Мектепалды даярлық сыныптарындағы «Сурет салу, Мүсіндеу, Жапсыру, Құрастыру» пәнінің перспективалық жоспары 2022-2023 оқу жылы Аптасына 0,25 сағат, барлығы 35 сағат Алматы «Алматыкітап баспасы» 2022 ж.
№
Пәні
ҰІӘ-нің тақырыбы
ҰІӘ-нің міндеттері
Сағат саны
Мерзімі
І тоқсан Қыркүйек айына ұйымдастырылған іс-әрекет:
1 Апта
Сурет салу
Ағаш бұтақтары (Түрлі түсті қарындаштар)
Ағаш түрлері, терек бұталарының салыну тәсілдері туралы білім беру;балалар-дың шығармашылық қабілетін дамыту;жұмысты ұқыпты, таза жасауға тәрб.у
1
05.09.22ж
2 Апта
Мүсіндеу
Жеміс бағында
Пішінді мүсіндеудің таныс әдістерін пайдалана отырып,жемістерді мүсіндеу; бейнені затпен салыстыру, мүсіндегі сәйкестіктерді анықтай білу қабілеттерін дамыту;балаларды табиғатты сүюге тәрбиелеу
1
12.09.22ж
3 Апта
Жапсыру
Көшедегі үйлер
Архитектуралық бөлшектер туралы түсініктерін кеңейте отырып, әр бөлікті өз орнына ұқыптылықпен жапсыру қабілеттерін дамыту; балалардың үй туралы, оның түрлері туралы ой-қиялдарын жетілдіру, шығармашылыққа тәрбиелеу
1
19.09.22ж
4 Апта
Құрастыру
Ұшақ
Құрылыс материалдарынан ұшақты құрастыра білуге үйрету;ұшақты құрастыру-да оның негізгі бөлігі мен ұсақ бөлшектерін ажырата алу және балалардың ой-қиялын дамыту; өзінің іс-әрекетін алдын ала жоспарлау дағдыларын қалыптас-тыру, батылдыққа, ерлікке тәрбиелеу
1
26.09.22ж
Қазан айына ұйымдастырылған іс-әрекет:
1 Апта
Сурет салу
Күзгі орман
(Акварель бояу)
Мазмұнды сурет салудағысүйкей жағу арқылы қағаз бетіне дақ түсіру тәсілін үйрету;қылқаламмен және бояумен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; ұқыпты жұмыс істеуге үйрету, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
1
03.10.22ж
2 Апта
Мүсіндеу
Себет
Ермексаз кесектерін үзу, жаншу, созу тәсілдерін қолдана отырып себетті мүсіндей алу білімдерін бекіту;ұсақ қол моторикасын дамыту;жұмыс барысында тазалыққа, бір-біріне өзара көмек көрсетуге,жақсы нәтижеге жете білуге тәрб.у
1
10.10.22ж
3 Апта
Жапсыру
Біздің үй
геометриялық пішіндерді үйлестіре отырып, үйдің бөліктерін сюжетті жапсыруға үйрету; ойлау, есте сақтау, қағазбен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту; еңбекқорлыққа тәрбиелеу; шығармашылыққа жетелеу
1
17.10.22ж
4 Апта
Құрастыру
Көңілді автобус
қатырғықағазды ортасынан қос бүктеу тәсілі арқылы автобусты құрастыруға үйрету; автобустың ұсақ бөлшектерін үлгіге сәйкес қиып дайындау, сөзбен сипаттау арқылы сөздік қорын дамыту; құрылымдық шешімдер таба білуге, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.