Тақырыбы: Табиғатпен таныстыру кезінде балаларды ұйымдастырудың формаларын зерттеу.
Балаларды табиғатпен таныстырған кездегі олардық іс-әрекетін ұйымдастыру формалары — сабақтар, экскурсиялар, серуендер, табиғат мүйісіндегі жұмыс, жер учаскесіндегі жұмыстар болып табылады.
1.Сабақтар. Бұл — балаларды табиғатпен таныстырудағы негізгі форма. Сабақтар программаға сәйкес, күні бұрын белгіленген жоспар бойынша белгілі бір сағатта өтіледі. Сабақтарда тәрбиеші балаларға жаңа мәліметтерді хабарлап қана қоймайды, сонымен бірге олардағы бұрыннан бар білімдерді нақтылайды және бекітеді. Сабақтар балаларды табиғатпен таныстыру процесінде танымдық қабілеттерінің (бақылағыштығы, ойлағыштығы) және тілдерінің дамуы, олардың сөздік қорларының молаюы, табиғатқа ықыластылық пен сүйіспеншілікте болуға тәрбиелеу жүзеге асатындай етіліп кұрылады. Сабақтағы; ең басты нәрсе — барлық балалардың бағдарламалық материалды меңгеруі. Бұл үшін әр алуан әдістер: нақтылы объектілерді бақылау, үлкендердің еңбегі, дидак-тикалық ойындар, картиналармен жұмыс, көркем шығармаларды оқу, әңгімелесулер, әңгімелер т. б. қолданылады.
Экскурсия — балалар табиғи жағдайларда: орманда, көгалда, бақшада, су қоймасында т.б. табиғатпен танысатын сабақ. Экскурсиялар сабаққа арналып бөлінген сағаттарда жасалады.
Экскурсияларда белгілі бір программалық мазмұны бар, мұны барлық топтың балалары меңгеруге міндетті (экскурсиянын, күнделікті серуендерден айырмасы — осы). Экскурсиялардың тәрбиелік-білімдік маңызы өте зор, өйткені олар туған табиғатқа деген ықыласты арттырады, эстетикалық сезімдерді тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Ормандағы таза ауада немесе көгалдағы хош иісті гүлдердің арасында болу, қимыл-қозғалыс және қуанышқа бөлену, әдетте осымен байланысты, балалар денесінің дамуына да игі өсер етеді. Экскурсия жасайтын жерді таңдап алу онын, міндеттеріне, балалардың жасына байланысты.
Балалар бақшасы манына экскурсиялар естияр, ересек және мектепке даярлық топтарымен өткізіледі. Сәбилер тобымен жылдық тек екінші жартысынан бастап, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріндегі жер учаскесінің табиғатын бақылау көгалға, паркке (орманға) аз уақыт экскурсиялар жасау ұсынылады. Орын таңдағанда ішкі өрлер мен құламалар кездесетін жолдардан аулағырақ болуы .
Мектеп жасына дейінгі балалардың күш-мүмкіндіктерін ескере отырып, экскурсия үшін, алдымен жақын жерлерді пайдалану керек. Қалаларда — өсімдіктердің құстардың, насекомдардың тіршілігіндегі, сондай-ақ адамдар еңбегінің маусымдық өзгерістерін бақылауға болатын — бульварлар, бау-бақшалар, парктер, тоғайлар. Селолық жағдайларда мұндай орындар: орман, егістік жер, көгал, өзен, құс күрке, мал корасы, теплица т. б.
Жылдың әр түрлі маусымында белгілі бір орынға экскурсия жасаған дұрыс. Бұл — балалардың табиғаттағы болып жатқан маусымдық өзгерістерді бақылауын едәуір оңайлатады.
Экскурсиядан немесе серуеннен үйге қайтардың алдында балаларды демалдырады, көлеңкеде 5—10 минут отырғызады. Бұл кезде жинағандарын (гүлдерді, саңырауқүлақтарды) реттеуге немесе асықпайтындай, мысалы, «Саңырауқұлақты таны» деген ойын ойнатуға болады.Табиғаттағы өсімдіктер мен жануарларды жинау үшін арнайы жабдықтардың болуы талап етіледі.
Серуендер. Бүкіл жас топтарының балаларын табиғатпен таныстыру үшін күн сайынғы серуендерді кеңінен пайдаланады. Олар аздаған экскурсия мақсатты серуендер, оларды өткізген кезде тәрбиеші учаскені қарап шығады, ауа райын, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі маусымдық езгерістерді бақылауды ұйымдастырады.
Серуендеулер кезінде балалар табиғатпен программаға негізделіп және жергілікті жердің жағдайларын ескере отырып, алдын ала жасалынған жоспар бойынша танысады. Серуендерде табиғаттың қандай да болсын бір құбылысы көрінген кезде, жоспар жүзеге асырылады.
Тәрбиеші серуендерде табиғи материалдарды (құмды, қарды, суды, жапырақтарды), судың, көлдің әсерінен қозғалысқа келтірілген ойыншықтарды пайдалану арқылы ойындар ұйымдастырылады, мұндай ойындар кезінде балалар сезімдік тәжірибе жинақтайды, табиғаттағы заттардың әр түрлі қасиетін танып біледі.
Жер учаскесіне жасалған серуендер кезіндегі ойындар үшін құм салынған жәшік, кішкене бассейн, су шашқыстар (ойыншық), ойыншықтар болуы керек.
4.Жер учаскесіндегі жұмыс. Жер учаскесінде балалар көбіне күндізгі ұйқыдан кейін жұмыс істейді. Бұл жұмыс табиғат мүйісіндегі сияқты бақылаулар жасаумен ұштасып жатады және олардың өсімдіктер мен жануарлар жөніндегі білімдерінің қорлануына, еңбек дағдылары мен іскерліктерінің жетіле түсуіне, еңбек сүйгіштікке тәрбиеленуіне ықпал етеді.
Еңбекті ұйымдастыру жұмыстың түріне, балалардың жасына және жыл маусымдарына байланысты. Жер учаскесіндегі кейбір жұмысты барлық топтарда (немесе шағын топта) сабақ түрінде жүргізуге болады, бірақ еңбектік шеберліктер мен дағдылардың қалыптасуы балалардың күнделікті еңбектерінде жүзеге асырылуға тиіс. Әр түрлі тапсырмаларды мезгіл-мезгіл (немесе ұзақ уақытқа) жеке балаларға олардың кішкене топтарына немесе бүкіл топқа береді. Ересек және мектепке даярлық топтарында бақшаға және гүлзарға кезекшілік қояды.
5.Табиғат мүйісіндегі жұмыс. Табиғат мүйісінде жұмыс істеу күн сайынғы еңбекке бөлінген сағаттарда жүргізіліп отырады. Балалар есімдіктер мен жануарларды бақылайды, оларды ұқыпты қарауға үйренеді, еңбектің ең қарапайым дағдыларын меңгереді, үлкен адамдармен бірлесіп еңбектенуге, ал сонан кейін өз беттерімен еңбектенуге үйренеді.
Балалардың еңбегін ұйымдастыру олардың жасына байланысты. Сәбилердің бірінші тобында балалар тек тәрбиешінің өсімдіктерді қалай күтетінін бақылайды, ал сәбилердің екінші тобында бұл жұмысқа олардың өздері қатысады. Естияр топта барлығы да тәрбиешінің жекелеген тапсырмаларын орындайды. Ересек топтарда оларды тәрбиешінің бақылауымен кезекшілер орындайды. Мектепке даярлық тобында кезекшілерден баска балалар өсімдіктер мен жануарларды күтуде жеке дара бақылаулар жүргізеді.Табиғат мүйісін жинастыруда ауық-ауық бірлесіп жүмыс істеуге болады.
«С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ»КЕАҚ
ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
Достарыңызбен бөлісу: |