«Қатынастар және пропорциялар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау №1
Сынып:6
Білім алушы:
Күні:
Тақырып
Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті
Тура пропорционалдық тәуелділік. Кері пропорционалдық тәуелділік Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару. Масштаб Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера
3,6:8,1= 8:18 берілген пропорциядағы сандарды пайдаланып, басқа неше пропорция құрастыруға болады және оларды жазыңыз.
Күн ыстықта 6 шалғышы кішірек торсықтағы қымызды 1,5 сағатта ішіп бітірді. Осындай мөлшердегі қымызды неше шалғышы 3 сағатта ішіп бітіреді?
Арба дөңгелегінің радиусы 0,5м болса, осы дөңгелек 20 рет айналғанда неше метр жол жүреді? Мұндағы π ≈ 3,14.
Жер бетіндегі 540 км арақашықтық картада 3,6 см-ге сәйкес келеді. Осы картадағы 0,64 дм кесіндіге жер бетіндегі неше километр арақашықтық сәйкес келеді? Масштабты табыңыз.