Жиынтық бағалауға арналған əдістемелік ұсыныстар Қазақстан тарихы 6-сынып



бет7/8
Дата17.10.2023
өлшемі465,47 Kb.
#117620
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 !15-БЖБ Қазақстан тарихы 6-сын қаз

Бағалау критерийі

Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма



    1. Кілтті сөздерді негізге ала отырып, қазақ халқының қалыптасының кезеңдерін сипаттаңыз.



Сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, түркі, түркеш, құрлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ, иран тілдес, еуропоидтық нәсіл, андрон тайпасы, моңғолоидтық нәсіл, түркі тілдес тайпалар.
Андронов кезеңі


Сақ кезеңі


Түркі кезеңі


Моңғол кезеңі




    1. Кестеде "Қазақ" этнонимі туралы деректерді сәйкестендіріңіз



Ғалымдар

«Қазақ» сөзі туралы пікірлер

1

В.В. Радлов

A.«Қазақ сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар»

2

Ш.Ш.Уалиханов

B.«Қазақ күшті, мықты, шабытты дегенді білдіреді»

3

Ш.Құдайбердіұлы

C. Бастапқыда ол ерiктi, еркiн деген мағынада
қолданылды.

4

Б.Кәрібаевтың

D.«Қазақ өз алдына ел болып жүреген халық» қазақ –
түркi сөзi

5


А. Н. Бернштам

E. «Бұхар қонағы» атты шежіресінде қазақтар арба үстінде адам таңғалатын қазақ үйлерін тіккен, сондықтан қазақ сөзінің шығуы да қасағ атауының шығу
төркініне жат емес

6

Ибн Рузбихан

F. «қазақ» сөзі кас - пи мен сақ тайпасының бірігуінен
тайда болған деп тұжырымдайды.

Жауаптары

1

2

3

4

5

6




















Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерді сипаттайды

1

андронов кезеңін сипаттайды;

1

сақ кезеңін сипаттайды;

1

түркі кезеңін сипаттайды;

1

моңғол кезеңін сипаттайды;

1

«Қазақ» этнонимі туралы пікірлерді талдайды

2

В.В. Радловтың пікірін табады;

1

Ш.Ш.Уалихановтың пікірін табады;

1

Ш.Құдайбердіұлының пікірін табады;

1

Б.Кәрібаевтың пікірін табады;

1

А. Н. Бернштамның пікірін табады;

1

Ибн Рузбиханның пікірін табады.

1

Жалпы балл

10

«Қазақ халқының қалыптасуы» бөлімі бойынша


жиынтық бағалаудың нəтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерді сипаттайды

Қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерін (андронов/сақ/түркі/моңғол) сипаттауда қиналады

Қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерін (андронов/сақ/түркі/моңғол) сипаттауда қателіктер жібереді

Қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерін сипаттайды

«Қазақ» этнонимі туралы пікірлерді талдайды

«Қазақ» этнонимі туралы пікірлерді(Радлов/ Уәлиханов/Құдайбердіұлы/ Кәрібаев/ Бернштам/ Рузбихан) сәйкестендіруде қиналады

«Қазақ» этнонимі туралы пікірлерді(Радлов/ Уәлиханов/Құдайбердіұлы/ Кәрібаев/ Бернштам/ Рузбихан) сәйкестендіруде қателіктер жібереді

«Қазақ» этнонимі туралы пікірлерді сәйкестендіреді

«Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау




Тақырып

Қазақ хандығының құрылуы

Оқу мақсаты

6.2.3.4 М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіру
6.3.1.9 Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын сипаттайды

  • Қазақ хандығының құрылуының маңыздылығын факторлар арқылы сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма



  1. Мәтінді қолданып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.



Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» еңбегінен үзінді
Бұл уақытта Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы тегінен тараған сұлтандарға көп зардап шектірді. Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға барды. Есен-Бұға хан оларды жылы шыраймен қабылдап, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу және Қозыбасы округтерін берді.
Кейбір жошылық сұлтандар Әбілхайыр хан тарапынан төніп келе жатқан қатерді алдын-ала сезіп, оны болдырмауға тырысты. Сол мақсатпен олар Керей хан, Жәнібек сұлтан және сол сияқтылар азғантай адамдары мен Әбілхайыр ханнан қашып, Моғолстанға келді.
Сол уақытта Моғолстан хандығын билеу кезегі Есенбұға ханға жеткен еді. Есенбұға хан оларды қатты құрметтеп, оларға Моғолстанның бір шетін бөліп берді. Олар осы жерден қауіпсіз жайлы қоныс тапты. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан (хижра бойынша) басталады. Аллаға бәрі мәлім.
(М.Х.Дулати. Тарих-и Рашиди. Алматы 2003, 305-306-беттер)


Керей мен Жәнібек бастаған қазақ елін Моғолстан билеушісі не себепті құшақ жая қарсы алды?
Еңбектің маңыздылығын 2 дәйекпен түсіндіріңіз.

  1. Кестеде Қазақ хандығының құрылуының салалар бойынша тарихи маңызын дәлелдеңіз.




Саяси маңызы


Экономикалық маңызы




Әлеуметтік-этникалық маңызы


1
2

1
2

1
2

Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы

Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

М.Х.Дулатидің
«Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын сипаттайды

1

Керей мен Жәнібек бастаған қазақтарды Моғолстанның билеушісінің қарсы алу себебін көрсетеді;

1

еңбектің маңыздылығын бірінші дәйекпен
түсіндіреді;

1

еңбектің маңыздылығын екінші дәйекпен
түсіндіреді;

1

Қазақ хандығының құрылуының маңыздылығын факторлар арқылы сипаттайды

2

Қазақ хандығының құрылуына ықпал
еткен 1-саяси факторды кестеге жазады;

1

Қазақ хандығының құрылуына ықпал
еткен 2-саяси факторды кестеге жазады;

1

Қазақ хандығының құрылуына ықпал
еткен 1-экономикалық факторды кестеге жазады;

1

Қазақ хандығының құрылуына ықпал
еткен 2-экономикалық факторды кестеге жазады;

1

Қазақ хандығының құрылуына ықпал
еткен 1-әлеуметтік-этникалық факторды кестеге жазады;

1

Қазақ хандығының құрылуына ықпал
еткен 2-әлеуметтік-этникалық факторды кестеге жазады;

1

Қазақ хандығының құрылуының тарихи
маңызын жазады.

1

Жалпы балл

10

«Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нəтижесіне қатыстыата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика




Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

М.Х.Дулатидің
«Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын сипаттайды

Керей мен Жәнібек бастаған қазақтарды Моғолстанның билеушісінің қарсы алу себебін көрсетіп, М.Х.Дулатидің «Тарихи- Рашиди» еңбегінің маңыздылығына 1/2 дәлел келтіруде қиналады

Керей мен Жәнібек бастаған қазақтарды Моғолстанның билеушісінің қарсы алу себебін көрсетіп, М.Х.Дулатидің «Тарихи- Рашиди» еңбегінің маңыздылығына 1/2 дәлел келтіруде қателіктер жібереді

Керей мен Жәнібек бастаған қазақтарды Моғолстанның билеушісінің қарсы алу себебін көрсетіп, М.Х.Дулатидің «Тарихи- Рашиди» еңбегінің маңыздылығына 1/2 дәлел келтіреді

Қазақ хандығының құрылуының маңыздылығын факторлар арқылы сипаттайды

Қазақ хандығының құрылуының маңыздылығының 1/2 саяси/экономикалық/әлеуметтік- этникалық факторлар бойынша анықтауда қиналады

Қазақ хандығының құрылуының маңыздылығының 1/2 саяси/экономикалық/әлеуметтік- этникалық факторлар бойынша анықтауда қателіктер жібереді

Қазақ хандығының құрылуының маңыздылығын факторлар арқылы сипаттайды

IY ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет