Мақсатты серуендеулер, экскурсиялар. Балалардың танымдық əрекеттерін ұйымдастыру
білім беру ұйымының ішінде ғана жүргізілуі дұрыс емес. Ауданның, қаланың көрікті жерлері,
мəдени объектілері, кітапханалары, театрлары, мұражайлары, табиғаты, сондай-ақ күнделікті
серуендеу, экскурсия, қоғамдық, мəдени орындарға бару кезінде айналасындағы кіші жəне
ересек адамдармен араласу балалардың туған өлкесіндегі табиғат құбылыстарын, қоғамдық
жəне мəдени өмірімен танысуларына мүмкіндік береді. Балалармен серуендеу кезінде
тəрбиеші оларға халықтық ырымдарды түсіндіріп, жұмбақтар жасырып, белгілі бір нақыл
сөздің мағынасын сұрап, айналасындағы объектілер туралы ақпараттар айтып беріп, уақытты
тиімді өткізуіне болады. Бұл балаларға шынайы ақпараттар алуға көмектеседі. Көрмелерге,
мұражайларға жəне басқа да мəдени орындарға бару балалардың жергілікті аймақ туралы
білімін нығайтады, басқа халықтардың мəдениеті мен өмір сүру əдебі туралы кеңінен
түсініктер алуына көмектеседі.
Балалардың этномəдени түсініктерін қалыптастыруда ойындардың алатын маңызы зор.
Олардың көмегімен тəрбиеші балаларды халықтық мəдениетке баули алады. Мысалы,
сандық, садақ, жебе – ескі дəуірде қолданылған заттар, ал кір жуғыш машина, тоңазытқыш –
жаңа терминдер. Қозғалыс белсендіглігі аз ойындар да (мысалы, тəрбиеші бір сөз айтса,
балалар сол сөздің қандай ұлттың мəдениетіне жататындығын табуы керек) дидактикалық
түрде де («Ғажайып қалта», «Қатесін тап», «Қажеттісін тап» т.б. ойындар) жүргізіледі.
Адамдар арасындағы ұқсастықты тапқызу да балалардың танымын арттырады. Бұл үшін
«Біздің ұқсастығымыз неде?» деген ойынды ұйымдастыруға болады. Бірінші нұсқа. Балалар
шеңбер болып отырады. Педагог ортаға өзіне ұқсайтын бір баланы шақырады. Мысалы,
«Асқар, екеуміз бір қалады тұрамыз, ортаға шыға ғой», немесе «Маша, екеуміздің көзіміздің
түсі бірдей» деген сияқты тіркестермен ортаға шақырады. Ортаға шыққан бала дəл осындай
əдіспен үшінші біреуді ортаға шақырады. Ойын балалардың барлығы ортаға шыққанға дейін
жалғасады. Екінші нұсқа. Балалар бөлменің əр жеріне шашырап отырады, бір белгіні атайды.
Осы белгіге сəйкес келетін балалар айтқан балаға жақындап, топтасады. Мысалы, «Мəнті
тамағын жақсы көретіндер, менің жаныма келіңдер», «Велосипедті жақсы тебетін балалар
маған келіңдер» деген сияқты тіркестер. Осылай балалар бір топтан екінші топқа ортада
ауысады. Ойынның аяқталуында балаларды бір-біріне жақындастыратын белгілердің көп
екендігі анықталады.
Оқушылардың өз туған елдері туралы білімін анықтау үшін «Қазақстан – туған жерім»
саяхат-ойынын, ал сəндік-қолданбалы өнерде «Сувенирлер бұрышы» ойынын ойнатуға
болады. Оқушылардың белсенділігін, эмоционалдығын арттыру үшін рөлдік ойындарды
ойнатуға болады (тəрбиеші киіз үйдің иесі ретінде, басқа ұлт өкілінің образында шығып өзін
көрсете алады).
Əдістемеде тағы бір маңызды əдіс салыстыру арқылы əр ұлттың ерекшелігін тану болып
табылады. Салыстыруды əр сабақ барысында жүргізуге болады. Оқушыларға «Мына
суреттерді екі топқа бөліңдер: бірінші топқа қазақ мəдениетіне жатқызуға болатындарын,
екніші топқа орыс жəне басқа да ұлттардың мəдениетіне жататындарын жинақтаңдар» деп
тапсырма беру арқылы осы əдісті жүзеге асыруға болады.
Эвристикалық əңгімелесудің негізінде салыстыру əдісі де, сұрақ-жауап əдістері де
қолданылады. Бұл əңгімелесу кезінде тəрбиеші балаларға сұрақ қою арқылы олардың
байқампаздығын, түсініктерін, бұрын алынған білімдері туралы ақпараттарын байқап,
салыстырады. Берілген жауаптардан қорытынды шығарып, бəріне ортақ, ерекше белгілерді
табуға болады.
Əр түрлі халықтың бейнелеу өнеріне арналған осындай эвристикалық əңгімелесулердің
тəжірибесінде балалар əр ұлт өз тұрмыстарын əрлеу үшін жиһаздарға өрнек салған,
ыдыстарға, үй қабырғаларына суреттер салған екендігін түсінген. Ал қытай жəне жапон
халыққтары үлкен көлемдегі суреттерді салып, үйлеріне қабырғаға ілген немесе жиылмалы
қағаздарға салып, сақтап, кез-келген уақытта тамсанып қарап отыратын болғандығын да
балалар түсінген. Осындай əдіспен балалар барлық халықтың мəдениетін де, жекелеген
халықтардың мəдениеттерін де ұғынған.
17
16
Балалардың қызығушылықтарын оятатын тағы бір əдіс үлгілеу жəне құрастыру əдісі. Бұл
əдісте əңгімелесу, практикалық жұмыс жəне ойын түрлері біріктіріледі. Глобуспен,
сызбалармен жұмыс, сəулетті суреттерді салу кезінде тиімді қолданылады.
Картаны толтыру əдісі. Əр түрлі материктегі елдердің шекарасын беліглей отырып əлем
картасының үлгісін құрастыру. Бұл картаның үлкен көлемде құрастырылып, қабырғада
немесе коридорда ілініп тұрғаны дұрыс. Оқушылардың көзімен фломастерлердің көмегімен
салынады. Балалар тəрбиешілермен бірге бір халықтың мəдениетіне жататын ерекшеліктерді
картадан көрсетеді.
Балаларды этникалық мəдениетпен таныстыруда қолданылатын тағы бір əдіс - жобалар
əдісі. Бұл балалардың ерте жастан тəрбиешілермен бірігіп зерттеушілік əрекеттерін
қалыптастырады. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары педагогтермен бірге, ата-
аналарымен бірге таңдалады.
Ата-аналарды мектеп жасына дейінгі балаларға этномəдени білім беруге тарту педагогика
саласының ең басты шарты. Төмендегі жолдар арқылы отбасын білім мен тəрбие беру
жұмысына тартуға болады:
·
Ата-аналарды сабақ өткізуге қатыстыру.
·
Ата-аналарды отбасылық көрмелерге қатыстыру.
·
Ұлттық белгілер, отбасылық дəстүрлер туралы презентациялар көрсету.
·
Ата-аналардан отбасылық суреттер жинақталған альбомдарды, тұрмыс-
тіршіліктерінде қолданылатын бұйымдарды балабақшаларда тақырыптық көрмелерде
көрсету үшін алу.
·
Топ бөлмелерінде отбасылық мұражайларды құрастыру
·
Ата-аналармен бірге саяхаттар мен серуендеулерді ұйымдастыру.
·
Оқушылармен бірге зерттеу жұмыстарына қатыстыру.
·
Ата-аналарды барлық этномəдениет тақырыбында өткізілетін мерекелер мен
конкурстарға қатыстыру.
Жоғарыда аталған əдістердің барлығы да сабақтың ұйымдастырылу нысанына қарай əр
түрлі бағытта жүргізіледі. Бұл əдістер оқушылардың этномəдени білімдермен
ақпараттандырылуына тиміді жұмсалса, білім берудің сапасы мен деңгейін жоғарылатады.
2.2. Жасөспірімдердің бойында этномəдени құзіреттіліктерді қалыптастырудың
нысандары мен əдістері
4
Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нəтижесінде , этномəдени құзіреттілік 10-11-
14-15 жастағы жасөспірімдердің тиімді ұлтаралық өзара түсіністіктерін қалыптастыруға
бағытталған мінез-құлық əдебі ретінде көрсетіледі. Дамудың осы кезеңінде төмендегі
белсенділіктерді танытуға бейім болады:
·
Өз ұлтының этномəдени салт-дəстүрлерін, этномəдени дағдыларын ұстану жəне
сақтау;
·
Полиэтникалық ортада өзін жайлы сезіну, таным көкжиегін кеңейту, мəдениет аралық
байланысты ұстап тұру мақсатында жасөспірімнің өзге ұлттардың мəдениетін түсінуге
дайын болуы;
·
Түрлі мəліметтер базасын қолданып, (оқу-тəрбие үдерісі, мектептен тыс жəне сабақтан
тыс шаралар, өз бетімен білім алу, бұқаралық ақпарат құралдары, өзге ұлт өкілдерімен
араласу, т.б.) этномəдениеттер туралы білімді ізденіп, ақпараттар тауып, олардың
нақтылығын тексеру жəне ұлтаралық байланыстар кезінде сол алған білімдерін қолдану;
·
Этникалық мəдениеттерді талдау жəне алынған білімдерді жүйелеу арқылы əлеуметтік
жəне əлеуметке қатысты этномəдени үдерістерді түсінуге дайын болу;
·
Белсенді жəне жүйеленген əріптестік түрінде ұлтаралық қатынасқа қатысу.
Этномəдени құзіреттілік жалпы алғанда келесі бір-бірімен логикалық байланысқан
құрылымдардан тұрады:
1) когнитивті (танымдық) компонент немесе этникалық қауымдастықтар туралы негізгі
түсініктер (əр ұлттың тарихын, өмір сүру дағдыларын, ұлттық психологиялық
ерекшеліктерін, мəдениеті туралы білу) өзге ұлт өкілдерінің мінез-құлықтарын дұрыс
түсінуге, ұлтаралық қатынастарда өзінің əдеп сақтауына көмектеседі;
2) мінез-құлық компоненті немесе операциялық негіз (өзге этностармен аралас ортада тиімді
қарым-қатынас орнатудағы жүріс-тұрыс үлгісі, стратегиялар, дағдылар); ұлттық
ерекшеліктерді бойына сіңіру (əн айту, би билеу, салт-дəстүрлерді ұстану, т.б.) ұлтаралық
қатынастардың сəтті орнатылуына жəне əр ұлттың мəдениетінің ерекшеліктерін тануға
бағытталған;
3) аффективті компонент немесе эмоционалдық-құндылықтық негіз (əр адамның
полиэтникалық ортаға позитивті қарым-қатынасы, өзге ұлт өкілдерінің өмір сүру
дағдыларына толерантты көзқараспен қарау, аффективті деңгейде байланыс жасай білу, өзге
ұлттардың өнерлерімен танысу кезінде оң эмоцияларын жасырмау, өзгелердің сезімдерін
сезіне білу жəне түсіну) тиімді ұлтаралық өзара əрекеттестік пен түсіністікті
қалыптастырады.
Осыған байланысты этномəдени құзіреттіліктің тиімділігінің критерийлері төмендегі
деңгейлер бойынша анықталады:
•
Білімділік. Алынған білімдерін география, тарих, фольклор, салт-дəстүрлер, өнер,
тұрмыс-тіршілік, халықтық ойындар, өзге ұлт өкілдерінің жəне өз халқының құндылықтары
деген сияқты ғылым мен күнделікті өмір салаларында көрсете білуі. Өз ұлтының, өзге ұлттың
салт-дəстүрлерін қабылдауы, өзге ұлт өкілдеріне толеранттық емес қарым-қатынас жасаудың
салдары, қақтығыстарды бейбіт түрде шеше білу құзіреттіліктерін меңгеру.
•
Тəрбиелік. Этноцентризм, этникалық, нəсілдік конфессиялық сенімдерден, қарым-
қатынас кезіндегі интолеранттықтан аулақ болу. Өз өмір сүру əдебі мен көзқарастарын
өзгерту.
•
Бейімделу, яғни жасөспірімнің полиэтникалық ортаға үйренуі.
Этномəдени құзіреттіліктер когнитивті жəне операционалдық құрамдас бөліктердің тек
оқытылуымен ғана емес, сол білімнен алынған білік пен дағдылардың көлемімен
өлшенеді[6]. Этномəдени құзіреттіліктегі ең басты сапа полиэтникалық ортада бейбіт өмір
сүрі мақсатында мəдениет түрлерін зерттеу болып табылады. Сондықтан, Қазақстанның,
Қырғызстанның, Ресейдің жəне тағы да басқа көптеген мемлекеттердің білім беру
жүйелерінде халықтық педагогикадағы дəстүрлердің пайда болуына байланысты білім
берудің тиімді əдісі ізделу үстінде. Педагогтер бұл əрекеттегі маңызды міндетті айқындап
көрсетті, ол – өскелең ұрпақты өзге халықтардың мəдениетін түсіну жəне құрметтеуге,
барлық халықтарға құрметпен қарауға үйрету, яғни этномəдени құзіреттілікті толығымен
қалыптастыру.
Танымдық деңгей оқушылардың өз ұлты мен өзге ұлттардың тарихы, мəдениеті, дəстүрлері,
тілі туралы ақпараттарды меңгерген кезде көрінеді. Сондай-ақ, əр түрлі халықтардың
мəдениеттері өкілдерінің ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін білу, этномəдени
əртүрлілікті түсіну, ұлтаралық қатынастардың тəжірибесі мен теориясын білу де
оқушылардың танымдық деңгейін көрсетеді.
Оқушылардың теориялық дайындығы оның жүріс-тұрыс əдебінен көрінеді. Нақты атап
айтатын болсақ, оқушылардың өз ұлтының этникалық ерекшеліктерін меңгеруінен (дəстүрлі
өнер, кəсіп түрлерін меңгеруі); өзге ұлттардың арасында ортақ тіл таба білуі; өзге ұлт
өкілдерімен позитивті қарым-қатынас ұстану (сөз сөйлегенде оларға қолдау көрсете отырып,
4. Қараңыз: мысалы, əдебиеттер тізіміндегі №1-3-7 жұмыстар
19
18
жоғары дауыс ырғағы мен сөз сөйлеу стилінің оптимистік түрін таңдау, олардың
қызығушылықтарын оята сөйлеу) арқылы көрінеді.
Эмоционалдық деңгейде оқушылардың эмпатиялары мен ұлтаралық қарым-қатынас
рефлексияларын ояту; ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыру; ұлтаралық қатынастарға оң
көзқарасын қалыптастыру; этномəдени əртүрлілікті қабылдау; адамдардың ұлттық-мəдени
ерекшеліктеріне құрметпен қарау; ұлтаралық қатынастар кезінде жеке психологиялық
кедергілерді жоя білу; ұлтаралық келіспеушіліктерді азайтуға талпыну; ойлаудың,
көзқарастың, пікірлердің басқа болуынан жапа шекпеу; өзге мəдениеттерге жəне олардың
ерекшеліктеріне қызығушылықпен, құрметпен қарау; ұлтшылдық, шовинизм, расизм,
геноцид деген құбылыстарға қарсы тұру; өзге ұлт өкілдерінің сұраныстарына, іс-əрекеттеріне
жауап бере білу; кез-келген жағдаятты объективті түрде бағалау қабілеттері қалыптасады.
Зерттеулер мен тəжірибелердің нəтижесінде мектеп оқушыларына этномəдени
құзіреттіліктерді қалыптастыру үшін ұжымдық-топтық жұмыстар тиімді əдіс болып
табылады. Сабақтың мақсатына қарай сабақты ұйымдастыру нысандары мен əдіс-тəсілдері
таңдалады. Сабақ ойын түрінде, диалог түрінде, талдау түрінде, вернисаж, жарыстар мен
конкурстарды ұйымдастыру түрінде жүргізілуі мүмкін.
Сабақтан тыс жұмыстардың этнобағытталған нысандарын міндеттеріне қарай 4 топқа
бөлуге болады:
1)
Əлеуметтік бағытталған нысандар («дөңгелек үстелдер», конференциялар,
митингілер, сынып сағаттары, түрлі этникалық диаспоралардың өкілдерімен,
тарихшылармен, этнографтармен, өнер мен мəдениет қайраткерлерімен кездесулер, т.б.);
2)
Танымдық нысандар (өлкетанулық жəне этнографиялық экскурсиялар, Мəдениет
күндері, фестивальдер, ауызша журналдар, викториналар, тақырыптық кештер, мұражай
ұйымдастыру, студия, секция, үйірмелер, көрмелер т.б.);
3)
Тəжірибеге бағытталған нысандар (шеберлік сыныптары, тренингтер, рөлдік
ойындар);
4)
Ойын-сауық нысандары (ертеңгіліктер, кештер, халықтық мерекелер, жəрмеңке,
фольклорлық концерттер, театрландырылған қойылымдар, ұлттық спорт пен ұлттық
ойындардан жарыс т.б.).
Жасөспірімдердің бойынша этномəдени құзіреттіліктерді қалыптастыру, ұлтаралық
қатынастар саласындағы оқыту мен тəрбие берудің алдыңғы қатарлы əдістері:
1.
Кроссмəдени (салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы, компаративті) бірнеше
этномəдниетті қатар зерттеп, ортақ ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау жəне
айырмалшылықтар мен ұқсастықтардың сесбін айқындау;
2.
Э мо ц и о н а л д ы қ қ а б ы л д ау ғ а б а ғ ы т т а л ғ а н ə д і с т е р т ұ л ғ а н ы ң ө м і рл і к
құндылықтарды, эстетикалық сезімдерді, игеруіне əсер етеді. Осы мақсатта төмендегі
əдістер қолданылады:
a) Эмпатия əдісі өзге этникалық топтың жағдайын білім алушының сезінуі;
b) Контраст əдісі оқушыларға төмендегі жағдаяттарды сезінулеріне мүмкіндік береді:
- позициялар: мейірімді-ашулы, ынтымақшыл-агрессивті; қонақ-үй иесі, келімсек-жергілікті
тұрғын;
- қоршаған ортаны тану жолдары: суреттердегі символикалық, əн айту жəне би билеу өнерінің
ерекшеліктері, т.б.
с) рефлексия əдісі ұлтаралық қатынастар саласында оқушыларға өзіндік көзқарасын
қалыптастыру үшін қолданылады. Бұл өз кезеңінде баланың өзін-өзі тəрбиеленуіне
мүмкіндік беретін əдіс.
3.
Жобалау əдісі əлем халқының мəдениетін, өнерін, дəстүрлерін, тұрмыс-тіршілігін,
психологиясын анықтап көрсететін сабақ уақытында жəне сабақтан тыс уақыттарда
қолданылатын материалдарды жинақтау, зерделеу, талдау үшін ерекше маңызды əдіс болып
табылады.
4.
Ұлттық жəне ұлтаралық факторлардың теоретикалық-ақпараттық негіздерін үлгілеу
жəне қайта құрастыру əдісі қолданылады. Мысалы, білім беру кезінде тұрмыс-тіршіліктің
ерекшеліктерін, оқушылардың өз бетімен шешулері керек болатын ұлтаралық қатынастар
кезінде туындайтын өмірдің барлық жақтарын үлгілеу.
5.
Ұлтаралық қатынастар туралы оқушыларға білім берудің тағы бір тиімді əдісі түрлі
ойындар мен ойын нысандары арқылы танымдық үдерісті ұйымдастыру.
Жаттығулар, тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың алған білімдерін бекітуге
болады. Мысал ретінде белгілі бір халықтың мəдениетіне жататын белгілер арқылы жаттығу
жасатуды алуға болады.
6. Жаттығулар, тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың алған білімдерін бекітуге
болады. Мысал ретінде белгілі бір халықтың мəдениетіне жататын белгілер арқылы жаттығу
жасатуды алуға болады.
Жаттығу барысы: жасөспірімдер тобын өз ішінен топтарға бөлеміз (3-4 адамнан). Олар
белгілі бір халықтың мəдениетін сөзбен, музыкамен, сурет салу арқылы, қимыл-қозғалыс
арқылы көрсетуі керек. Берілетін уақыт - 10-15 минут. Əр топ ортаға шығып ешқандай
сөйлеместен оларға берілген халықтың мəдениетін сипаттап береді. Ал басқа топтар олардың
қандай ұлттың мəдениетін жасырып тұрғандығын табуы тиіс. Сондай-ақ оқушыларға
сөзжұмбақтар, сұрақтар, дидактикалық ойындар ұйымдастырғызуға болады; басқа ұлтпен
қарым-қатнас кезінде өзін қалай ұстау керек деген тақырыпқа жадынама; халықтық
ертегілерден құралған сюжет құрастыру; ою-өрнектерден барлық халықтарға ортақ
белгілерді табу сияқты əрекеттер арқыды сабақты қызықты өткізуге болады.
7.
Көрнекілік құралдар да оқушының əр түрлі қабылдау сезімдеріне əсер ету арқылы
дайын білімді оқушыларға беруде маңызы зор.
Ескере кететін жайт, оқушыларға материалды меңгертуде берілетін танымдық материалдар
принциптік талаптарға сəйкес келуі керек.
Біріншіден, материалдың нақтылығы. Оқушыларға берілетін білім (этномəдени бағыттары)
ғылыми тұрғыда дəлелденген, нақты зерттеулер жүргізіліп, нақтыланған ақпараттар болуы
керек.
Екіншіден, материалдың қолжетімділігі. Ғылыми ақпарат 5-7 сынып оқушыларының
қабылдауына сəйкес жəне түсінікті тілмен баяндалған болуы керек.
Үшіншіден, материалдың қызықтылығы. Танымдық материалдың мазмұнында
оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын оятып, олардың когнитивті білімін
кеңейтетін мəдени өмір, ұлттар тарихы, əр халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы ақпараттар
берілуі керек. Демонстрациялық жəне көрнекілік құралдарды, көркем əдебиеттерді, халық
даналығының əр түрлі нысандарын (жұмбақ, мақал-мəтелдер, нақыл сөздер), атақты
адамдардың афоризмдерін, музыкалық жəне өнер құралдарын кеңінен қолдану.
Төртіншіден, материалдың даралығы. Ақпарат оқушының қызығушылығын арттырып,
оның этномəдени ортадағы қажеттіліктерін қанағаттандыра алатындай, өзін-өзі жетілдіруіне
бағыт беретіндей болуы керек.
Бесіншіден, вариативтілік. Берілетін ақпарат объективті аргументтерге, дəлелдерге
негізделген жəне антистереотиптік элементтер қосылған болуы керек.
Ең соңғы талап, кешенділік. Танымдық материал түрлі əдістер арқылы жеткізіледі
(вербалды əдістер – əңгімелеу, түсіндіру, əңгімелесу; көрнекілік құралдары –
иллюстрациялар, демонстрациялар; практикалық əдістер – тəжірибелер, жұмыс істеудің
үлгісін көрсету, бақылау жəне зерттеу жұмыстары). Бұл əдістердің көмегімен оқушылар көру
арқылы, есту арқылы, қолмен ұстап көру арқылы ақпаратты қабылдайды.
Жасөспірімдердің этномəдени құзіреттіліктерін қалыптастырудың ең тиімді əдістері
оқытумен тəрбиелеудің интербелсенді əдістері деп қорытынды жасауға болады. Бір-бірімен
байланыс жасайтын оқушылардың этномəдени құзіреттіліктерін қалыптастыру үдерісінде
осы əдістердің қолданылуы əр баланың белсенді жеке тұлғалық ұстанымдарын жетілдіріп,
қандай ортада болмасын өзін толыққанды өз бетімен еңбек ете алатын субъект ретінде
көрсетуіне жол ашады.
4
21
20
2.3. Тренинг жастардың этномəдени құзіреттіліктерін қалыптастырудың əдісі
ретінде
Жастар — тек жас ерекшеліктерімен ғана емес, қоғамдағы дəрежесімен ерекшеленетін
топ: бұл əр адамның балалықтан кемелдену кезеңіне өтетін шағы. Жастар деген
категориясына əр елде əр түрлі жас аралықтағы азаматтарды жатқызады. Көптеген деректер
мен анықтамалықтар бойынша орташа есеппен ең төменгі жас деңгейі 14 пен 16 жас
аралығында, ең жоғары жас мөлшері 25 пен 35 аралығындағы азаматтар жастар санатына
жатқызылады, яғни жастардың жас ерекшеліктеріне нақтыланып бекітілген белгілі бір
шектеулер қойылмайды. 1985 жылы Халықаралық жастар күнін дайындау барысында
Халықаралық жастар күні бойынша Консультативтік комитеттің баяндамасында «Жастардың
хронологиялық сипаты балалар мен ересектерге қарағанда, əр елде өз мəдениеттеріне қарай
əр түрлі болып келеді. Дегенмен, Біріккен ұлттар ұйымының статистикасы бойынша 15-24
жас аралығындағы азаматтар жастар санатына жатқызылды жəне бұл ұйымға мүше
мемлекеттердің өз жас ерекшеліктеріне еш қайшы келмейді», делінген. (Қараңыз:
http://www.un.org/esa/population/cpd/cpd2012/cpd45.htm).
Жастар – халықтың ең өзгермелі əлеуметтік тобы, себебі бұл топ өзінің көзқарастарында,
қызығушылықтары мен құндықытарында, ұстанымдарында өздерінің пікірлерін тез
өзгертеді. Дəл осы топтың мінез-құлқынан, ұстанымдарынан бүкіл қоғамның тынысы
байқалады: жастардың адамгершілік құндылықтары кез келген халықтың болашағын
айқындайды. Жастардың əлеуметтік таңдауы көптеген халықтың, мемлекеттің тарихындағы
қиын кезеңдерде шешуші рөл атқарған. Қазақстан мен Қырғызстан мемлекеттері де əлемдегі
саяси жəне экономикалық тенденцияларға сəйкес жаһандық өзгерістерді бастан кешуде. Бұл
мемлекеттерде жаңа саяси институттар құрылып, заңнамалық базасы жетілдірілуде, ұлттық
қарым-қатынастар саласында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша
органдар құрылып, жұмыс жүргізуде. Кеңес Үкіметінен кейінгі қоғамда мемлекеттердің жаңа
əлеуметтік-экономикалық өзгерістерге тап болуы көптеген мемлекеттерде дағдарыс тудырып
отыр, ең біріншіден бұл дағдарыс халықтардың адамгершілік құндылықтары мен
құқықтарына əсер етуде. Осындай жағдайларда жастарды тəрбиелеу педагогикалық
қауымның зияткерлік жəне рухани құндылықтарды бірлестіре отырып білім беруін талап
ететін, қиын да күрделі үдеріс. Жастардың ортасында нақты тиімді тəрбие жұмыстарын
жүргізу үшін ақыл мен жүрекке еш əсер етпейтін формалды шараларды ұйымдастырудан бас
тарту керек.
Психологиялық-педагогикалық əдебиеттерде соңғы жылдары интернационалдық,
патриоттық, еңбекке баулу, адамгершілік, құқықтық жəне басқа да тəрбие жұмыстарының
түрлері бойынша əдістемелік тəсілдердің көп түрі берілген. Осы бөлімде жастардың этно-
конфессионалдық құзіреттіліктерін дамытудың тиімді нысандарының бірі ретінде тренингті
ұйымдастырып, өткізуге басты назар аударамыз.
Тренинг — жеке тұлғалық қасиеттерді немесе белгілі бір топтың стратегиясын
жоспарлауға бағытталған түрлі тапсырмаларды орындау дағдыларына баулитын əдіс.
Тренинг жүргізудің тілі – жаттығу. Бұл білім берудің басқа əдістеріне қарағанда дəл осы
жаттығу жүргізуімен ерекшеленетін əдіс. Тренинг — тəжірибе арқылы білім беру: оқыту
барысында негізгі назар керекті дағдыларды, жүріс-тұрыс модельдерін, ойлау əдістерін
меңгертуге бағытталады. Теория бұл əдісте аз мөлшерде беріледі, оның себебі білімнің жаңа
модельдері нақты қабылдануы керек. Тренинг – бұл интербелсенді оқыту: оның түрлері
қатысушылардың санына, олардың мотивациялары мен қимыл-қозғалыстарына қарай
өзгеріп отырады. Тренингте сабаққа белсенді қатысу жүеге асырылады, бұл – ойлау мен
жүріс-тұрыстың жаңа модельдерін меңгеру үшін ең тиімді əдіс. Тренингте топ мүшелері
толығымен жұмыс істейді: олар əр адаммен араласу кезінде өзі үшін керекті түрлі
тəжірибелерді меңгеруі мүмкін. Тренинг, сондай-ақ, нəтижелілікті қамтамасыз етеді.
Адамдар бір топқа жиналып, ортақ жұмыс атқарып, бір мақсатқа жету жолында əрекет ететін
болса, синергетикалық эффект пайда болады. Топтың жалпы нəтижесі оның мүшелерінің
жекелеген нəтижесне қарағанда, көбірек жəне сапалы болып келеді.
Қазіргі таңда «тренинг» түсінігінің нақты белгіленген анықтамасы жоқ. Бұл əр уақытта əр
түрлі нысанда, əр түрлі əдістер арқылы жүргізіледі. Дегенмен, оқытудың бұл əдісі
жүргізілмесе, білікті мамандарды қалыптастыру қазір мүмкін емес деп айтуға болады.
«Тренинг» ағылшын тілінен аударғанда (train, training) жаттықтыру, жаттығу, тəрбиелеу,
оқыту деген мағыналарды білдіреді. Тренинг ақпарат ала отырып, түсініксіз жағдайларды
талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса, онда берілген ақпарат тез меңгеріледі жəне алынған
білімдер білім алушылардың мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Қазіргі
əдебиеттерде тренинг əр түрлі нысанда түсіндіріледі. Мысалы, Ю.Н.Емельянов тренингті
белгілі бір қиын ақпаратты оқыту мен меңгертуде қолданылатын əдістер топтамасы деп
түсіндіреді. Дж. Морено: «Тренинг - адамның кəсіби жəне жеке түлғалық болмысын
үйлестіру мақсатында адамның, топтың психологиялық көзқарастарын өзгертудің
көпфункциялы əдісі», - дейді. Курт Левин болса, адамдарға белігілі бір нəрсені түсіндіруде
жеке жұмыс жүргізу емес, топпен жүргізудің тиімді болатынын айтады.
Тренингтер ұйымдастырып оқытудың арнайы нысаны ретінде ХХ ғасырдың орта тұсынан
бастап кеңінен тарала бастады. Мысалы, АҚШ-та 50-жылдары 1947 жылы құрылған Ұлттық
тренингтер зертханасы белсенді түрде жұмыс істеді, бұл зертханада басқарушы мамандарға,
менеджерлерге, саяси көшбасшыларға арналған тренингтер құрастырылды. Тренингтерге
қатысушылар тұлғааралық əрекеттестік, басқару дағдылары, ұйымдардағы қақтығыстарды
шешу, топтық біртұтастықты нығайту туралы білімдерді меңгерді. Кейбір тренингтер
адамның өміріндегі құндылықтарды, оның сезімдерін күшейтуге бағытталды.
Психологтер əлеуметтік-психологиылқ тренингті «тұлғааралық қатынастар туралы білімді,
əлеуемттік көзқарастарды дағдылар мен тəжірибелерді жетілдіруге бағытталған құрал»,
«қарым-қатынас жасау кезінде құзіреттілікті дамыту құралы», «психологиялық əсер ету
құралы» ретінде қарастырады. Бұл əдіс балаларға, жастарға, ата-аналарға, түрлі ұйымдардың
басшыларына қолданылды. Тренингті қолдану тəжірибелері Ю.Н.Емельяновтің,
В.П.Захаровтың, Г.А.Ковалевтың, Х.Миккинның, Л.А.Петровскаяның, Т.С.Яценконың т.б.
авторлардың еңбектерінде көрсетілген. Тренингтер көптеген тренингтерге қойылатын
ұстанымдарға негізделіп жүргізіледі:
-
белсенділік;
-
шығармашылық көзқарас (жеке өзгеріс пен даму);
-
жүріс-тұрысты түсіну;
-
əріптестік қарым-қатынас;
-
тренердің жұмыс жүргізу ерекшеліктері.
Белсенділік ұстанымы арнайы құрастырылған əрекеткен тренингке қатысушылардың
барлығын тартуды көздейді. Мысалы, белгілі бір рөлдерде ойнау, арнайы жаттығуларды
орындау, тренингке басқа қатысушылардың əрекеттерін бақылау, əрекет етуге кез-келген
уақытта дайын болу. Белсенділік ұстанымы эксперименталдық психологияның мəлімттеріне
сүйене отырып жүзеге асырылады: қатысушылардың 10% естіген материалын есте сақтайды,
50% көрген нəрсені есте сақтайды, 70% өзі айтқан нəрсені жəне 90% өзі істеген нəрсені есте
сақтайды екен.
Шығармашылық көзқарас ұстанымы əр адамның жеке мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін
ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін ашуға негізделген. Бұл үшін анықталмаған
жағдаят туғызылып, осы жағдаят бойынша тəжірибе жүргізіледі. Көп жағдайда тренингке
қатысушыларға үйреншікті емес орта таңдап алынады. Сол себепті, қатысушылар үйреншікті
ортада бойындағы бар білімімен қалыптасып қалған болғандықтан, бас кезде қарсылық
білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда қатысушыларға өз мінез-құлқын бақылап отыруға кеңес
беруге болады, яғни бұл ұстанымды жүзеге асыру кезінде өзін-өзі қайта «қалыптастыру»
үдерісі қатар жүреді.
Жүріс-тұрысты түсіну ұстанымы қатысушылардың мінез-құлқын импульсивтіліктен
объективтілікке ауыстыруға негізделеді. Өзін жəне өзінің жүріс-тұрысын түсінудің құралы –
кері байланыс. Тренингтегі кері байланыс «əлеуметтік-писхологиялық ортада қоршаған
23
22
ортадан біздің жүріс-тұрысымызды қалай қабылдайтындығы туралы ақпарат алу. Тағы да бір
психологиялық термин «рефлексия» кері байланыспен бірдей ұғымда қатар жүреді. Тиімді
кері байланысқа жағдай жасау – тренердің негізгі міндеті. Түсінудің қосымша құралдары
ретінде қатысушылардың сөйлеген сөздері мен əрекеттері жазылған аудио, бейнежазбаларды
қолданылады. Тыңдап, көру арқылы қатысушылар өз əрекеттерін талқыға салады,
қатысушылар бір-бірімен əңгімелеседі.
Əріптестік қарым-қатынас ұстанымы барлық қатысушыларды бір-бірімен тығыз
байланыс жасауға, олардың сезімдері мен эмоцияларын, толқуларын сезінуге, өзінен басқа
адамның бойындағы құндылықтарды мойындауға негізделеді. Ұстаным қауіпсіз, ашық, бір-
біріне сенетін ортада жүзеге асады. Бұл ұстаным шығармашылық ұстанымымен тығыз
байланысты.
Тренингті ұйымдастырып өткізу барысында жағдаятқа байланысты тренингтің барлық
ұстанымдарын ұстанған жөн.
Тренердің жұмысының ерекшелігі ұстанымы топтқа жəне өз-өзіне əрдайым аналитикалық
талдау жүргізіп отыруымен ерекшеленеді. Зерттеудің объектілері жұмыс жоспары, топтың
даму деңгейі мен тұтастығы, қатысушылардың өзара қарым-қатынасы, топтың жеке
қатысушыларының жағдайы, олардың өз-өздеріне, басқаларға қарым-қатынасы, тренердің
өзінің жағдайы болып табылады. Тренингтің тиімділігі тренердің топқа əсер алуында.
Тренинг жүргізу құралдарына əр түрлі əдістемелік тəсілдерді жатқызуға болады: рөлдік
ойындар, жеке əңгімелесулер, топтық талқылаулар, психогимнастикалық жаттығулар, т.б.
Сондай-ақ, тренингтің тиімділігі тренердің топқа əсер ете білуіне, оның өмірлік
тəжірибесіне, қарым-қатынас тəжірибесіне, шеберлігіне тікелей байланысты.
Тренингтің мақсаты мен мазмұнына, топтың ерекшелігіне, жағдаятқа, тренердің мамандығы
мен мүмкіндіктеріне байланысты əдістемелік, практикалық, əлеуметтік-психологиялық
əдістер таңдалады.
Қатысушыларды белсенді араластыру жəне тренингтің жоспарланған міндеттеріне жету
мақсатында тренер психогимнастика, топтық талқылау немесе миға шабуыл сияқты топтық
жұмыстар мен тренингті өткізудің əдіс-тəсілдерін мұқият таңдап алады.
Психогимнастика – жазбаша, ауызша, вербалды жəне бейвербалды жаттығулар топтамасы.
Бұл жаттығулар 2-3 адамнан құралған шағын топтарда да, үлкен топтарда да қолданылады.
Психогимнастикалық жаттығулар арнайы бір немесе бірнеше психикалық қабілеттерге əсер
ететіндей таңдалады (ес, назар, ойлау).
Психогимнастикалық жаттығулар миға əсер етіп, кері байланыс арқылы бір мəселені жан-
жақты түсінуге көмекте седі. Тренингтерге бір мəселені шешу үшін əр түрлі
психогимнастикалық жаттығулар орындалады: қозғалыс, есеп, сурет салу, назар аудару, т.б.
Психогимнастикалық жаттығулар жеке бір адамға немесе бүкіл топ мүшелеріне арналған
болып келеді. Бұл жаттығуларды орындау үшін алдымен физикалық жаттығулар түріндегі
шаршағанды басып, көңіл-күйді көтеретін сергіту сəтен жасап алған дұрыс.
Тренер жаттығуды таңдау кезінде өткізу уақытын, топтың құрамын, қатысушылардың
физикалық күйін, олардың даму деңгейі мен дайындығын ескеруі тиіс. Бұл жаттығуларды
дұрыс орындау үшін қатысушыларға инструкция дұрыс түсіндіріліп, топ мүшелерінің
барлығы да не істеу керек екендігін түсінген кезде ғана барып орындауға кірісу керек.
Кейбір жаттығуларға тренер өзі де қатысады. Барлық жасалатын жаттығуларды
қатысушылар бірге талқылайды, тренер соңғы қорытынды анализді шығарады.
Кез-келген тренингте қатысушылар аз уақыттың ішінде өзіне керекті өмірлік тəжірибелерді
алып, өзін жеке тұлға ретінде сезініп, болашақтағы мамандығын таңдауға бағыт алады.
Тренингтерде мақсатты түрде топтың қатысушыларының жұмысқа қабілеттілігін
қалыптастыруға бағытталған жаттығулар да жүргізіледі. Бұл жаттығулар жастардың
бойында қарым-қатынасқа бейімдік, айналасындағы адамдарға сене білу, креативтілік, ойлау
қабілетінің тереңдігі сияқты қабілеттерді, сондай-ақ оның өзіне жəне өзге адамдарға, өмірге
деген көзқарастарын да қалыптастырады.
Сонымен, кез-келген тренингті дайындау мен өткізу 4 кезеңнен тұрады:
Тренингті дайындау
Тренингтің мақсаты мен міндеттерін, күтілетін нəтижелерді айқындау.
Керекті дағдыларды меңгертуге бағытталған тапсырмалар мен ақпараттардың логикалық
бірізділігін анықтау.
Тренингтің əдіс-тəсілдерін анықтау: дəріс, рөлдік ойындар, жағдаяттық ойындар,
пікірталастар, жұппен немесе үштікпен жасалатын жаттығулар, демонстациялар, «миға
шабуыл», жағдаяттарды талдау (case study) үлгілеу, бейне жəне аудио материалдарды
талқылау, т.б.
Тренингтің бағдарламасын жасау (модуль, жоспар).
Əдістемелік материалдарды дайындау.
Құрал-жабдықтарды дайындау.
Өткізу орнын анықтау жəне ұйымдастыру бөлімі.
Достарыңызбен бөлісу: |