«Жерлерді мемлекеттік тіркеу және есепке алу» пәнінен дәрістер жинағы



бет18/33
Дата03.12.2023
өлшемі396,44 Kb.
#133834
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
Байланысты:
BnY9SSVKHRD6K8Vi0xBrnsf1ewJrwhUNotRbiJLG

Ұсынылған әдебиеттер:
1.Қырықбаев Ж.Қ., Озеранская Н.Л., Жаманқұлова Б.Г. Жерге орналастырудың теориялық негіздері. – Астана: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет басылымы, 2014.
2.Варламов, А.А. Земельный кадастр. Том 5. Оценка земли и иной недвижимости. Учебник/А.А.Варламов.-М.:КолосС,2019.-349c.
3.Востокова, Л.Б. Бонитировка почв в системе земельного кадастра / Л.Б. Востокова. -М.:МАКСПресс,2019.-566c.
4.Землякова, Г. Л. Ведение государственного кадастра недвижимости как функция государственного управления в сфере использования и охраны земель / Г.Л. Землякова. - М.:Инфра-М,РИОР,2015.-376c.
Дәріс № 16. Базалық станцияны ашу. Антенналар мен реттеу құрылғыларын
калибрлеу және қабылдағышты бағдарламалау.


Жоспар
1.Бақылау пункттерінде станциялар орнату, қосу және инициализациялау.
2.Бақылау деректерін қабылдау және сақтау.
3.Бақылау нәтижелерін өңдеу және арнайы бағдарламаларды қолдана отырып,
пункттердің координаттарын анықтау.

GPS желісі және базалық станциялар әртүрлі салаларда қолданылады. Станциялар немесе желілер бір нақты міндетті шешу және пайдаланушылардың бір тобы үшін орнатылуы әрі үйлестірілуі мүмкін немесе олар көптеген міндеттерді (мәселе) шешуді қолдану және пайдаланушылардың алуан түрлі көптеген топтары үшін жасалуы мүмкін. Бір базалық станция үлкен емес аумақ үшін өте оңды, көптеген станциялардан тұратын көп мақсатты желі ірі өңір үшін едәуір қолайлы келеді.


Бір немесе бірнеше үнемі әрекеттегі базалық стан -циялар түсірісте немесе ұзақ уақыт бойы бір аумақта мониторинг жүргізуде қажет. GPS-қабылдауыш базалық станцияда үнемі жұмыс істейді. Кодтық немесе фазалық өлшеулердің өңделмеген деректері белгілі бір ұзақтықтағы файлға жазылады.
Қолданбалы міндет типіне байланысты файл ұзақтығы бірнеше минуттан сағатқа немесе тұтас тәулікке дейін кез келген талап етілетін мәнмен берілуі мүмкін. Базалық станцияның бағдарламамен қамтамасыз етілуі қабылдауышпен басқарылып және деректер файлын жүйелі уақыт аралығы арқылы жүктеп компьютерде жұмыс істейді (оны сервер деп атайды).
Жерсеріктік әдістермен құрылатын геодезиялық тораптап жобалаудың алғашқы сәті бақылаудың жалпы стратегиясын жасау болып табылады. Стратегияның негізгі жағдайлары, техникалық жобаны жасау алдындағы сәйкес концепцияларда айтылады. Мұндай жағдайларға: • жерсеріктік өлшеулерге негізделетін тораптарды құрудың жалпы принциптері; • жерсеріктік бақылау мен әрі қарай есептеу әдістерін таңдауды негіздеу; • техникалық құралдардың барлық кешені мен бақылау жағдайларын таңдап алуға байланысты алғышарттарды құру ; • таңдап алынған жерсеріктік технологияның техникалық- экономикалық негіздемесі кіреді. Жерсеріктік өлшеулер негізінде құрылған геодезиялық тораптарды қамтитын аумақты өлшеу бойынша жіктеу қабылданған. Осыған байланысты – ғаламдық, континенттік, аймақтық және жергілікті тораптар болып бөлінеді. Оған ғаламдық және континенттік тораптар жататын ең ірі торап IGS (Халықаралық геодинамикалық торап, бүкіл жер шарын қамтиды) және EUREE (Еуропалық референттік каркас) мысал бола алады. Осылардың ішіндегі ең көп тарағаны – оларды құрудың аймақтық әдістері жасалған аймақтық тораптар. Осыны ескере отырып, аймақтық және жергілікті тораптар үшін техникалық жобаларды жасау кезінде қолданылатын негізгі тәсілдерді талдау, қызығушылық туғызады. Ең алдымен, геодезияда кеңінен қолданылатын жерсеріктік координаталық анықтау, дифференциалдық әдістерді қолдануға негізделетінін айта кеткен жөн. Мұндай әдістер координаталардың абсолюттік мәндерін емес, тек бізге қажетті пункттер арасындағы олардың айырымын ғана анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, құрылатын тораптардың соңғы нәтижелері тек қана өсімшелер емес, негізінен барлық пункттердің координаталарының толық мәндері болуы тиіс. Осыдан шығатыны, желі құрамында үш координаталарының алдын ала белгілі толық мәндері бар, ең болмағанда, бір тірек пунктінің болу қажеттілігін талап етеді. Мұндай пунктті – референцтік деп атау қабылданған. Ең тиімді нұсқа – торап құрамында үш референцтік пункттердің болуы. Нүкте орнын анықтауда қазіргі заманғы ЖРНЖ-ні қолданған кезде, референцтік пункттің координаталарын геоцентрлі декарттық координаталар жүйесінде (Х,У,Z) қолданады. Осы коодинаттардың дәлдігі барлық құрылатын тораптың жалпы координаталық жүйесіне қатысты.
Жерсеріктік қабылдау аппаратурасын далалық өлшеулерге дайындау кезінде оның жұмыс істеу қабілеттілігі тексеріледі. Иницализациялау процедурасы, яғни жұмыстың бастапқы шарттарының тапсырмалары жүргізіледі. Көптеген геодезиялық GPS-қабылдағыштарда өзіндік диагностикалық режимі қарастырылады. Оны жүргізу процесінде қабылдағышқа енгізілген программа бойынша жеке тораптардың жұмыс режимдерін бақылау жүзеге асырылады. Қажетсіз ауытқулар байқалған жағдайда, дисплей экранына жөнделмеуі және оны жою жөніндегі ұсыныстардан құралған сәйкес деректер шығады. Сенімділік үшін қабылдағыштарды калибрлеу ұйымдастырылуы мүмкін. Мұндай калибрлеу әдістерінің бірі – екі қабылдағышты антеннадағы СВЧ – күшейткіштегі қоректену көзі бойынша, сәйкес екі шығысы бар ортақ арнайы дайындалған бір антеннаға қосылады. Бақылау сеансын, көрсетілген сызбанұсқаны пайдаланып жүргізген кезде, барлық компоненттері нөлге тең базистік сызықтардың ұзындығы есептеледі. Ұзындығы нөлге тең аралықты өлшеуге негізделген мұндай процедура жерсеріктік қабылдағыштарды метерологиялық тексеру кезінде де қолданылады.
Инициализациялау – сихронды түрде жұмыс істейтін барлық қабылдағыштарда бірдей болуы мүмкін. Ал бір бақылау сеансына қатысу үшін, қарастырылған бастапқы деректерді анықтау қажеттігіне мән береді. Мұндай деректерге, жеке алғанда деректерді жинау жылдамдығын таңдау. Яғни, қабылдағыштың есте сақтау құрылғысына енгізілетін компрессияға ұшыраған өлшеудің жүйелі нәтижелері арасындағы уақыт аралығы жатады. Қазіргі кезде мұндай аралық көбінесе, 15 сек-ке тең етіп алынады. Әдетте, бақылау жүргізер алдында келісілген параметрге, өлшеу тек радиосигналдардың тропосфералық кідірісінен бөлек, горизонттан 15 0С-тан жоғары жер серіктерінде ғана жүргізіледі. Мұндай бұрыш бойынша шектеу, көп жағдайда 150С - қа тең болып алынады (көрсетілген өлшеу мәнінің кіші бұрыштар негізінде жүргізілмейді). Осыдан бастап, өлшеуді орындайды. Кей жағдайларда мынадай жұмыс істеу режимі қарастырылады: бақылаушы сеансының басы мен аяғы – қабылдағыш құрамына кіретін таймердің көмегімен беріледі. Бұл мәндер бір мезгілде бақылауға қатысатын барлық қабылдағыштарда бірдей болып орнатылуы керек. Аппаратураны жұмыс істеуге даярлау процесінде қабылдағыш жадысында альманах жөніндегі деректердің болуы тексеріледі. Егер мұндай деректер болмаса, онда қабылдағышқа альманах жөнінде ақпаратты енгізу үшін, уақытты кем дегенде 12,5 мин байқау сеансы ұйымдастырылады. Немесе бұл уақыт бірінші қадағалау сеансын орындаған кезде қарастырылуы тиіс. Аппаратураларды өлшеуге даярлау кезеңінде орындалатын басқа көмекші процедуралардан қабылдағыштағы есте сақтау құрылғысының бос жадысының жеткілікті көлемін тексергенде аккумуляторлы батареяның зарядталу күйіне де назар аударған жөн. Бұл компоненттер қабылдағыштың ең болмағанда бір (мүмкін болса бірнеше) бақылау сеанс бойы үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс. Арақашықтығы алыс желілерде нақты дәлділік өлшемді орындаған кезде тропосфералық кідірістерді өте қатаң есепке алу үшін, кейде қабылдағыштардың тұру нүктесіндегі ауаның температурасын, қысымын және ылғалдылығын анықтау мақсатында, метеорологиялық аспаптарды қолдану қарастырылады. Мұндай аспаптар қолданар алдында тексеріледі және оған сәйкес аттестациялық куәліктері болуы тиіс. Қозғалатын обьектілерде нақты уақыт масшабында жұмыс істеуге арналған жер серігінін аппаратурасы үшін, дайындық жұмыстарын – қозғалатын және қозғалмайтын станциялар арасындағы барлық тораптарды тексеру қажеттілігіне байланысты едәуір ұлғайтылады. Жерсеріктік бақылау сеанстарын жүргізу процесінде аппаратураларды бақылау пунктіне жеткізуге байланысты мәселелер де қарастырылады. Көптеген қазіргі заманғы геодезиялық жерсеріктік қабылдағыштарды іс жүзінде кез келген көлікпен тасмалдауға болады. Көлікке қойылатын негізгі талаптар – аппаратуралық комплекстің бақылау пунктіне жеткізілуін қамтамасыз ету. Егер тасымалдау үшін автомашина қолданылса, онда кейде жерсеріктік қабылдағыштарды автокөлік аккумуляторларынан қоректендіру мүмкіндігі де қарастырылады. Бұл кезде автошина тұрағы радиосигналдардың жер серігінен қабылдауына бөгет жасамайтындай және көпжолдылық тудыруы мүмкін шағылыстырушы беттің біреуі болмайтындай жолы ескеріледі. Жерсеріктік аппаратураны бақылау пунктіне орналастыру мен оны оларға даярлау кезінде:  антена блогын (немесе сенсорды) сәйкес жабдықтарға (штативке, трегерге немесе ауыспалы мачтаға) орнату, оны геодезиялық маркамен дәл центрлеу;  жеке блоктарды бір-бірімен сәйкес кабельдердің көмегімен қосу және аппаратураны аккумуляторлық батареяға (қосу) бекіту;  қабылдағыштың жұмыс қабілеттілігін тексеру;  осы станцияға қатысты ақпараттарды далалық бақылау журналына жазу;  антенанны геодезиялық марканың үстінен орнату биіктігін өлшеу және осы ақпараттарды клавиатура арқылы қабылдағыш жадына, дала журналына енгізу;  қосымша параметрлерді (қажет жағдайда) өлшеу (антенаны центрден тыс орнату элементтері, метеорологиялық деректер) шаралары орындалады. Даярлау жұмыстарын аяқтағаннан кейін оператор қабылдағыштың жұмыс режимін іске асыруға кіріседі.
Жұмыс режиміне кіру дегеніміз – аппаратураны қосу және дисплей экранында бейнеленген барлық жазылған жұмыс режимдерін, қабылдағышты өлшеуге даярлауға қажет бастапқы деректерді енгізуді тексеру. Осы кезеңде оператор, қосылған аккумуляторлық батареялардың зарядталу дәрежесі мен қабылдағыштағы есте сақтау құрылғыларындағы бос жад мөлшерін бақылайды. Сонымен қатар, ол клавиатура арқылы жоғарыда аталған бастапқы деректерді (антеннаны орнату биіктігі, пункттің шартты атауы, т.б. ақпарат) енгізуді жүзеге асырады. Дисплей экранында бейнеленген ақпараттар қабылдағыштың жеке жер серіктерінен радиосигналдардың ұсталуын, олардың мөлшерін, «сигнал/шу» қатынасы түрінде қабылданған сигналдардың орнымен сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы геодезиялық жерсеріктік қабылдағыштарды өлшеудің толық автоматтаттандырылған режимі қолданылатындықтан, оператор–бақылау функцияларын ғана орындайды. Бұл кезде ол жүйелі түрде аккумулятор батареясының заряды мен есте сақтау құрылғысындағы бос жадының болуын бақылайды. Сонымен қатар, қажет жағдайда сыртқы ортаның (қатты найзағай, дауыл, т.б.) аппаратураға әсерінің алдын алу, қорғау шараларын іске асырады. Бақылау сеансын жүргізу процесінде оператор дисплей экра- нында қабылдағыштың қандай да бір бұзылуы туралы ескертулерді қадағалауы тиіс (мысалы, аккумулятор батареясының отыруы).
Одан бөлек, ол далалық бақылау журналында циклдердің өту жағдайлары мен олардың ұзақтығын, геометриялық факторлардың жол бергісіз факторларын, басқа да радиобөгеттердің болуынан, жұмыстағы үзілістерді, т.б. белгілеуі қажет. Өлшеу процесінің қосымша бұзылуының пайда болуы, болмауы үшін оператор сеансты жүргізген сәтте антеннаға өте жақын болмауы тиіс. Өйткені ол жер серігінен түскен сигналдардың экрандалуына және шағылуына алып келеді. Егер жазу құрылғысы толық толтырылған болса, онда бақылаушы автоматты түрде бақылауды тіркеуді тоқтатады. Басқа есте сақтау құрылғысын қосқанда, батареяны алмастырғанда, т.б. жағдайларда технологиялық үзілістерді алдын ала жоспарлаған жөн




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет