Жергілікті өлкенің (қаланың, ауданның) табиғаты. Табиғатты қорғау



бет12/27
Дата09.01.2023
өлшемі127,49 Kb.
#60713
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Байланысты:
Баяндама Дәрия (1)

Тақырыбы: Үй және жабайы аңдарға байланысты мәліметтер және оларды зерттеу.
Үй жануарлары, доместикация — жануарлардың қолға үйретілген түрлері.
Сондықтан кейде бұларды қолға үйретілген жануарлар деп атайды. Мүйізді ірі қара, түйе, жылқы, есек, қой-ешкі, ит, шошқа, мысық, үй қояны, теңіз тышқаны; құстардан тауық, үйрек, қаз, күркетауық, кептер; тоғандарда өсірілетін балықтар үй жануарларына жатады. Өркениет дамуының барысында адам жәндіктердің 2 түрін (бал арасы мен жібек көбелегі), құстардың 10 — 12 және сүтқоректілердің 60-қа жуық түрлерін қолға үйреткен. Зертханалық жануарлар — егеуқұйрықтар мен тышқандар, сайрағыш және әсем құстар, тоты, шымшық, т.б., аквариум балықтары да өсіріледі. Үй жануарларын қолға үйрету алғашқы адамдар мекендерін қазып зерттеу нәтижесінде, бұдан 15 — 10 мың жыл бұрын басталған. Аңшылық тәсілі жетілген сайын жабайы, тағы жануарлар саны азайып, адам баласының күнделікті тұрмыс қажетін қанағаттандыру үшін үй жануарлары қолға үйретіле бастады.
Қазіргі кезде:
170 млн-ға жуық қой — Австралияда;
197 млн-нан астам ірі қара мал — Үндістанда;
7 млн-дай түйелер — Сомалиде өсіріледі деп саналады.
Үй жануарлары тек материалдық байлық көзі ғана емес, сонымен бірге, рухани қазына болып есептелінеді. Жаңа ортаның әсері және қолдан іріктеу, жұп таңдау нәтижесінде бұларда адамға пайдалы жабайы жануардан өзгеше қасиеттер пайда болды. Осы кездегі мал тұқымдары өзінің жабайы ата тегінен едәуір ірі, етті, аяқтары қысқа, тұрқында да өзгерістер байқалады. Мысалы, ең ірі ит тұқымы — сенбернар, оның салмағы 77 кг-дай болса, ең кішкентай ит — чихуахуа, оның салмағы 450 г-нан аспайды. Ең кішкентай сингапур мысығының салмағы — 1 кг 81 г болса, ал ең ірі мысық — рэгдолл, ол 9 кг-дай салмақ тартады. Тегіне қарағанда үй жануарларының сүйегі жеңіл, омыртқа саны аз, бас сүйегі кіші, сондай-ақ мүйізі, ішкі органдары да өзгеріске ұшырады. Бұлардың өкпесі, жүрегі, бүйрегі жабайы ата тегіне қарағанда кемірек дамыған, жыныс ерекшеліктерінде де көптеген өзгерістер байқалады. Ата тегімен салыстырғанда үй жануарларының жүйке жүйесінде де өзгерістер пайда болды. Мысалы, қолдағы мал миының көлемі кішірейіп, салмағы азайған, көру, есту, иіс сезу органдарының қызметі төмендеген. Оның есесіне үй жануарларынан алынатын ет, сүт, жұмыртқа, жүн, т.б. мөлшері көбейді. Атап айтқанда, ең жақсы жүн меринос қойларынан алынады.
Жабайы жануарлар
Қасқыр - жыртқыш аң. Ол көбінесе таулы, далалы, орманды аймақтарды мекен етеді. Күшігі - бөлтірік деп аталады. Бөлтірігін сүтпен қоректендіреді. Қасқыр өзі қоян, қой, қарсақ, борсық, қосаяқ т.б қоректенеді. Олар топпен жүреді. Тобындағы басшысы, мықтысы, үлкені - арлан деп аталады.
Жорлбарыс - жыртқыш аң. Ол негізінен Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияны мекен етеді. Ол бұғы, жабайы шошқа, бұлан, қарақұйрық және киік сияқты жануарлармен қоректенеді. Жолбарыс қазіргі кезде санының азайуына байланысты "Қызыл кітапқа" енген.
Жолбарыс та мысық тұқымдасына жатады.Ол өте шапшаң қозғалады.Үсті басы ақ-қызыл жолақты. Бұл оған жемін аулаған кезде өте қажет
Аю - үлкен, күшті жыртқыш аң. Оның баласын қонжық дейді. Ол аңға жаз, күз айл...
Аю - үлкен, күшті жыртқыш аң. Оның баласын қонжық дейді. Ол аңға жаз, күз айларында шығып, май жинайды. Қыста ұйқыға кетеді. Қыс бойы ұйықтайтын жері апан деп аталады. Аюдың сүйікті тамағы бал, балық, тәтті жеміс-жидектер.Аюдан барлық жыртқыштар қорқады. Аюлардың тістері мықты, денесі үлкен, тырнағы өткір болады. Аюлар: ақ аю, қара аю, қоңыр аю деп бөлінеді.
Маймыл адамға өте ұқсас аң. Ол қалың орманды жерлерде ағаштардың басында өмір...
Маймыл адамға өте ұқсас аң. Ол қалың орманды жерлерде ағаштардың басында өмір сүреді. Негізгі жейтін тамақтары шырынды жеміс-жидектер, банан, жапырақтар. Маймылдардың түрі өте көп. Мысалы: орангутанг, шимпанзе, макака, горилла т.б. Бір қызығы маймылдар екі аяқпенде, төрт аяқпенде жүре алады. Негізгі мекендейтін аймағы Африка.
Сілеусін - үй мысығының бір туысы. Сілеусіннің құлағында қылшықты шашағы, ал...
Сілеусін - үй мысығының бір туысы. Сілеусіннің құлағында қылшықты шашағы, ал екі ұртында сәнді сақалы болады. Құйрығы шорт кесіп тастағандай қып - қысқа шолақ. Сілеусіннің қимылы шапшаң, аяқ алысы ит сияқты. Ол ағашқа тамаша өрмелейді. Қараңғыда жақсы көреді, тамаша естиді, тек иіс сезу қабілеті нашарлау. Сілеусін құр, шіл, бұғының бұзауы, тышқан т.б кемірушілерді ұстап жейді.
Аң патшасы - арыстан. Арыстан Африканың ыстық саванналарында үйірімен мекенде...
Аң патшасы - арыстан. Арыстан Африканың ыстық саванналарында үйірімен мекендейді. Үйірі прайд деп аталады. Арыстан қарақұйрық, газель, жабайы шошқа, зебраларды қорек етеді. Арыстанның азу тістері мықты, алдыңғы аяқтарының күші көп болады.
Піл табиғи жағдайда Африка мен Оңтүстік Азияда ғана тіршілік етеді. Піл - құр...
Піл табиғи жағдайда Африка мен Оңтүстік Азияда ғана тіршілік етеді. Піл - құрлықтағы ең алып жануар. Оның үлкен екі құлағы, екі азу тісі маңдайлы келген. Пілдің сондай-ақ ерекше нәрсесі оның тұмсығы.Піл ол тұмсықсыз тіршілік ете алмайды: өйткені, онсыз не тамақ не су іше алмайды.
Түлкі - ең қу жыртқыш.Ол - төңірегіндегінің бәрін тіміскілеп, "тексеріп шығуға" құмар аң. Дыбыс естуі, көру, иіс сезу қабілеттері жақсы жетілгендіктен оны талай ажалдан сақтап қалады.Түлкі қоян, құрбақа, кесіртке аулап жейді. Сондай-ақ құстардың ұясындағы жұмыртқа, балапандармен де қоректенеді. Жаз айларында жеміс-жидектіде азық қылады. Түлкінің терісі бағалы әрі әдемі. Сондықтан оны көп мөлшерде аулауға тыйым салынған.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалды сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет