«Жерлерді мемлекеттік тіркеу және есепке алу» пәнінен дәрістер жинағы



бет20/33
Дата03.12.2023
өлшемі396,44 Kb.
#133834
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
Байланысты:
BnY9SSVKHRD6K8Vi0xBrnsf1ewJrwhUNotRbiJLG

Ұсынылған әдебиеттер:
1.Қырықбаев Ж.Қ., Озеранская Н.Л., Жаманқұлова Б.Г. Жерге орналастырудың теориялық негіздері. – Астана: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет басылымы, 2014.
2.Варламов, А.А. Земельный кадастр. Том 5. Оценка земли и иной недвижимости. Учебник/А.А.Варламов.-М.:КолосС,2019.-349c.
3.Востокова, Л.Б. Бонитировка почв в системе земельного кадастра / Л.Б. Востокова. -М.:МАКСПресс,2019.-566c.
4.Землякова, Г. Л. Ведение государственного кадастра недвижимости как функция государственного управления в сфере использования и охраны земель / Г.Л. Землякова. - М.:Инфра-М,РИОР,2015.-376c.


Дәріс № 18. Жер мен басқа да жылжымайтын мүлік объектілерін есепке алу
мен тіркеу


Жоспар
1.Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеудің құқықтық маңызы. Жылжымайтын
мүлік түсінігі мен құрамы.
2.Жер учаскелерін мемлекеттік кадастрлық есепке алу мен жылжымайтын мүлікке
құқықтарды тіркеу принциптері. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізу мен оларға келісім жасау тәртібі.
3.Құқықтық кадастрдың құрамы.
4.Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу.

Жылжымайтын мүлікк құқықтарды мемлекеттік тіркеу - «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңымен мен өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін мемлекеттің тануы мен растауының міндетті рәсімі;


Электрондық тіркеу – мәміле нотариат куәландырғаннан кейін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түсетін құқық белгілейтін құжаттың, мұрагерлікке құқық туралы куәліктің, меншік құқығы туралы куәліктің электрондық көшірмесі негізінде, сондай-ақ Заңда белгіленген өзге де жағдайларда жүзеге асырылатын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу.
Құқықтық кадастр - жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың, азаматтық әуе кемелеріне, теңіз кемелеріне, ішкі суда жүзу кемелеріне, "өзен-теңіз" жүзу кемелеріне тіркелген құқықтар туралы мәліметтердің бірыңғай мемлекеттік тізілімі;
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (тіркеуші органдар) жүзеге асырады.
Тіркеу парағы жылжымайтын мүліктің мынадай объектілеріне:
1) жер учаскесіне;
2) жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісіне;
3) онда орналасқан бастапқы жылжымайтын мүлік объектілерімен бірге жер учаскесіне толтырылады.
2. Тіркеу парағы мынадай төрт бөлімнен тұрады:
1) осы баптың 1-тармағында көрсетілген жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары;
2) үстемдікке ие жер учаскесінің немесе жылжымайтын мүліктің басқа объектісінің пайдасына белгіленетін сервитуттар бөлініп көрсетілген жылжымайтын мүлікке құқықтардың тізілімі;
3) кепіл бөлініп көрсетілген жылжымайтын мүлікке құқықтар ауыртпалықтарының, сондай-ақ жылжымайтын мүліктен туындайтын міндеттемелердің тізілімі;
4) заңдық талаптардың және жылжымайтын мүлікке құқықтардың немесе құқықтар ауыртпалықтарының туындауына әкеп соқпайтын мәмілелердің тізілімі.
Тіркеу парағына жазбаларды енгізудің нысаны мен тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Құқықтық кадастрды жүргізу-құқықтық кадастрды тіркеуші органдар жүргізеді және онда жылжымайтын мүлікке қолданылатын және тоқтатылған құқықтар және тіркеудің өзге де объектілері туралы ақпарат, жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары, құқық иелері туралы мәліметтер, құқықтық кадастрдың мәліметтеріне бар сұрау салулар туралы ақпарат қамтылады.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және құқықтық кадастрды жүргізуге қажетті басқа да сипаттамаларын ескере отырып жүзеге асырады.
Құқықтық кадастрдағы барлық жазбалар жылжымайтын мүліктің әрбір объектісіне және оларға теңестірілген объектілерге жүргізіледі. Жылжымайтын мүлік объектілері кадастрлық нөмірмен сәйкестендіріледі.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын), жылжымайтын мүлікке теңестірілген объектілерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы барлық жазбаларды тіркеуші орган құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізеді.
Құқықтық кадастрдың бірыңғай ақпараттық жүйесін уәкілетті орган қалыптастырады.
Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесін жүргізудің және пайдаланудың тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасу бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Құқықтық кадастрдың құрамы
Құқықтық кадастр:
1) тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабынан;
2) тіркеу парақтарынан;
3) құқықтық кадастрдан мәліметтер беруге сұрау салуларды есепке алу кітабынан;
4) тіркеу істерінен;
 5) ақпараттық жүйеден тұрады.
Электрондық тіркеу кезінде жылжымайтын мүлікке құқықты (құқық ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеу кезі тіркеуші органның жүргізілген тіркеу туралы хабарлама жіберуі арқылы оның туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растау кезі болып табылады.
Электрондық тіркеу құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) мәміле, мұраға құқық туралы куәлік, меншік құқығы туралы куәлік негізінде туындаған, өзгерген немесе тоқтатылған жағдайларда, сондай-ақ осы Заңда белгіленген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.
Электрондық тіркелген жағдайда тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған аталған хабарлама бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ бар болған кезде – мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына жіберіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет