Жыл санап жайнап, көркейіп келе жатқан Астана еліміз бен Елбасының қуанышына



Pdf көрінісі
бет24/32
Дата11.01.2017
өлшемі14,7 Mb.
#1622
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32

89
атамыздың  әруағына  құран  оқытқалы  келдiк    дей  ме,  әйтеуiр 
өздерi  тауып  алған  бiр  ырым­тиымдары  бар.  Міне,  осындай 
кезде: 
­ Үлкен отаудағы келiн келiп қалды! 
­ Өзипа келе жатыр! ­ деген дабыр шықты. 
­ Өзипа келсе қайте қояйын, бибi Мария тiрiлгендей­ақ, бұл 
қай жағымпазданғаны өңшең шоқыншықтың?! Әлгi қисық мойын 
қанторсығы қасында  жоқ па екен оның?! ­ деп ақшиды Ақан. 
Өзипа  Аймек  дейтiн  ағамыздың  әйелi,  жас  шамасы  менiң 
шешемнен  үлкен  болғанмен  тұрғысы  төмен,  әкемнiң  ағасынан 
туған бiр жалғыздың бәйбiшесi. Бiз отырған үй қара шанырақ. 
Ол есiктен кiре қолын тiзесiнiң үстiне қойып, үш рет шоңқаңдап 
сәлем  еттi.  Бұл  жеңгем  мейірiмдi,  бауырмал,  сабырлы  кiсi 
болатын.  Туыс­туғандар  арасында  әкемнен  қалса  сол  кiсiнiң 
ұйытқылық рөлi күштi едi. Әлгiнде жұрттың “Өзипa келiп қалды, 
Өзипа келе жатыр” ­ деп қуанғаны да сол себептi болатын.
Әдетте  көлденең  өткен  жолаушыны  шақырып  айранын, 
шәйiн аузына төсеп разы­қош етiп аттандыратын шешем де бүгiн 
тiптi көшелi жомарт болып кеттi. Келген кiсiнiң бәрiн aқтaрылып 
қарсы алып жатыр. Құлмақпен ашытылған құймақ, қалың­қалың 
нан, шелпек, бауырсағын дастарқанға қоян жондап төгiп, шақпақ 
қант пен кәмпит де шашып, сыпыра күтiп жатыр. Дастарқанның 
мол болғанына, жиылмағанына бiз разымыз ­ бiр жағынан хиса, 
кеңес тыңдап, бiр жағынан бауырсақ, тәттiлердi де жей беруiмiзге  
болады ғой. Ақан бiз секiлдi қара құлақ, қаспақ мұрынның мұндай 
кездегi  еркiндiгiне  килiкпейдi.  Қайта  шалдардың  алдындағы 
құймақтан ептеп тартып иегiмiздiң астына жақындатып қояды:
­  Oһ,  дүрiлдек,  Қауан!  Алпауытты  қараңдар,  Алпауытты! 
­  деп  Байыз  бен  Малғаждарды  кекеп­мұқап,  басын  изеп,  ернiн 
шығарып  өз  алдына  жұлынып  отыр.  ­  Әбілмәжiн  құйыршық, 
тоқтамайды жыбыршып! ­ деп тағы бiр шалды кекетiп мәз болады. 
Өзi  айтқан  теңеулерге  өзi  мәз  болған  кезде  қабырғамыздан, 
сaнымыздaн  шеңгел  салып  жiбередi.  Бiз  қажының  кенжесiне 
қарсылық бiлдiре aлмaй, қазымыр айғырдың аузынан жасқанған 
тай­ құлындай қайқаң қағып жалыныш бiлдiремiз. 
­ Әкелерiңiздiң басы, жарымаған, жалшымаған, көнi кепкен 
әкелерiңiздiң басы! ­ дейдi ол құлағымызға сыбырлап. 
Құлын қоймаңдаған кезде айғыр оны шайнамай, айдынымен  
ықтырып өтiп кететiнi секiлдi, Ақан бiзден қолын тартып алып, 
Байызды мазақ қылады.   Байыздың  қолы  қысқа,  мейiрiмi 
мол, қаңылтақтай қара шал болатын. Ара­тұра бөртiп, дүрiлдеп 
кететiнi  де  бар.  Сол  мiнезiне  бола  ел  ол  кiсiнi  “батыр”  дейтiн, 
бiрақ батырлығын, ерлiгiн көрген кiсi болмапты. Жау алған, олжа 
салған, бiреудiң бетiн қайтарған iсi де жоқ екен. Әйтеуiр бiздiң 
үйге  кiре  бере  қожырайып:  “енең  тiшікейiн  сол,  а”  деп  әкемдi 
қамшымен тартып­тартып жiберетiн. 
­ Ойбай, тақсыр­ау, неден жаңылдым, неден жаздым?! Mенi 
қолыңнан сұрап алатын пенде болмағанымен, құдайды қайтесiң, 
өзi куә ғой! ­ дейтiн әкем басын қорғаштап. Бакен шал содан кейiн 
ғана қарғаның бaлапанындай аузын аша қарқылдап, қамшымен 
кебiсiн босағаға тастап, төрге қораздана барып отыратын да, үй 
iшiне ықыласты амандасатын.
­ Бала­шағаларың аман ба? Балалар, сендер де аман жүрсiңдер 
ме!  Бәрiң  бүгiн  Батидiң  қасына  құралып,  тiлеуге  жиналғандай 
бола қалыпсыңдар ғой. Немене, ақ түйенің қарыны жарылып па? 
­ деп cұрaйды cәлeм eткeн үлкен­ кiшi әйелдерге.
­Тәңiр  жарылқасын,  қосақтарыңмен  қоса  қартайыңдар. 
Ғұмыр­жастарың ұзақ болсын! ­ деп емiренедi сосын. 
­ Әлгi торы келiнің қайда, Қанапия? Мынадай қызық думанда 
oл неге жоқ?! Ауырып­сырқағаннан сау ма өзi, ­ деп жанашыр 
жақындығын  бiлдiредi.  Ол  кісінің  жоқтағаны  үлкен  ағам 
Қауанның келiншегi Бану болатын. 
Әкем  Қанапияның  маңайындағы  елге  ұқсамайтын  бiрнеше 
мiнезi болушы едi. Ғылым, бiлiм, мәдениеттi дәрiптеп, жасанды, 
жалған,  жағымпаз  қылыққa  өшiгетiн.  Табиғат  дүниесiндегi, 
жаратылыстық    әлемдегi  барша  зат  бiрi  мен  бiрi  тең  деп 
қарайтын. Жүйесiз уaғыз таратқан жалған тарих, шариғат, заң­
ереже жасаған молда­қожа ғұламалармен қағысып: 
­ Шала молда дiн бұзады, өртейтiн кiтап, өлтiретiн молда бар! 
­ деп азғындыққа қарсы тұратын. Қазақ салтына ислам дiнiмен 
жарыса кірген бiр сыпыра надандыққа қарсы болатын. 
­ “Ораза­намаз тоқтықта, басқа  түскен жоқтықта, қақылдаған 
молданың сәлдесi қалар боқтықта”. Әйел кем­қор болса, Абақ, 
Мұрын,  Қызай,  Тасбике  қалай  ел  атанды?  Қыз  Жiбек,  Құртқа, 
Гүлбаршын,  Баян,    Еңлiк,  Мамыр,  Сәлиқа  секiлдi  кесек  тұлға 
қайдан шықты?.. Арабтың Бибатимасы, христианның Мариясы, 
орыстың Екатеринасы, ағылшынның ең ұлы патшасы әйел емес 
пе  едi.  Мұхаммедтiң,  Қайсанын,  Мұса,  Нұх,  Қызыр,  Ильяс, 
Сүлеймен  пайғамбарлар  дүниенi  дүр  сiлкiндiрген  патшалар 
батырлар әйелден туған ғой! ­ деп ағыл­тегiл сөйлеп кететiн.  
Mен қаршадайымнан бiр беткей, қыңыр­қырыс болып өсiппiн.  
Өзiмнен кейiнгi қарындасымды туыс есебiне қоспайды екенмiн: 
“Мына екеуi қыз, кенже бола алмайды, шаңырақ баса алмайды, 
кенже менмiн! ­ дейдi екенмiн. Жеңгем Банудың еркек балаларды 
жығып кетуiне де өлердей намыстанатынмын. Осы мiнезiм үшiн 
ағаларым  менi  жақтырмайтын.  Әкем  мен  үлкен  ағам  Қауан  да 
ұнатпайтын  секiлдi  едi.  Көп  ұлдан  кейiн  туылғандығынан  ба, 
әлде мiнезiнiң жiбектей, зердесiнiң алмастай болғандығынан ба, 
әкем, ағаларым қарындасымыз Сағиланы “Төрем” деп ала  бөтен 
еркелетедi.  Кейiн  Қизат  туылғанда  ағаларым  малақайларын 
аспанға лақтырып: 
­  А,  құдай­ай,  бердi  ғой  тiлеуiмiздi,  мына  су  ауыз  иттiң 
қорлығы  өтiп  едi,  аузына  тыштың  бәлемнiң!  ­  деп  қызылшақа 
нәрестенi  төбелерiне    көтерiп,  менен  хандық  құқықты  тартып 
алғандай­ақ алақайлаған. Ағаларыма қарындастарыма тақымым 
қатты батып кеткенiн сонда барып сезiндiм.
­  Мошасы  бар  екен  қарғамның!  ­  деп  қуанған  Сағиланын 
сәбилiк қуанышы менiң тоғышарлығымды басқа ұрғандай едi. 
Қау атам мен Ашаудың бөлек қыстау көтерiп, айдың­көлдiң  
түстiгiндегi шилі жерге орналасқанын, сетер келiн Банудың екi 
қабат  екенiн  бiлген  Байыз  бағанағы  сөзiн  одан  әрi  қуаламады. 
Әбiлмәжiн айтып отырған бiр әңгiмеге зейінін салып: 
­Ой,  ой,  ол  заманда  жер  дауы,  жесiр  дауы  дегендер  толассыз 
болып  тұратын  ғой,    Қанапия,  Тезекбай,  Есбосын,  Мәлгаждар 
төртеуi  қатар  шыққан  кезде  қандай  қан  майдан  болса  да  тiзе 
бүктiрмей, құралын тастаттырмай қоймайтын! ­ деп бiр көпсiп алды. 
Әкем төңiрегiнде жүрген елдiң бiрiн­бiрi албаты қолпаштауын, 
жазғырып  келекелеуiн  жарамсақ,  жат  мiнез  санайтын.  Байыз 
өзiнiң атын атап қалған кезде: 
­Әттең, батыр­ай, қайдағы қаймана бiрдеменi көпсiте бередi   
екенсiз­ау! Тәтейдiң мықтылары атанып, ел аузында соншалық 
дабырайғанда  қайсы  жауды  алып,  қанша  олжа  салған  едiк?! 
Cойылға жығылған, басы жарылып, көзi шыққан тағы да өзіміз, 
өз елiмiз  едi ғой! ­ деп созақтата күрсiнiп қойды. 
Әкемдi    жабықтырған    мұндай  әңгiме  су  сепкендей  тез 
басылды да, Рақай нар қурайдан  жасап алған сыбызғысын дер 
кезінде  бабына  келтiрiп,  хикметтей  бiр  сарындарды  боздата 
бастады.  “Дайынкөл”  “Жалқы  аққу”,  “Жетiм  қыз”,  “Құла  түз”, 
“Ақ  қаба”,  “Ақсақ  құлан”,    “Жорға  аю”,  “Сары  бел”,  “Жарық 
қурай”,  “Ақтабан  шұбырынды”    секiлдi  ылғый  зар­наланы 
толқытты келіп. Мұндай сәттерде менiң көңілім алай­дулей бола 
бастайтын. Рақай сыбызғысын тартып отыр. Бозiнгеннiң боздаған 

90
емес,  әкем  Қанапия  мен  шешем  Кәмилада  тұрғандай  болатын. 
Әкем  айтатын  шежiре,  қисса,  айтыс,  жырау  жырлары,  ұлттың 
мәдениетi  мен  намысы;  шешем  ұстанған  береке­бiрлiк, 
қалтқысыздық  маңайымыздың  ұйытқысы    болатын.  Ағайын­
туыстардың  өнер  бiлiм  иелерiнiң,  жаңалыққа  жаны  құштар 
адамдардың бiздiң үйге көбiрек топталып қалатын себебi осы ғой 
деп ойлаймын. Дегенмен өз мiнезiм әке­шешемнен гөрi  Ақаңа 
көбiрек  тартқанын бiлемiн. Мейлi, сол кiсiге тартса тiптi жақсы
қажының сүт кенжесi, мүмкiн елдiң еркесi, әдiл қазы ғой ол.
Қазан айының соңын ала әкем бiздi Тесiкбейiттегi бастауыш 
мектепке  алып  барды.  Асты­үстi  тақтайланған  ерсiлi­қарсылы 
алты  ауыз  үйдiң  коридорына  кiре  бере  аңырып  тұрып  қалдық. 
Мектепте жан пенде жоқ. Барлық сынып, бөлме қанырап бос тұр. 
­  Оқу  басталады,  қазан  айының  бесiнен  қалмай  мектепке   
жиналыңдар  ­  деп  Елубай  мұғалiм  дүрліктіріп  кеткен.  Залдың 
iшi    бiздiң  дауысымызға  жаңғырып  күнгiр­күнгiр  сөйлеп  тұр. 
«Әп бәле!» деген менiң үнiмдi елеуретiп жiбердi. Тiптi онан да 
көтерiп айғайлағым келдi. Амал не? 
­ Ғалым! ­ дедi зал терезесiнен далаға зер салып қарап тұрған 
әкем. ­ Ақырын сөйле, балам!.. 
Тете  ағам  Қадым  екi­ақ  күнде  азамат  болғандай  кiсiлiктене 
қалыпты:
­ Даурықпасаңшы, мұғалімдер келiп қалар! ­ дедi ширатылып. 
Тұлым  шашы  лақтың  құйрығындай  сепсиген  қарындасымыз 
Сағида  әр  бөлменің  есiгiнен  сығалап,  ұясынан  тұнғыш  рет 
сыртқа  шыққан  қоян  көжегiндей  жәудiреп,  төңіректің  бәрiне 
үрке  қарайды.  Әкем  осы  үшеумiздi  бірден  қатар  оқытпақшы. 
“Мектеп ашылды” дегеннен берi бiздiң үстiмiздi бүтiндеп, қағаз­
қарындаш  алып  берiп,  шешеме  боқша  жасаттырып:    «Менiң 
қарғаларым оқиды. Сәдiкенiм Москваға барады. Мына су ауыз 
Бейжiңге барады», деп жүрген. 
Немере  ағаларымыз  Ашау  жазда  он  шақтымызды  жиып 
алып, аз уақыт дiн сабағын оқытқан.  “Әлiпте жоқ би астында бiр 
нүкте, ти астында екі нүкте, си үстінде үш нүкте” деген оқуының 
не жырғататынын да бiлмеймiз. Онанда ертегi, хиса, қара өлең, 
жыр айтқызатын оқу болса ғой! Осының бәрін ойлап, бiр залдың 
iшiнде  бұйығып  тұрған  кезiмiзде  бiр  топ  атты  кiсiнiң  мектеп 
сыртына келiп түскен дыбыры бiлiндi.
­  Ассалаумағалейкум!  Хал­ахуалыңыз  калай,  жай­күйiңiз 
жақсы  ма?  Мал­жан,  бала­шағаңыз  тегiс  аман  ба?  Қане,  мына 
бөлмеге кiрiңiз! ­ деп залдың кiре берiсiндегi үйдiң есiгiн ашты. 
Мектептiң  меңгерушiсi  ­  Бақытхан  екен.  Оның  артынан  арда 
еметiн тайдай iлесiп жүрген бүрме бел, ұзын қызыл тонды,  аласа 
адам Елубай мұғалім едi.
Оқытушылар кеңсесі таза, жарық, көңілдi де, жылы сияқты. 
Төр  алдындағы  қабырғада  бiрнеше  сақалды  кiсiнiң  рамкаға 
салынып, бетiн әйнекпен қоршаған суреттерi тұр, анау бет­аузын 
тұлайым сарғыш түк қоршаған екеуiн орыстың құдайы болар деп 
жобаладым. Oдан кейiнгi маңдайы кере қарыс өткiр көздi, шоқша 
сақал кiсi сөйлеп кететiн сияқтанды. Иығы мен кеудесiне сары 
ала тұрман самсытып тастаған  шалғы мұртты, қызыл кiсi өзгеше 
көз тартып, құдайлардың төресi  менмiн дегендей болады. Бiздiң 
көз қиығымыздағы сұрауды айтпай бiлген меңгерушi:
­ Бұл кiсiлер еңбекшi халықтың көсемдерi – Маркс, Энгельс 
Ленин, Сталин! Ұрпақтың көзi қаныға берсiн деген оймен Совет 
дауысы  сай  шатқалды  жаңғырықтырып,  жақпар­жаламаны 
дүрлiктiрiп  кең  өлкенi  кезе  безiлдеп  бара  жатқан    сияқтанады. 
