Ортақ тақырып
|
Сөйлеу әрекетінің түрлері
|
Оқу мақсаты
|
Тапсырманың сипаттамасы
|
Тапсырма саны
|
Жалпы балл
|
1
|
Су – тіршілік көзі Демалыс мәдениеті Мерекелер
|
Тыңдалым және айтылым
|
3.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
|
Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.
|
1
|
6
|
2
|
Оқылым
|
3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
3.2.4.1 Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
|
Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.
|
1
|
5
|
3-4
|
Жазылым
|
3.4.2.4 Негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау
3.4.2.1 Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату
|
Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларды орындайды.
|
2
|
5
|
Барлығы
|
4
|
16
| Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
Берілген тірек сөздерді мұқият тыңда. Тірек сөздер мен суретті пайдаланып,
«Бәтеңке іздеу» тақырыбына әңгіме құрап айт.
Тірек сөздер: жаңа бәтеңке, үйдің ауласы, көлшік, іздеу, түстен кейін, күннің көзі, булану, табылу, қуаныш.
Жоспар:
Жаңа бәтеңке
Бәтеңке іздеу
Күн көзінің көмегі
Балл қою кестесі
[6]
Тапсырма
№
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
1
|
Білім алушының ықтимал жауабы:
Анасы Қайратқа жаңа бәтеңке сатып әперді. Ол бәтеңкесін киіп, аулаға шықты. Жаңа ғана жаңбыр жауып өткен. Қайрат жаңа бәтеңкесін сынап көрмек болып, көлшік суды кеше бастады. Біраздан соң бір бәтеңкесінің жоқ екенін көріп, іздеуге кірісті. Таба алмай, үйіне кетті. Түстен кейін күн ысыды. Көлшіктегі су буланып, ұшып кетті. Оның орнында Қайраттың бәтеңкесі жатты. Қайрат бәтеңкесінің табылғанына қатты қуанды.
|
1
|
Сурет пен мәтіннің мазмұнына сәйкес болатын баламалы мәтін қабылданады.
|
1
|
Берілген жоспарға сәйкес мәтін құрастырады.
|
1
|
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды.
|
1
|
Тірек сөздерді орынды қолданады.
|
1
|
Ойын еркін, жүйелі жеткізеді.
|
1
|
Тілдік нормаларды сақтап сөйлейді.
|
Барлығы
|
6
|
|
Оқылым
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Атаның сұрағына сен қалай жауап берер едің? Адамдар не үшін «рақмет» айтады?
Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған 1 сұрақ құрастырып жаз және жауап бер.
Мәтінге ат қой.
Мәтіннің негізгі ойын анықта.
[5]
Балл қою кестесі
Тапсыр ма
№
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
2
|
Білім алушының ықтимал жауабы:
жасаған жақсылығы үшін/көрсеткен көмегі үшін/ ризашылығын білдіру үшін/ ...
|
1
|
Мәтіннің мазмұнына сәйкес баламалы cұрақтар мен қысқа және толық жауаптар қабылданады.
|
Бала бұлаққа неліктен «рақмет» айтпады?/Атасы
немересіне неліктен қарсы сұрақ қойды деп ойлайсың?/...
|
1
|
Бұлақ сөзді түсінбейді деп ойлады/Немересінің ойын білгісі келді/ Немересіне жақсылыққа жақсылықпен жауап беру керектігі туралы
түсіндіргісі келді/...
|
1
|
Ата өсиеті/Рақмет айту/»Рақмет» деген не?/
Рақметті не үшін айтады?...
|
1
|
|
Жақсылыққа жақсылық жасау керек/ Жақсылық
еткен алғыс алады/ Жақсылық ізсіз кетпес/...
|
1
|
Барлығы
|
5
|
|
Жазылым
Берілген сөздерді кестеге жіктеп жаз.
Өнерлі, еңбектен, жаңалық, сула, суретші, атақты
Туынды зат есім
|
Туынды сын есім
|
Туынды етістік
|
|
|
|
Су сөзінен 2 түбірлес сөз жаса. Кез келген сөзбен 1 сөйлем құрастырып жаз.
[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма
№
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
3
|
Туынды зат есімдер: жаналық,
суретші
|
1
|
Әр бағандағы 2 сөз толық анықталған жағдайда ғана1 балл қойылады.
|
Туынды сын есімдер:өнерлі, атақты
|
1
|
Туынды етістіктер: еңбектен, сула
|
1
|
4
|
Сусын/сулық/сушы/ суат/ сулы
|
1
|
Кез келген 2 түбірлес сөз қабылданады.
|
Сулы жер-нулы жер/Апам әкеме арнап сулық тікті/Сушы егін суарды/Жылқылар суатқа келді/...
|
1
|
Сөздің мағынасына сәйкес құрастырылған баламалы сөйлемдер қабылданады.
|
Барлығы
|
5
|
|
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |