Жетекшінің кәсіби құзіреттілігі



бет7/10
Дата26.11.2022
өлшемі91,94 Kb.
#52824
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жетекшінің кәсіби құзіреттілігі

Ғалымның төл жұрнақтар мен кірме жұрнақтарды пайдалану мәселесіне қатысты да өзіндік ұстанымы бар. «Үндестік заңына бағынбайтын жұрнақтардың көбі қазақ тіліне сіңіп кеткен жат жұрнақтар. Олармен мәнілес түбірмен үндесіп жалғанатын қазақтың өз жұрнақтары бар. Жаңа сөзді түбірге жат жұрнақ жалғап шығарғаннан өз жұрнағымызбен шығарған артық» деп жазады ол. Мұнда алаш зиялысы екі мәселеге қатысты өз пікірін ашық білдіріп отыр. Біріншіден, ол тілімізде кірме жұрнақтармен мағыналас, үндестік заңын бұзбайтын төл жұрнақтар бар екендігін ескертіп отырса, екіншіден, терминжасам үрдісінде төл жұрнақтарды пайдаланған артық деп көрсетеді.

  • Ғалымның төл жұрнақтар мен кірме жұрнақтарды пайдалану мәселесіне қатысты да өзіндік ұстанымы бар. «Үндестік заңына бағынбайтын жұрнақтардың көбі қазақ тіліне сіңіп кеткен жат жұрнақтар. Олармен мәнілес түбірмен үндесіп жалғанатын қазақтың өз жұрнақтары бар. Жаңа сөзді түбірге жат жұрнақ жалғап шығарғаннан өз жұрнағымызбен шығарған артық» деп жазады ол. Мұнда алаш зиялысы екі мәселеге қатысты өз пікірін ашық білдіріп отыр. Біріншіден, ол тілімізде кірме жұрнақтармен мағыналас, үндестік заңын бұзбайтын төл жұрнақтар бар екендігін ескертіп отырса, екіншіден, терминжасам үрдісінде төл жұрнақтарды пайдаланған артық деп көрсетеді.
  • Елдес Омарұлы да өзге замандас әріптестері сияқты қазақ тілінен терминге лайық сөз табылмай жатқан жағдайда, еуропаға кең тараған латын сөзін алуға болады деп санайды. «Пән сөзді өз тілімізден таба алмаған күнде, иаурыпа қолданған латынша пән сөздерді алуға болады. Бірақ ондай жат сөздерді алғанда, оны тіліміздің заңына келтіріп, өзгертіп алу керек» дейді баяндамашы. Ғалымның өз сөзін келтірсек, баяндамада былай делінген: «Жат сөздің асыл түрін бұзбай алсақ: ондай сөзге қазақтың тілі келмейтұн болады; Жана қазақ тілінің заңына келмеген сөзді, оған қазақша жұрнақ, жалғаулар жалғап өзгертуге де болмайды. Ондай сөз қазақ тіліне қазақтың өз сөзіндей болып сіңісе де алмайды, бір түрлі ерсі сөз болып қалады. Жат сөз қазақ тіліне сіңіп түпкілікті қазақ сөзі болып шығуы үшін, - мағанасы түсінікті болмаса да, айтуға жеңіл, құлаққа ерсі болмауы керек».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет