Шамалар арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдері: аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағы тәуелділіктерді зерттеу Тура пропорционалдық және оның графигі
Ойлау дағдыларыңың деңгейлі
Қолдану
Жоғарғы деңгей дағдылары
Орындау уақыты Тапсырма
25 минут
1.Төмендегі берілген шамалар арасындағы тәуелділіктерді формула арқылы жазыңыз:
А)Ауданы 63м2 болатын тіктөртбұрыштың ені мен ұзындығы;
В)100 тетікті жасау станогының өнімділігі мен уақыт;
С)Шаршының периметрі мен оның ұзындығы;
Д)50 км арақашықтықтағы жылдамдықтық пен уақыт.
Тура пропорционалдығы бар формуланы тауып, олардың пропорционалдық коэффицентін жазыңыз.
Баланың велосипелпен қозғалысының графигін пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз:
А)Графикте бала қанша уақыт жолда болған?
В)Бала қанша уақыт орнында тұрған?
С)Баланың ең үлкен жылдамдығы қандай болған?
Д)20-шы секундтан 50-ші секундқа дейін бала қанша жол жүрген?
В(3; –4) нүктесінен өтетін және тура пропорционалды болатын графикті салыңыз. Суретті пайдаланып, графиктің формуласын жазыңыз.