Жетекшісі: Мусанова Адина 2020жылы Тақырыбы: Тарихи грамматика-пәні, мақсаты мен міндеті, сипаттамалық, грамматикалық өзгешелігі мен байланысы


Тіл тарихы пәнінің негізгі мақсаты



бет2/4
Дата06.01.2022
өлшемі24,26 Kb.
#15389
1   2   3   4
Байланысты:
Баяндама Аралбаева Аружан

Тіл тарихы пәнінің негізгі мақсаты – біртұтас халық, ұлт тілінің қалыптасу процесін айқындау болып табылады.
Қазақ тілі – түпкі түркі тілін сақтаған байырғы тіл.
Қазақ тілі ғайыптан пайда болған жоқ және оқшау жаратылған тіл емес. Оның шыққан ата-тегі бар. Қазақ тілі түркі тілдерінің бір тармағына жатады.
Бір негізден өрбіп, түркі ата тілінен тарағандықтан. әзербайжан, балқар,башқұрт, гагауыз, қазақ, қарақалпақ, қарайым, қарашай, құмық, қырғыз, ноғай, өзбек, саха, татар, тува, түрік, түрікмен, ұйғыр, чуваш, қақас тілдері түркі тілдері деп аталады. Түркі тілдерін бұтақтары тармақталып жапырақ жайған алып бәйтерекке ұқсатады А.Байтұрсынұлы.
Қазақ тілінің түркі тілдерімен туыстас болатын себебі ай, тәңір,көк, жер, су тәрізді зат есімдер: бас, тіс, көз, қол, аяқ тәрізді дене мүше атаулары, ақ қара, сары, қызыл тәрізді сын есімдер: ондық, жүздік, мыңдықты білдіретін сан есімдер: бар, кел, тұр, ұш, отыр, жат тәрізді етістік. Апа, қарындас, ата, келін, қайын т.б. сияқты туыстық атаулар ортақ болып келеді.Өмірлік мәні бар мұндай атаулар, әдетте ауыс-түйістікке жатпайды,олар түркі тілдерінің бір негізден, бір ата тілден тарағандығының белгісі болып табылады. Грамматикалық шақ, жақ көрсеткіштері мен негізгі септіктердің түркі тілдеріне ортақ болып келуі – олардың бір ата тілден тарағандығын, туыстығын көрсететін ең сенімді тілдік деректер. Туыстығы жағынан қарақалпақ, ноғай, өзбек тілінің қыпшақ диалектісі, сондай-ақ татар, қырғыз тілдері қазақ тіліне ең жақын тілдерге жатады.
Туыстығы алыс саха, чуваш тәрізді тілдерді туыстығы біршама жақын, туыстығы өте жақын тілдердің деректерін салыстыру арқылы тіліміздің қандай көнелік белгілерді сақтағанын, дыбыстық, мағыналық жағынан қандай өзгерістерді өткергенін айқындап береді. Ғылыми мәні зор болғандықтан, тілдердің туыстығына зерттеушілер ерекше көңіл бөледі.
Сонымен, түркі тілдерінің туыстығы олардың лексикалық мағыналарынан, грамматикалық құрылысынан, дыбыстық жүйесінен нақты байқалады. Сондай-ақ түркі тілдерінің әрқайсысына тән лексикалық, грамматикалық, фонетикалық өзгешеліктері де болады. Ондай өзгешеліктерді туыс тілдердің деректерін салыстыру арқылы байқауға болады.
Басқа түркі тілдерінде ғ,г,б дыбыстары келетін орындарды қазақтың у,қ,к дыбыстарын қолдануы аба-ауа, тағ-тау, гелді-келді, ғырмызы-қырмызы.
Басқа түркі тілдерінде ш дыбысы келетін сөздерде қазақтар С дыбысын қолданады:
Баш-бас, таш-тас т.б. Басқа түркі тілдерінде сөз басында Й келетін жерде қазақ тілінде Ж дыбысы қолданылады: йаш-жас, йол-жол, йаз-жаз, йыл-жал т.б.
Кейбір түркі тілдерінде дауысты дыбыстың созылыңқы түрі болса, қазақ тілінде ол жоқ. Тау-тоо, сағат-саат т.б.

Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне тән ортақ лексикалық қабат. Бұлар лексикология теориясының жалпы проблемалары ретiнде жалпы лексикологияда (общая лексикология) қарастырылады. Ал нақты бiр тiлдiң лексикасы және оның ерекшелiктерi жеке лексикологияда (частная лексикология) қарастырылады. Жалпы лексикология мен жалқы (жеке) лексикология бiр – бiрiмен байланыста болады. Бұлай болатындығы мынадан: қоғамдық құбылыс ретiндегi жалпы адам баласының тiлiн сипаттайтын жалпы заңдылықтар жеке, нақтылы тiлге де тән болады. Мысалы, қоғам дамуының барысында жаңа сөздердiң жасалып, тiлдiң сөздiк құрамының толығуы, дамуы, кейбiр ескiрген сөздердiң одан шығып қалуы немесе өте сирек қолданылатын сөздерге айналуы – тiл атаулыға тән жалпы заңдылық. Сондай – ақ, тiлдiң даму барысында сөз мағынасының өзгеруi, көп мағыналы сөздердiң жасалуы және синонимдiк қатарлардың пайда болуы- осылардың бәрi тiлдердiң барлығында да бар. қатынас құралы, қоғамдық құбылыс ретiндегi тiл атаулыға тән жалпы құбылыстар мен заңдылықтар дүние жүзiндегi тiлдердiң әрқайсысында (нақты, жеке тiлдерде) түрлiше (өзiндiк ерекшелiгiмен) көрiнуi мүмкiн. Мысалы, дүние жүзiндегi тiлдердiң бәрiнде де туынды сөздер сөз тудырудың бiр тәсiлi – сөздердi бiрiктiру тәсiлi. Сөз тудурудың бiрiктiру тәсiлi әр түрлi тiлдерде түрлiше дәрежеде көрiнуi және әрекет етуi мүмкiн. Бұл тәсiл, мысалы, басқа тiлдерге қарағанда, көбiнесе немiс тiлiне тән және немiс тiлi үшiн ең өнiмдi тәсiл болып саналады. Осыған орай, немiс тiлiнде бiрiккен сөздер өте жиi ұшырасады. Сөздердiң қосарлану тәсiлi түрлi тiлдерде бар, әсiресе ол түркi тiлдерiне өте – мөте тән. Осыған орай, басқа тiлдерге қарағанда, қос сөздер түркi тiлдерiнiң лексикасында анағұрлым мол. Омонимдер және олардың фонетикалық өзгерiстердiң нәтижесiнде, түбiрге омонимдес аффикстердiң жалғануы немесе сөздiң семантикалық дамуы нәтижесiнде жасалуы түрлi тiлдерде кездесе бередi. Аталған тәсiлдердiң iшiнде аффикстердiң жалғануы арқылы туынды омонимдердiң жасалуы әсiресе орыс тiлiне өте – мөте тән болып саналады. Орыс тiлiнде, осыған орай, түбiр омонимдерге қарағанда, туынды омонимдер анағұрлым жиi ұшырасады. Бұл айтылғандар тiлдiң лексикасын сипаттайтын құбылыстар мен жалпы заңдылықтар нақтылы, жеке тiлдерде олардың (тiлдердiң) өзiндiк ерекшелiктерiне орайласып, түрлiше көрiнiс табатындығын аңғартады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет