Жергілікті өлкенің (қаланың, ауданның) табиғаты. Табиғатты қорғау



бет15/27
Дата09.01.2023
өлшемі127,49 Kb.
#60713
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Тақырыбы: Табиғат (көктемгі) құбылыстары және ауыл шаруашылығындағы еңбек.
Сәуір айы. Бұл – көктемнің нағыз күшіне енген шағы. Осы орайда оқырман қауымға сәуірде болатын табиғат құбылыстарына байланысты сөздердің мағынасын тарқатуды жөн көрдік.
СӘУІР КӨКЕК – жазғытұрым кезіне сай келетін төртінші айдың арабша аты, көкек.Сәуір сөзі араб тілінде «өгіз» деген мағынаны білдіріп, жұлдыз айлары бойынша «Торпақ шоқжұлдызының» атауы болып табылады .
Бұл айдың ертеден келе жатқан қазақша аты – көкек. Айдың «көкек» деп аталу себебі көктемнің бір белгісі көкек құсының алғаш шақыра бастайтын мезгілімен байланысты қаралады. Бұл айдың өзгешелігі – құс үнінің ерекше байқалуы. Ал Куфтин көкек айын көк-көк («едва зеленый») деген сөзден шыққан деп түсіндіреді, сөйтіп, «жас көк» деген ұғыммен ұштастырады. Қазақтар үшін көкектің даусы ай атауын белгілеуге негіз болса, чулымдықтар мен барабалықтар үшін қарға даусы, қарғаның ерекшелігі бұл айды «қарға ай» деп қоюға негіз болған. Ал саяндықтар «құстың пашқы айы» деп атаған. Көктемгі табиғаттың әсемдігін уәж еткен тувалықтар мен шорлар бұл айды «көрік айы» деп атаған.
Көкек – ұшқалақ, жеңілтек құс, өз атын өзі шақырады, сондықтан осы сөз жағымсыз мәнде айтылады деп, айдың атауын сәуірмен ауыстырған (3). Ал Шоқан Уәлихановтың пайымдауы бойынша, көкек жағымсыз құс емес, керісінше, «Көкек – киелі құс. Май мол болады деп, көкек қонған бұтақты алып, сүт құйған сабаға салып қояды» екен (4). Халық аузында бұл айдың сәуір, көкек деген атауларына байланысты мынадай өлең жолдары кездеседі:
Суға толар сай-сала,
Сәуір болмай, жауын жоқ.
Нуға толар айнала,
Жауын болмай, тәуір жоқ.
Көкек келмей, көктем жоқ, –
Көктемнің дер шағы бар.
Айдың – төлдер көкке тоқ –
Көкек аты тағы бар.
Сәуір айы – шаруа айы.
Еңбек етіп жатыр ел.
Көкек келді – көктем келді. Көкек – табиғаттың тамаша кезеңі. Көктем айының бұл нағыз толысқан уақыты. Барша табиғат жаңарып, айнала қызу тіршілікке бөленеді: мал шөлдеп, малды ауылда мәре-сәре кеңи бастайды. Ал кейбір аймақта қардың көбесі жаңа ғана сөгіліп, ызғарлы суық та байқалып қалатын уақыттары болады. Осыған байланысты қазақ малшылары: «Көктем мезгілінің үш айы қазақтар «Наурыз – суымен, Көкек – нуымен, Мамыр – гүлі нулы да сулы ай екенін атап көрсетеді» .
Тобылғы жарған – сәуірдің соңғы күндерінде 2-3 күнге созылатын суық жел. Бұл «тобылғы бүршік жарған», яғни өсімдіктер тамыр жайды, алғашқы көк шыға бастады деген сөз.
Отамалы – қазақтың байырғы күнтізбесі бойынша ауа райының жайсыз, жауынды-шашынды болатын көктемнің ең жайсыз кезеңі.
Отамалы сөзін ай атауы деп танытатын пікірлер де көп. Мәселен, Отамалы атауын Шоқан Уәлиханов март айына тақса, В.Радлов май айы деп көрсеткен. Зерттеушілердің біріндегі ай атының екіншісінде болмауының өзі ұлан-ғайыр даланы мекен еткен халықтың ай аттарын әртүрлі атай бергендігін, күн райының амалына қарай айлардың қосымша атауларының болғандығын көрсетеді. Қазақ есепшілері, әрине, бұл атаулардың бәрін де білген. Бірақ қалыптасқан қолданыстағы он екі айдың ішіне бұл сөз кірмейді. Ондағы екі айдың арасында болатын кәсіби шаруашылыққа негізделініп, сол шаруа науқаны басталған уақытты атау мақсатында қолданылады. Отамалы ертедегі қазақ шаруашылығына өте жақын, соған байланысты осылай аталған. Бұл айда шөп өсіп, жер отаяды. Малдың аузы көкке толады.
Е.Жанпейісовтің еңбегінде «Отамалы» сөзіне арнайы талдау жасалған. «Абай жолында» берілген түсініктемені сол қалпында көрсете отырып, ғалым Әуезовтің түсіндіруі мен В.Радловтың пайымдауын салыстырады. Халықтың сол кездегі шаруашылық науқаны мен күн райының өзара үйлесуінен барып туындаған «Отамалы» атауын терең танытуда М.Әуезовтің түсіндіруі жақын келетін секілді. Мысалы: «Отамалы көкек айының он бірінде кіріп, он жетісінде шығады. Желсіз, борансыз өтпейді. Қыстың соңғы зәрі сонда. «Отамалы» деп атағаны бір байдың Отамалы деген қойшысы болған екен. Сол бақыр күн қайырады екен-ау. Көкектің суығы басталған уақытта, әлгі қойды жайылысқа шығармайық, боран болады… десе, бай Отамалыны сабап-сабап, қойды жайылысқа шығартады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет