3. Қорытынды
Қорыта айтқанда Тілдің тарихи дамуын зерттеуде қолданылатын басты әдіс - тарихи-салыстырмалы әдіс. Түркі тілдерінің тарихын жасау сонау Менинский, Шотт, кейінгі Радлов заманынан-ақ осы тарихи салыстырма әдіс арқылы жүріп келе жатыр. Бұл әдістің басты шарты – жай салыстыру, қалай болса солай салыстыру емес, тілдердің, тілдік фактілердің тарихи байланысы мен жүйесін сақтай отырып салыстыру. Тарихи-салыстырма әдістің қолданылатын мынадай негізгі орындары бар: 1) бір тілдің әр кезеңге қатысты, бірақ бір жүйеге жататын, қызметі мен семантикалық жағынан бір-біріне эквивалент болатын фактілерін салыстыру; 2) бір уақытта өмір сүрген, өмір сүретін, бір-біріне тілдік, тарихи жақындығы бар тілдер материалдарын салыстыру. Алайда, бір топқа жататын тілдердің өзара байланысы, бір-біріне қатыс дәрежесі бірыңғай болып келмейтіні еске алынады. Бір тілдің екінші бір тілмен ұқсастығы, жақындығы мол да, үшінші бір тілмен байланысы одан гөрі алыс, ал төртінші бір тілмен байланысы одан да алыс. Оның үстіне, олардың тарихи жағынан бір-бірімен ұштасуы да әр түрлі. Кейде бір-бірімен өте ұқсас, өзара жақын тілдер тарихи жағынан бір-бірімен өте алыс кезеңде ғана ұштасады.
Пайдалынатын әдебиеттер:
1. Аманжолов С. Тарихи грамматика курсына қажетті материалдар. А., 1984ж
2.Ағыманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. А., 1986ж
3. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. А., 1993ж
Жолдасбеков М. Асыл арналар. А., 1990ж
5. Ибатов А. Сөздің морфологиялық құрылымы. (XIV ғасырда Алтын Орда мен Египетте жазылған ескерткіштер тілі негізінде) А., 1983ж
6. Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. А., 1988ж
7.Керімұлы Ә Түркі әдебиеті ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар. А., 1999ж
8. Қордабаев Т., Томанов М Тарихи грамматика мәселелері. А., 1975ж
.
Достарыңызбен бөлісу: |