Мәселен, оның «Пішіндеме» (геометрия) оқулығындағы мына атаулардың барлығы да автордың қаламынан туындаған терминдер: аудан, аттас көбкіл, берне, бернелес шама, бет, бөлу амалы, буын, доға, дөңгелек, жанама, жарма, жиек, екінші дәрежелі өрнек, еселік арасы, керме, кесе, кесінді, көбкіл, көлденең, кіндік сызығы, кіші кесінді, кіші өріс, қабырға, қар, қатар сызық, қима, қиықша, қия, қоршаулы бұрыш, қостабан, құрылымдастық, одағай сан, ортан бөлек, өлшемдестік, өлшеуіш, өріс, өрістік, өсінді, пішін, ұқсастық, ұлы өріс, сүйір бұрыш, табан, ен, пішіндеме, сабақтас пішіндер, сабақ кіндігі, саты, сыртынан сабақтас пішін, текше, тетік, төбе, түбір, тікше, тұрлаулы шама, тұрлаусыз шама, түзу сызық, түйін, теңгіл, тік бұрышты үшкіл, тең бүйірлі үшкіл, үлес, үшкіл, шаршы, шек, шеңбер, ыңғайластық, ыңғайлас пішін, ішінен сабақтас пішін т.б. - Мәселен, оның «Пішіндеме» (геометрия) оқулығындағы мына атаулардың барлығы да автордың қаламынан туындаған терминдер: аудан, аттас көбкіл, берне, бернелес шама, бет, бөлу амалы, буын, доға, дөңгелек, жанама, жарма, жиек, екінші дәрежелі өрнек, еселік арасы, керме, кесе, кесінді, көбкіл, көлденең, кіндік сызығы, кіші кесінді, кіші өріс, қабырға, қар, қатар сызық, қима, қиықша, қия, қоршаулы бұрыш, қостабан, құрылымдастық, одағай сан, ортан бөлек, өлшемдестік, өлшеуіш, өріс, өрістік, өсінді, пішін, ұқсастық, ұлы өріс, сүйір бұрыш, табан, ен, пішіндеме, сабақтас пішіндер, сабақ кіндігі, саты, сыртынан сабақтас пішін, текше, тетік, төбе, түбір, тікше, тұрлаулы шама, тұрлаусыз шама, түзу сызық, түйін, теңгіл, тік бұрышты үшкіл, тең бүйірлі үшкіл, үлес, үшкіл, шаршы, шек, шеңбер, ыңғайластық, ыңғайлас пішін, ішінен сабақтас пішін т.б.
- Ғалым тілде бұрыннан бар бірқатар бет, буын, жиек, өріс, табан, ен, төбе, түбір іспеттес сөздерді пән сөзі ретінде қолданып, оларға терминдік мағына жүктесе, енді бірқатар терминдерді жаңадан жасайды. Ондай жаңа терминдерді өзге тілдерге жүгіне бермей, қазақтың өз сөздерінен өрбітеді.
Елдес Омарұлының жаңа терминдердің түсініктілігі туралы сонау жиырмасыншы ғасыр басындағы айтқан пікірі күні бүгінге дейін құнын жоғалтқан жоқ. Ол былай деп жазады: «Бұрын естілмеген жаңа сөз елге бірден түсінікті бола қоймайды. Бірақ пән сөз қазақтың өз тілінен алынып, мағанасы аз да болса тиісті ұғымды сездірерлік болса, оны түсіну қиын болмайды. Сондықтан пән сөзді қолдан келгенше қазақтың өз тілінен алу керек». - Елдес Омарұлының жаңа терминдердің түсініктілігі туралы сонау жиырмасыншы ғасыр басындағы айтқан пікірі күні бүгінге дейін құнын жоғалтқан жоқ. Ол былай деп жазады: «Бұрын естілмеген жаңа сөз елге бірден түсінікті бола қоймайды. Бірақ пән сөз қазақтың өз тілінен алынып, мағанасы аз да болса тиісті ұғымды сездірерлік болса, оны түсіну қиын болмайды. Сондықтан пән сөзді қолдан келгенше қазақтың өз тілінен алу керек».
- Бұл тұжырымы арқылы ол алдымен «пән сөзді қолдан келгенше қазақтың өз тілінен алу керек» дей отырып, екіншіден, неліктен сол пән атауларын ұлт тілінен алу керектігіне жауап береді. Қазақ зиялысының терминтану ғылымы едәуір дамыған кейінгі кезеңдерде сөз болған мәселелерін ерте ұғынып, тіліміздің терминологиясын қалыптастырудың алғашқы жылдарында-ақ айтып кеткендігі ерекше назар аудартады. Бұл оның асқан аңғарымпаз, өресі биік, зерделі жан екендігін көрсететін фактор. Біздің бұл жерде айтып отырғанымыз – «термин ұғынықтылығы» мәселесі. Бізде күні бүгінге дейін «терминді өзге тілден алғанда тұрған ештеңе жоқ» деген пікір үстемдік етіп келеді. Кеңестік дәуірде көп насихатталған осы пікірді жақтаушылар қазір де аз емес. Ал Елдес Омарұлының айтып отырғаны – терминнің атау болған ұғымы жөнінде мәлімет беріп тұруы. Ол дегеніміз – сол терминнің жасалуына негіз болған сөздің мағынасы тілді тұтынушыға түсінікті болып, ұғым жөніннен хабардар етуі. Ұлт тілінің өзінен алынған сөздің мағынасы сол тілде сөйлейтіндер үшін көмескі, жат болмайды. Сондықтан да белгілі бір ұлттың тіліне негізделіп жасалған атау жаңа сөз болса да, тез ұғынылады, оңай түсініледі.
Достарыңызбен бөлісу: |