Мен екi алақаныма иегiмдi сүйеп ұйып отырмын. Iнген дауысы 
бiрте­бiрте әлде кiмдей жас ананың зарына айналады. Ауылына  
жау тиiп, ерi қан майданға кетiп, баласына қарап қалған ананың  
нәрестесiн  озбыр  дұшпан  өлтiрiп  кеткен  секiлденедi.  Сол 
жаудың  артынан  ендi  өзi  аттаныпты,  балапанының,  қырылған 
ел­жұртының кегiн алмақ. Үлкендердiң сабырға шақырған, үрей 
салған сөзiне қарайтын емес, толқынды қара бұрымын төбесiне 
шарт байлап, қызыл атлас көйлегін шалбарланып, құла төбел атқа 
мiнiп, бес қаруын асынып алыпты. Оның қап қара жанарынан жас 
парлап,  қомақты  ерiнi  албырай  түскендей.  Күйдің  аяқтағанын, 
сыбызғының  тынғанын  мен  елдiң  бырсылдаған  танауынан, 
сыңсыған өксiгiнен ұқтым. 
­ Уа, қол аяғыңа дерт бермесiн Рақай! Мың бол, жарқыным! 
­  Қосайдан  тусаң  осылай  ту!  ­  деген  кiлең  алғыс  үй  iшiн 
кернедi.
­ О, Галияр, мына  шалдардың  сусынын  қандырдың толайым 
­ деп Ақан оны бiр мытып қалды да төбесiнен  иіскедi ­ Елiңдi сен 
разы етсең, сенi құдай разы етсiн! Тiрi жүр, қу жалғыз! 
­ Әумин, әумин, айтқаныңыз келсiн, әруақты атаның кенжесi, 
шайхы бурһ әулием! – дедi,  Рақай барынша  қусырылып, Ақаңа  
тәжiм еткендей болып. 
Күйден  кейiн  кiсiлер  далаға  шығып  кеңiп  келдi  де,  табақ 
тартылды. Табақ  шалдардың алдына апарыла  берген  кезде әкем:
­  Мұны    Рақай,  Сәрінжiптердiң  алдына  апарыңдар.  Әбе, 
Мәке,  Бәке  “Бекіренің  етiн  жемейтiн  қайран  басым  назданып, 
кой сасықтың етiн жедiм­ау аузы­басым базданып” дептi ғой бiр 
балықшының қызы. Сол айтпақшы, Ертiстiң  марқасы мен бағланы 
тұрғанда мынаған тiс ауыртып қайтесiздер! Қайнағаларыңа бiтеу 
шәугiмiңдi тарт, бәйбiше! ­ деп шешеме қарады. 
Бiтеу  шәугiм  айтса  айтқандай  сый­кұрметтiң  асы  едi.  Там 
үйдiң  балшық  пешiне  қамыс,  қараған  турап  жағып,  әбден 
қыздырып  алған  соң  күл,  қоламта,  шоқ  бiткендi  сыпырып 
тастайды да, шүмегi жоқ үлкен жез шәугiмге қызыл сазан секiлдi 
балықтардан  нығарлай  толтырып,  бiр  кесе  су,  бiр  кесе  балық 
майы, қалампыр, бұрыш, тұз секiлдi дәмдеуiштер қосып салып, 
қақпақты мықтап бекiтедi. Tандырдың iшiндегi осы шәугiм бес 
минутта­ақ ысқырып дыбыс шығара бастайды. Жиырма минутта 
піседі.
Қонақтар  тамақты  сүйінiп  жедi.  Aзаматтар,  балалар  еттi, 
палауды таңсық ас көрсе, қарттар қылтан сүйегi ерiп кеткен бiтеу 
шәугiмге ортақтасты.
­  Паһ­паһ!  Бағлан,  марқа  дедiң­ау,  Қанапия,  оны  жеп 
жүрмiз ғой. Мынауың пейiштiң тамағы ма өзi, тiлдi үйiредi ғой. 
Балықтың  қылтаны  болады  дейтiнi  қайда?!  Мынауыңда  кiсi 
тәбетiн  үйiргеннен  баска  қылтан,  сүйек­саяқ  қорқынышы  жоқ 
қой. Ерiп кеткен­ау деймін түге! ­ дейдi бадырақ көздi, қошқар 
мұрынды, ескеуiлдеп сөйлейтiн Мәлгаждар.
­  Бәти  мақтағанды    мақтай  беремiз­ау  жағымпазданып, 
әйтпесе,  ата­бабамның  асы  ет  пен  палауға  жетер  тамақ  болған 
ба  тәйiрi!  ­  деп  шалдардың  табағынан  бiр  асап  қалған  Рақай, 
үй  iшіне  аңыра  карап,  аузының  дәмiн  алғандай  бiраз  отырып 
қалды да: «Үй мынау қайтедi өзi!» ­ деп қасығын  көтере солай 
қопарылып кеттi.
­  Ай,  Ғаяр  жөлiк,  шайтан  мұртыңды  батырма  шалдардың 
табағына,  Байыздың  иманы  шошиды,  перiштесi  сескенедi. 
Қарқылдағанына қарға екен деп отырсың ба, тарт мұртыңды, көз 
тиедi. Ол кiрпияз, нәзiк кiсi! ­ дейдi Ақан, Бәкен шалды иегiмен 
нұсқап.
Мұндай  дастарқандарда  әйелдер  күлмеу  үшiн  терiс  қарап, 
қысыр кеңесте отырған болысады. Бiздiң күлгенiмiзге үлкендер 
елең  қылмайды.  Ақанның  кекеп­мұқауына,  iлiп­тартуына  тiптi 
бойлары  үйренiп  кеткен.  Мынау  отырған  кедей  шалдарды 
қойып,  бетiне ел қарай алмайтын байлар мен билердi де “көсе”, 
“жеменгер”,  “борсық”    “барылдақ”,  “тампыс”  деп  атай  бередi. 
Зәуде әкем Қанапия солай деп қалған болса, бiрi емес бәрi ашуға 
басып неше тоғыз айыпқа жығар едi. Ақанды  кiресiлi­шығасылы 
есi бар, жарым жан адам көрiп мүсiркейтiн болса керек. Менiң 
түсiнуiмше, бiздiң үйдiң құт­берекетi өткен ата­бабаларымызда 

91
қазақ елi баспасынан оқулық, әдебиет кiтаптарын, жер бедерi мен 
көсемдердiң  суретiн  алдырғанбыз.  Шәріпхан  марқұмның  бiзге 
әкелiп берген есе теңдiгi осы! 
  Шақаң  елі  үшiн  еңiреген  ер  едi  ғой!  Билеушi  жiктен  бiз 
бiлгенде  мұндай  кеменгер,  халықшыл  кiсi  шыққан  емес! 
Алтайдың барлық аудан, ауыл, қыстағынан мектеп салып бердi. 
Егiн ектiрiп, отырақты көп кәсiптi ел  болуға үндедi. Қолға қару 
алып iшкi­сыртқы жаудан өзiмiздi­өзiмiз қорғауды үйреттi. Баспа 
ашып, кiтап, газет шығартып едi, есiл  боздағым! ­ деп күрсiнiп 
қойды.
Шәріпхан  деген  кiм,  Маркс,  Энгельс,  Совет  өкiметi  деген 
немене  ­  оны  мен  бiлмеймiн.  Мен  тұрмақ  әкем  де  сол  кiсiсiн 
танымайтын секiлдi. Мектеп меңгерушiсi: “Бұл кiсiлер еңбекшi 
халықтың  көсемдерi”  деп  таныстырған  кезде  әкемнiң  буырыл 
сақалы  болымсыз дiрiл қағып, таң­тамаша болғандай жасаурап 
қарап  отырды.  Ернiнiң  жыбырлағанына  қарағанда  дұға  ма, 
мінәжат па, әйтеуiр, бiр тiлекке ұйып қалған тәрiздi едi.
­  Мектептiң  есiгін  бүгiн  ашпақшы  едiк!  ­  дедi  Бақытхан, 
әкемнің  астына  орындық  ұсынып  жатып,  ­  бірақ  бiрнеше 
ауыл  қыстауларына  кiре  қоймапты.  Ақши,  Сарықұм,  Қыран 
жағасындағы  күзеулерiнде  отыр.  Келесi    жұманың  бесi  күнi 
мектепке түсіретін отындарын, жарнаға арнаған малдарын, оқу 
жасындағы  балаларын,    бәрiн  бiр­ақ  әкелетін  болды.  Ауылдық 
өкiмет, аудандық оқу­ағарту бөлiмi осы жобаны ұсынды. Ciздер 
де сол күнi келiңiздер.
Сонымен көп ұзамай мектепке бардық. 
Барлық  жанұяның  алақанға  салып  әлпештеуi  себеп  болды 
ма, жок өзi зейiндi ме, қаршадай Сағдия Кәден екеумiзбен қатар 
мектепке  түсiп,  үздiк  оқи  бастады.  Менiң  аңдыған,  баққаным 
ләңгi (ташан) тебу, кагар ойнау. Ләңгiден елу­алпысты iркiлiссiз 
теуiп,  бес­алты  калла  атып  жiберушi  едiм.  Қалың  баланың 
oртасында мұның өзi зор абырой, өнер саналатын.
­ Ой,  не деген керемет!
­  Жоқ,  өтiрiк  санады,  қаралық  iстедi.  Mен  шыдамаймын!  ­ 
деген  сайын  өршеленесiң.  Дәл  ортасындағы  тесiктен  ешкiнiң 
қылын, жылқының майда жалын өткiзiп, сына қағып тебiлетiн, 
бетiн  өткiр  пышақпен  қырып,  қарып  тастаған  мыс  жармақты 
тымақ  астынан  төбеңе  төңкерiп  тастүлегіңдей  баптайсың.  Жүз 
қайтара  тепсең  де  аяғына  үлпiлдеп  келiп  тұратын  ләңгi  осы. 
Жамбас,  жая  жүні    жұлынған  сиыр  көрiнсе  “атаманға”  доп 
жасалған екен дей беруге болады. Басқа малдың түгі доп  етiп 
пісіртуге келмейдi. Сиырдың жамбас, жая жүнi ғана байланғыш 
келедi.  Аз  ғана  дым  бүркiп  жiберiп,  екi  алақаныңды  кеуектеп 
жұмарлай  берсең,  мыжғылаған  сайын  қатаяды.  Жұдырықтай 
түйiлген соң терi, немесе былғары қиқымымен қаптай саласың. 
Атаманның  добы  дегенiмiз  –  мiне  осы.  Он,  он  бес  баладан  екi 
ұдай болып жарыс саламыз. Таяқ ұстаушы  допты неғұрлым алыс, 
қиырға ұрып жiберсе сол ғұрлым жақсы. Оның өзге жақтастары 
атаман бастайтын сызықтан тағы бiр белгiленген көнбеге барып, 
тiзгiн  ұшымен  қайтып  келемiз,  зәуде  қарсы  жақ  допты  бiрiне­
бiрi лақтырып жеткiзiп, бiздiң бiреуiмiздi көмбе сыртынан ұрып 
кеткен  болса,  мұндай  жеңiлiс  жағдайында  да  естен  жаңылмау 
керек. Допты сарт етiп ұстап майданға әлi кiрiп болмаған қарсы 
тараптың  бiреуiн  ұрып  жiбере  алсаң  жеңiсiңдi  сақтап  қалған 
боласың. Дарыта алмасаң, әрiптесiң жеңедi де сен жеңiлушiнiң 
орнына шығасың. Атаман ойыны да қызық­ақ. 
Ойын­күлкiден  қала  берсе,  менiң  көбiрек  шұғылданатын 
бiр  ермегiм  дәрменсiз  балалармен  қақты­соқтығып  ойнау  едi. 
Мiнiп келген  атын, көлiгiн еш себепсiз шешiп қоя берiп, жаяу 
қалдырамын.  Түскi  демалыста  жеу  үшiн  әкелген  қалта­қалта 
азықтарын сыпырып аламын, жар  жағала  п жүрген балаларды 
құлатамын. 
Бiр  күнi  мынадай  сорақы  iс  болды.  Мектептiң  маңайында 
кезiнде  алтын  қазылғаны,  немесе  су  шығарылмақ  болғаны 
белгiсiз, терең­терең құдықтардың арнасы болушы едi. Ернеуiне 
алабота,  қурай  өсiп  жаздыкүнi  тереңдiгiн  байқатпай    тұратын. 
Соның  бiреуiне  Латай  деген  сабақтасым  үңiлiп  тұр  екен,  мен 
артынан жасырынып келдiм де, итерiп қалдым. Латайдың басы 
еңiске қарап құдықтың iшiне күп ете түстi.
Маңайда ойнап жүрген балалар шу­шұрқан салды:
­ Ғалым адам өлтiрдi!
­ Ғалым Латайды құдыққа итерiп жiбердi!
­ Ғалым бағана Зарыққанды қыз деп келемеждеді.
­ Ғалым қойға келген қотыр ешкi болды!­ дейдi.
Латайды  құдыққа  тастап  жiбердi  дегендi  естiген  Қадым 
жүгiрiп  келдi  де,  шапалағын  бетiме  жанып­жанып  жiберiп, 
құдыққа  қарғып  түстi.  Латайдың  басы,  денесi  қасат  қардан 
көрiнбейдi. Қалақтай қара етiгi ғана  тыпыр­тыпыр етедi. Қадым 
оны қардан суырып алғанда, шар етiп  жылап жiбердi. “Құдайға 
шүкiр, өлмеген екен ғой” ­ деп мен өз көңлiмдi аптап тұрғанда, 
жауырын  ортамнан  тиген  күштi  тепкiден  қалпақтай    ұштым. 
Хамит  ағам  келiп  қалған  екен  ғой,  бала  жанды  кiсi  едi,  ендi 
өлтiредi­ау  деп  қолтығымның  астынан  сығаласам,  менi  ұрған 
Елеубай  мұғалім  екен.  Қолтығында  балалар  құйрық  қойып 
отыратын  ұзын  тақтай  орындық  бар.  Екi  құлағы  тебiнгiдей 
қалқайып тағы да ұрып жiбергелi тұрған сияқты. Сынып iшiнде 
тонының ұзын жеңi де бетiме  неше дүркiн сатыр­сұтыр тиген 
болатын. 
­  Үнемі  сабақтастарыңды    шұқылағанша,  сабағыңа 
қарасаңшы! ­ дейтiн.
Қонырау  соғылып,  өзге  оқушылардың  бәрi  сыныпқа  кiрген 
кезде мен далада қалдырылдым. Елеубай мұғалiм қолыма екi тоң 
кiрпiштi көтертiп, ызғырыққа, жалаңбас қарсы қаратып, сынып 
терезесiнiң сыртына тұрғызып қойды. Әбдiқадiр деген иісалмас 
оқушы  болушы  едi,  оның  неден  жазғанын  бiлмеймiн,  менiң 
қасыма соны әкелiп, оны да жазалап тастады.
Бiз далада ұзақ тұрдық. Әбдiқадiр боздап жылай бердi, мен 
жыламадым.  Сабақтан  тараған  соң  ойналмай  қалатын  ойынға 
ғана  өкiнемiн.  Жарғақ  терi  шалбардың  борбайымды  қаруы, 
қолымдағы кiрпiштiң сүйектi қапқан суығы бiрте­бiрте бiлiнбей, 
саусағымның  ұшы  тызылдағанын  ғана  сезiндiм.  Қарындасым 
әкелiп  берген  Қадымның  терi  қолғабын  кимей  жалаңаш 
қолыммен  көтерiп  тұрмын.  Тоңғандықтан  емес,  бiлегiмнiң  
қарымы талғандықтан дiрiлдейтiн сияқтанам.
­  Әй!  Боқ  мұрын,  су  ауыз!  ­  деймiн  өзiм  жетісіп  тұрғандай  
Әбдіқадырға зекiп: ­ Сүрт көз жасыңды, мұрын боғыңды! Ержiгiт 
бiр күпiнiң iшiнде неше арып, неше семiредi деген қайда?!
Меңгерушi  мектептен  көрiнбегенiне  бiр  аптадай  болған. 
Оқушылар  сабақтан  тараған  соң  да  біз  үйге  қайтарылмадық. 
Әбдiқадiр,    Манап  үшеумiз  түпкi  бiр  үйге  айдап  кiргiзiлдiк  те, 
еден  тақтайдың  астындағы  жер  төлеге  қамалдық.  Үстi  тақтай, 
асты  құрғақ  топырақ  бетке  ұратын  өкпегi  жоқ    жылы  мекенге 
келгенiме мен қуанғаныммен, Манап, Әбдiқадiрлар қайғырды.
­Тiрiдей  көрге салу деген осы ма?!
­ Мен ендi оқымаймын бұның мектебiнен. Ауыздан су ағуы 
да күна бола ма екен?
­  Мектепке  отын  түсiре  алмағаным  үшiн  қамады  менi!  ­ 
дедi  Манап  күйзелiп.  Оның  әкесi    Жота  төсек  тартқан  науқас 
болатын. Iнiлерiнiң бәрi жас. Ең үлкенi, қажетке жарағаны осы 
Манап менiмен жасты. Жотаның  iнiсi Әбілхақ, Едахамдар неге 
жәрдемдеспейдi  екен?!  «Әбілмәжін  құйыршық,  тоқтамайды 
жыбыршып”  –  деп  Ақан  айтқандай  берекесiздiк    сол  шалдың 
өзiнен тараған ба екен деп ойладым мен.
Ел орынға отыра бере Нұрәділ шалдың күжiлдеген дауысы 
мен  Әлпизаның шаңқылдаған үнi естiлдi:
­ Әбдiқадiр, әй,  Әбдiқадiр,  қайдасың?!

92
­ Бұлар бала оқыта ма, абақты, зынданына адам қамай ма? 
Бұл не  сұмдық,  жаратқан­ай!
Әдiл  атты  мылқау  шал  бөлмелерді  сыпырып,  пешке  от 
жағып,  қоңырау соғып жүретiн. Нұрәдiл мен Әлпиза сол кiсiнi 
ертiп келiп, зал есiгiн аштырғандай болды. Екi­үш кiсiнiң түнгі 
жүрiсiнiң өзi мың жылқы өрiс аударғандай дүбiр еттi.
­ Бүйтетiн болса қайтып бала оқытамыз, құрып қана қалсын 
мұндай  мектебi!  Балаларымды  қолынан  жетелеп,  қайыр  сұрап 
кетсем де көзге түрткi  ете алмаймын.
­ Ашу алды, ақыл соңы ғой, Әлпиза келiн, бұлардың өзiңде 
де  бiр  мiн  болған  шығар.  Ұстазды  сыртынан  балағаттау  бала 
тәрбиесіне лайық емес! ­ дейдi Нұрәділ шал. Менiң  қиғылығымды 
Қадым мен Сағатайдан естiп әкем де келiп қалған­ды. Бiрақ ол 
Әлпиза мен Нұрәділдей оқыранып үстiме түсiп кеткенi жоқ.
­ Әдiл, мынаны қамаған жерiне қайтадан жауып таста, қазақы 
көңiлмен жылу бере қоярма деп асығыс келген едім. Үлгерiппiн 
әйтеуiр, көкейiне жылт қонбаған жанға жылу да қонбайды. Үйге 
жеткенше ат бауырына алынып қамшы жегеннен гөрi, жер төледе 
жатқаны өзiне де залалды емес! Жаны олжа ғой, әйтеуiр! ­ дедi 
қамшысын  көзiме  бiлеп,  салмақты  тарғыл  үнiнен  де  долырған 
сәтiндегі қаталдығы байқалаып.
Мен өздiгiмнен зынданның iшiне қайта түстiм. Қамшысымен 
қолтығын кере тартқанда бұқаның бас құйқасын қарыс айырып, 
атпал  азаматты  мұрттай  ұшыратын.  Әкемнiң  мынадай  ашулы 
шағында алдында болудан сескендiм. Оған қарағанда мұғалiмнiң 
жазалауы,  Хамит  ағамның  сойылдауы  түкке  тұрмас  едi.  Әкем 
өтiрiк  қуанып,  өтiрiк  ыза  болатын,  жалған  намыстанатын  кiсi 
емес.  Бала­шағасына  зейiл  болғанымен,    айыбын  кешiрмейдi. 
Өзi ұйғарған байламды кiмге болса да орындатқызбай қоймайды. 
Оқушылардың  ат­көлiгiн  шешiп,  азығын  булағанымды, 
Зарыққанға “еркекшора”, Елубайға “мегежiн” деп ат қойғанымды 
естiмеген  болса  керек,  естiсе  бүгiн  өз  қолын  өзi  ұстамай­ақ, 
терiмдi терiс сояр едi. Латайға зәбiр көрсеткенiме ғана ыза болған 
тәрiздi.  Мен  жатқан  зынданның  бетiндегi  тақтайдың  мықты, 
әлсiздiгiн тепкiлеп көрдi де: 
­ Шығарма мұны! Өлсе құнсыз, тiрi қалса имансыз бұл! ­ деп 
шығып кеттi.
Бiздi iздеушiлер мектеп төңiрегiнен сейiлiп, жақын маңдағы 
қыстаулар кiш ­кiштеп малын қоралап болған соң, төңірек құлаққa 
ұрған танадай сап болды. Өзге сабақтастарым қазiр өз үйi, өлең 
төсегiнде  жатыр­ау. Әкемнiң жаны маған қалайша ашымайды. 
Партамен  ұру,  кiрпiш  көтертiп,  шақылдаған  аязға  тұрғызып 
қою,  сабақтастарымның  көзiнше  жәбiрлеу    жетпейдi  ме  маған. 
Осы  қатiгез  шалды  қоя  бергенше  Қасым,  Рахат  ағаларым  неге 
келмедi екен. Әлгiнде ғана жып­жылы сезiлген тар жертөленің 
iшi  ендi  сүркей  тарта  аңырап,  суық  кеулеп  жатқандай  болды. 
Туыс­туғанымның, мұғалімдер мен сабақтастарымның ықылас­
мейiрiмiнен  айрылған  екенмiн,  аралық,  жылдық  сынауларда 
мiнез нөмерiмнiң үштен озбайтынына қарағанда өзiмнiң де құдай 
сүйер қылығым жоқ секiлдi. Әкемнiң және мектептiң ашуы сең 
кернеген  көктемгi  Ертiстей  лықсып,  бұрқ­сарқ  қайнап,  ақыры 
бүгiн  арнасынан  асып  төгiлдi.  Арнадағы  кедергi  көпе­көрнеу 
өз  қырсығым  болды.  Ойынды  азайтып,  тәртiбiмдi  дұрыстап, 
сабағымды  жақсы  оқысам,  ұрлық  қылып,  өтiрiк  айтпасам  менi 
кiм жек көредi! Ай,бұдан кейiн сөйтермiн­ақ!
Мен  суықтан  жаурап,  қалжырай  бастаған  мезетте  зал  есiгi 
ашылып, тағы бiреулердiң келе жатқаны бiлiндi. Бұл кiм болды 
екен Елубай мұғалiм ба, алде Қауатам мен Шәпемнiң бiреуi ме жок, 
Әлпиза  мен  Нұрәдiл  ма  деген  дәмемен  зынданның  төбесiндегi 
тақтай  саңылауынан  сығалап  көргенше  асығып  жатырмын. 
Ағаларым  болса  бұртиып  тұлданғым  келедi.  Басқа  бiреу  болса 
бөлмелердің  бiреуiне  шығып,  от  жағып  жылынуды  өтiнбекпiн. 
Шишалы  керосин  шам,  бiр­екі  қолтық  көрпе  көтерген  күзетші 
Әдiл мен менiң сабақтасым – Қабылақат келе жатыр екен. Жер 
төленің  төбесi  ашылған  соң­ақ  Қабылахат  менiң  қасыма  түсiп 
ала келген ыстық тамағын ұсынды. Мен селк ете түстiм. Әкемнiң 
“көкейiне жылт қонбаған адамға жылуда  қонбайды!” деген сөзi 
құлағымның түбiнен жаңғырып өткендей болды. 
­ Бұл...бұл нең,­ дедiм кекештеніп. Қабылахат менiң үрейiмдi 
түсiне қойды: 
  ­ Бәтiкеннiң лебiзiн бұл жердегi туыстар да жыға алмады. 
Сенiмен бiрге зындан iшiне түнеп шығуды маған жүктедi. Мұны 
бiлсе  де  айыпқа  бұйырмайды  деп  көрпе­жастық,  тамақ  берiп 
жiбердi,­ дедi. 
Келгенiмiздiң мәнi осылай дегендей, Әдiл ағай да басын изеп, 
қолын ербеңдетiп, әлдене жайлы ымдап, әуре болып жатыр. 
Қабылахат екеумiз сол күнi жер астында түнеп шықтық. Мен 
әкем кескен әдiл соттың күнәһарiмiн. Қабылахат туыс көңiлдiң 
қара лағы болды. Таң атқан соң бiз залға шықтық. Тазалықшының 
бөлмелердi  тазалау,  отын  ұсақтап,  от  жағу  iсiне  жәрдемдестiк. 
Жұмыс байыған соң Қабылахат менi таңертеңгi шәйға шақырып 
едi, мен бармадым. Әдiл ағай менiң бас тартуымды орынды көрдi:        
­ Әурелеме, өзiң тамақтанып кел! ­ дегендей көрпе­жастықты 
Қабылахатқа  қолтықтатты  да,  үйiне  қоя  бердi.  Өзi  сәрсемтал, 
сексеуiл, жыңғыл ұсақтап бөлме, сыныптарды отынға толтырып 
жүрдi.  Мен  отқа  қыздырынып,  терең  қиялға  батып  отырмын. 
Өткен  жексенбiде  қоян  аулаған  едiм.  Ертiс  бойының  қалың 
қамыс,  бұта,  қарағаны,  қоға  ­  қопасында  қоян  мол  болады. 
Жылқының  құйрық  қылынан  қармаққа  бау,  қоянға  тұзақ  есуге 
шеберміз. Десе де, артынан тақақтап қуып жүрмесе, қоян тұзақты 
қиып кетедi. Қопа қамысты, ұрымтал жерлерге тұзақ құрып, көл 
жақтан қиқу сала үркiтiп едiм. Қарымбайдың қалың малындай 
қамыс­қоғаларға қарап зымырады­ай келiп өңшең қара жон, қара 
құйрық ақ қоян.
«А, құдай, бере көр, а, құдай, бере көр!» ­ деп мен де өкпемдi 
аузыма    тiстеп  ұшыртып  келемiн.  Көкала  ит  пен  ақ  күшiктiң 
менi қайдан көре қойғанын сайтан бiлсiн, аңғалақ қағып шыға 
келдi де өз жымымен тұзаққа қарай зымырап бара жатқан қоянға 
көлденеңнен тап берiп, быж­тыжын  шығарды. Тұзаққа өзi iлiнiп 
қалған ақ күшiк жаны шығатындай  қанқылдап даланы басына 
көтердi. Оһ, тiлеуiң құрғыр! Қыран болғышын қарай көр өзiнiң!
Балтырыма  ыршып  түскен  талдың  шоғынан  баж  етiп,  ақ 
күшiктiң сол халiн өз басымнан көргендей күлiп жiбердiм. Мен 
де  қыран  болмақшы  едiм  ғой,  тiршiлiк  жан  дүниенi  неменеге 
қызықтырмаған! 
Есiктен қаршадай боп Сағдия кiрiп келдi. 
­Тоңдың ба, қорықтың ба? ­ дедi жабысып, ала келген піскен 
ет, бiр тiлiм нан, темiр шыныға салынған қол басындай сүзбесiн 
партаның үстiне жайып жатыр. ­ Қарның ашты ма, қайда жаттың? 
­ дедi екi көзi мөлдiреп. Ернi оймақтай бүрiсіп, кемсеңдегенiне 
қарағанда жылағалы тұрған сияқты. 
­ Ой, өзiң аш кенедей қадалмай, ары отыршы, батыреке! Менi 
қасқыр жеп қойған жоқ! ­ дедiм мен зекiп. Мұндай қырсықтығыма 
оның көзi үйренiп, құлағы пiсiп кеткен.
       ­ Миың ұстамды болғанымен, тыныш жүре алмайсың, 
мұғалімдердi,  сабақтастарыңды  көп  зарлатасың!  Апам  түнiмен 
уайымдап шықты! ­ дедi ол.
Мен алыс отардан ат арытып, тон тоздырып келгендей­ақ нан 
мен еттi асап, сүзбенi де кеңірдектен ары жүйіткiтiп жатырмын. 
Қабылахат  бiр  саптаяқ  шәй,  екi  шелпек  әкелген  екен  оны  да 
соғып  алдым.  Былай  қарағанда  жазаланып  емес,  кұрметтелiп, 
қадыр қымбатым асып қалған сияқты. Бұл қалай өзi? Әлде бiздiң 
елде сотқар кiсi құрметтi бола ма?!
Ақкөңiл,  адал  жазықсыз  кемпiр  Бәдендi  Ақанның  сабап 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет