Жергілікті өлкенің (қаланың, ауданның) табиғаты. Табиғатты қорғау



бет10/27
Дата09.01.2023
өлшемі127,49 Kb.
#60713
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Байланысты:
Баяндама Дәрия (1)

Тақырыбы: Иллюстративтік-құралдарды пайдалану.
Иллюстративтік құралдардың маңызы. Балалар бақшасында табиғи (өсімдіктер мен жануарлар) құралдардан басқа да әр түрлі өсімдіктер және табиғат құбылыстары бейнеленген иллюстративтік-көрнекі құралдар болуы керек. Балаларға табиғатты таныстыру үшін оның заттары мен құбылыстарын тікелей бақылау қиынға түскен жағдайларда ғана иллюстративтік құралдар пайдаланылады. Мысалы, осы жерде болмайтын, бірақ программада көрсетілген үй жануарларымен және жабайы аңдармен таныстырған кезде осындай кұралдарға жұгінуге тура келеді. Бұдан басқа, иллюстрациялар балалардың бұрыннан таныс жануарлар, өсімдіктер, табиғаттың мезгілдік құбылыстары туралы және т. б. білетіндіктері мен елестетулерін айқындапдап, молайта түсу үшін де керек.
2.Иллюстративтік құралдардың мазмұны мен безендірілуіне қойылатын талаптар.Табиғатты бейнелейтін картиналар, диафильмдер, кинофильмдер балалардың шындықты қабылдауға жақын сезімдік қабылдауын тудыруы тиіс. Қартиналар көркем және ауқымды түрде орындалуы тиіс. Олар сюжетті және біртекті объектілерді — жекелеген жануарларды, өсімдіктерді — бейнелеуі де мүмкін. Жануарлардың, әсіресе ұсақ жануарлардың тұрқы мен қылықтарын көрсететін диафильмдер мен кинофильмдер кадрлары үлкейтіліп берілуі керек. Бұл құралдардағы жануарлар мен өсімдіктер өмірдің табиғи жағдайларында көрсетілуі тніс. Мүмкіндігінше, диафильмдер мен кинофильмдер негізінде шағын, бірақ есте сақталарлықтай сюжеттің болғаны дұрыс. Қинофильмдердің дыбыссыз және дыбысты болуы да мүмкін. Бүл фильмдердің музыкамен безендірілуі міндетті емес, бірақ ондай табиғат үні (орманның шуылы, құстардың сайрауы, жануарлардың дауысы) болуы керек.
3.Картиналарды, диафильмдер мен кинофильмдерді пайдалану. Тәрбиешінің әңгімелеуімен немесе оның балалармен әңгімелесуі мен қосарланған к а р т и н а л а р барлық топтарда еткізілуі мүмкін.
Бөбектерге тәрбиеші суретте бейнеленген жануарды атап айтып, оның көзін, құлағын, аяғын көрсетуді ұсынады.
Сәбилер топтарында тәрбиеші жануарлардың сыртқы түрі мен қылықтарына, өсімдіктердің формасы мен бөліктерінің түсіне қатысты белгілерге көңіл аударта отырып, қысқа да айқын сұрақтар қояды.
Суреттерді естиярлар, ересектер және мектепке даярлық топтарындағы балалармен бірге қараған кезде жануарлардың және өсімдіктердің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын салыстыру пайдалы, бұл — баланың бақылағыштығы мен ақыл-ойының жетілуіне себін тигізеді. Мысалы, қолда бар «Үй жануарлары» және «Жабайы аңдар» суреттерінің сериясында бір суретте бейнеленген жануарларды: ірі жануарларды оның төлімен, әтешті тауықпен, қазды үйрекпен, қойды ешкімен салыстыруға болады. Әр түрлі суреттерде бейнеленген жануарларды, мысалы, сиыр мен жылқышы, сиыр мен ешкіні, мысық пен жолбарысты және басқаларын салыстыру үшін суреттерді пайдалануға болады.Суреттер бойынша әңгімелеп беру ересектер мен мектепке даярлау топтарында өткізіледі. Балалардың суреттерді мазмұндап түсіндіріп айтып беруі, қысқа әңгіме жүйесін құрастыра білуі алған елестетулерін бекіте түседі, байланыстырып сөйлей білуін дамытады. Үлгі үшін тәрбиеші сурет бойынша байланыстырып сөйлеуге әқгіме құрастырады және балаларға суреттің мазмұнын айтып, оған ат қоюды ұсынады.Диафильмдер барлық топтағылардың жұмысында пайдаланылуы мүмкін. Жекелеген кадрлар тәрбиешінің әңгімелеуімен немесе қолда бар диафильмнің тексін оқумен қабаттаса көрсетіледі.Кинофильмдерді оқыту мақсаттары, ең бастысы, ересек және мектепке даярлық топтарында пайдаланылады. Ересек балалар тобы үшін дыбыссыз, ал даярлық тобындағыларға дыбысты фильмдердін алынғаны дұрыс.Сурет, диафильм, кинофильм бойынша сабақ өткізуге әзірлене отырып, тәрбиеші олардың мазмұнымен жақсы танысуы тиіс, бұларды қарағанда балалар нені көріп, меңгеруге тиісті екендігін, қандай жаңа сөздерді есте ұстап, өз сұрақтарын ойластырулары керектігіи түсіндіреді. Диафильмді немесе кинофильмді қарап болғанван кейін, кіші-гірім әңгіме өткізіледі. 4.Баспаға басылған столдық ойындар. Сәбилер мен естиярлар топ-тарындағы балалар үшін жануарлар, жапырақтар, гүлдер, жемістер, овощтар бейнеленген суреттер жинағы ұсынылады. Естиярлар, ересектер мен мектепке даярлық топтары үшін лото («Зоологиялық», «Ботаникалық», «Жыл мезгілдері») сияқты ойындар ұсынылады. Ойынның мұндайғы қызықты түрінде үй жануарлары мен жабайы аңдар, орманның, даланың, бақтың, бақшаның, гүлбақшаның өсімдіктері туралы, табиғаттың мерзімдік өзгеріетері және т. б. жайында түсінік беріледі.Ойыншықтар. Үй және жабайы жануарлар, овощтар, жемістер, жидектер (көлемді немесе жазық орындарға қойылған)—ойыншык-гар наборы — дидактикалық ойындар үшін керек болса, сондай-ак балалардың табиғат пен адам еңбегі («қүс қора», «зообақ» және басқа ойындар) жайындағы елестетулерін бейнелейтін творчестволық ойындары үшін де қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет