Бағалау критерийі
|
Тапсырма
№
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Ұқсас тақырыпта берілген мәтіндерді түрі/стилі/жанры бойынша
салыстырады
|
1
|
мәтіндердің стилін анықтайды;
|
1
|
мәтіндердің ұқсастығын атайды;
|
1
|
Негізгі түбірден туынды сөздер жасайды
|
2
|
берілген түбір сөздерден туынды сөздер жасайды:
1-туынды сөз 2-туынды сөз 3- туынды сөз
|
1
1
1
|
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін
анықтайды
|
3
|
бастауышты анықтайды;
|
1
|
баяндауышты анықтайды.
|
1
|
Барлығы
|
7
|
БЖБ-4 «Сәулет» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
№
|
Оқу жетістіктерінің деңгейі
|
Төмен
|
Орта
|
Жоғары
|
Ұқсас тақырыпта берілген мәтіндерді түрі/стилі/жанры бойынша салыстырады
|
1
|
Ұқсас тақырыпта берілген мәтіндерді салыстыруда, мәтіннің стилін анықтауда қиналады.
|
Мәтіннің стилін анықтауда/ мәтіндердің ұқсастығын табуда қателеседі.
|
Мәтіндерді салыстыра отырып, ұқсастығын атайды және мәтіннің стилін анықтайды.
|
Негізгі түбірден туынды сөз жасайды
|
2
|
Түбір сөздерге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөздер жасауда қиналады.
|
Түбір сөздерге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөздер жасауда қателіктер жібереді.
|
Түбір сөздерге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөздер жасайды
|
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін анықтайды
|
3
|
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін анықтауда қиналады.
|
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін анықтауда қателеседі: бастауыш/ баяндауыш
|
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін дұрыс анықтайды.
| 2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 3-сыныпта «Қазақ тілі» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут Балл саны - 16
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 3 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі – оқылым, үшінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |