Жеті қазынаның бірі – құмай тазы. Тазы – жазық далада аң аулауға арналған ит тұқымы.Небір сұрыптау арқылы қазақ даласында иттің төбет және тазы аталатын түрлері пайда болды. Тазының алдыңғы аяқтары маймақтау, іші қабысып тұрады. Құлақтары салбыраңқы, жүні тықыр болады. Қатты жүгірген соң, тілін салақтатып, сол арқылы денесін салқындатып алады. Тазы өзінің жүйріктігімен қайран қалдырады.
Қыран бүркіт – көк Тәңірінің елшісі, ол Күннен жаратылған, күннің еркесі, көктің иесі деп көп халықтың көне сенімінде аса жоғары дәріптеледі. Жыртқыш құстарды аса қадірлеген қазақтар болса, садақ оғының жебесін "күшігеннің қойлық жүнімен" және "тазқараның тайлық жүнімен" (қауырсынымен) ұштаса, тік ұшады деп сенген
Ер жігіттің жүйрік аты — қанаты. Қыран бүркіт — қуаты. Құмай тазысы — абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы — қахарлы оты. Қақпаны — серті, ауы — әдіс-айласы, кездігі — сұсы. Халық Жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан. Қазақ халқының Жеті қазынаны — жеті ырыс деп атауының да мәні осында. “Жеті ырысқа” мыналарды жатқызады:

1) адамның ақылы,ой-санасы. Өйткені, адамзат ақылы арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп ерекшеленеді, әрі дүниенің қожасы болды;
2) денсаулық, яғни дененің саулығы;
3) ақ жаулық, яғни үйдегі әйел адам — ердің жары, балалардың анасы. Халқымыз ежелден “Бас екеу болмай, мал екеу болмайды” деп, әйелді тіршілік иесі, адам өмірін жалғастырушы деп қастерлеген;