Жертөледегі дауыс



Pdf көрінісі
Дата21.05.2023
өлшемі479,49 Kb.
#95645
Байланысты:
Жертөледегі дауыс Асхат Өмірбаев



ЖЕРТӨЛЕДЕГІ ДАУЫС 
Жертӛле ішінен беймәлім дауыс естіліп еді, аула маңындағы қандендер 
шәуілдеп, маңайды азан-қазан қылды.
Жердей дӛңгелек, қоралана отыратын жер үстелге оң шынтағымен сүйеніп, 
шыңқай шымнан соғылған салқын тамда буы кӛкке шапшыған ою-ӛрнекті 
қоңыр кеседен шәйін ықылассыз сораптаған, ойлы жанарын біресе 
түскиіздегі тоғыз ӛрім қамшыға, біресе балдағының бойындай ғана терезеге 
қадап, сол қолымен аппақ қудай сақалын тарамдаған, қым-қуыт, аласапыран 
ойға шомған қария кӛз жасының кеседегі мӛлдірлікке мӛлт етіп тамғанын 
байқаған жоқ. Осынау байлаусыз, алғаусыз жалған дүниені кім үшін, не үшін 
кешкенін іштей байыптай алса да, кӛңілі байыз таппады. Ӛнебойы кӛрген 
қорлықтан қалшылдап, әжім торлаған бір уыс денесінен шыбын жаны 
шықпай, қу тірліктен базына кешіп, әлі де болса жарық дүниеде дәм-тұзы 
таусылмағанына лағнет жаудырғандай қабағы салыңқы тартып, тұнжырап 
отырды. Ат жақты, шүңірек кӛзді, жазық маңдайлы, бірер жылдың ішінде 
басындағы түбітке ұқсас шашына ақ қырау қонып, жуан ернін жымқырып, 
шоқша сақалына бойлаған мӛлдір тамшыларды елеместен терең күрсінген. 
Қария қарсы алдында шәй құйып отырған кемпіріне барлай қарады.
– Ит ӛмір-ай! – деді шал терең күрсініп. Кемпір кемсеңдеп қоя берді. Ой 
үстінде кӛзінен сорғалаған ӛкініш жасын сығып-сығып алып, кимешегінің 
етегіне сүртті. Тамағын қырнап, жӛткірініп алған қария:
– Жаратқанға не жазып ек. Біреудің ала жібін аттадық па? – деді кейістік 
танытып.


– Соны айтсаңшы, – деді кемпір.
– Ӛмірдің енді не мәні қалды? Бектасым табылып, аман-есен ортамызға 
қосылса екен. Тамшының түсіндей терезеден бесіннің шуақты күні қос 
мұңлықты жұбатардай күлімсіреп, үй ішіне етене сығалайды. Қос қабатты 
әйнектен ақшам жамырап, кешкі іңірге дейін кӛңілін аулайды. Шал-
кемпірдің солғын тартқан, әжімделе бүріскен, тарамыс-тарамыс денесін 
жылытып, жұбатып әлек. Қызыл іңір бой кӛрсетіп, қап-қара түннің ызғарлы 
ысқырығын бәсеңдетіп, жылуды ұстап тұратын жұқалтаң әйнектердің ар 
жағынан кӛзге қораш қора мен мұндалайды. «Бектасым осы қораны шыр 
айналып, жүгіріп жүрер еді. Қазір аузы-мұрны жабық қораның маңайына 
қой-ешкі де жоламайды, құдды ит-құс жүрген сияқты» деп налыған кемпір 
кесесін тӛңкеріп қойды. Осыдан екі-үш ай бұрын... тү-у, ұмыта бастады ма, 
әлде алжасып бара ма, жарты жыл бұрын Бектасым балалармен қуаласпақ 
ойнаған қораның кӛлеңкесіне қой-ешкі үймелеп, жер бауырлап жата кететін. 
Қораға тӛне түскен балауса шыбықтардың жапырағы мен қабығын кертіп 
жеп, екі аяғын кӛтеріп, шұбар сақалын сапситып қойып, мойнын соза бір топ 
ешкі осы маңды айналсоқтап жүруші еді. Қазір қораның үстіне шығып алып, 
жел соқса құтырып, шуылдаған талдың жапырағын жеу арман болған. Қария 
бетін сыйпап, аузын жыбырлатып, «Е, Жаратқан, біздерге сабыр бере гӛр! 
Тіріге – иман, ӛліге – береке бер! Асқа адалдық, басқа амандық. Бектасымды 
ортамызға аман-есен оралта гӛр» деп жалбарынады. Кемпір қос кесені 
жиыстырып болған соң ауру меңдеген аяғын ауырсынғандай шоқаңдай 
сырғып, от гүрілдеп жатқан пештің түбінен сая тапты. Пеш алдындағы 
шомбал тегенеден алып, толған айдай қара қиды түкпірге сүңгітіп еді, 
кӛгілжім жалын жұтып жіберіп, лезде тұтана бастады. Ілкіде мұрынға 
жағымды, кӛк түтін иісі қытықтады. Бұл кезде іңір соңынан ерген 
қараңғылықты қашырғандай, мосқал пештің үстіндегі шойын плитаның 
саңылауынан жылу шашып, әр тұстан жылт еткен қызыл сәуле шашырады. 
Қараңғылық құшағына алған бӛлме ішінде қос қарияның кӛлеңкесі пайда 
болды.
– Бектасым қазір жанымызда шауып жүрер ме еді? – деген кемпір бес 
жасар немересінің маңдайынан құмарта сүйіп, мейірлене иіскеп, айызы 
қанғанша ӛбіп, бауырына басқан күндерді есіне алды.
– Е-е, несін айтасың, жүрегіміз қан жылап қалды ғой, – деді қария белі 
құрысып, еңсе тіктеуге күш-қайраты күн санап кеміп бара жатқанына 
налығандай.
– Кемпір-ау, жарық жақсаңшы. Екеуімізді қара басып, қараңғылық 
түскенін де білмей қалыппыз ғой. Ӛрістен қой келген шығар, сиыр да 


мӛңірейді ғой. Кейуана ӛзінің де, шалының да іске алғысыз болып қалғанына 
кейістік білдіргендей:
– Кӛршіміз аман болсын, солар-ақ қамай салады ғой. Ӛзің күнде малдың 
алдынан шығып жүргендей несіне уайымдайсың? Онысы несі ей? – деді. 
Кемпір бүкірейген белін оң қолымен ұстап, күшене екі-үш қадам жасап, 
электр шамының түймесін нұқып қалды. Қараңғылық құшағына енген үйдегі 
ескі жиһаз жарқырап сала берді. Тек алақотан отыратын дӛңгелек үстелдің 
астында, кӛне сандықтың жақтауы мен сырлы серванттың іргесі, темір бас 
тӛсектің қалтарысындағы қараңғылық қашып үлгермепті. Терезеден сыртқа 
атқыған ұзыншақ, созылыңқы тӛртбұрыш сәуле түскен жер мақпал түннің 
қара бояуын еңсеріп тастапты.
– Ойе-буй, қара басып неғып отырмын. Қазір Бекжаным мен келін шырақ 
жұмыстан қарындары ашып келеді ғой. Қой, түсте жасаған кеспені жылытып 
жіберейін, – деп кемпір қара қазанды пеш үстіне ерттеген. Күндіз шалы екеуі 
жарытып тамақ та ішпеді. Бесінде сарайға барып, қазан түбіне екі-үш 
қабырға мен жұдырықтай жұмыр етті турап, кеспе қосқан. Осы сәтте шиқ 
етіп есік ашылды.
– Тү-у, дастархан жайып қойыпсыз ғой, апа. Несіне әуре болдыңыз.
– Үйде омалып отыра бергеннен не табам, келін шырақ.
– Дастархан жайған екенсіздер, бізді тоспай-ақ, тамақ іше бермедіңіздер 
ме? – деді Ақмарал келіні ыңғайсызданып.
– Бектастан хабар бар ма? – деді ұлы. Қария күрсінді. Кемпір кимешегіне 
сүрініп кете жаздап, ауру аяғы ауырсынғандай, сылтып басып, қара қазанды 
араластыра бастады.
– Е, немеремізді ойлап тамағымыздан ас ӛтпей қалды ғой? – деді кемпір 
әлденеге кӛңілі нілдей бұзылып.
– Біздің үйге қонақ та келмейтін болды ғой. Бектасым шауып жүргенде 
осы аулада балалар шуласып, есті алушы еді. Е, оған зар болып қалдық қой, 
қайтейік. Баласыз үй – мазар екен. Түнеукүні есік алдында отырсам, 
ағайымның үлкен ұлы ӛтіп барады екен. Келіп амандасуға да жарамады, – 
деді қария. Кейіген күйі әжім соқпақ салған саусақтарын жуып, тӛрге ӛтіп, 
жастыққа жантая жайғасты. Бір қолына асадал шәйнек, екінші қолына ішінде 
құмшекер шӛккен ыдысты ұстап, кемпір тапал үстелдің үстіне жүк арта 
бастады. Іле-шала пеш үстінде бұрқ-сарқ етіп қайнаған, ашуы кӛкке 
шапшыған шәугімді үстел үстіндегі жалпақ тақтайға қойып, сабырға 
шақырды. Сырлы сервант пен тайпақ үстел арасында ӛзі қайырған қолдың 
сары майын тәлеңкеге салып, үлпілдеп табаға піскен, иісі мұрын жаратын ақ 
нанды турап жүріп алды. Кеше Сыбанбайдың асынан әкелген сүр ет пен 
қызыл бауырсақ, шалының қолдан жасап берген келісінде түйілген дәмді 


жент, майы айырылған құрт – бәрі-бәрі кӛзді арбап, сілекейді шұбыртты. Бұл 
кезде баласы мен келіні киімін ауыстырып, ас үйге кіріп еді. Кенет қос қария 
бұлардың соңынан ере келетін Бектасын ойлап, ұнжырғасы түсіп кетті.
– Апа, сіз отыра берсеңізші! Шайды ӛзім құям ғой, – деді келін қипақтап. 
Баяғыда кемпір жайнатып қойған дастарханға қарап ұялған. Кемпірдің ӛне-
бойы шымырлап, сылқ етіп орындыққа отыра кетті. Қарысып қалған тарамыс 
қолдарын жазып, ауыр кӛтеріп талған білегін, буындарын уқалап, үһіледі. 
Қолын тоңазытқыштың үстінде тӛртбұрыш кішкене рамкаға салынған 
Бектасының суретін кӛріп, кӛңілі босап сала берді. Енді кемпір ғана емес, 
шалының, ұлы мен келіннің де асқа тәбеті тартпады. Бектас жайлы әңгіме 
қозғалса болғаны үй-ішін кӛңілсіздік билейтін.
– Бектасым, Бектасым-ау! Құлыным-ау! – деп кемпір келінінен еш 
қымсынбастан еңіреп сала берген. Ұлы зор денесін түгел сілкінте, солқылдап 
жылап жіберді. Үйдегілердің жүйкесі әбден тозғаны сонша, кӛз жасына жиі 
ерік беретін болған.
– Қарғам-ау! Құлыным-ай! Қайда кеттің екен? Жер жұтты ма, ӛзенге ағып 
кеттің бе? Шалдың аппақ сақалына ақ тамшылар бойлады. Кемпірдің етегіне 
жас тамды. Келін күйеуінің иығына басын тӛсеп, жасқа шыланған жанарын 
жасырды. Қора сыртындағы ит тағы үрді. Үй ішіндегілер маңайды 
әлемтапырақ қылып, үдей түскен ӛксігін кӛпке дейін тоқтата алмады.
***
Бектас жоғалған күні ана жүрегі әлдебір жамандықты сезгендей 
жұмыстан ерте оралып еді. Есіктен кіре сала ас үйде ұршық үйіріп отырған 
енесіне қарап: 
– Мама, Бектас қайда? – деді жанұшыра.
– Ойбай, кӛтек, не болып қалды? Жаңа ғана үйдің ауласында ойнап жүр 
еді ғой, – деді кемпір ұршығын диванға тастай сала орнынан атып тұрып. 
Аяғын сылтып басатынын ұмытып кеткен. Ақмарал сыртқа шығып 
дауыстады.
– Бектас, Бектас қайдасың? Үн жоқ. Ене мен келін үйдің ауласын, кӛмір 
қора, мал қораның қуыс-қуысын іздесе де таба алмады.
– Балалармен ойнап кеткен шығар, – деді кемпір ӛзін де, келінін де 
сабырға жеңдіріп.
– Мама, жүрегім бір жамандықты сезеді. Бектас бір бәлеге ұшырап 
қалмаса екен.
– Қой, тәйт әрі! Жаман ырым шақырма. Немерем ойнап жүрген шығар. 
Ойын баласы ғой. Қайда кетеді дейсің?
– Апа, балалармен кетсе сұранып кетер еді ғой. 


– Ұмытып кеткен шығар, – деді кемпір жүзіне түскен күннің сәулесін оң 
қолымен кӛлегейлеп, – Бектас-ау, Бектас, қайдасың жүгірмек. Үйдің 
ауласындағы түнді күзеткен иттер ұйқысырап жатыр еді, адамдардың 
айғайына басын сәл кӛтеріп, қайта бойкүйездік танытып, жата кетті. Осы 
кезде балдағы қалтырап шал да келіп жеткен. Шарбақты жағалай, ағаш 
қақпадан кірген бойда:
– Әй, не боп қалды? Неге сонша айғайлайсыңдар?
– Бектас... Бектас жоғалып кетті, – деді келін.
– Жоғалғаны несі? Әй, кемпір, сен не қарап отырдың?
– Жаңа ғана жанымда жүрген бала ғой. Зымырап бір орында тұрмайды. 
Шал мен кемпір кӛрші-қолаңды аралап кетті. Ақмарал да ауылды түгел 
шарлап, аяғынан таусылған. Ана жүрегі бір жамандық сезгендей дүрсілдей 
жӛнелді. Баласын кӛрген, естіген бір адам болсайшы. Бектас ұшты-күйлі жоқ. 
Бекжанға хабар жеткен. Жұмысынан алып-ұшып жеткен Бекжан атқа мініп, 
ауыл маңындағы жыңғыл-жықпылды, ӛзен бойын ұзақ кезген. Бірақ, таба 
алмаған. Ауылдықтар да суыт хабарды естіп, «Е, байқұс бала қайда жүр 
екен? Біреу алып кетті дейтіндей ауылға келген бӛтен ешкім жоқ. Суға ағып 
кетпесе игі» десті жанашарлық танытып. Бекжанның кӛршісі Гетман да 
жасыл түсті мотоцикліне мініп, талай жерді шарлап шыққан. Қара түн маң 
даланы құшағына алып, кӛз байланды. Бұдан әрі іздеу қиынға соғарын білген 
әрі ауқаттанып алмақ болып Бекжан ӛзімен бірге қоярда-қоймай жасамыс 
Гетманды үйге ілестіре кірген. Қарияның сәл дақ түскен жанарының жиегі 
қызарып кетіпті. Кӛзінің жасын етегімен сүртіп қойып, кемпір шоқаңдай 
секіріп, газ плитаның үстіндегі шәугімге қол созды.
– Гетман, тӛрлет айналайын! Кешке дейін сабылып тамағың құрғап 
кеткен шығар, – деген кемпір оюлы кесені ұсынған. Алдына қып-қызыл 
бауырсақ пен жеті шелпекті үйген. Қария жеті нанға құран бағыштаған.
– Ала ғой, айналайын! – деді қария.
– Қырықтың бірі қыдыр деген. Гетман үндемеді. Ойға батқан күйі күрең 
шай мен екі-үш қызыл бауырсақты сүйсіне жеп қойды. Бекжан әбден 
шаршаған әлде уайым мен күйзелістен болар, асқа тәбеті тартпады.
– Байқұс балам қайда жүр екен? Бір нәрсеге ұшырап қалмаса екен, – деп 
ана іштей Жаратқанға сыйынды.
– Мына жеті қараңғы түнде немерем ауылдан адасып, шошынып қалатын 
болды-ау! Ит-құсқа кезікпесе екен, – деді кемпір кемсеңдеп.
– Жә, жамандық шақырмаңдар! Бір қайырымы болар. Үмітімізді үзбейік, 
– деді қария ойлы жанарымен үй ішіндегілерді тегіс шолып. Бұл кезде бәрі 
тегіс ас ішіп болған еді. «Басқа амандық, асқа адалдық бер, Алла!». Қария 
әжім басқан бетімен қоса шоқша сақалын сыйпады.


– Қой, Бектас ойнап жүріп шӛп үстінде ұйықтап қалған шығар, барып 
қора жақты кӛріп келейін, – деп Бекжан орнынан түрегелді. Гетман да ере 
шыққан.
– Жарайды, мен үйге барайын, – деді Гетман.
– Жақсы кӛрші жақсылығың құдайдан қайтсын, – деді Бекжан.
***
Аспан түстес ӛзен бала жоғалғалы бір апта аққан. Жылап аққан. Жұртта та 
жас жеткіншекті ӛлдіге қимай, жан азабын жүрегіне жерлеген. Ауыл 
маңындағы ӛркеш-ӛркеш таулар мұңға батып, сар дала ойға шомды. Бекжан 
жамбасына темір тӛсек батып, ұзақ ойланған. «Егер балам суға ағып кетсе, 
ендігі мүрдесі табылар еді. Балқаштың балықшыларының ауына ілінбей ме? 
Әлде байқұс балам орман-тоғайға адасып, ит-құсқа жем болды ма екен? 
Мүмкін емес, әр тал-бұта, жыңғыл, шеңгелдің арасын қалдырмай шарлап 
шықтым ғой. Тым құрыса сүйегін...». Ананың да жүрегі қан жылап, ойы сан-
саққа жүгірген. «Баламның тірі екенін жүрегім сезеді. Бай емеспіз, баланы 
біреу алып кетіп, бопсалап ақша талап ететіңдей. Мүмкін, баласы жоқ біреу 
ұрлап алған шығар. Ауылға бӛтен кӛлік келген жоқ, атпен ұрлап кеткен 
болды ғой. Иә, иә, біреуге бала керек болған шығар. Бірақ кім? Кімдің 
босағасында жүр екен балам?». Қария мен кемпірден де ес кеткен. Тапа-тал 
түсте жалғыз немереден айрылу оңай ма? Екеуі теңізге батқан кемедей күн 
санап шӛгіп бара жатты. Шағын ауылда жұрт бір-бірін жақсы танитын. 
Кейбірі туыс-жекжат болып кеткен. Ауылы аралас, қойы қоралас жататын 
тамыр-таныстардан да кӛңілге медеу боларлық бір белгі шықпады. 
– Шал-ау, кімнен күдіктенеміз? Ауылымыз ауыл емес, бір атаның 
баласындай болып кеткен жоқ па? – деді кемпір шарасыз.
– Оның рас, кемпір. Туыстығымыз, кӛршілігіміз кӛпке ӛнеге. Тіпті мынау 
ӛркені ӛскір Гетманның ӛзі жақсы туыстай болып кетті емес пе?
– Е-е, ауылымызға кезінде кӛшіп келген ниеті түзу, ақ кӛңіл ағайын 
мұнда кӛп қой. Әлгі сұм соғыс біткен соң ағылды ғой, жарықтық. Қос 
қарттың есіне қиын қыстау кезең кӛлбеңдеді. Елуінші жылдың басында 
Жетісу жеріне теміржол арқылы жүздері ақшыл сары, еуропалық нәсілді, 
бойшаң, кең иықты жұрт жеткен. Түсі сұрқай вагондардан топ-тобымен түсе 
бастаған, жұпыны киінген, арқаларында дорбасы, қолдарында шабаданы бар 
бейтаныс адамдарға қазақтар еріксіз таңдана, кӛз алмай қарап қалған еді. 
Кішкентай балалар үрпейісе шешелерінің артына тығылып, сығалап қояды. 
Ауыл басшысы әр үйге бір-бір отбасын аманаттаған. Тәртіп қатаң, партия 
айтты, бітті! Жат-жұртты бауырыңдай құшағыңа алуың қажет. Бірақ қазақ 
халқы қамшы салдырмай-ақ келген қонақтарға жеті шелпегін ұсынып, 


ерекше ықылас танытқан. Қонақтар таң қалысып, таңдай қақты. Жергілікті 
жұрттың кӛптен бері ескі досын кӛрмегендей сағына тӛс қағыстырып, 
жайдары жүзімен іш-бауырына кіріп бара жатқаны, тілін түсінбесе де, тілегі 
бір екенін келген қонақтар анық ұққан. Қазақтардың қас-қабағын аңдаған. – 
Жолдастар! Сонау еуропадан сіздерден демеу, сүйеу сұрап, ақ кӛңіл, 
еңбекқор халық келіп отыр. Барлығымыз жағдай түзелгенше қарайласып, 
қамқорлыққа алайық. Бұлар да ӛзіміз сияқты момын халық. Партия үкімі 
бәрімізге ортақ, – деді атқамінердің бірі. Жат-жұрттықтар қазақтар қалай 
қабылдар екен деп жаутаңдай қарады. Сол кезде ӛзіне құшақ жая, күлімсірей 
қарсы алған халықты кӛргенде елжіреп кеткен. Кӛздеріне кӛлкілдеп жас 
келген. Қуаныш жасы.
– Қош келдіңіздер! Сіздерге құшағымыз әрқашан ашық. Қадамдарың 
құтты болсын! – дескен қазақтар. Сонау шалғайдан темір вагонға сығылысып 
келгенде кең пейіл, жұмақ жердің тұрғындарына тап боларын еш ойламапты. 
Қазақтар баспанасынан орын беріп, бір үзім нанын бӛліскенде кейбір 
меймандардың ет-жүрегі елжірей түскен. 
***
Ауылға ақшам жамырап түскен. Күн ұясына батып, қызыл шапақ 
шартарапқа тарыдай шашырап кетпейінше ауылға жетуді ойлаған малшы 
қой-ешкіні қасқыр шапқандай дүркіретіп, дүрліктіріп әкетті. Ауылға жете 
бере қозысы есіне түскен қой, маңыраған ақ сақалды ешкі дауысы құлақ 
тұндырып, жұрт қақпадан кӛшеге қарай ағылды. Әркім ӛз малын отардан 
бӛліп әкетіп, қораға қарай аяңдағанша ымырт үйірілді. Әдеттегідей жоғалған 
малды іздеу басталған. Ел-жұрт кӛршілерінің қорасына кіріп кеткен қой-
ешкісін іздеп келіп, «Е, осында екен ғой» десіп, малының аман-есен екеніне 
кӛз жеткен соң кері бұрылып жүре беретін. Ешкім екі кештің ортасында ӛз 
қорасына малын жетектеп апармайды. «Қайда кетер дейсің? Таңертең қайта 
ӛріске барады ғой» деп ӛзін сабырға шақырады. Бұл ӛзі ауылдың айнымас 
заңындай болып кеткен. Малы адасып кеткен соң он жасар Сырым да үй-үйді 
аралауға шыққан. Гетманның үйіне де келіп жетті. Шарбақтары түп-түзу, 
үйдің сырты түгел сырланған, есіктің алды тап-таза, алма ағаштары 
кӛлегейлеп тұрған әсем қақпадан дауыстаған.
– Гетман аға, бӛтен жоқ па? Ешқандай жауап болмаған.
– Гетман аға! Гет-ман а-ға! – деп дауысын созыңқырады бала. «Үлкен кісі 
естімей қалды ма?» деген оймен Сырым қақпа ішіне кірген. Маңайда үрген 
ит кӛрінбеді. «Несіне қорқам, қолымда таяғым бар емес пе? деп ойлады ол, – 


әрі ауылдың шәңкілдеуік қандендері болмаса, жалқау тӛбеттері басын 
кӛтергенімен, орнынан тапжылмай, ұйқысырап жатады». Сырым сырты 
торкӛз сымтемірмен қоршалған қораның ар жағындағы қой-ешкілерге кӛз 
салған. Іле-шала жүзі жылып сала берген. Бұлардың екі ешкісі осында түнеп 
қалмақ екен. Баланың кӛңілі жайланып, кері бұрылды. Сырты жұмыртқадай 
ұзыншақ сарайдың алдынан ӛтіп бара жатыр еді, құлағына бір бейтаныс 
дауыс келді. Жел соққан соң сарайдың есігі ашылып қалыпты. Атам «Күн 
батарда далаға шықпаңдар, жын-шайтан ӛріп жүреді» деуші еді, құлағыма 
естілген сол шығар деп ойлаған.
– Ыр-ррр, ыр-ррр! Бала жалт қарады. Беймәлім дауыс тұп-тура сарайдың 
ішіндегі, жан-жағы цементпен құйылған, қақпағы ашық, терең жертӛледен 
шығып жатыр екен. Сырым оқыс дауысқа таңданып: «Гетман аға түлкі, не 
қасқырдың балаларын асырап жүр ме? Кӛрейінші, не асырап жүргенін?» деп 
балалық қызығушылықпен табалдырықтан ілгері аттаған. Ӛзіне тақаған адам 
иісін сезді ме, жертӛле түбінен қорқынышты дауыс қайта сыртқа естілді.
– Ыр-ррр, ыр-ррр! Бала қолындағы таяғын мықтап қыса түскен. Бұл кезде 
дала қара жамылып бара жатыр еді. Кӛз байланар сәт те таяп қалған. Есіктен 
жертӛле ішіне әлсіз, кӛмескі сәуле бойлайды. Сырым жертӛленің тӛрт 
бұрышты ауызына бір қадамдай қалғанда кілт тоқтап қалған. Жүрегі 
дүрсілдей жӛнелді. Сонда да қызығушылығы жеңіп, таяғын алға оздырып, 
басын тӛмен салбыратып, жертӛле ішіне қарады.
– Ыр-ррр, ыр-ррр! Уау-уау! Кенет жертӛле ішіндегі бейтаныс бір 
құбыжық жоғары қарай шапшып, тұра ұмтылды.
– Мама! Ойбай! Кет, әкең! – Сырымның құлын дауысы естілген. Бала 
бүкіл денесімен кері серпілді. Денесіне қарақұрт ӛрмелегендей жиіркеніп, 
тітіркеніп кетті. Жүрегі кеудесіне сыймай атқақтады. Артына бұрылып 
қарамастан үйіне қарай жүгіре жӛнелді. Сырым жүрегі алып-ұшқан бойда 
үйіне алқынып жеткен. Шәй сораптап отырған Ержан әкесі үйге жүгіріп 
кірген баласын жақтырмай, дауыс кӛтерген. 
– Әй, не болды?! Мал табылды ма? – деді. Ентігін баса алмай отырған 
бала әрең тіл қатты.
– Гетман... Гетман аға... 
– Не болды? – деді әкесі кесені асығыс дас-тархан үстіне қоя салып. Шәй 
құйып отырған шешесі де оқыс қараған. Екі кештің ортасында кӛрші 
қайғылы жағдайға ұшырып қалған шығар деген ой қауашақтарға сыналап 
енген.
– Гетманға не болды? – деді Дәния шешесі сұраулы жүзбен.
– Ағаны кӛргем жоқ. Ешкілер сол үйдің қорасында екен.
– Онда неге үйге алып-ұшып келдің? Не боп қалды? 


– Гетман ағаның үйінде... Жоқ, жертӛлесінде...
– Білмеймін. Бірдеңе бар. Ырылдайды. Түрі сұмдық қорқынышты.
– Қасқыр, түлкінің балалары шығар. 
– Жоқ, басқа бірдеңе. Маған тұра атылғанда қолдарын кӛрдім. Тура 
адамдікіне ұқсайды.
– Сен не деп сандырақтап кеттің? Адамы несі, маймылды да шұңқырға 
қамап ұстамайды. Кӛзіңе жын кӛрінгеннен сау ма? Сен сатқақ, біреудің 
жертӛлесінде нең бар?! Осы кезде есік ашылып, Сырымның атасы Сарқытбай 
кірген.
– Е, менің немерем не бүлдіріп қойды? Дауыстарың далаға шығып жатыр 
ғой, түге.
– Мына баланы ұшықтамаса болмайды. Шұңқырдан адамға ұқсас бір 
құбыжық кӛрдім дей ме? – деді әкесі.
– Тфә-тфә, – деді атасы немересінің басынан сыйпап, бауырына басып. 
Сырымның бойын әлі қалшыл билеп тұрған еді. Бес-алты қадам аттады да, 
темір тӛсекке жата кетті. Ӛзін сабырға жеңдіргісі келді. Бірақ жас жүрегі 
дүрсілдей соғып, еркіне бағынбай барады. Денесі қалш-қалш етеді. Жаңа 
кӛрген сұмдық ойын еш алыстар емес. Әке-шешесі асқа шақырып еді, тәбеті 
тартпады. Атасының ескі күртешесін жамылып ұйықтап кетті. Таңертең 
ӛріске ағылған жұрт Сырымның кӛргенін сӛз еткен.
– Ӛзі қайда? Не кӛргенін баланың ӛзінен сұрайық та? – десті күмәнді 
ойға шырмалған жұрт.
– Бала шошынып, ауырып қалды. Бүгін сабаққа да бармады, – деді Ержан.
– Сонда не кӛріпті?
– Түр-тұлғасы адамға ұқсайтын бірдеңе дейді. Ырылдайды екен. Бұл 
оқиға сол күні бүкіл ауыл жұртының аузында жүрді. Баласы жоғалған 
Бекжанның құлағына да жеткен.
– Ойбай, адамы несі?! Бекжанның баласы болып жүрмесін, – десті халық. 
Жұрт жиылып, ӛзара күбірлескен. Ақыры, бір байламға келіп, Гетманның 
үйіне бет алған. Бұл кезде күн найза бойы кӛтеріліп қалып еді. Кӛшеден 
ентелей кірген шақырусыз қонақтарды кӛргенде күншуақта шылым шегіп 
отырған Гетман орнынан ӛре түрегеліп, алдынан әбжылан шыққандай 
абдырап қалған. Жұбайы Галя бақилық болғалы үйіне мұнша қонақ келіп 
кӛрген емес. Бекжанның туысы Фазыл бастаған топ селсоқ амандасқан соң 
келген шаруасын айтқан. Қасында милиция ӛкілі бар.
– Жертӛлеңізді кӛрсетіңіз, – деді құқық қорғау иесі.
– Не... Не іздеп жүрсіздер? – деп сандырақтады Гетман. Жұртты ілгері 
жібермеуге тырысқан. Фазыл алға ӛршелене басып, сарайдың алдына келген.
– Аш есікті! – деп зекіді.


– Ашылмайды бұл есік. Кілтін жоғалтып алғам. Сендерге не керек? Менің 
үйіме неге рұқсатсыз кіріп, дауыс кӛтересіңдер?! Мен сотқа шағымданам, – 
деді сасып, не істерін білмей абдырап. Ӛнебойы дірілдеп кеткені даусынан 
анық байқалған.
– Міне, мілисаны ертіп келдік қой, осыған арыз-шағымыңды айта бер, – 
деді жұрт.
– Гетман, сенің жертӛлеңнен балалар бір күдіктіні кӛрдік деп отыр. Егер 
ештеңе жоқ болса, несіне қорқасың? Ішінде ештеңе жоқ екенін кӛрсет, – деді 
милиция. 
– Айттым ғой, кілті жоғалып қалған деп!
– Сен үйіңде біреуді жасырып отырған шығарсың. Мүмкін, түрмеден 
қашқан қылмыскер шығар. Кәні, есікті аш! – деді құқық қорғау ӛкілі.
– Есікті бұзыңдар! – деді Фазыл. Жұрт алға ұмтылды. Милиция ауызын 
ашып үлгермеді. Ашуға булыққан жұрт құлыпты жерде жатқан шомбал 
таспен бір пергенде құлыптың ауызы аңқиып қала берді. Гетманның жүзі 
сұп-сұр болып кетті. Фазыл есікті жұлқи ашып, ішке енген. Жігіттердің бірі 
жертӛле ішіне сіріңке жаққан.
– Ыр-ррр. Ыр-ррр! 
– О, әкең! – Фазыл мысықша кері серпіліп, есік ауызында кірерге тесік 
таппай тұрған Гетманның бет-жүзін ауыр соққысымен салып ӛтті. Анау 
ұшып түсті. Сірә, мұндай соққы алам деп ойламаса керек, жерден атып 
тұрып, қаша жӛнелді. Соңынан милиция қуа жӛнелген. Жертӛле ішіне мол 
жарық түсті. Жігіттердің біреуі тӛменге саты сырғытып, Фазыл ішке еніп, 
балаға жақындай берді. Аяқ астында үймелеп қалған, иісі мұрын жарған 
иттің нәжісіне мән берген жоқ.
– Ыр-рр, ыр-ррр! Уау! Уауф!
– Бектас, қорықпа! Бұл мен ғой... ағаң... Фазылмын. Таныдың ба? Жарты 
жылға жуық жертӛле ішінде күшіктермен бірге тамақ ішіп, дәрет сындырып, 
итше үріп үйренген, жабайы болып кеткен бала санасының түкпірінде бір 
жылы, жағымды дауыс жаңғырған. Иесін танитын ит секілді, тӛрттағандап 
жүрген бала бұл дауысты қайдан, қашан естідім дегендей елігіп, жалт 
бұрылды. Таныс бейнені кӛріп, тіл қатты:
– Ыр-ррр! Уау, уауф!
– Байқұс бауырым-ай! Сені мұндай күйге жеткізген адам емес, нағыз 
хайуан екен. Хайуаннан садаға кеткір, Гетман! – деп Фазыл бір сыбап алды.
– Кел, келе ғой! Қорықпа! Саған тиіспеймін! Фазыл балаға күлімсірей 
қарап, қос қолын жақындата түсті. Кӛптен бері адамдармен араласпаған бала 
қорыққан иттей үрпейісіп, аянышты кӛздері мӛлдірей, бұрышқа тығыла түсті. 
Ӛзіне тақап қалған қолды тістеп алмақ болған баланы Фазыл шап беріп, 


құшақтай алды. Іле-шала үстінен жағымсыз иіс мүңкіп сала берген. Қақпанға 
түскен қасқырдай аласұрған бала жұлқынып, ӛзін қатты қысқан құшақтан 
ажырағысы келген. Адам денесінен тараған жылылық бойын баураған. 
Фазыл баланы сыртқа алып шыққанда жұрттың бәрі жағасын ұстаған. Бектас 
сүп-сүйкімді, торсық шекелі бала емес, шашы жалбырап кеткен, тырнағы 
сояудай, үстіне жүн шыға бастаған, жабайы адамнан аумай қалған. Кӛзін күн 
сәулесі қарыған бала мазасызданып, жұлқына береді. «Астағфиралла!» 
дескен жұрт. «Жауыз-ай, кіп-кішкентай баланы қараңғы шұңқырға иттермен 
бірге қамап, азаптағанын қарашы! Осындайлар қалай жер басып жүр екен? 
Мұндайлардың кӛзін құрту керек. Гетман қайда? Ол жауызды үрім-бұтағы, 
қандастарымен бірге ауылдан аластау керек! Бүкіл ауыл жауға қарсы 
шапқандай ӛре түрегелген. Сұмдықты естіген үлкен-кіші жағасын ұстаған. 
Бұл хабар баласын жоғалтып, жоқтап отырған әке-шешеге, шал-кемпірге де 
ауыр тиген. Әуелі сенбеген. Үй-іші тегіс есін жия алмай, есеңгіреп қалған.
– Не дейт! Сен не айтып тұрғаныңды білесің бе? – деді Бекжан. Қара 
бұлттай түнеріп, екі беті ашудан бозарып сала берген.
– Ӛз қолыммен ұстап алдым сілімтікті! Милициямен барып, жертӛледен 
тауып алдым бауырымды! – деді Фазыл.
– Оңбаған! Кӛрші болмай, кӛрге кіргір! Оңдырмаймын, ӛз қолыммен 
жайратам! – деді Бекжан қаны басына шауып. 
– Немерем! Немерем қайда? – деп жанұшыра айғайлады қос қария.
– Қорықпаңыздар! Немерелеріңізді алып келдім. Фазыл ауыз үйден шашы 
жалбырап, үсті-басынан қолаңсы иіс мүңкіген қарадомалақ баланы кӛтеріп 
кірді.
– Құлыным! Ботақаным! Келдің бе, әйтеуір! – деген ана баласын қапсырай 
құшақтай алды. Кӛзінен жас ыршып шыққан.
– Қарғам-ау! Ботақаным-ау! Айналайын, сені де кӛретін күн бар екен-ау! 
Кел, келе ғой, – деп қос қария еміреніп, құшағын жайды.
– Ырр-ырр! – Иттермен ӛскен бала айбат шегіп, анасының құшағында 
бұлқынды.
– Бектас, мен ғой... мен.. анаңмын ғой. Танымай қалдың ба? Құлағының 
түбіне ертеректе естіген жағымды, майда дауыс келді. Дереу тынши қалған.
– О, тоба! Мына қарғыс атқыр, немеремді ит қылып жіберіпті ғой, – деп 
кейіген қос қария. От маздаған жылы үй баланың ұйқысын келтірген. Арада 
сүт пісірім уақыт ӛткенде баланы суға түсіріп, шашын алды. Үстіне таза киім 
кигізді. Бірақ бала кӛпке дейін ит құсап үруін қоймады.
– Сенің не жазығың бар еді. Сорлап қалдық қой. Сорлатты ғой, 
қайырымсыздар! Қазір жанымда итше үрмей, апа деп еркелеп отырар ма еді? 


Құдай-ау! Қайтейін енді! – деді кемпір. Қарияның ақ сақалымен домалақ 
тамшылар жүгірді. Үй ішіндегілердің бәрі боздап сала берді. 
*** 
... Сол күні ауыл ортасынан қолына кісен салынып, милиция жетектеген 
Гетманды жұрт ала кӛзімен ұзатып салды. Ауыл тегіс ашуға булығып, кімге 
соқтығарын білмей, аласұрды. 
– Жиырма тӛрт сағат ішінде кӛшіп кетпесеңдер, түгел бауыздаймыз, – 
десті. Момын халықтың қолдарына балта, аша, тіпті кейбірі мылтық ұстап, 
дүр етіп кӛтерілгенін кӛрген Гетманның қандастары тегіс кӛшуге асығып, 
еріксіз жүктерін буа бастады.
– Гетман, құдайы кӛрші едік, баламды сонша неге қорладың? – деді қария 
ӛкпелі күйде. Тісі-тісіне тимей дірілдеп, қолындағы балдағы қалтырай берді. 
Бекжан тістеніп, алға ұмтылған. Күн астында тоттыққан жүзі ашудан түтіге 
түскен. Жанындағы екі ағайыны қос қолынан ұстап, ілгері жібермей қойды. 
Қолдары қарысып қалса да, алға ӛршелене түсті.
– Гетман! Хайуан! – деді Бекжан. Қылмыскер мойын бұрған. 
– Жауыз! Менің баламда не әкеңнің құны бар?!
– Сен менің итімді ӛлтірдің. Балаң итімнің орнына ит болды, – деді 
Гетман шімірікпестен. 
– Сен нағыз ит екенсің. Иттен садаға кеткір! Бекжанның басына 
кӛктемдегі оқиға түскен. Баласы кӛшеде ойнап жүргенде Гетманның иті 
қатты қауып алған. Басқа балалар да итке таланды. Бекжан кӛршісіне «Итіңді 
байла, итің қабаған, балаларды жазым етер» деп талай ескерткен. Ең соңғы 
рет аяғына сойдақ тісін батырып, кірш етіп тістегенде баланың бақырған ащы 
дауысы маңайға жайылған. Бекжан дастархан үстінде шәй ішіп отырған 
кесесін қоя салып, сыртқа атып шыққан. Баласының аяғын оңдырмай тістеп 
жатқан итті кӛзі шалып қалған. Бар пәрменімен жүгіріп келіп, ажыратпақ 
болды. Ит ӛзіне ӛршелене, арсылдай ұмтылды. Қолымен қағып жіберген. 
Қайта секіргенде жуан жұдырығын сілтеп, ауыр соққымен қарсы алды. Ит 
қаңқ етіп, қайта арсылдай жӛнелді. Бірақ қайта секіруге батылы бармады. 
Бекжан денесімен баласын қорғай берді. Қараса, баласының аяғынан қан 
саулап тұр екен. Иттің ӛткір тістері сан етіне кіріп, қатты жарақаттапты. 
Бектасты кӛтеріп, үйге кірді. Баласының күйін кӛрген ана байқұс шошып 
кеткен. Дереу шалбарын шешіп, аяғын дәкемен таңа бастады. Бұл кезде 
Бекжан қолына қос ауыз мылтығын алып, далаға қайта шыққан. «Құтырған 
ит! Кӛрсетем мен саған! – деп ӛзіне қарай айбат шеккен итті маңдайдан 
кӛздеп, жантәсілім етті.


...Бұл кезде қолына кісен салынған Гетманды милиция кӛлігіне 
отырғызып жатқан еді. Бекжанның есіне хакім Абайдың «Күшік асырап ит 
еттім...» деген ӛлең жолдары еріксіз орала кетті. Кӛз алдында Гетманның 
сұлбасы қабаған итке ұқсап кеткені... 
Асхат Өмірбаев 
 
Сізге ұсынылған әңгіменің осы электронды нұсқасын таратуға рұқсат 
бермеймін. Ӛзіңіз ғана оқыңыз. Еңбегімді бағалаңыз. Аманатқа қиянат 
жасамайсыз деп сенемін. 
 
kitapjaris 

https://instagram.com/kitapjaris?igshid=YmMyMTA2M2Y



Кітапgram 

https://t.me/kitappgram


 
 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет