Тақырыбы: Бақылау және эксперимент
Орындаған: Қабиева Д.Қ
Топ:ДО2Б(11)
Жетекші: Секенова И.К
2023 жыл
1.Бақылаудың маңызы және ұйымдастырылуы. Бақылау — мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі процесс. Анализаторлардың бірлесе іс-әрекет жасауы, тәрбиешінің сөздері негізінде балаларда нақтылы білімдер пайда болады, ойлауы, тілі жетіледі, табиғатқа деген материалистік көзқарасқа, ынта-ықыласқа, сүйіспеншілікке, әдемілікті сезінуге тәрбиеленеді.
Бақылау кезінде ойлауды белсендірек ететін методикалық бағалы әдіс — теңеу болып табылады, ол — айырмашылығына немесе ұқсастығына қарай заттар мен құбылыстардың ерекшелік сипаттарын салыстыру. Табиғаттағы заттарды салыстырған кезде балалар айырмашылық белгілерді оңай табады. Айырмашылығына қарай салыстыру топтардың барлығында өткізіледі. Ұқсастығына қарай салыстыру әдетте балаларды қиналтады, өйткені олар ұқсас заттардың айтарлықтай қасиеттерін өз беттерінше ажырата алмайды. Бұл әдіс ересек және мектепке даярлық топтарындағы бақылаулар кезінде колданылуы мүмкін. Бұл топтардың балалары объектілерді салыстыра отырып, тәрбиешінің көмегімен ұқсас заттар мен құбылыстардың айтарлықтай қасиеттерін ажыратады, оларды топтастыратын және қарапайым ұйымдарды тудыратын материал алады.
Бақылауларды сабақтарда, экскурсияларда, күнделікті серуендерде, жер учаскесіндегі жұмыстар кезінде, табиғат мүйісінде өткізуге болады
2.Сабақтардағы бақылаулар. Табиғи объектілермен сабақтар өткізген балаларды өсімдіктер мен жануарлардың бөліктерін жақсылап көріп, дұрыс атауға үйретеді. Кейбір сабақтарда балалар жануарлардың қалай қоректенетінін, калай қозғалатынын бақылайды. Тәрбиеші балаларды жануарлардың коректенуі, қозғалуы — олардың дене мүшелерінің құрылысымен байланысты деген қорытындыға келтіреді, мысалы: «Кролик, көк шегіртке, бақа секіреді, себебі олардың артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзынырақ», «Құстарда (көбелектерде, инеліктерде) қанат бар, олар сол арқылы ұшады», «Мысық білдірмей жүреді, өйткені оның табандары мамықтай жұмсақ, жүрген кезде тырнақтарын соның ішіне тартып алады».Бөбектік жас топтарындағы екі жасқа қараған балалар сабақтарда мысықтың баласын, күшікті, тауық балапанын, тордағы құстың балапанын, шылапшындағы суда жүзіп жүрген балықты, жазда — б а қ а н ы, қоңызды бақылай алады. Сәбилер топтарындағы сабақтарда бақылаулар ұзақ болмауы тиіс. Зерттеп отырған объектіні балаларға жақындату, олардың ба-кылауларын әрекеттерімен және қуанышты көңіл күйлерімен байланыстыру өте маңызды. Тәрбиешінің сабақтардағы негізгі әдісі — заттарды балаларға жақындататын түсініктерді көрсету («Балық Анарға карай жүзді, ал енді Алиға» және т. б.) Бұл, кішкене балалардың бақылауларға деген ынта-ықыласын арттырады. Сондай-ақ балыктарды аквариумнан шылапшынға, ал содан кейін, қайтадан аквариумға жіберудің де маңызы бар.
Ойындық әдіс — балықтың қимылдарына қолдарьшен еліктеу — балаларды оны тағы да бақылап көруге мәжбур етеді. Қабылданған қимылдардын, елесі оны санада бекітуге мүмкіндік береді. Осындай әдістерді пайдалана отырып, сабақтарда балалармен қ ұ с т ы, бақ а н ы бақылауға болады.
Табиғат мүйісіндегі жануарларды көрсете отырып, тәрбиеші балалар назарын соған аударады. Әдетте, балықпен танысқан сабақтан кейін, балалардың аздаған тобы аквариумға келеді, оның тұрғындарын бақылайды және осы кезге дейін байқамаған нәрселерін байқап алады.
Естияр топта аквариумдағы балықтарды бақылаған кезде, балықтрдың қозғалу, қоректену ерекшеліктерін, сыртқы түрінің ерекше сипаттарымен байланыстыра отырып ажыратады, мысалы: «Балық құйрығын қозғалтып, жүзгіш қанаттарымен жүзеді»; «Ол жемдерді көреді, оны ауызымен ұстайды».
Ересек топтарда аквариумдағы балықтарды бақылаған кезде, олардың дене пішіні мен қозғалу шапшаңдығы салыстырылады, мысалы: «Қозғалу шапшаңдығы үшін қызмет атқаратын семсері бар, семсер балықты табан немесе карппен салыстырыңдар. Олардың ішінен қайсысы шапшаңырақ қозғалатынын айтыңдар. Неліктен?» Балыктың бұрылған кездегі құйрығы мен жүзгіш қанаттарының қозға-лыстарын бақылау керек.
Естияр, ересек және мектепке даярлық топтарындағы бақылауға да тәрбиеші бағыт береді. Балаларға жануарлар денесінін, жеке бөліктерінің ерекшеліктерін атауды, олардың түсін анықтауды, олардың қалай қозғалатынын, қалай қоректенетінін бақылап көруді ұсынады. Бұл топтарда зерттеп жүргендерін белгілі нәрселермен салыстыру да қолданылады. Балалардың ойлауын белсенді ету үшін, оларды қорытынды жасауға, құбылыстың байланыстары мен себептерін анықтауға мынадай сұрактар көмектеседі: сен қалай білдің? Сен неліктен олай ойлайсың? Өздерінің бақылаулары мен қорытындыларын балалардың сөзбен дұрыс жеткізуін қадағалап отырудың өте маңызы бар. Бұл сабақта тәрбиеші, әр түрлі анализаторларды (есіту, көру, түйсік) қатыстыра отырып, балалар зейінін белсенді етеді. Ол жануарға қарап алуды (жүнінің түсіне, көзіне, аяғына, саусақтарына), теңіз шошқасының қызылшаны қалай кеміретінін тыңдауды, оны сипауды ұсынады. Тәрбиеші сұрақтар береді, балалардың білгісі келгендерінің бәрін түсіңдіреді, жануарларды бақылауға ынталандырады. Бақылау барысында әр түрлі анализаторлар пайдаланылады. Балалар қоянның сыртқы ерекшеліктерін, оның қылықтарын, қозғалысын көру арқылы қабылдайды; жануарды ұстай отырып, оның жүнінің сапасын анықтайды.
Сабақта тәрбиешінің зейінін салыстыруға бағытталған сұрақт а р ы сияқты әдіс пайдаланылған (алдыңғы және арткы аяқтарының ұзындық айырмасы). «Қоян неге секіреді, неге ол жүрмейді?»— деп сұрақ қойып, тәрбиеші балаларды «Қояы» секіреді, өйткені оның артқы аяқтары алдыңғыларынан ұзын» деген қорытындыға келтіреді.
Сабақтар балалардың табиғат бұрышындағыларды бұдан былай өз бетімен бақылауларымен байланыстырылады: олар кроликтің нені қызығып жейтінін анықтайды; Жануарлар мен өсімдіктердің ортаға бейімдедуін түсіндіргенде: «Жаулары байқап калмауы үшін, балык, судың түсіндей түске боялған», «Қоян көрінгісі келмегендіктен сұр болған», «Құстарда ұшу үшін канаттар бар» деген сияқты сөйлемдерді қолдануға болмайды, кең таралған осындай қателерді тәрбиешілердің ескеріп отырғаны жөн. Мұндай түсінік биологияның организм мен ортаның бірлігі жө-ніндегі негізгі заңын ғылыми түсінуге қайшы келеді.
Сөйлемдер шамамен мынадай болып құрылуға тиіс: «Қоянның секіретін себебі, оның артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзынырақ»; «Қоянның жазда сұр болатын себебі, мұндай бояу оны шөптің арасына жасырады да, ол көрінбейді. Бұл —оны жауларынан сақтап қалады»; «Құстарда қанат бар, сондықтан олар ұша алады».
3.Экскурсиялардағы бақылау. Экскурсияларда балалар тәрбиешінің басқаруымен өсімдіктердің ерекшелігін, жануарлардың сыртқы түрі мен қылықтарын, табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылап, олардың арасындағы кейбір байланыстарды анықтай алады. Осының бәрі мектеп жасына дейінгі балалардың нақтылы білімін кеңейтеді, «білуге құмарлығының артуына ықпал етеді, дүниені ғылыми тұрғыдан түсінуіне негіз болады.
Экскурсияда зерттелетін заттар мен құбылыстардың саны көп болмауға тиіс (сәбилер тобы үшін—1—2, естиярлар үшін — 2—3, ересектер үшін — 3—4). Экскурсияда балаларды бақылауға ұйымдастыру әрқашанда оңай емес. Олардың тек кейбіреулері ғана тәрбиешіні тыңдап, қалғандары жан-жаққа қарап тұрады.
Кішкене балалардың (2—4 жастағы) зейінін, жоғарыда көрсетіп өткеніміздей, оларға заттарды жақындату және олардың қабылдауын қуанышты сәттермен біріктіру арқылы аударуға болады. Сөйтіп, мысалы, тәрбиеші балаға қарап: «Тыңда, сен үшін құс қалай әндетіп тұр», дей алады. «Мен үшін ән салып тұр ма?»—деп, сол сәтте басқа балалар да сұрайды. «Жақсылап тыңдаңдар,— дейді тәрбиеші,— егер естісеңдер, демек, сендер үшін де ән салып тұр». Балалар құлақ қойып тыңдайды да, қуанышпен былай деп хабарлайды: «Мен үшін де ән салып тұр» (Тәрбиеші Е. П. Хромовских тәжірибесінен, Ленинград). «Бақаның қалай қарғып, шымшық торғайдың қалай секіретінін көрсетіңдерші»— деген секілді ойындық әдістерді де қолдануға болады. Бала қозғалысты көз алдына елестету үшін жануарларды бақылап қарауға тиіс.
Естияр және ересек топтарда балалардың зейінін аударудағы негізгі әдіс — тәрбиешінің бақыл а п ж ү р г е н о б ъ е к т і жөніндегі с ұ р а қ т а р ы. Балалардың жауаптарын тәрбиеші түсініктемелермен жалғастырып отырады. Сұрақтар мен түсініктемелерді жете ойланудың өте зор маңызы бар. Мектеп жасына дейінгі балалардың өте белсенділігін ескере отырып, көп сөзділіктен арылу керек. Балалардың тек тікелей қабылдайтындығы жөнінде ғана айтуға болады. Бақылауды ұйымдастыру кезінде тәрбиеші кейбір балалардың назарынын, тұрақсыздығын ескеруге тиіс және оларды өзіне жақын қойып, сұрақтарды соларға жиі қоюға тырысу керек.
Бақылау процесінде балаларда сұрақтар жиі болып отырады. Жауапты тек тікелей қабылдағандарға байланыстырып қана берген жөн. Мысалы, тәрбиеші тоқылдақты бақылау үшін, балаларды ағашқа алып барады. Олар бірден сұрақтар қояды: «Тоқылдақ не істеп жатыр? Ол ағашты бүлдіріп жатыр ма? Ол зиянды ма? Оның балалары кайда? Оның ұясы қайда?». Тәрбиеші: «Тоқылдақ өз тұмсығымен ағаштан қоңыздарды іздеп жүр және оларды жейді; қоңыздар ағаштың қабығын бүлдіреді, сондықтан тоқылдақ пайдалы құс»,— деп түсіндіреді. Содан кейін тоқылдақтың тұмсығы қандай, ағашты онымен қалай тоқылдатады, ағашқа құйрығын тіреп, құс қалай отырады, басының, кұйрығының және аркасының түсі қандатй екендігін көруді ұсынады. Тоқылдақтың ұясы және оның балапандары жөнінде келесіде айтып беруді міндетіне алады.
Экскурсия кезінде б а л а л а р қ ұ б ы л ы с т а р д ы б а қ ы л а й отырып, оларды салыстырып, өз беттерімен кейбір қорытындылар жасауы үшін, тәрбиеші сұрақтар қ о я д ы. Мысалы, күн шығып тұрған ашық күнгі өзен жағасына серуенге барған кезде тәрбиеші өзен суының түсі қандай, аспанның түсі қандай екенін сұрайды, судың түсі мен аспанның түсін салыстыруды және өзеннің суы неліктен ақшыл-көк екенін түсіндіруді ұсынады. Бұдан кейін жағасында ағаштар өсіп тұрған судың түсіне көңіл аударту және оның бұл жерде неге көкшіл екенін сурау керек.
4.Серуендер кезіндегі бақылау. Серуендерде ауа райын, аспанды (бұлттардың қозғалысын, кемпірқосақты, күннің батуын және т. б.) өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерді (жапырақтар мен гүлдердің шығуын, жапырақтардың түсуін, кұстардың келуі мен қайтуын) бақылауға болады. Бұл бақылаулар әдетте онша ұзақ болмайды, бірақ бір объектіні немесе табиғат құбылысын бірнеше рет бакылайды.
Бақылауды көркем сөзбен ұштастыру — ерекше анық, тұрақты образдардың пайда болуына ықпал етеді, сонымен қатар балалардың сөздік қорын байытады.
құбылыстары арасындағы байланыстарды 6—7 жастағы балалардың түсінуіне қолайлы етіп көрсететін халықтық ырымдарды да пайдаланған пайдалы.
Балалардың өз бетімен бақылауларына басшылық ету. Балалармен жүргізілетін бақылауды жалғастыра беру мен дамыту өте маңызды. Мұны мысалмен түсіндірелік. Қыз гүлде жүрген кішкентай насекомды көріп қалды. Тәрбиеші бүл — өсімдіктердің зиянкесі — қара күйе, бұны қоңыз — кызыл қоңыз — жоя алатынын түсіндіреді. Бұл насекомды іздеуге көмектеседі де, өсімдікке қонып тұрған күйінде, оны сол өсімдігімен қара күйе бар қапасқа салады. Келесі күні қара күйені қызыл қоңыздың жеп койғанына бәрінің көзі жетеді. Осыдан кейін балалар қоңызға өте ұқыптылықпен қарайтын болды.
Мынадай, басқа бір мысал, балалардың өз беттерімен белгілеген құбылысты бақылауды тәрбиеші ұйымдастыра алады. Алия мен Қуат; «Қараңызшы, біздің үйме топырақтағы дөңгеленген мына біреу не нәрсе?»—деп, тәрбиешіге қарайды. Тәрбиеші үйме топыраққа жақындап келіп: «Бұл — бітеу қырмызы гүл. Оны бақылаңдар, оның қалай ашылатынын және қалай гүлге айналатынын сендер көрсетіңдер»,— дейді.
Бақылауларға басшылық жақсы қойылған ересек және мектепке даярлық топтарында балалардың өте зейінді болатыны және заттар мен табиғаттағы кұбылыстардың өзгерістерін олардың өздері көріп, біле бастағаны тәжірибеден белгілі. Бүл — тәрбиешімен бірге бақылаудан балалардың өз беттерімен тәрбиешінің күні бұрын берілген тапсырмалары бойынша, оның басшылығы арқылы орындалған ба-қылауларға көшуге мүмкіндік береді. Мысалы, сабақтарда бұтақтарды қарағаннан және табиғат бұрышындағы сабақтарда пайда болған жапырақтарды бақылағаннан кейін ересек топтың балалары көктемдегі әр түрлі ағаштар мен бұталарда болатын өзгерістерді өз беттерімен белгілей алады.
Жер учаскесінде бақылаулар жасау. Жер учаскесінде жұмыс жасаған кезде, жерді суарған, қопсытқан кезде балалар топырақтың әр түрлі қасиеттерімен (құрғақ, ылғалды) танысады, өсімдіктің суарғанға, қопсытқанға дейінгі және одан кейінгі сыртқы түріндегі өзгерістерді кадағалайды, көктей бастайды, жапырақтардың, гүлдердің, ұрыктардың жетілулерін бақылайды
Экскурсия мен серуенде бастаған бақылаул а р д ы ж е р у ч а с к е с і н д е ж а л ғ а с т ы р у ғ а б о л а д ы. Мысалы, Свердлов облысындағы балалар бақшасының бірінде орман мен жайылымнан алып келген жабайы өсімдіктерден мүйіс жасалған. Балалар бұл өсімдіктерді күтті және оларға өте жақсы жағдайлар жасады. Экскурсияларда орманда қалған өсімдіктерді учаскеге алып келген өсімдіктермен үнемі салыстырып отырады. Өз бақылауларын жинақтай келіп, балалар өздері күткен өсімдіктерінің тезірек өсетініне, әдемі де ірі болатынына қорытынды жасады.
Табиғат мүйісіне бақылау жасау. Балалардың экскурсиялар мен серуендерде гусеницаларды (жұлдызқұрттарды), балықтарды, бақаларды, құстарды және тағы басқа объектілерді бақылаулары өте бағалы, өйткені бұл жануарлардың тіршілік етуі табиғи жағдайларда бақыланады. Өкінішке орай, мұндай бакылаулар кездейсоқ және-әдетте өте қысқа мерзімді болады. Сондықтан серуенде және экскурсияда басталған бақылаулар табиғат бұрышында жалғаса береді. Мысал келтіреміз.
Серуенде балалар гусеницаларды бақылайды, олардың сыртқы түрін, қозғалыстарын қарап шығады. Тәрбиеші ағаштың жас бұтағынан ұстап алған гусеницаны банкаға салады да, оны табиғат бұрышына апарады. Балаларға тапсырма береді: «Ертең қараңдаршы, бұл бұтақтың не болатынын». Келесі күні олар бұл бұтақтың жапырақтарын гусеницалардың кеміріп тастағанын көреді, демек, олардың жасаған знянкестігін анықтайды.
Табиғат бұрышы мен жер учаскесінде балалар зейінін бақылауларға аудару үшін: «Кім бірінші болып көреді?» немесе «Кім шап-шаңырақ табады» деген секілді ойындық әдістерді қолданған пайдалы.
5.Эксперимент. Эксперимент немесе тәжірибе — арнайы жасалған жағдайларда ұйымдастырылған бақылаудың ерекще түрі.
Сабақтарда, серуендерде немесе табиғат мүйісінде және балалар бақшасының учаскесінде балаларды жай тәжірибе жасауға тартудың, бақылағыштығын және білуге құмарлығын дамыту үшін, заттар мен табиғаттағы құбылыстарға белсенді де дұрыс көзқараста болуға тәрбиелеудің өте зор маңызы бар.
Қарапайым тәжірибелердің көмегі арқылы судың қатуы, қар мен мұздың суға айналуы, кемпірқосақтың және т. б. пайда болуы сияқты өлі табнғаттағы құбылыстарды балаларға көрсетуге болады.
Табиғатқа деген ынта-ықыласты тұрақтандыруға және өсімдіктерге ұқыпты қарауға тәрбиелеу — олардың еңбегінің жағымды нәтижелерінің үлгісі арқылы ғана болады. Балаларды өсімдіктердің жақсы өсуін қамтамасыз ететін бағып-күту әдістеріне үйрету керек.
Бақылағанды белгілеп қою. Балалар нені бақыласа, соны баянды етуге, белгілеп қоюға — объектілердің суретін салу және жабыстыру, көргендері, ойындары, ойыншықтары жөнінде әңгімелер айту жатады.
Көріп алған гүлдердің, жапырақтардың, ағаштардың, жемістердің, жануарлардың
с у р е т і н с а л у — олардың формаларын балалардың есінде мықтап қалдырады. Овощтарды, жемістерді жәңе жануарларды ж а б ы с т ы р у д ы ң да сондай маңызы бар. Олар жөнінде балалар кейбір нақтылы түсініктер алғаннан кейін-ақ солардың суретін салады және жабыстырады. Сурет салу мен жабыстыру балалар-дың бақылағыштығын жетілдіреді, олардың білімін молайтады. Затты қағазға немесе пластилинмен көз алдына елестете салу үшін, оны өте ұқыпты түрде қарап алу керек екендігі табиғи нәрсе.
«Балалар бақшасындағы тәрбие программасына» сәйкес мектепке даярлық тобындағы балалар ауа райына және өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерге жыл бойы бақылаулар жүргізеді де табиғат календарын жасайтын қағаздын, жеке беттеріне ( ¼ немесе 1/6 бетке) олардың суреттерін салып, белгілеп қояды.Тақырыптық суреттерді де пайдалануға болады. Сөйтіп, маусымдық өзгерістердің бірін бақылаған серуеннен немесе экскурсиядан кейін, тәрбиеші барлық балаға белгілі бір форматта қағаз береді де, олардың сол күнгі көргендері мен істегендерінің суретін салуды ұсынады. Содан кейін бақылағандарынан ең толық етіп салынды деген суреттерді іріктеп алады, нені салғаны жөнінде балалардың сөзінен жазып алады.
Мысалы.20 қараща. Ашық және жылы болды. Біз кұстарға жем бердік.
26 қараша. Жапалақтап қар жауды. Біз қармен лақтырысып ойнадық. Паркте көп құс пайда болды.
29 қараша. Аспан сұр болды, аздап қар жауды, біз шанамен сырғанақ тептік.
Осы суреттерден белгілі бір уақыт кезеңіне (ай, маусым) плакат-мәлімет немесе кітапша-қалқа түрінде табиғат календарын жасайды.
Табиғат календарын жүргізу — бақылағыштықты дамытады, айналадағы табиғатқа зейін қоя қарауды, жүйелілікті және құбылыста болатын байланысты, олардың себептерін анықтауды үйретеді. Көргендері ж ө н і н д е г і ә ң г і м е н і ң тіл дамыту мен түсініктерді бекіту үшін зор маңызы бар. Тәрбиеші бақылау үшін тапсырма бере отырып, балаларға барлық көргендері, жаңадан нені білгендері жөнінде оларға айтып берудің қажет болатынын ескертуге тиіс. Бұл әңгімелер балалардың нені меңгерді, оларға ненің түсініксіз, тағы да нені түсіндіру керек деген мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.
Сюжетті-рольдік ойындарда балалар экскурсиялар мен серуендерде қабылдағанын естеріне жиі түсіреді. Оларда өсімдіктер, жануарлар және адамның еңбегі жөнінде алған түсініктердіц сәулесі елестейді. Мұндай ойындарда балалар нені бақылағанын қайталай отырып, өз білімдерін және алған дағдыларын бекітеді.
Бақылағанын белгілеп қою үшін ойыншықты пайдалануға болады, мысалы, «Бүгін ауа райы қандай». Бұл — көлемі 35X35 см тақтай, оның ортасында айналмалы стрелка бар, бұрыштарында әр түрлі ауа райын бейнелейтін картинкалар бекітілген. Естияр топтың балалары серуеннен қайтып оралғаннан кейін, стрелканы сол күнгі ауа райына сәйкес келетін картинкаға қарай кезекпен айналдырып кояды. Ересек топтың балалары мұны ертеңгісін, балалар бақшасына келісімен және серуеннен қайтқаннан кейін (егер ауа райы өзгерген болса) істейді.
«С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ»КЕАҚ
ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
Достарыңызбен бөлісу: |