Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Жаратылыстану


-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР



бет5/8
Дата06.01.2022
өлшемі5,32 Mb.
#12577
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 ЖБ Жаратылыстану 2-сынып жанасы-1(1)

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


«Жанды табиғат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау





Бөлімше

2.3 Адам


Оқу мақсаты

2.2.3.1 Адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтау

2.2.3.4 Денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін анықтау




Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тірек-қимыл қозғалыс мүшелерінің қызметін түсіндіреді

  • Жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін құрастырады




Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану


Орындау уақыты

15 минут


1-тапсырма

Адам қаңқасының атқаратын екі негізгі қызметін жаз.




  1. Тірек қызметі: ____________________________________________

  2. Қорғаныш қызметі: _________________________________________


2-тапсырма

Қима қағаздарды сәйкестендіру арқылы жеке бас гигиенасы ережелерін құрастыр.




Таңертең жуын және

алып жүруді ұмытпа



Серуендеуден кейін

беті-қолыңды жу


Тырнағыңды уақытында

тісіңді тазала


  • Күнделікті орындалатын жеке бас гигиенасы әрекеттерін жаз.

1)__________________________________________________________________

2)__________________________________________________________________________







Бағалау критерийі

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Тірек-қимыл қозғалыс мүшелерінің қызметін түсіндіреді

1


қаңқаның тірек қызметін сипаттайды;

1

қаңқаның қорғаныш қызметін сипаттайды;

1

Жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін құрастырады

2


жеке бас гигиенасы ережелерін құрастырады:

бірінші ереже;

екінші ереже;

үшінші ереже;



1

1



1

жеке бас гигиенасына қатысты күнделікті орындалатын әрекеттерге мысал келтіреді:

- бірінші мысал;

- екінші мысал.


1

1



Барлығы

7

«Жанды табиғат» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ______________________________________________


Бағалау критерийі

Тапсырма




Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Тірек-қимыл қозғалыс мүшелерінің қызметін түсіндіреді

1


Адам қаңқасының атқаратын негізгі қызметтерін сипаттауда қиналады.


Адам қаңқасының тірек қызметін/қорғаныш қызметін сипаттауда қателіктер жібереді.



Адам қаңқасының атқаратын негізгі қызметтерін дұрыс сипаттайды.


Жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін құрастырады

2


Жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін құрастыруда және күнделікті орындалатын әрекеттерге мысал келтіруде қиналады.


Жеке бас гигиенасы ережелерін құрастыруда/ жеке бас гигиенасына қатысты күнделікті орындалатын әрекеттерге мысал келтіруде қателіктер жібереді.


Жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін құрастырады және күнделікті орындалатын әрекеттерге мысал келтіреді.



«Заттар және олардың қасиеттері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау




Бөлімше

3.2 Ауа

3.3 Су



Оқу мақсаты

2.3.2.2. Ауаның кейбір қасиеттерін сипаттау

(агрегаттық күйі, түсі, иісі)

2.3.3.2 Судың агрегаттық күйінің өзгеру процесін

зерттеу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ауаның қасиеттерін анықтайды және сипаттайды

  • Судың агрегаттық күйлерін анықтайды




Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білу және түсіну



Орындау уақыты

15 минут

1-тапсырма

Қажетті сөздерді қолданып, сөйлемдерді толықтыр.





1) Ауаны _________________ және _______________ мүмкін емес.


2) Біз ауаны көрмейміз, өйткені ол ____________________ және __________________.
3) Ауаның дәмі жоқ, ол – ______________.


2-тапсырма

Суретте судың қандай күйлері бейнеленген? Сәйкестендір.







Бу




Қатты




Сұйық

Су қалай буға айналады? Түсіндір. __________________________________________






Бағалау критерийі

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Ауаның қасиеттерін анықтайды және сипаттайды

1


ауаның қасиеттерін анықтайды:

-біріншісін;

-екіншісін;

-үшіншісін;


1

1



1

Судың агрегаттық күйлерін анықтайды

2


судың бу күйін анықтайды;

1

судың қатты күйін анықтайды;

1

судың сұйық күйін анықтайды.

1

су күйінің өзгеру үдерісін түсіндіреді.

1

Барлығы

7

«Заттар және олардың қасиеттері» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні: ______________________________________________



Бағалау критерийі

Тапсырма



Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Ауаның қасиеттерін анықтайды және сипаттайды

1


Ауаның қасиеттерін анықтауда қиналады.

Ауаның қасиеттерін анықтауда қателіктер жібереді.

Ауаның қасиеттерін дұрыс анықтайды.


Судың агрегаттық күйлерін анықтайды

2


Судың агрегаттық күйлерін анықтауда және су күйінің өзгеру үдерісін түсіндіруде қиналады.

Судың агрегаттық күйлерін анықтауда/ су күйінің өзгеру үдерісін түсіндіруде қателеседі.

Судың агрегаттық күйлерін дұрыс анықтайды және су күйінің өзгеру үдерісін түсіндіреді.


2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы



1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Спецификация 2-сыныпта «Жаратылыстану» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.


2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Жаратылыстану» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1 - 4-сыныптар).
3. 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы - 40 минут

Балл саны - 15
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық

жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.

Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.

Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларға білім алушы сөздер немесе сөйлемдер

түрінде жауап береді.

Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда максималды балл жинау үшін білім

алушыдан тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.

Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін

7 тапсырмадан тұрады.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы




Бөлім

Бөлімше

Оқу мақсаты

Тапсыманың сипаттамасы

Тапсырма саны

Жалпы балл

1



Жанды табиғат

2.3 Адам


2.2.3.5. Тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын анықтау

Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларды орындайды.

1

1


2.2.3.2 Дұрыс дене сымбатын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру

1

3


2.2.3.1. Адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтау

Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар тапсырмаларды орындайды.


1

2

2.2.3.4 Денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін анықтау

1

1


2

Заттар және олардың қасиеттері


3.2 Ауа

2.3.2.2 .Ауаның кейбір қасиеттерін сипаттау (агрегаттық күйі, түсі, иісі)


Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар тапсырманы орындайды.

1

1

Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1



3

3.3 Су

2.3.3.1. Судың физикалық қасиеттерін анықтау (дәмсіз, иіссіз, белгілі бір формасының болмауы, аққыштығы)

Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар тапсырманы орындайды.

1


4


Барлығы

7

15

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Жаратылыстану» пәнінен 2 -тоқсанға арналған

жиынтық бағалаудың тапсырмалары





  1. Суреттерге қара. Тіске неліктен күтім жасау керек? Жаз.



_________________________________________________________________________

[1]


  1. Суреттерге мұқият қара.




  • Дұрыс отыру қалпын белгіле ().











  • Дұрыс дене сымбатын сақтауға арналған екі ереже жаз:




  1. ___________________________________________________________

  2. ___________________________________________________________

[3]


  1. Адам қаңқасының қызметін анықта. Дұрыс жауаптарды белгіле ()


  1. Иіс пен дәмді анықтайды.

  2. Денеге пішін береді.

3) Ішкі мүшелерді қорғайды.

[2]




  1. Жеке бас гигиенасы деген не? Оқы және белгіле ().



Адамдардың күнделікті өмірдегі негізгі қажеттіліктерге

уақыт бөлуі




Денені таза ұстау және оған күтім жасау


[1]


5. Суреттен ауаның қандай қасиетін бақылауға болады? Дұрыс жауабын белгіле ().

A) ауа мөлдір

B) ауа серпімді

C) ауаның иісі жоқ



D) ауаның дәмі жоқ




[1]



  1. Берілген шартты белгілерге мұқият қара. Ауаның қандай қасиеттері бар? Жаз.





  1. ___________________ 2) ___________________ 3)___________________

[3]




  1. Судың қасиеттерін белгіле ().



[4]


Балл қою кестесі




Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1



Тіс сау болу үшін үнемі күтім жасау керек/

Тіс ауырмау үшін дәрігерге көрініп тұру керек/...



1


Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы жауаптар қабылданады.

2




1



1) Партада, үстелде денені тік ұстап, түзу отыру керек/ Партада, үстелде басты түзу ұстап, еңкеймей отыру керек.

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы жауаптар қабылданады.

2) Ауыр жүкті екі қолмен кезек көтеру керек/ Денені тік ұстап жүру керек/ Басты көтеріп, иықты бір деңгейде ұстап жүру керек.

1

3

Денеге пішін береді.

1




Ішкі мүшелерді қорғайды

1

4

Бұл денені таза ұстау және оған күтім жасау

1




5

А)

1




6

Ауаның дәмі жоқ/ Ауа дәмсіз

1




Ауаның түсі жоқ/ Ауа түссіз

1




Ауаның иісі жоқ/ Ауа иіссіз

1




7

дәмсіз

1




пішіні жоқ

1

аққыш

1

иіссіз

1

Барлығы

15




5. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.


6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет