Жетекшісі: Мусанова Адина 2020жылы Тақырыбы: Тарихи грамматика-пәні, мақсаты мен міндеті, сипаттамалық, грамматикалық өзгешелігі мен байланысы


Түркологияда, қазақ тіл білімінде тарихи грамматиканың зерттелу жайы



бет3/4
Дата06.01.2022
өлшемі24,26 Kb.
#15389
1   2   3   4
2.Түркологияда, қазақ тіл білімінде тарихи грамматиканың зерттелу жайы.

Көне түркі тілінде 16 дауыссыз болған. Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар саны бұдан әлдеқайда көп. Көне түркі дауыссыздарының қолданылу позициясы қазақ тілі дауыссыздарымен бірдей бола бермейді. Кейде бірған дыбыстың қолданылу орнына қарай әр қилы өзгеріске түскенін байқауға болады. Оның үстіне көне түркі дауыссыздарының әр түрлі түркі тілінде әр түрлі көрініске ие болғаны тағы бар. Мұндай өзгерістердің бәрі де жеке дыбыстардың қолданылу жүйесін салыстырғанда ғана байқалады.



Көне түркі тілдерінде сөздің басында ғ-г дыбыстары жұмсалмаған. Бірақ, сөз соңында жиі айтылған: аңдағ, тег, т.б. Қазақ тіліндегі ғ-г дыбыстарымен салыстырғанда, айырмашылық байқалады. Ең алдымен қазақ тіліндегі көп сөздердің абсалют басында ғ-г дыбыстары айтылады: гүл,ғашық,ғұрып,ғұмыр, т.б. Төркінін байқасақ, ондай сөздер араб-парсы тілдерінен ауысқан болып отыр. Олай болса қазақ тіліндегі сөздердің басындағы ғ-г сыртқы әсерден, басқа тілдерден ауысқан сөздер құрамында қалыптасқан дыбыстар. Жалпы қатынас құралы ретiндегi тiл атаулының лексикалық жағына тән құбылыстар мен жалпылама заңдылықтар мен ұғымдар жалпы лексикологияда қарастырылса, лексикалық құбылыстар мен жалпы заңдылықтардың жеке, нақтылы тiлдердiң лексикасына икемделiп көрiнiс табуы және әрбiр тiлдiң сөздiк құрамы мен оның дамуы, өзiндiк ерекшелiктерi жалпы лексикологияда (жеке, нақтылы тiлдiң лексикологиясында) қарастырылады, әрбiр тiлдiң лексикологиясы (жеке лексикология) жалпы лексикологияның жалпы теориялық қағидаларына негiзделедi де, нақты бiр тiл лексикасын зерттейдi.
Жеке лексикология белгiлi бiр тiлдiң сөздiк құрамын шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан немесе тiлдiң сөздiк құрамын сол тiлдiң белгiлi бiр дәуiрдегi, мысалы, қазiргi дәуiрдегi қалпы тұрғысынан қарауы мүмкiн. Осыған орай, лексикология тарихи (диахроникалық) лексикология және сипаттама (синхрониялық) лексикология болып бөлiнедi. Тарихи лексикологияда тiлдiң сөздiк құрамы шығуы, замандар бойында қалыптасуы және дамуы, лексиканы құрастырушы арналар және олардың тарихы тұрғысынан зерттелiнедi. Ал сипаттама немесе синхрониялық лексикологияда, (мысалы “қазiргi орыс тiлi, ағылшын тiлi”, “қазiргi қазақ тiлi”) атты пәндердiң лексикология бөлiмдерiнде, аталған тiлдердiң (орыс, аөылшын, қазақ тiлдерiнiң), лексикасының осы заманғы қалпы, сөздiң, мағыналық құрылымы, лексиканы құрастырушы арналар мен қат – қатар, сөздердiң активтi және пассивтi топтары, сөздiк құрамның даму жолдары, лексиканың стилистикалық жақтан дифференциалануы, сөздердiң қолданылу аясы, мағыналардың, қарым қатынасына қарай сөздердiң топтасуы (синонимдер, омонимдер, антонимдер) және т.б. мәселелер қарастырылады. Қазiргi тiлдiң сөздiк құрамы бiр – бiрiмен байланысты өз ара байланысты элементтердiң жүйесi ретiнде өмiр сүредi және уақыт бойында толығу, даму күйiнде болады. Демек, синхрониялық лексикологияда тiлдiң сөздiк құрамы өз ара байланысты элементтердiң лексикалық жүйесi тұрғысынан ғана емес, сонымен бiрге дамуы тұрғысынан да қалуы керек. Осыған орай, сипаттама (синхрониялық) лексикологияда, қажет болған жағдайда, тарихи мәлiметтер мен түсiнiктер де берiледi. Мұндай тарихи мәлiметтер мен түсiнiктер қазiргi тiлдегi лексикалық құбылыстардың табиғатын жете түсiнуге көмектеседi. Историзм принципi диахрониялық лингвистика үшiн ғана емес (бұл өзiнен - өзi түсiнiктi аксиома), синхрониялық лингвистика және оның барлық салалары, соның iшiнде сипаттама (синхрониялық) лексикология үшiн де өте – мөте қажет. Сипаттама лексикология тарихи лексикологияны, әрине, ауыстыра алмайды және бұлай болуға тиiстi де емес. Бұл жерде әңгiме сипаттама лексикологияда тiлдiң сөздiк құрамының қазiргi қалпын және даму сипатын ғылыми тұрғыдан ашып айқындауда қажетiнше тарихи деректерге сүйенудiң маңызы жайында болып отыр.

Тiлдiң әр түрлi жақтары (фонетикалық, лексикалық және грамматикалық), бiр-бiрiмен өз ара қарым-қатынаста, байланыста болатыны сияқты, оларды зерттейтiн тiл бiлiмiнiң де әр түрлi салалары бiр-бiрiмен өз ара әрдайым байланыста болады. Мысалы, лексикологияның тiл бiлiмiнiң арнаулы бiр саласы ретiнде фонетика және грамматикамен мынадай байланысы бар: тiлдегi әрбiр сөз дыбыстардың белгiлi бiр тiркесiмен айтылады (жалғыз дыбыспен айтылатын сөз, әдетте, тiл-тiлде сирек ұшырайды). Дыбыс тiркестерi сөздiң сыртқы жамылғышы да, сөздiң мағынасы оның мазмұны, болып саналады. Қандай бiр сөз болсын, дыбыс тiркестерiмен айтылып, белгiлi бiр мағынаны бiлдiредi. Сөздiң дыбыстық жағын зерттейтiн фонетиканың лексикологиямен байланысы да осыдан келiп туады. Тiл-тiлде сөздiң дыбыстық құрамының өзгеруi немесе екпiнiнiң ауысып түсуi сөз мағынасына әсер етiп, оны өзгертедi. Туыстас тiлдердiң лексикасын өз ара салыстыра зерттеу немесе белгiлi бiр тiлдiң лексикасын тарихи тұрғыдан зерттеу, сондай-ақ этимологиялық зерттеулер салыстырмалы – тарихи фонетиканың деректерiне негiзделедi. Әрбiр тiлдегi сөздердiң өзiнiң фонетикалық ерекшелiктерi болады. Сөздiң басы немесе аяғы фонетикалық белгiлермен, мысалы, дыбыстардың кейбiреулерiнiң жиi немесе сирек қолданылу немесе мүлдем қолданылмау ерекшелiктерiмен сипатталады. Мысалы, қазақ тiлiнiң төл сөздерi ө дыбысынан басталмайды және бұл дыбысқа ешбiр сөз аяқталмайды. Сондай-ақ, қазақ тiлiнде г,б,д дыбыстарына бiтетiн төл сөздер кездеспейдi. Төл сөздердiң құрамындағы дауысты дыбыстар не бiрыңғай жуан дауыстылар, не бiрыңғай жiңiшке дауыстылар болып келедi. Қазiргi қазақ тiлi лексикасында құрамындағы дауыстылар жуан да, жiңiшке де болып келетiн сөздер кездесе бередi, бiрақ олардың басым көпшiлiгi-шет тiлдiк сөздер. Лексикологиялық зерттеулерде сөздiң осындай фонетикалық ерекшелiктерi еске алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет