Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Жаратылыстану



бет4/8
Дата06.01.2022
өлшемі5,32 Mb.
#12577
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 ЖБ Жаратылыстану 2-сынып жанасы-1(1)

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану




Орындау уақыты

15 минут


1-тапсырма

Өсімдіктерге зиян келтіретін әрекетті бейнелейтін суретті белгіле ().












  • Өсімдіктерге неліктен күтім жасау керек? Жаз. ___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

2-тапсырма

Жақсы өнім алу үшін топыраққа қалай күтім жасау керек? Түсіндір. ____________________________________________________________________

____________________________________________________________________
3-тапсырма

«Жануарлардың көбеюі» кестесін толтыр. Тиісті жерге «+» таңбасын қой.



Жануардың атауы

Көбею тәсілі

Жұмыртқа басады

Уылдырық шашады

Төлдейді

Тауық










Жылқы










Балық












4-тапсырма

Сұрақтарға жауап жаз.


Сыртқы реңін (түсін ) өзгертетін жануарларды ата. ______________________________
Жануарлар түсін не үшін өзгертеді? __________________________________________





Бағалау критерийі

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Өсімдіктерге күтім жасаудың себептерін анықтайды және түсіндіреді

1


өсімдіктерге зиян келтіретін әрекетті бейнелейтін суретті анықтайды;

1


өсімдіктерге күтім жасау қажеттілігінің себебін түсіндіреді;

1


Топырақты күтудің маңызын сипаттайды

2


топырақа күтім жасау жолдарын сипаттайды;

1

Жануарлардың көбею жолдарын сипаттайды


3


жануарлардың көбею жолдарын анықтайды:

- бірінші жануарға қатысты;

- екінші жануарға қатысты;

- үшінші жануарға қатысты;



1

1



1

Жануарлардың қоршаған ортаға бейімделу тәсілдерін түсіндіреді

4


сыртқы реңін өзгертетін жануарларды атайды;

1

жануарлардың сыртқы реңін өзгерту себебін түсіндіреді.

1

Барлығы

8

«Жанды табиғат» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні: ____________________________________________________


Бағалау критерийі


Тапсырма



Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Өсімдіктерге күтім жасаудың себептерін анықтайды және түсіндіреді


1


Өсімдіктерге күтім жасау қажеттілігінің себептерін анықтауда және түсіндіруде қиналады.

Өсімдіктерге күтім жасау қажеттілігінің себептерін анықтауда/ түсіндіруде қателеседі.


Өсімдіктерге күтім жасау қажеттілігінің себептерін анықтайды және түсіндіреді.

Топырақты күтудің маңызын сипаттайды


2


Топыраққа күтім жасаудың маңыздылығын сипаттауда қиналады.


Топыраққа күтім жасаудың маңыздылығын сипаттауда қателіктер жібереді.


Топыраққа күтім жасаудың маңыздылығын сипаттайды.


Жануарлардың көбею жолдарын сипаттайды


3


Жануарлардың көбею жолдарын сипаттауда қиналады.


Жануарлардың көбею жолдарын сипаттауда қателеседі.


Жануарлардың көбею жолдарын дұрыс сипаттайды.


Жануарлардың қоршаған ортаға бейімделу тәсілдерін түсіндіреді

4


Қоршаған орта жағдайларына қарай сыртқы реңін өзгертетін жануарларды атауда және оның себебін түсіндіруде қиналады.

Қоршаған орта жағдайларына қарай сыртқы реңін өзгертетін жануарларды атауда/ оның себебін түсіндіруде қателіктер жібереді.

Қоршаған орта жағдайларына қарай сыртқы реңін өзгертетін жануарларды атайды және оның себебін түсіндіреді.


1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы



1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Спецификация 2-сыныпта «Жаратылыстану» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.


2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Жаратылыстану» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1 - 4-сыныптар).
3. 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы - 40 минут

Балл саны – 15
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық

жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.

Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.

Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларға білім алушы сөздер немесе сөйлемдер

түрінде жауап береді.

Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда максималды балл жинау үшін білім

алушыдан тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.

Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін

4 тапсырмадан тұрады.


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы





Бөлім

Бөлімше

Оқу мақсаты

Тапсырманың

сипаттамасы

Тапсырма саны

Жалпы балл

1-2


Жанды табиғат




2.1 Өсімдіктер

2.2.1.3 Өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттау

Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

4


2.2.1.4 Өсімдік топтарын тіршілік ортасына және қоршаған ортаның жағдайларына (ылғал) бейімделу жолдары бойынша салыстыру

Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

4

3-4




2.2 Жануарлар

2.2.2.1 Жануарлар класының өкілдерін ажырату: бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер,бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер

Білім алушы жабық түрдегі сәйкестендіруге берілген тапсырманы орындайды.

1


6


Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

1

Барлығы

4

15

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Жаратылыстану» пәнінен 1-тоқсанға арналған

жиынтық бағалаудың тапсырмалары



  1. Сөйлемдерді оқы және өсімдік мүшелерінің атауын жаз.






Өсімдікті топыраққа бекітіп тұрады. Топырақтан су мен қоректік заттарды сіңіреді.

Бұл - _____________________________.



Өсімдікке су мен қоректік заттарды өткізеді.

Бұл - ________________________________.




Ол арқылы өсімдік қоректенеді және тыныс алады.

Бұл - __________________________________.

 


Ол ауаға жұпар иісін таратады. Айналаға көрік береді.

Бұл - _________________________________.


[4]



  1. Берілген өсімдіктер қай топқа жатады? Сәйкестендір.






Шөлге төзімді









Ылғалсүйгіш




  • Өсімдіктердің жапырақтарын салыстыр және сипаттап жаз.

1) Шөлге төзімді өсімдіктер: _________________________________________



2) Ылғалсүйгіш өсімдіктер: _________________________________________
[4]

  1. Суреттер мен жануарлар тобының атауларын сәйкестендір.






Балықтар


Құстар








Сүтқоректілер


Қосмекенділер






Бунақденелілер

Бауырымен жорғалаушылар


[6]




  1. Сүтқоректілердің басқа жануарлардан басты ерекшелігі неде?

_______________________________________________________________________



[1]



Балл қою кестесі



Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

1) тамыр

1




2) сабақ

1

3) жапырақ

1

4) гүл

1

2



2

Әр дұрыс сәйкестікке 1 балл қойылады.




1) Жапырағы жіңішке және тамыры ұзын болады/ Құрғақ жерлерде өcеді/

1

Тапсырмаға сәйкес баламалы жауаптар қабылданады.

2) Жалпақ жапырағы бар / Сулы топырақта өседі.

1

3



6

Әр дұрыс сәйкестікке 1 балл қойылады.



4

Төлдерін өз сүтімен қоректендіреді/төлдерін тірі туады/

1




Барлығы

15




5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет