Жергілікті өлкенің (қаланың, ауданның) табиғаты. Табиғатты қорғау



бет4/26
Дата09.01.2023
өлшемі217,86 Kb.
#60712
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Баяндама Дария (1)

Тақырыбы: Балаларды таныстырудың негіздері. Әдістердің жалпы сипаттамасын білу.
Танымдағы сезімділік пен тиімділіктің бірлігі. И. М. Сеченовтың рефлекстер және И. П. Павловтың жоғары дәрежелі нерв әрекеті жөніндегі ілімдері танымдық табиғи-ғылыми негіз болып табылады.Табиғаттағы заттар мен құбылыстардың әсерінен адамда болатын тітіркенулер бірінші хабар жүйесін, ал оларды білдіретін сөздер екінші хабар жүйесін құрайды. Таным процесінің сезімдік жағы бірінші жүйесімен байланысты; ол — түйсік, қабылдау және түсінік формасындағы сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының тікелей сәулесін қамтиды. Дерексіз ойлау екінші хабар жүйесімен байланысты. Екінші хабар жүйесі тек бірінші хабар жүйесі арқылы сыртқы дүниемен байланысты жүзеге асырылады, сондықтан түйсіксіз, қабылдау мен нақтылы түсініктерсіз ойлаудың болуы мүмкін емес.Танымның сезімділігі мен тиімділігі бір процестің екі жағы болып табылады. Танымның сезімділігі мен тиімділігінің өзара қарым-қатынасы дамудың әр түрлі сатыларында әр түрлі сипатта болады.
2.Балаларды табиғатпен таныстырудағы көрнекілік және сөз. Баланың қоршаған шындықты тануы — табиғаттағы заттар мен құбылыстардың оның сезім мүшелеріне әсер етуі процесінде көрінетін түйсіктен басталады. Сезімдік танымның физиологиялық негізі — көру, есту, тері, иіс және басқа анализаторлардың бірлескен қызметі екенін И. П. Павлов атап көрсетті. Қабылдауға анализаторлар көбірек қатысқан сайын, түсінік те дәлірек, молырақ, анығырақ және маңыздырақ болады. Мұнан балаларды табиғатпен таныстырудың негізінде көрнекілік, табиғаттағы заттар мен құбылыстардын, олардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі тиіс деуге болады. Балалардың объектілерді көруге, ұстауға, естуге, иіскеуге, олардың ауырлығын т. б. сезуге мүмкіндіктері болуға тиіс.
Үй тұрмысында, серуендерде, ойындарда және еңбек қызметінде балалар табиғаттағы заттар мен құбылыстардың әсер етуінен сезімдік тәжірибе жинақтайды. Мысалы, балалар бақшасына кетіп бара жатқан жолда олар ауа райының жағдайын (суықтығын, жылылығын, ыстықтығын, дымқылдығын) түйсінеді. Қолдарын жуғанда, суға түскенде, ойнаған кездерінде судың қасиетін (суықтығын, жылылығын, құйылуын, оған тастардың батып кететінін, ағаш сынығының қалқып жүретінін) біледі. Әр түрлі жануарларды бағып-күткен кезде балалар олардың қимылын, кейбір қылықтарын т. б. біліп алады. Табиғатпен қарым-қатынаста бала оны түсінеді. Бірақ ол әрқашанда табиғат жөнінде нақтылы түсініктерді ала бермейді. Балалар заттарды әрқашан ескере бермейді немесе оның маңызсыз бөліктеріне көңіл аударады, түйсінгендерін дұрыс атамайды. Мысалы, 2—4 жастағы бала аквариумде жүзіп жүрген балықты көріп, ол «аттап жүріп келе жатыр» немесе «қанаттарын қағады» дейді. Демек, баланы табиғатпен таныстыруда затты немесе құбылысты көрсету жеткіліксіз; танымдық процесті басқару қажет деген ұғым туады.
Тәрбиеші балалардың зейінін заттағы басты нәрсеге, олардың атын білдіретін сөздерге аударуы тиіс. Сезімдік түйсінуден, тек түйсінуге сәйкес сөзбен атауға болатын нәрсе ғана меңгеріледі. Сезімдік қабылдау —-табиғат жөніндегі бүкіл білімнің алғашқы көзі, ал санадағы шындықтың дұрыс сәулесі осы қабылдаумен байланысты сөздердің көмегімен ғана болатынын әр уақыт есте ұстау керек.Балалардың түсініктерін қалыптастырудың және олардың сөз байлығын молайту бір уақытта жүзеге асырылады.Қабылдаудың дамуы бөлшектенбеген әсерлерден заттар мен кұбылыстардың сапасына және қасиеттеріне сәйкес ажырату, байланыстыру негізінде жалпылауға келеді. Әрбір түсінікте жалпылаудың бір көзі болады.
Түсінік — мидың анализдік-синтездік іс-әрекетінің нәтижесі. Олар табиғаттағы заттар мен құбылыстардың әр түрлі сапалары мен қасиеттерін бірнеше рет сезініп қабылдау, олардың ішінен айтарлықтай белгілерді және ол белгілердің сөзбен берілуін ажырата отырып, оларды басқалармен салыстыру нәтижесінде жасалады. Түсініктер іс-әрекетте — балалардың ойыны мен еңбегінде — меңгеріледі және тексеріледі.
3.Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы сипаттамасы. Табиғатты тануға және балалардың әр түрлі дағдылар мен іскерлікті алуына басшылық ете отырып, сан алуан методтар мен тәсілдерді қолданады.
Табиғатты балалардың тікелей қабылдауын және дағдыларды белсенді меңгеруін қамтамасыз ететін әдістер мен тәсілдерді құрметтеген жөн. Мұндай әдістерге б а қ ы л а у, эксперимент, еңбек, ойындар жатады. Осылармен қатар тәрбиешінің сөздеріне негізделген — әңгіме айту, көркем шығармаларды оқу, табиғи объектілерді көрсету немесе оларды бейнелеу арқылы әңгімелесу әдістері кеңінен пайдаланылады. Жұмыста пайдаланылған әдіс пен тәсіл, мысалы, бақылау әңгімелесумен, тәрбиешінін, әңгімесі көркем шығарманы оқумен, эксперимент еңбекпен қосылып жүргізіледі т. б.
Қандай да болмасын бір әдісті қолдана отырып, тәрбиеші көптеген әр түрлі ә д і с т е р д і қолданады. Мысалы, әқгімелесуді бақылаумен ұштастыра өткізгенде ол объектіні балаларға «жақындатады», білетін нәрсені сұрайды, ойын элементтерін кірістіреді, мақалдар мен мәтелдерді т. б. қолданады. Бір әдістің өзі әр түрлі методта қолданылуы мүмкін. Мысалы, салыстыру — бақылау кезінде, дидактикалық ойындарды әңгімелесулерде қолданылады; бақылаулар мен әңгімелесулер кезінде ойындық әдістер де қолданылады; көрсету, түсіндіру — еңбек дағдыларына үйреткен кезде, тәжірибе жүргізген кезде тағы басқаларда. Тәсілдер мен әдістердің алуан түрлілігі мен тиімділігі тәрбиешінің шеберлігін сипаттайды.
Әдістер мен тәсілдерді таңдап алу программаның мазмұнына және мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінін, айналасындағы табиғатқа, бақылау орыны мен объектіге, сондай-ақ балалардың жасына, олардың жинақтаған тәжірибесіне байланысты анықталады.Мектеп жасына дейінгі бөбектер мен с ә б и л е р топтарындағы балалардың сезімдік қабылдауының ерекше маңызы бар, сондықтан негізгі метод — б а қ ы л а у. Дидактикалық ойын, картиналарды, ойыншықтарды көрсету балалардың табиғатты тануында үлкен роль атқарады.
Естиярлар тобындағы балаларды табиғатпен таныстырған кезде олардың ойлауының нақтылығын және тәжірибесінің аздығын ескере отырып, көрнекі материалды кеңінен пайдалану керек. Пайда болған түсініктерді нақтылай және нығайта түсу үшін табиғи заттармен (жапырақтармен, овощтармен, жемістермен) дидактикалық ойындарды немесе олардың картинкалардағы бейнелерін, аздап әңгімелесулерді кенінен пайдаланады.
Естиярлар және мектепке даярлық топтарындағы балаларды табиғатпен таныстыру экскурсияларда, серуендерде, ойнаған және еңбектенген кезде негізінен бақылау жолымен жүргізіледі. Бұл топтарда тәрбиешінің картиналарды, диафильмдер мен кинофильмдерді, көркем әдебиетті оқуды пайдалану арқылы әқгімелесулеріне, әңгімелерге көп орын беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет