдениетін сезінуге мүмкіндік береді. Дəл осы концерт жəне театрландырылған
қойылымдар арқылы əр халықтың тұрмыс-тіршілігін, өнері мен мəдениетін жіті түсіндіруге
болады деп нық сеніммен айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |