Жергілікті өлкенің (қаланың, ауданның) табиғаты. Табиғатты қорғау



бет7/26
Дата09.01.2023
өлшемі217,86 Kb.
#60712
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Байланысты:
Баяндама Дария (1)

Тақырыбы: Еңбектің балаларды қоршаған ортамен таныстырудағы маңызы.

Орындаған: Қабиева Д.Қ


Топ:ДО2Б(11)
Жетекші: Секенова И.К

2023 жыл
Мектепке дейінгі балаларды айналамен таныстыру - бұл олардың санасына қоршаған орта, табиғат туралы сезілетін тәжірибесіне негізделген шындық тұрғысындағы білім қалыптастыру және оған деген дұрыс қарым-қатынасқа тәрбиелеу әдісі. Балалар ересектердің әсері арқылы адамгершілік қарым-қатынаста бола отырып, қоршаған ортаны, ондағы табиғат құбылыстарын және басқа өмірді тани біледі. Айналамен таныстыру барысында кеңістік, уақыт, заттың пішіні, түсі, сапасы, салыстырмалы түрде үлкен-кіші, қатты, сұйық деген ұғымдар қалыптасады.


Баланың кез келген іс-әрекетінің негізі оны қоршаған нәрселермен, атап айтқанда, табиғатпен танысу кезінде пайда болатын білімдер мен іскерліктерден тұрады.
Баланы табиғатпен таныстыру оларды дамытудың басты құралдарының бір түрі. Оның барысында балалардың қоршаған ортадағы бағдарлаушылығы молаяды, танымдық қабілеті қалыптасады, табиғатпен тиімді қарым – қатнас жасауға тәрбиеленеді. Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, тәрбиеші оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен құстарды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.
Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты болып табылады. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым-қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серуен арқылы бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Табиғат – адамның өмір сүретін ортасы. Сондықтан да адам сол табиғатты таза сақтап, қоршаған ортаны ластамауға, кен байлықтарын барынша мұқият пайдаланып, табиғатқа зиян келтірмеуге тырысуда. Бұл-дүние жүзілік мәселе. Қазақстанның өзін алып қарасақ, Арал теңізі, Балқаш өзені, Семей полигонының салдары сияқты, т.б.шешімін таппаған мәселелер баршылық. Табиғатты қорғаудың керек екенін баланың дүниеге келеген күннен бастап санасына құя беруіміз керек. Жер – бұл біздің ортақ ғаламшарымыз, үй-жайымыз. Сондықтан табиғатты тепе-теңдікте сақтауымыз қажет.
Қоршаған орта ғылымын дамытуға үлес қосқан ғалымдардың пікірлері.
А.А.Плещаков оқулық мазмұнында экологиялық мәселеге көп көңіл бөлді. Мұндай әр бөлімде экологиялық проблемалармен байланыс тудырудың тиімді жолдарын өзінің ғылыми зерттеулерінде дәлелдеп көрсетеді.
А.А.Плещаковтың авторлығымен жарық көрген «Природоведение» оқулығы адам, адам – табиғат денеси, адам және экология, өсімдіктер мен жануарлар және олардың көбею жолдарын қамтитын тақырыптарын тұрады.
«Адамзаттың, қоғамның пайда болып, қалыптасуы қоршаған табиғи ортаның, қажетті алғы шарттардың, жағдайлардың болуына байланысты екені белгілі» - дейді белгілі философ Д.Кішікбеков.
Атақты табиғат зерттеушісі К.Линней осы жүйелі – баяндау әдісінің негізін салды. Оның еңбектері 1735 жылы «Табиғат жүйесі» деген атпен жарық көрді. Бұл еңбекте сол кездегі белгілі болған өсімдіктер мен жануарлардың және пайдалы қазбалардың қысқаша сипаттамасы берілді.
В.Ф.Зуевтың «Табиғат тарихы» оқулығын 1786 жылы жарық көріп, оның алғашқы беттерінде мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқау қоса берілді. Оқулық негізінен үш бөлімнен тұрады: «Қазба әлемі», «Өсімдік әлемі», Жануар әлемі».
Д.Н.Кайгородов табиғат зерттеуші және оны уағыздаушы. Ол кісінің зерттеуі бойынша ұйымдастырылған фенологиялық бақылауларының қорытындысы бойынша СССР-дың Европалық бөлігінің биоклиматтық аудандарын анықтады. Құстардың көктемгі тіршілігінің фенологиялық картасы жасады. [1.41,46,68,73б]
Әр түрлі жастағы балаларды табиғатпен таныстыру міндеттерінің ерекшеліктері. Әрбір жас топтарында балаларды табиғатпен таныстыру белгілі бір программалық міндеттерге сай жүзеге асырылады. Олар баланың табиғат тану білімдерін бірте- бірте меңгеруін алдын ала қарастырады.
жастан 2 жасқа қараған балаларды Заттарды түсіне қарай топтауға;
Заттардың өлшемдерін, олардың қасиеттері менсапасын, кеңістіктегі, уақыттағы, сандық қатынастарды білдіретін сөздерді түсінуге; Айналадағы үлкендерді тұрмыстағы дәрежесіне қарай ажыратуға; Адамның негізгі эмоциялық және физикалық жай-күін (мұңды, көңілді, жайсыз, салқын т.с.с.); Үлкендердің еңбегін бақылауға мүмкіндігінше үйретуге тиісті.
2 жастан 3 жасқа қараған балаларды өсімдіктермен, жануарлармен, өлі табиғат құбылыстарымен таныстырады, оларды кеңістікті ажырата білуге және өсімдіктердің кейбір белгілерін, жануарлардың қимылы мен дауысын ерекшелеп, дұрыс атауға, алғашқы көрнекі байланыстар мен жалпылауларға сүйенуге (балықтар суда жүзеді) үйретеді.
3 жастан 4 жастағы балаларда өмірде үнемі кездесіп отырған табиғаттағы заттар мен құбылыстар жөніндегі түсініктер қалыптасады. Өсімдіктерді, жануарларды бақылауға, олардың жекелеген белгілерін бөліп алып, сенсорлық эталондарды (түсін, формасын, үлкендігін) пайдалана отырып анықтауға, объектілерді салыстыруға және олардың сыртқы белгілеріне қарап топтастыруға балаларды үйретеді. Білімдерді меңгеру процесінде оларда танымдық іс - әрекеттердің күрделірек формасы пайда болады: балалар төрт жасқа қарағанда себеп – салдарлық қатынастарда анықтауға қабілетті болып келеді.
4 жастан 5 жастағы балаларда көрнекі – бейнелі ойлаудың жоғары формасы қалыптасады. Олар жалпылаушы білімдерді меңгере алады. Балаларды өсімдіктердің, жануарлардың жаратылысына тән ерекшеліктерін айыруға, олардың тіршілік ету жағдайларына байланыстылығынан анықтауға үйретеді.
Мектепке баратын жастың (5-6) соңына таман балаларда логикалық ойлаудың қарапайым формасы дамыған болуы тиіс: анализдеу мен синтездеуге қабілеттіклік, өсімдіктер мен жануарлардың жеке және ортақ белгілерін айыра және жалпылай (мысалы, қоректену, қозғалу, тіршілік жерлері т.б белгілеріне қарай жануарларды әр түрлі топтарын жалпылау) білу.
Балаларды табиғаттағы құбылыстардың табиғи себептермен байланысты екендігіне қорытынды жасауға дағдыландырады. Балаларда мектепке баратын кезде бақылаушылық, білуге құмарлық, табиғатқа деген сүйіспеншілік және оған ұқыпты қараушылық, ондағы әдемілікті таба білудегі қабілеттілік, ауыл шаруашылығындағы еңбектерге деген ынта – ықылас дамыған болуы тиіс.
Балалар өсімдіктер, жануарлар, өлі табиғат құбылыстары жөнінде шынайы және ғылыми мәліметтер алуға тиіс, бірақ сонымен бірге бұл мәліметтер оларға түсінікті болуы қажет. Балаларды дүниені ғылыми тану жолымен алып жүру үшін, оларға тек қана дұрыс түсініктер беріп қоюмен бірге, табиғаттағы объектілер мен құбылыстардың арасындағы өзара байланыстары олардың сезімдік тәжірибесіне сай көрсету де керек.
Табиғат жөніндегі қарпайым мәліметтердің көпшілігін балалар алғашқы 7 жылда меңгеріп алады.
Адам, табиғат, қоғам дүниенің негізгі бөліктері ретінде тұтас және сабақтастықта қаралады. Табиғатпен бірге «Адам» оның іс - әрекеті жайында білім берудегі мақсат – балаларға дүниенің біртұтастығын меңгерту арқылы адамды дүниенің құрамдас бөлігі, табиғат перзенті ретінде қабылдау. Сонымен бірге адамның табиғатты өзгертудегі тиімді және тиімсіз әрекеттерін ұғындыра отырып, оның жағымсыз жақтарына сын көзбен қарауға тәрбиелеу. Табиғаттың бір бөлігі болп тұра адамның табиғаттағы, қоғамдағы орнының ерекшелігін айқын көрсету.Қоршаған орта пәні мазмұнында белгілі бір жүйелілік сақталады. Себебі, тірі және өлі табиғаттан, жалпы қоршаған ортадан ұғым беруде бұл жүйелілік сақталмаған жағдайда оны саналы меңгеруге болмайды. Мәселен, жануарлар туралы бастауышта берілетін білім барысында олардың жануарлардың түрі – түсі, тіршілік әрекеті, оның сол тіршілік ететін ортаға бейімділігі, пайда – зияны сияқты бір – бірімен байланысты мағұлматтар бірізділікпен және жүйелілікпен беріледі. Басқаша айтсақ, адам тіршілігінің көзі – табиғат.
Мектеп жасына дейінгі балаларда сабақтан тыс табиғатпен таныстыруда эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру.
Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете алмаймыз. Сондықтан да бала – бақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі – балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға эстетикалық тәрбие беру болып табылады. Біз әрдайым табиғат сұлулығын іздей жүріп және оның жаңа қырларын табу арқылы балаларды қуанта отырып табиғаттың сұлулығын бірге қарсы аламыз. Осы сұлулықты іздеу барысында біз оның табиғи түрінен қолдан жасалған түріне, яғни табиғат сұлулығынан – сөз, әуен және бейнелеу өнерінің сұлулықтарына көшеміз.
Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тындауды үйренеді.

Баланың өміріндегі алғаш қабылданған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады. Мектепке дейінгі жастағы балаларды қоршаған табиғаттың сұлулығына, байлығына тамсану, қызығу, оған мейірімділікпен қарауға, сақтауға, қорғауға тәрбиелеуге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында тұрған міндеттер зор.


Біз күнделікті жұмысымызда баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге , оны қорғауға қызығушылығын арттыруға, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйретуді мақсат тұтамыз. Табиғаттағы, ауа-райындағы, жануарлар мен өсімдіктер әлеміндегі, адамдардың киіміндегі қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға талпындыру арқылы эстетикалық талғам қалыптастырамыз.
Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес сонымен, бірге қатар мекеме орналасқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен байланысын сезіне білсе онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді. Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілекке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор. Біз табиғи факторлар – су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялық тәрбие мәселелерін шешеміз. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемі мен таныстыру арқылы оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейді.
Балабақшада тірі табиғаттың кішкентай бейнелі көрінісін елестете аласыз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында ,тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Барлық жастағы балалар топтарындағы табиғат бұрыштары, тірі жәндіктер бұрыштары ұйымдастырылған, олар арқылы балалар өсімдіктер мен жәндіктерді күтіп баптаудың жолдарын үйренуде.
Балабақшада «Табиғатты аялай біл», « Табиғат және біз», «Күзгі орманға саяхат», «Тірі объектілермен танысу», «Бөлмеде өсірілетін өсімдіктермен танысу» ашық сабақтары мен семинарлар ұйымдастыруға болады.
Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар – құрбыларына, ересектерге еліктейді. Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс - әрекетінің белсенді және тиімді деп берушісі де болады.
Әдемілікті сезуде, эстетикалық көзқарастарды қалыптастыруда табиғат зор роль атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады, эстетикалық түсінігін байытады. Адам табиғаттағы бақылаушы ғана емес, ол тұтынушы, сұлулықты жасаушы шығармашылық қызметкер. Сондықтан өзінің күшін, қабілетін адамдар бақыты үшін табиғатқа өзгеріс жасауға жұмсауы керек.
Мысалы, қала мен селоны, тұрғын жерлердегі көгалдандыру, бақ және гүлдер өсіру, мәдениет және демалыс орындарын әшекейлеу – бұл зор эстетикалық қабілет.
Табиғатқа шығатын топсаяхат кезінде басқа сабақтарда қайталанбайтын эстетикалық сезім балаға үлкен әсер етіп, эмоциялық жағдай жасайды. Табиғаттың әдемілігі, сұлулығы қайталанбайтын, еш нәрсемен басқа көрнекіліктердің ешбіреуімен алмасытуға болмайтын сұлулық болғандықтан бала сезімін өрмелеген құрт, елпектеген көбелек, ұшқан құс, жүгірген аң – осының әрқайсысы өз алдына жеке зерттеуді керек ететін көрініс.
Сонымен қатар балаларды айналамен таныстыру үшін керекті көптеген материалдар жинақталған «Табиғат әлемі» мұражайын ұйымдастырып, «Қысқы бақ» жасақталатын болса, балаларға зор қуаныш болары анық. Баланың өміріндегі алғаш қабылданған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады. Мектепке дейінгі жастағы балаларды қоршаған табиғаттың сұлулығына, байлығына тамсану, қызығу, оған мейірімділікпен қарауға, сақтауға, қорғауға тәрбиелеуге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында тұрған міндеттер зор.
Күнделікті ауа – райын бақылап, , оны табиғат күнтізбесінеи белгіленіп отыруда балаларды ойландыру үшін бірнеше сұрақтар қоюға болады. Бүгін аспан қандай? Ауа – райы туралы не айтуға болады? Егер де аспанды бұлт шалса, ауа – райы бұлтты; егер аспан ашық болса – күн шуақты, ашық, ал егер жел соқса – деп суреттер салу арқылы ауа – райын белгілейміз.
Кейде жаз, күз айларында балабақша бағындағы ақ қайыңды бақылауға болады. Ақ қайың биік, түзу, жапырақтары ұсақ, қабығы ақ, қара жолақтары бар. Ақ қайыңның бүршіктері емге пайдалы. Көктемге ол басқа ағаштардан ерекше сұлуланып гүлдейді, шашақты гүл шоғыры пайда болады.
ІІ. Мектеп жасына дейінгі балаларға сабақтан тыс жұмыс берудің әдістемелік негіздері.
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстырудың формасы – топсаяхат
Топсаяхат: Тәрбиешінің көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Топсаяхат барысында балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылыу жұмыстарын өткізу.
Топсаяхаттың білімдік мақсаты – табиғат объектілерінің түр – түсімен ғана таныстырып қоймай, олардың әр қайсысының қасиетін, табиғаттағы орнын, бір – біріне тигізетін әсерін ұғындыру. Табиғаттың бір бөлігінің өзгеруі, оның екіншісінің өзгерісіне әкеліп соғатынын да топсаяхат кезінде ұғындыру қиынға түспейді.
Топсаяхат нәтижесінде меңгерілетін дағдылар: бақылай білу, бақылағаннан кейінгі керекті ұғымды ала білу, ой қорытып, көргенін салыстыру, әңгімелеп айту шеберлігі, әр объектінің ұқсастығын, айырмашылығын тауып, топтауға, жіктеуге төселу, жаттығу. Мысалы: жыл мезгілінің табиғат көрінісін бақылау үшін топсаяхатқа шығып білім алған оқушы кейін бұл өзгерістің себебін іздеуді абстракты оймен жалғастырады. Күннің суынғаны, жылудың азайғаны өсімдіктерге қолайсыздық туғызатынын ұғыну оған қиынға соқпайды, өсуіне қажетті жағдайың жетіспеуінен өсімдіктің қурайтынын, сарғаятынын түсінеді. Осы сияқты бір – бірімен байланысты туатын ұғымдар жиынтығы оқушыны белгілі табиғат заңдылықтарын түсінуге жетелейді.
Білім жүйелілігі, өлкетану, эстетикалық тәрбие беру талаптары да топсаяхатта жүзеге асады. «Дамыта оқыту балаларды ойлануға, ой қорытуға, керекті білімге өздігінен іздену арқылы жетуге үйрету» - деп түсінсек, топсаяхат балаларды дамытудың көзі.
Тәрбиешінің топсаяхатқа дайындығы.
1. Тәрбиеші топсаяхатты алдын – ала жылдың басында жоспарларға енгізуі тиісті.
2. Жоспарды бекітеді.
3. Балалармен алдын – ала жұмыс жүргізеді.
4. Топсаяхатқа баратын жерді(ғимарат, кесене, т.б.) белгілейді.

5. Ата – аналар жиналысында жоспармен таныстырып және жоспарлар түзеді.


6. Балаларды топсаяхатқа алып бармас бұрын тәрбиеші баратын жерлерін алдын-ала барып қадағаланады.
7. Мекеме бастығына арыз жазады.
8. Бір күн бұрын ата – аналарға ескертеді.
Балабақша орналасқан ауданды тәрбиеші ең алдымен зерттеп алуы керек: қалада – парктер, бау – бақшалар, скверлер; саяжайға – жақын жердегі орман, алаңдар, шоқ ормандар, көкорай шалғын, өзен – көл. Балалармен бірге қай жолмен бару тиімді екенін анықтау, жекелеген маршруттардың ұзақтығын белгілеу өте маңызды. Жолда балалар тынығатын ықтимал орындардың, жылғалардың, жыра аңғарлардың, төбешіктердің, құлап жатқан және қисайған ағаштардың және т.б. болуы ескеріледі
Тәрбиеші балаларды топсаяхатқа алып шығатын кезде ата – аналардан, мекеме бастығынан рұқсат алған соң дайындық жұмысы жүргізіледі. Топсаяхатқа шығатын кезде ата – ана, тәрбиешінің көмекшісі, медсестра және тәрбиешінің өзі шығады. Топсаяхатқа шықпас бұрын балалардың барлық жағдайын қамтамасыз етіп алған жөн. Мысалы: ормандарға, фабрикаларға шығатын кезде балалар автобусының даяр болуы, олардың жеңіл тамақтары болған жөн. Егер жаяу саяхат болса тәрбиеші әр дайым балалардың артында жүруі тиіс, алдында ата – ана немесе тәрбиешінің көмекшісі жүрген дұрыс.
Топсаяхат кезінде барлық жастағы топтардың балалары өздерінің қалауынша топталып, еркін жүре алады (жұптасып, кәдімгідей сапта жүру бір баланы екінші балаға тәуелді етеді және жүйке жүйесіне қысым әсерін жасайды, қимыл еркіндігін тартады). Жұптасып сапта жүру тек белгілі бір жағадайларда ғана, мысалы, балалар трнаспорт жүріп жатқан тас жолдан кесіп өту қажет болған жағдайда пайдалануы мүмкін. Кішкентайлар тобының балаларын тәрбиешімен бірге ересектердің біреуі ертіп жүруі керек: ол балаларды жолдан алып өтуге, алаңда, орманда ойындарды ұйымдастыруға көмектеседі.
«Туристік жорыққа» аттана отырып, «жабдықтануға» сыртқы форма беруде тиімді болады: әрбір бала иыққа салаатын шағын қапшық - 300-400 грамнан ауыр емес, ертеңгілік жеңіл тамақ (пирожок, конфет, печенье, алама, сәбіз т.с.с) салынған рюкзак алады.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрлері сияқты топсаяхаттың да бірнеше түрі бар. Олар: кіріспе, ағымдағы ждәне қорытынды топсаяхаттар және әрқайсысының мақсаты да, мазмұны да бір – біріне ұқсамайды. Бұлардың барлығында да білім беру мен дағды қалыптастыру, тәрбиелеу, дамыту міндеттері жүзеге асады.
Табиғатқа ұқыптылықпен қарау топсаяхат кезінде іс жүзінде орындалады. өсімдікті бүлдірмеу, құстың ұясын бұзбау, жүрген жолына кез – келген затты шашып тастамау, өсімдіктерді керексіз жұлмау, құмырсқа илеуін бұзбау, осының бәрі – оқушылардың өміріне керекті білім. Табиғатқа қамқорлықтың пайдасын дәлелді түсінген бала әр табиғи объектіні қорғаудың маңызын біліп, ол білімдерін іс жүзінде қолдануға тырысады.
Кіріспе топсаяхаттың мақсаты жаңа ұғым беру болғандықтан, ол белгілі бір нақты тақырыпқа арналады. Мысалы, ерте гүлдейтін өсімдіктер, көктем көрінісі, көкжиек тұстары, жергілікті жердің сұлбасы, шөп өсімдіктері, күзгі жануарлар тіршілігі, жер бедері т.б. тақырыптар бойынша топсаяхат кезінде жаңа білім беріледі, әрине, әр сыныптың оқу бағдарламасының мазмұнына қарай тақырып та айқындалады. Кіріспе топсаяхаттың дайындығы мұғалім үшін өте жауапты іс. Ол топсаяхаттың өтетін орнын анықтаудан бастап, оның білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын жүзеге асырудың қандай әдіс арқылы орындалатынына дейін қарастырады. Топсаяхаттың жүретін жолы, оқушылардың демалатын орны, жолда жүргенде, демалыс кезінде өздігінен атқаратын жұмыс түрлері, көңіл аударатын объектілері, оның білімдік, тәрбиелік мәні – осының бәрі де алдын – ала ойластырады.
Топсаяхат білім берудің арнаулы түрі болғандықтан, оның мақсаты айқындалып, балаларға хабарланып түсіндіріледі. Сонымен қатар, топсаяхат жүйесі неден басталып, қалай аяқталу керектігі балалардың өздігінен атқаратын жұмыстары тәрбиешінің беретін түсінігі, саяхатты қорытындылау барысындағы іс - әрекеттері т.б. тәрбиешінің дайындығына енеді.
Топсаяхат барысында балаларға берілетін тапсырма, біріншіден, сол маңайдағы объектілерге байланысты, екіншіден, нақты және айқын, түсінікті, үшіншіден, балалардың жас ерекшелігіне лайықты болуға тиіс.
Топсаяхатта баланың жеке дара ерекшеліктерін ескеріп, оларға берілетін тапсырманы бөлшектеп, мөлшерлеп қоланған жөн. Объектілерді салыстыру, талдау, жұптау, топтау, қорыту кезеңінде балалар түгел, еркін қатысуға тиіс. Бірін – бірі толықтыру, өз пікірлерін еркін айту, болжамдарын ортаға салу үшін балалар біраз психологиялық кедергілерден өтеді. Осы психологиялық кедергіден өте білген бала келешекте өзіне деген сенімі күшейеді, шығармашылық қабілеттерін артады.
Топсаяхаттың түрлері табиғатқа (саябаққа, орманға, өзенге, шалғынға)
ауылшаруашылығына (мал фермасына, далаға, құс фермасына)
Баланың жан-жақты дамуы,оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну-танып білу- жүзеге асыру» - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.
Табиғи нысанды қабылдау, зерттеу баланы шаршатпауы тиіс. Бала бақылауды жақсы көңіл-күймен бастап, сондай жақсы әсермен аяқталуы тиіс.
Бақылау барысында баланың зейінін шоғырландырып, назарын аудару. Топсаяхат кезінде әр түрлі ойындар арқылы жаңа ойын технологияларын әдіс-тәсілдердін қолдану қажет. Топсаяхат барысында тек бақылап қана қоймай, еңбек шараларын қатар жүргізіп отыру керек. Топсаяхатта ағаштарды,гүлдер мен шөптерді ажыратуға,оларға қамқорлықпен қарауға көңіл аудару керек.
К.Д. Ушинский – баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін көрсеткен. Ал табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Табиғаттағы әдемілікті сезініп, қабылдау дағдысы өзінен-өзі келе қоймайды, оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және тәрбиеші-ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады.
Демек, оларды өз бетінше әрекет жасауын бақылау, оның мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінің экологиялық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауғы мүмкіндік береді.
Балалар мекемелерінен тысқары жерге топпен саяхаттау балалар туризмінің ең қарапайым түрі болып табылады. Бұл балалар үшін қызықты және пайдалы, белгілі бір мақсаты бар шағын саяхат. Олар балалардың денсаулығын күшейтуге, дене күшін дамытуға эстетикалық қалыптастыруға, табиғатпен қатынаста болуға, қимыл дағдылары мен дене қасиетін жетілдіруге көмектеседі. Топсаяхат мақсатты және қызықты болуы үшін тәрбиеші күнтізбелік жоспарды ерте бастан белгілейді және оларды өткізуге мұқият болады. Топсаяхат үшін ең жақсы уақыт – жаз. Балалардың бойында туризмге деген қызығушылық, рух сергектігін, төзімділікті, ұжымдық сезімді туғызатын мұндай серуендердің сауықтыру және тәрбие – білім беру маңызын тәжірибе дәлелдеп отыр.
Балалар өздеріне таныс балабақшаның бөлмелерінде немесе алаңда әр түрлі жаттығуларды орындай жүріп, жаңа жағдайлар жиі абыржып қалады. Ұзақ топсаяхатқа шыққан кезде балалар душар болатын табиғи жағдайдың өзгерістері сол жерде қажетті тіршілік бағдарын белгілеуді, табандылықты, батылдықты, жалпы төзімділікті қалыптастырады, өзара достық қатынасты нығайтуға көмектеседі. Сондықтан мұндай топсаяхатпен пен серуен белгілі бір топтың балаларының жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, денсаулық жағдайын, жеке бастарының көрсеткішьерімен дәрігердің ұсыныстарын ескере отырып екінші кішкентайлар тобынан басталып жүйелі түрде жүзеге асырылуы керек.
Топсаяхаттың міндеттері мен жосапырын сәйкес балаларды топсаяхат алдында ол туралы ескерту, алдағы рақат сезімнен қуанышты көңіл күй туғызу, топсаяхаттың мақсаты туралы хабарлау керек. Естиярлар және ересектер топтарының балалары топсаяхат жиынына қатысулары керек. Олар тәрбиешімен бірге дене шынықтыру құралдарын іріктеп алады, оларды алып жүру бәріне де қолайлы болуы үшін өзара бөлісіп алады.
Топсаяхат және ұйымдастырылған оқу ісәрекеті баланың жалаңаш тәніне таза ауаның тікелей әсер етуі арқасында қимыл кезіндегі табиғи ауа ваннасы болып табылады.
Қыс айларында да топсаяхат жоспарланады: ол туралы балаларға алдын ала ескертіледі және тәрбиеші мен топсаяхатқа қажет нәрселерді дайындайды.
Жүйелі түрде серуендеу балалардың қимыл дағдыларын жетілдіреді, ағзаны шынықтырады, төзімділікті қалыптастырады, өмірлік сезімді жақсартады, айналадағыны танып білуге көмектеседі, саяхатқа деген қызығушылықты туғызады.
Топсаяхатты серуенмен шатыстыруға болмайды. өйткені, жолда кездескен объектілерге көңіл бөлгенімен, серуенге алдын – ала тақырыптық жүйелі мақсат қойылмайды. Көптеген авторлар топсаяхаттың атын атап, оның өтілу ретін, ұйымдастырылу шартын айтқанмен, мұны білім берудің түрінен гөрі оқыту әдісіне жатқызса, енді бірі – сыныптан тыс ұйымдастырылатын оқу – тәрбиелік жұмысқа жатқызады. Осындай пікірдің бірінде «......... экскурсия как форма обучения решает целый комплекс образовательно – развивающих и воспитывающих задач», - дей келіп, білім беру мақсатына қарай кіріспе, ағымдағы және қорытынды түрлерінің болатыны айтылады.Осы сияқты бастауыш сыныптағы білім берудің түрін сөз еткен әдістемелік әдебиетте «Экскурсия содействует развитию позновательных сил и способностей учеников – внимания, восприятия, наблюдательности, мышления, творческого воображения моторики. Они во многом способствуют овладению учащимися методом работы, в частности методом наблюдения» - десе енді бірінде «Экскурсия – это форма организации учебно – воспитательного процесса, которая позваляет провадить наблюдения, а также непосредственно изучать различные предметы, явления и процессы в естественных или искусственно созданных условиях», - дейді. Топсаяхатта білім берудің формасы ретінде мойындайтын әдіскерлер де баршылық, әсіресе, бастауыш сыныптардағы оқу процесін өздерінің түбегейлі зерттеуіне айналдырған Р.А.Мавланова мен Г.Д.Клепенина топсаяхаттың білімдік және тәрбиелік жағын баса көрсетеді. Осы пікірлердің бәрінде де топсаяхаттың білімділік, тәрбиелік мазмұнын жоққа шығарылмайды, қайта оның табиғи жағдайда, әр объектіні өз ортасында көретіні айқын айтылған. Бірақ, олар топсаяхатты сабақтың жеке түрі ретінде бөлмейді.
В.М.Пакулова мен В.И.Кузнецовалар табиғаттан білім беруде топсаяхаттың алатын орнының жоғарылығын және оның білім мен тәрбие берудегі маңызын айқын көрсетеді. Л.Ф.Мельчаков табиғатты танытатын көпетеген тақырыптарды табиғатқа ұйымдастырылатын топсаяхатсыз оқыту мүмкін емес деп айтып, айрықша атап көрсетеді, яғни топсаяхаттың дүниетану бойынша білім беру түрі екенін мойындайды. Алайда автор топсаяхаттың мәнін біліп берудің түрі ретінде көтергенмен, оны сабаққа материал жинап әкелу үшін ұйымдастырылатын жұмыс түрі есебінде ғана қарайды.
Біздің пікірімізше, сабақ үстінде, немесе топсаяхат кезінде алған білімді келесі сабақтарда қолдануға болады. Сол сияқты топсаяхаттың нәтижесінде, барысында меңгерілген білімді, жиналған деректер мен табиғи материалдарды келесі сабақтарға қолдануға мүмкіндік мол. Бірақ, топсаяхат тек деректі материалдарды жинаудың құралы ғана болып қоймай, білім беру түріне айналуға тиіс.
Топсаяхат бағдарлама белгілеген тақырып пен мазмұнды қамтып, өткен сабақпен де, келесі тақырыптармен де байланысын жүзеге асыра отырып, әр уақытта жаңа ұғым береді. Топсаяхат белгілі бір тақырыпқа айналып, жаңа ұғым беру бағытында мақсатымен өткізілуі мүмкін. Табиғат аясында өтуіне байланысты топсаяхаттың білім беруде бірнеше ерекшеліктері бар. Топсаяхат кезінде алатын білім нақты объектілер мен құбылыстарға негізделеді. Табиғи ортаның да бүкіл басқа объектілермен бір тұтастыққа бақылау арқылы олардың бір – бірімен байланысы анықталды. Соның нәтижесінде балалардың білімі нақтылана түседі, бақылап көру арқылы теориялық ұғымдарын іс жүзінде тексеріп, бақылау дағдылары қалыптасады. Сөйтіп, көріп, бақылап, сезіп меңгеру кезінде алған білімнің саналылығы жүзеге асады.
Топ саяхат кезінде бақылап көрген заттары мен құбылыстарының негізінде оқушылардың бүкіл ойлау операциясын жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік туады.
Атақты ғалым – педагог В.А.Сухомлинский балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттердің көпшілігін табиғат аясында өткізгендегі әсерін айта келіп, былай дейді: «....... зор эмоциялық өрлеу кезеңдерінде бала ойы ерекше айқын, ал есте сақтауы неғұрлым интенсивті түрде болатынына көз жеткіздім».
Балалардың шығармашылық дағдысын күшейтуге табиғат ортасы бірден – бір құрал. Ретті жерінде оқып берген өлең, айтып берген ертегі, мақал – мәтелдер балалар эмоциясына үлкен әсер етеді. Ал, эмоция бала қиялын шарықтатып, оның шығармашылығын дамытады. Ең ұстамды, тұйық баланың өзі мұндайда көңіл – күйін сыртқа шығаруға тырысады.
Көптеген авторлар қорытынды топсаяхатқа үлкен мән береді. Бірақ, балалардың дағдысы мен білімін тиянақтауда, біздің пікірімізше, кіріспе топсаяхаттың мәні зор. Себебі, ең алғаш жаңа берілетін ұғымды бүкіл сезім мүшелеріне әсер ете отырып, табиғи ортада өткізу тиімді.
Топсаяхаттың психологиялық тұрғыдан алғанда қиын жақтары да жеткілікті. Ең бастысы кезедесетін кедергі бала зейінін тұрақтандыру.
Сонымен топсаяхат ұйымдастырылу жүйесі дидактикалық талаптарды орындауы, білім беру, тәрбиелеу, дамыту мақсаттары тұрғысынан дүниетанудан білім беру формасына жатады.
Топсаяхаттың сынып – сабақтан ең басты айырмасы сабақтағыдай нақты мөлшері (45 мин) уақытпен шектелмейтіндігі. Бірақ ол топсаяхаттың білім берудің формасы ретіндегі құнын төмендетпейді, керісінше, балаларға ғылыми ұғым беру, ойлау қабілетін дамыту, сөз қорын молайтып, ойын тұжырымдап қорыту, түрлі оқу әрекеттеріне жаттықтыру мақсаттарын түбегейлі қамтамасыз ету.
Балабақшада балаларды табиғат ұғымының мәнін ашып, түсіндіру, табиғатты аялап, сүюге тәрбиелеу, оған үнемі қамқорлық жасауды насихаттау, жерге деген мейірімі мен ықыласын ояту, экологиялық білім беру, елінің байлығы мен әсем табиғатын қорғай білуге үйрету мақсатында «Табиғат – тіршілік иесі » атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сусылдап аққан судың, сайраған құстың, шуылдаған орманның дыбыстары оқушылардың табиғат сұлулығын сезінуіне әсер етті.
Ойшыл ғалым Гиппократтың айтуынша «Адамға өмірінде бір-ақ рет беріліп, өмір бойында шығындалатыны бұл – денсаулық.» Бұл бағытта мектебімізде күнделікті сабақ басталар алдында ертеңгілік дене шынықтыру жаттығуларын жасау әдетке айналған.

«С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ»КЕАҚ


ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет