Жыл санап жайнап, көркейіп келе жатқан Астана еліміз бен Елбасының қуанышына



Pdf көрінісі
бет23/32
Дата11.01.2017
өлшемі14,7 Mb.
#1622
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32

84
Елорданың Астана қаласына қоныс аударуының нәтижесінде 
тек қаланың өзіне ғана емес, мына жағы Қарағандыдан бастап, 
Көкшетауға  дейінгі  ұлан­ғайыр  өңірге  Қазақстанның  түкпір­
түкпірінен, тіпті алыс­жақын шетелдерден қазақтар көптеп келіп 
орналасуда.
Осыған орай 2011 жылдың күзінде Астана қаласында өткен 
Әлем  қазақтарының  төртінші  құрылтайы  еріксіз  еске  түседі. 
Бұл құрылтайға әлемнің отыз бес елінен 650­ден астам қазақтар 
қатысты. Қонақтарды жаңарып жайнаған Астананың тұрғындары 
құрметпен күтіп  алды. Қаланың бүкіл көшесі  қазақ халқының әні 
мен күйіне, ұлттық өнеріне бөленді. Үкімет үйінің жаңадан ғана 
ашылған мәжіліс залында құрылтай салтанатты түрде басталды. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев 
алыстан  келген  ағайындардың  алдында  еліміздің  бүгіні  мен 
болашағы  туралы  қазақтың  әдемі  де  бай  тілімен  мазмұнды 
баяндама жасады. Шығысы Қытай, Монғолиядан бастап батысы, 
Алмания, Франция, тіпті, сонау Америка Құрама Штаттарынан 
жиналған  қазақтар  кезек­кезек  жұрт  алдына  шығып,  қазақ 
елін бұдан әрі өркендету жолындағы өз ойларын ортаға салды. 
Сол  құрылтайды  ұйымдастырушылардың  бірі  ретінде  мәжіліс 
залында мен де отырдым. Ал  осыдан отыз жылдай бұрын қазақша 
сөйлейтін бір қазақ таба алмай келе жатып бұл қала болашақта 
Астана атанып, тәуелсіз Қазақстанның елордасы болады, сөйтіп 
осы  жерге  әлемнің  бүкіл  қазақтары  жиналып,  мәжіліс  өткізеді 
және ол мәжіліске өзім де қатысамын деген ой менің қаперіме 
де  кірмеген  еді.  Ондай  нәрсе  ешқашан  жүзеге  аспайтын  қиял, 
орындалмайтын арман сияқты болатын. Тәуелсіздіктің арқасында 
енді сол қиялдың жүзеге асқанын көзімізбен көріп отырмыз.
Әрине,  тәуелсіз  мемлекетіміз  елордасының  он  жылдық 
мерейтойын  жоғары  деңгейде,  барлық  сән­салтанатымен  атап 
өтетініміз  даусыз.  Бірақ  Астананың  дамуы,  өсіп­өркендеуі  тек 
осымен ғана шектелмейді. Елораданың алдында әлі де қаншама 
үлкен міндеттер, біртіндеп шешуді қажет ететін қаншама күрделі 
мәселелер  тұр.  Мұндай  кезде  ең  алдымен  баспана  мәселесі 
еріксіз  еске  түседі.  Еліміздің  түкпір­түкпірінен,  алыс­жақын 
шетелдерден  арман  қуып  Астанаға  келгендердің  арасында 
баспанасыз жүргендер әлде де аз емес. Болашақта оларды үймен, 
үй салатын жермен қамтамасыз ету де өз кезегімен қолға алынып, 
оң шешімін табады. Жалпы, жүздеген миллион халық сиятындай 
ұлан­байтақ  Қазақстанда  айналдырған  он  жеті  миллион 
тұрғындарды  үймен,  үй  салатын  жермен 
қамтамасыз  ете  алмай  уақытша  қиындық. 
Соған  орай  енді  аз  жылдарда  Астанада  бұл 
мәселе де түбегейлі шешіліп, қала төңірегінен 
тағы да серіктес жаңа қалашықтар бой түзеп, 
қатарға қосылады деп сенеміз.
Талай  қиындықтарды,  небір  ауыр 
кезеңдерді  бастан  кешсе  де  бәрін  жеңіп, 
тәуелсіз  ел  атанған,  аз  жылда  бүкіл  әлемді 
таңғалдырып керемет сұлу елордасын қатарға 
қосқан  Қазақстан  Республикасы  үшін  ендігі 
жерде алынбайтын асу жоқ.
                                             
Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ, 
Дүниежүзі қазақтары  қауымдастығы 
төрағасының орынбасары

85
«Таңбалы» Мемлекеттік тарихи­мәдени және табиғи қорық­
музейі  ­  қазақ  халқының  ғана  мақтанышы  емес,  ЮНЕСКО­
ның  Бүкіләлемдік  мәдени  мұралар  тізіміне  енген  аса  құнды 
жәдігерлеріміз сақталған киелі тарихи мекен. 
«Таңбалы»  археологиялық  кешені  жоғалып  кеткен  дала 
өркениетінің  ерекше  куәгері,  қоршаған  ортаға  бейімделудің 
төтенше  жоғарғы  деңгейі,  табиғатпен  үндесу  және  табиғи 
ландшафты  экологиялық  заласыз  пайдалану  оның  маңызды 
сипаттық белгісі болып табылады.
«Таңбалы»  шатқалында  республикалық  маңызы  бар 
ескерткіштер саны 100­ге жуық. Атап айтқанда, археологиялық 
қорғандар,  қорымдар  мен  қоныстарды  құрайды.  Ашық  аспан 
астындағы  қорық­музейіндегі  ерекше  қорғалатын  ортаңғы 
аймақта 5000­ға жуық жартас суреттері (петроглифтер) кездеседі.
Экскурсияны  жүргізу  тау  алды  жазықтығында  орналасқан 
«қола  дәуірі»  (б.з.д.  XII­X  ғғ.)  жататын  Қарақұдық  қабірінен  
басталады.  Ары  қарай  экскурсия  бағыты  бес  топқа  бөлінген 
жартас суреттерінің көпшілік мөлшерде шоғырланған орны және  
қола  дәуірінің  Таңбалы­II  қабіріне  баратын  қорық­музейдің 
орталық бөлігі бойынша өтеді. 
Жалпы  алғанда,  жүзге  тарта  әр  түрлі  уақытқа  жататын 
ескерткіштерден  –  б.з.д. 
ХIII­ХIV  ғасырдың  ортасынан  бастап 
ХІХ–ХХ ғасырларға дейінгі кең аралықтағы кезеңдерге жататын 
қоныстар,  қорымдар,  ежелгі  тас  қашау  орындары,  жартас 
суреттері  мен  ғұрыптық  құрылыстардан  (құрбан  шалатын 
жерлер) бейнеленген бейне тастар көрсетіледі. 
Ал  мәні  мен  сыры  көп  ескерткіштерге  баянды  зерттеу 
жұмыстарын  жүргізе  отырып,  тамыры  тереңде  жатқан  тарихи 
мәдени  мұрамызды  Республика  жұртшылығына  кеңінен 
насихаттау музей ұжымының тікелей жұмысы. 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  №1052  Қаулысымен 
2003  жылдың  қазан  айының  14  жұлдызыңда    Мемлекеттік 
мекеме    «Алматы  облысында  «Таңбалы»  Мемлекеттік  тарихи­
мәдени  және  табиғи  қорық  –  мұражайы»  құрылды.  Ол  2014 
жылы ЮНЕСКО­ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілді.
«Таңбалы»  қорық  –  мұражайы  Қазақстан  Республикасы, 
Алматы  облысы,  Жамбыл  ауданы,  Мәтібұлақ  селолық  округі 
аумағында,    Алматы  қаласының  солтүстік­батысынан  170 
шақырым жерде, Қарабастау ауылының солтүстік­батысына қарай 
4  шақырым  жерде  орналасқан.  «Таңбалы»  қорық  –  мұражайы 
аумағының жалпы ауданы  3800 гектар жерді  құрайды.о н.э. м 
интервале от середине 14­13 вв. вних каменоломен, петроглифов 
и культовых сооружений( жертвенников)
Таңбалы    шатқалының  аумағында  жүзден  астам  әр  түрлі 
уақыттағы  археологиялық  ескерткіштер  орналасқан.  Атап 
айтқанда  –  қола  дәуірінен  біздің  заманымызға  дейінгі    XIV­
XIII  ғасырдың  ортасынан  XIX­XX  ғасырға    дейінгі  аралықты 
қамтыған  қоныстар,  молалар,  ертедегі  тас  қашалған  орындар, 
жартас  суреттері  (петроглифтер)  және  табыну  ғимараттары 
(құрбан  шалынатын  жерлер)  орналасқан.  Олардың  бәрі  бірігіп 
үш  мың  жыл  бойы  біздің  еліміздегі  ертедегі  және  қазіргі 
кездегі  көптеген  халықтардың  тарихын  нақтылы  көрсететін 
археологиялық кешенді құрайды. 
Кешеннің  I­V  топтарындағы    барлық  кезеңдердегі  негізі 
жартастарда  3000­ға  жуық  жартас  суреттері  сақталған 
археологиялық  ландшафты  болып  табылады.  Жартас  суреттері 
белгілі  бір  бағытта  орналасқан    жазықтық  жартас  бетіне  ойып 
жазылған.  Аңғардағы  археологиялық  әрбір  ландышафты 
жартастарының алдында қола дәуірінің барлық суреттері күрделі 
композицияларға дәйектіліп біріге орналасқан және бір мезгілде 
көрінетін орындары бар. Таңбалы жартас суреттер жыйынтығы 
қола  дәуіріндегі  тайпалардың  ертедегі  мифологиясы  негізінде 
көркем  хикаяны  нақтылы  түрде  анықтап  көрсетеді.  Қола 
дәуіріндегі  Таңбалының  көптеген  жартас  суреттері  Орталық 
Азияның жартастағы өнеріндегі бірегейі деп саналады. 
Астананың  символына  айналған  мәуелі  бәйтерек  б.з.д 
XII­X ғасырлардағы қола дәуірі кезінде Таңбалыдағы жартасқа 
салынған  құнды  жәдігерлердің  бірі.  Таңбалы    шатқаландағы 
мәуелі бәйтерек суреті сол кездің өзінде­ақ құндылығы жоғары 
болғандығы анық.   
Таңбалы  орта  азиядағы  жартас  өнеріндегі  Юнеско-
ның  бүкіләлемдік  мұралар  тізіміне  енген  алғашқы 
«
Археологиялық  ландшафтының петроглифтері» Республикалық 
ескерткіші, болып табылады.
қазақстанның көп ғасырлық тарихындағы таңбалының 
мәнділігі,  қола  дәуірінің    суретшілері  алғаш  рет  құдайға 
антропоморфтық  кескін  бере  отырып,  оның  көріп  білуге 
болатын  бейнесін  жасағандығымен  мәнді.  таңбалының 
әлемдік  мәні,  адам  (суретші)  ашық  аспан  астында  күн 
ордасын жасай отырып, ландшафтың табиғи  өзгешелігімен 
өзінің  шығармашылық  даналығын  біріктіре  білген.  «Азия 
дауысы»  фестивалінің  эмблемасына  айналған  Күн  басты 
құдайдың  суретінің  орналасқан  жері  Таңбалы  шатқалы,  тек 
Орта  Азия  шеңберінде  ғана  емес,  ғаламдық  көлемдегі  ең 
маңыздылардың  бірі  болып  табылады.  Бұл  зерттеліп  жатқан 
және  қорғалатын  адамзаттың  тарихи­мәдени  мұрасы  болып 
табылатын кешен.  
Осы  жартастағы  суреттер  біздің  санамызға  әсер  ете 
отырып,  ғасырлар  арқылы  сәлемдеме  түрінде  бізге  жеткендей. 
Таңбалы  жартас  суреттері    жүйелі  түрде,  белгілі  дәйектілікпен 
орналасатындығын және белгілі экспозициядағы ғана жартастағы 
жазықтықты алып жатқандығын байқаймыз. 
Қорық­мұражайдың  аумағы  тәулік  бойы  қорықшы 
қызметімен  бақыланады.  Таңбалы  қорық­мұражайының 
аумағындағы  тарихи­мәдени  құндылықтарды  қорғауды  жүзеге 
асыру үшін атты күзет ұйымдастырылған.
Аумақта танымжорықты мамандандырылған жол көрсетуші 
маман  және  «Таңбалы»  қорық­мұражайының  қызметкерлері 
жүргізеді. 
Танымжорық  ересектер  мен  балалар  жерленген  қола  (б.з.д. 
XII­X  ғ)  дәуіріне    жататын  тау  бөктеріндегі    жазықтықта 
орналасқан    тастан  жасалған  жәшіктер  (циста)  Қарақұдық­II 
қабірінен    басталып  ортағы  аумақтағы  жартас  суреттерінің  ең 
көп мөлшері жинақталған бес топ көрсетіліп, Таңбалы­II қабірін 
тАРиХ тАҒЛЫМЫ – «тАҢБАЛЫ»

86
таныстырумен  аяқталады.  
Жартас суреттерінің 
I­ші тобы
 
қола дәуірінің эскиздері және 
аяқталмаған суреттер, жануарлардың жеке кескіндерін өте үлкен 
мөлшерде,  60­70  см  дейін  болатын 
111  жартас  суреттерінен 
құралады.
  
Жартас  суреттерінің 
II­ші  тобы
  –  ең  анық  сымбатты, 
көрікті  жартастағы  суреттер.  Мұнда  ежелгі 
432  жартас 
суреттері
  орналасқан.  Қола  дәуірінің  суреттері  өте  ірі,  терең 
және мұқият қашап салынған. Тек осы жерден ғана  «бетперде 
киген» адам бейнесін көруге болады. Осы топта ортағасырлық 
және  қола  дәуіріндегі  жартас  суреттері  басым,  олар  Таңбалы 
жартастарындағы  суреттердің  өте  ежелгі  және  ең  мәнерлі 
жиынтығын құрайды. 
жартас  суреттерінің  III-ші  тобы
 
қола  дәуірінің 
444
 
жартас  суреттерінен  құралған,  алайда  олардың  елеулі  бөлігі 
келесі  ғасырларда  жаңаланған.  Ертедегі  композициялардың 
көпшілігі сақ дәуірінің және орта ғасырдың жартас суреттерімен 
толықтырылған. Осы топтың жартас суреттері кеңістіктік шешу 
галереясына  ыңғайланып  орналаса  отырып,  қарама­қарсы 
жағынан оларды бақылауға қолайлы жасалған.
жартас суреттерінің IV-ші тобы
 
қасиетті орынның мәндік 
және композициялық орталығын түзейді. Мұнда 
700 ­ ден
 астам 
жартас суреттері бар, олар ерте темір дәуіріне, орта ғасырларға 
және  жаңа  уақыт  кезеңіне  (XVII­XIX  ғасырлар)  жатады.  Қола 
дәуіріндегі  бірегей    пантеон  айырықша  құндылыққа  ие,  онда 
белгілі  тәртіппен  және  әрқайсысы  өзінше  ертедегі  адамдардың 
табынушылықтың  7­діни  кейіпкерлерімен  бейнеленген,  ал 
төменірек  10­жауынгер, жас босанған әйел және дұғаға қолдарын 
жайып отырған адамдар бейнеленген.  
жартас  суреттерінің  V-ші  тобында
   
 
1000  ­  нан  астам
 
жартастағы
 
суреттер
  бар.  Қола  дәуіріне  жататын    жануарлар 
(денесінде  жолақтары  бар  бұқалар,  қабан­шошқалар,  аттар 
және  басқалар)  бейнеленген  бірнеше  ірі  панно,  түйге  шегілген 
сәнді  арба,  жүк  таситын  арба,  сондай­ақ  шоқпарлылар  және  
«күн  бастылар»  бейнелері  жатады.  Жалпы  алғанда  жартастарда 
11­құдайдың  бейнесі  сақталған,  алайда  оның  бәрі  IV­ші  топта 
бейнеленген «пантеонның» бас кейіпкерінің бейнесін қайталайды.
   
Дүниежүзінде  мәдени  тарихи  мұраларға  қызығушылық 
артқандықтан  мәдени  саяхаттар  күрт  дамуда.  Тасқа  салынған 
суреттер  саяхатшыларға  бәрінен  де  қызықтырақ,  себебі  олар 
басқаларына қарағанда анық көрініске ие болған. Сонымен қатар, 
тастағы суреттер ашық аспан астында орналасқан, олар табиғи 
және  басқа  факторлардың  кесірінен  жиі  өзгерістерге  ұшырап 
отырады.  Негізінен  Таңбалы  тек  жартас  суреттері  ғана  емес, 
сонымен  қатар  жерлеу  орындары  мен  тұрақтар  да  туристердің 
қызығушылығын  тудырады.  Таңбалының  көріністері  арқылы, 
біздің заманымызға дейін өмір сүрген адамдардың кешенді қалай 
пайдаланғандықтарын  анық көруге болады. 
Осы айтылғандардың барлығы ескерткіштерді таныстыруға 
және  сақтауға  әсерін  тигізуі  керек. 
Жыл  сайын  туристтік 
маусымның  ашылуына  қарай,  бұл  жерлерде  қорықшылар  мен 
жол  басшыларды  (гидтарды)  оқыту  мәселесі  қарастырылады, 
себебі  қызметкерлер  келушілермен  тілдесіп  және  білімдерін 
жетілдіреді. 
2014 жылы 7­шілдеде «Таңбалы» Мемлекеттік тарихи­мәдени 
және  табиғи  қорық  –  мұражайы  археологиялық  ландшафты 
петроглифтері  ЮНЕСКО­ның  Бүкіләлемдік  мұралар  тізіміне 
енгеніне 10 жыл толды. Осыған орай ЮНЕСКО­ның Бүкіләлемдік 
мұралар  тізіміне  енгізілген  жартастағы  тарихи  ескерткіштерді 
зерттеу шараларын жандандырып  
жаңадан ашылатын VI­топқа 
туристік  жолдар  жасалып, 
экскурсия  бағыттары  дайындалды. 
Жартастағы  суреттер  ғылыми  тұрғыдан  зерттелді.  «Таңбалы» 
сапаршы  орталығына  келген  туристерге  ортаңғы  аумақтың 
туристік картасы бойынша, ақпараттық жарнамалық құралдарды 
негізге ала отырып, экскурсиялар жүргізіледі. Дәл осы топта Түркі 
дәуірінің ту ұстаған атты адам бейнесі кездеседі. «Таңбалы» қола 
дәуірінен түркі дәуіріне дейінгі бабалардың «Мәңгі ел» орнату 
жолы бейнеленген рәміздер жүйесі деуге болады. Биылғы жылы 
200 жылдық мерейтойы тойланғалы отырған  Сүйінбай ақынның: 
Бөрілі найза ұстаған,
Түйремей кеткен жан емен, 
Бөрілі байрақ құласа,
Күйремей кеткен жан емен.
Бөрі басы­ұраным,
Бөрілі менің байрағым.
Бөрілі байрақ көтерсе,
Қозып кетер қайдағым­деп айтқаны осының дәлелі.
Жартастағы бөрілі байрақ көтерген, ту желбіреткен салт атты 
бір топ жауынгерлер елдіктің, ерліктің, Отан үшін күресін жас 
ұрпаққа паш етіп тұрғандай. Негізгі жартас суреттері 250­тасқа 
қашалған суреттерден құралады. 
«Таңбалы» қорық­мұражайына келушілердің көбі жат жұртта 
өмір сүріп жатқан өзіміздің қандастарымыз. Туған елді сағынып 
келген  ағайындар  көбінесе  Қытай,  Монғолия,  Өзбекстан  және 
Түркиядан келеді.
Өткен  жылы  Түркиядан  келген  Әлжан  Мансұр  бауырымыз 
«Таңбалыны»  Түркия  еліне  насихаттау  барысында  Түркияның 
«Жиһан»  телекомпаниясының  қызметкерлерін  әкеп,  арнайы 
деректі  фильм  түсіріп,  түркі  телеарнасынан  көрсетуге  ұйытқы  
болды.  «Таңбалы»  ата­бабамыздың  өткен  өмірі  тарихы  бүгінгі 
бет­бейнесі, тарихтың тағлымы және түп­қазығы.
Қазіргі  кезде  Таңбалыдағы  жаңа  туристік  бағыттың  дамуы, 
ашық аспан астындағы тарихи мұралар құндылығының алдыңғы 
орында тұруы бүгінгі күннің басты талабы.
           Ерлік  ӘЛІМҚҰЛОВ,  
«Таңбалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени
және табиғи-қорық мұражайының директоры.

87
 бiрiншi бөлiм
Сары бел
Мен ес бiлiп, етек жиғанда бiздiң қыстау Ертiс аңғарын қуа 
шалқыған  қалың  нар  қамыстың  iшiнде  еді,  төбесiне  дүзген, 
сарыбалақ өскен биiк ақ құм қыстаудың алды­артын орап, қызыл 
қоңыр үйеңкi, ұялы терек бой созып тұратын. Өзiмiз бұл орынды 
Кәрi  қыстау  дей  саламыз.  Бес  мың  қой,  мың  көкала  жылқысы 
бар  атам    Омар  қажының  қара  мекенi  осы.  Омардан  тараған 
төрт­бес  түтiннiң  бас  қойып,  тәуап  қылатын  қағбатолласы  да 
осы  қыстау.  Дегенмен,  биiк  ақ  құмның  шығысындағы  айдын 
көлдiң  терiстiгiнен  үлкен  отау,  кiшi  отаулар  қыстау  салған­
ды.  Тағанын  дым,  маңайын  құм  қоршап    жаткан  бұл  орынның  
Кәрі  қыстау  аталып,  пайдаланудан  қалдырылатын  жөнi  де  бар 
едi.  Жастардың, балалардың осы тiлегiне  ашуға булыққан кiсi 
­әкемнің інісі  Ақан едi. 
­  Ауыздарыңа  қан  толсын,  өңшең  қара  таяқ,  шоқыншық! 
Әкемнiң от жаққан жерi, қасиеттi қарамекен әзәзiлдерге жақпаған 
екен  ғой!  Тостым  құдайдан,  тостым  әруақтан!  Зауал  тiлеймiн 
сендерге,  зауал!  ­  деп  Ертiстiң    күзгi    боранындай  бұрқырап, 
сiлкiне айқайға басты келiп. Түз тағысының  жанарындай сұсты 
жанарынан қызылды­жасылды ұшқын шашырап, қайратты қара 
мұрттары кiрпi тікеніндей тiкiрейiп қалш­қалш еттi. Түрi­түсi де 
шатынап алған. 
Дауыл бас көтерудiң алдында Eртiс аңғары сәтке тыныштала 
қалып,  iлезде  дүрлiгiп  кететiн.  Орман­тоғай,  қамыс­құрақ, 
өзен­көл,  аң­құс,      құм­қиыршық  ию­қию  болады.  Шабылған 
пiшен, үйілген күпәнә,  оқшау мая шашылып, жалтаңға тiгiлген 
салмасыз үй аударылып, Сайыр аңғарын қап­қара түтек басады. 
Оның ыңғайына Кәрі қыстаудың қасындағы ақ құм ғана биiктеп, 
ертелi­кеш төбесiне шыққан Ақан екеумiздi аспанға жеткендей 
әруақтандырушы  едi.  Осындай  кәрі  мекеннен  қоныс  аудармақ 
болғанымызға  Ақан  сiле­наласын  төгiп­төгiп  алды  да,  бiздiң 
үйден кетiп қалды. Үлкендердiң межелеуiнше ол ендi жуық арада 
оралмайды. Өз көкейiн қарайған халыққа дәттеп, азғын ұрпақтың 
күнәсiн шағып, ашуы ескiрген кезде ғана қайтып келедi. 
     Былтыр ел өр Алтайдан қайта оралған соң Ақан да оралып, 
жайма­шуақ жүрiп жатқан болатын. Ендi қашан қайтып келетiнiн 
бiр құдайдан баска ешкiм бiлмейдi. 
Ақанның азан шақырып қойған аты – Ақбақан. Менiң атам  
Омардын сүт кенжесi. Бала кезiнде далада ұйықтап  қалып, “самал    
соғып” кетiптi. Бiр аяқ, бiр қолы жансызданып жазылғандықтан 
қиқаңдап, ебдейсіз жүредi. Көзi, қолы, тiлi уытты. 
«Жақсы  күтiңдер,  әкемнiң  бетiне  қараған  қажының  бiр 
сарқыны  ғой»  ­  дейтiн  әкем  емiренiп...  Әкем  Қанапияның  сөзi 
өзiнiң үй­іші тұрмақ, маңайындағы ел жыға алмайтын заң­ереже 
тірегі  еді.  Cондықтан  бiз  Ақанның  алдынан  кесіп  өтпеймiз. 
Ел  де  құрметтеп,  сыйлап  тұратындай  сезiледi.  Тосын  кезiккен 
жанға  Ақан  кiресiлi­шығасылы  есi  бар,  науқас  бiреу  сияқты 
көрiнгенiмен,  бiлерi  көп,  мейiрiмi  мол,  iзгiлiгi  күштi,  халық 
кеудесiндей даңғыл жан едi. 
Аман ба, Томпыш шабарман?                     
Букандай ұлық таба алман!
Буканым елден кеткен соң
Серкесіз қойдай қамалғам! ­ деп  зар заманның бiр сарынын 
толқытып  келетiн  де,  еңiреп  жылап  жiберетiн.  Букан  деп 
отырғаны – Бұлан. Ол кiсi бiздiң немерелес  туысымыз екен. Өз 
жұртының озбырларға қарсы күресiн бастағаны үшiн ол кiсiнi ел 
ұмыта алмайтын көрiнедi. Ақанның Буканды жоқтауы орынды.  
Алайда  бiздiң  кәрi  қыстау  деген  сөзiмiз  не  шамына  тигенiн 
бiлмеймiз.  Бейне  арманын  жерлегендей,  арманын  қорлағандай 
долданды.  Ол  кiсiнiң  әкесi,  бiздiң  атамыз  –  Омар  асқан  бай, 
құдайдың үйiн көрген қажы екені рас. Алайда бiздiң көргенiмiз 
­ көк шымнан қаланған кең қора­жай, биiк ақ құм, жетi үйеңкi,  
ұялы терек, жиырма­отыз ешкi лак,  жиырма­отыз iрi қара ғана. 
Бiздi қажының дәулетi бағып келе жатқан жоқ. Қайта ұлы Ертiс 
балығымен,  аң­құс,  жемiс­жидегiмен,  бағып  келедi.  Қажының 
қара  шаңырағы  –  әкем  отырған  үйдегі  малдың  жайы  әлгіндей. 
Ақбақандағысы үш бие, төрт сиыр. Басқа ұлдарының күн көрiсi 
де  жырғап  тұрған  жоқ.  Алдына  тартса  артына,  артына  тартса 
алдына жетпей, әр ауылдың iргесiнде телiм болып жүр. Дегенмен 
өлi бураның басынан тiрi атан сескенедi деген рас. Ақан қайсы 
үйге  барса  да:  ­  Қажының  баласы  келiп  қалды,  қажының 
ғалым қанапияұлы
Ғалым Қанапияұлы 1938  жылы Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі Қыран өзенінің Ертіске құяр сағасындағы 
Көксу деген жерде дүниеге келген. 1961 жылы Шыңжаң педагогика иниститутын бітірген. 1970  жылға дейін 
Үрімжі қаласындағы орта мектепте ұстаз, 1976 жылға дейін Орталық ұлттар иниститутында оқытушы 
болып істеді. 1976 жылдан 1987  жылға дейін «Шыңжаң халық баспасының» қазақ бөлімі әдебиет-көркемөнер 
редакциясының меңгерушісі болды. 1983  жылы қаңтарда «Шалғын» журналын тұңғыш шығарушылардың 
бірі ретінде Қытай    қазақтарының  фольклорлық мұраларын  жинастырып, баспа бетінде жарық көруіне 
үлес қосты. 1987  жылдан бастап бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысты.
1952  жылы «О, табиғат!» атты өлеңімен поэзия есігін ашқан қаламгер 2000  жылы өмірден өткенге 
дейін  жазушылық өнердің машақатты ізденістері арқылы Шынжаңдағы  қазіргі қазақ әдебиетінің  көрнекті 
өкілдерінің біріне айналды.
Ғалым Қанапияұлы көпті көріп, ойы кемелденген жазушылық ғұмырында  «Қос қарағай» (киносценарий), «Бұрқасын» (үш томдық 
роман), «Керталғар» (роман), «Тамылжыған таңсәрі» (роман), «Алуан жылдар алауы» (мақалалар жинағы) атты шығармаларын 
жұртшылыққа ұсынды. Сондай-ақ, ақын ретінде «Жолшыбай», «Көк иірім», «Кешір, сәулем»  өлеңдер жинағын жарыққа шығарды.
Төменде  қаламгердің  «Керталғар»  романының  алғашқы  тарауын  назарларыңызға  ұсынып  отырмыз.  Шығарма    мемуар 
жанрында жазылған. Алайда, мұндағы уақиғалар тек қаламгердің өз өмірімен ғана шектелмейді. Романда өткен ғасырдағы Қытай 
қазақтарының тыныс-тіршілігі, бастан өткерген тарихи оқиғалары  жан-жақты қамтылған.
кертАлғАр
(роман)

88
деп мардамсып каламыз. 
  
­  Сүмiреймей  ары  тұршы  ей!  –  деймiн  мен  әңгiмеге 
құныға, менi иектеп алған тетелес iнiм  Сәлiмдi төбесiнен нұқып. 
Ол  да  есесiн    жiбермейдi,  мата    көйлегімнің    жыртық  жерiнен 
қандаладай қадалып, бұрап отырып шымшып алады. Бай, батыр 
аталарымыз бәрiмiзге де күш­қуат, үстем мерей бергенiн сеземiз. 
Ауылдың еңбекке жараған адамдары күндiз үйде отырмайды. 
Әкем  мен  немерелес  ағам  Рашит  балық  аулайды.  Төрт  бұрыш 
сүзiп, айыл тұрман  өредi. Алпамыш, Шарап ағаларым Шонжы, 
Мори, Мишуан  аудандарына  дейiн тұз апарып, балық  сатып, 
күрiш,  ұнға    айырбастап    әкеледi.    Қауан  ағам    (бұл  кiсiні 
кiшкентай кезiнде Шапем Қауна, Қаута деп  атағаны үшiн оған 
iлескен бiз Қаутаны  “Қау ата” деп көтерiп атайтын болғанбыз) 
мұғалімдік  iстейдi.  Oқта­текте  болмаса  бар  туысқанның  басы  
қосылмайтын,  құрала  қалған  шағымыз  жәрмеңкенің  жарты 
базарындай болып өтушi едi.
Дөңгелек  жүздi,  мейірiмдi,  сұлу  қаратoры  ағамыз  –  Aшау 
(Рашиттi  осылай  атайтын  едiк)  “Кесiк  бас”,    “Дариға  қыз”, 
“Мұһамед  Құнапия”  қатарлы  қисаларды  зарлатады.    Ашаудың  
жарықшақсыз,  мұңлы  қоңыр  үнi  кейiпкер  жанымен  iлескендей 
боздап,  бұлдыр  заман  елесiн  көз  алдымызға  алып  келетiн. 
Ауылдың  ақсақалдары  да  тыңдап  отырады,  әкем    “Қобыланды 
батыр”,  “Бөгенбай  батыр”,  “Алпамыс”,  “Ер    тарғын”,  “Зарқұм 
салсалды”  айтады.  Шапем  “Мұңлық­Зарлықты”  сөйлетедi. 
Жiңiшке жирен мұртты, сұлу қызыл сары жiгiт. Сәрінжiп “Қыз 
Жiбек”, “Салиқа­Самен”, “Еңлiк­Кебек”, “Қалқаман­Мамырды” 
толғайды.  Шалғы  мұртты,  өткiр  қараторы  азамат  Рақай  “Әсет 
пен Ырысжанның айтысы”, “Біржан мен Сараның айтысы” т.б. 
шежiренi төгiлдіредi. 
Жұрттың  атсыз­аяқсыз  біздің  үйге  жиыла  қалғаны  әкем 
Қанапияның  ықпалына  қатысты  едi.  Ол  кiсiнiң  бiлетiнi  мол, 
естiгенi,  көргенi,  есте  сақтағаны  көп,  ел  сырын,  жер  сырын, 
табиғаттың  заңдылығын  алақанындағыдай  таратып  отырады. 
Жайылма  бурыл  сақал  ­  мұрты  дiрiл  қағып  өзгенiң  мұңын, 
кеңесiн ден қоя тыңдағаны болмаса, өзге кәрiлердей опырылып 
немесе  мәре­сәре  болып  кетпейдi.  Ашау  құран  оқып  тарауық 
хисса айтып тынған соң: 
­  Еh,  жалған­ай!  Балам  Рашит,  сенiң  дауысың  жүректi 
кемiретiндей зарлы­ау осы! ­ деп күрсiнiп қоятын. 
­  Үш  жасында  әкесiн  жұтқаны  осы  зар  жақтығы  емес  пе? 
Дауысынан  ерiген  қорғасын  секiлдi    мұң  ғана  көлкидi  бұл 
дiрiлдектiң ­ дейдi Ақан Ашаудың қабырғасынан сынар шеңгелiн 
тiстеуiктей тiстене мытып. 
Омар  қажының  үрім­бұтағына  қарасты  үш  қыстаудың 
арасындағы  айдын­көлге  сынық  сүйем  мұз  қатып,  тоң  ерте 
жүргендiктен туыстардың бәрi қыстауына кiрiп алған. Бiрақ қар 
әлi жауған жоқ, қара суық қатты. Кәрi кыстаудың маңы ықтасын, 
тынысты  болатын.  Өз  заманында  калың  өгiз,  атпал  азаматтың 
күшiмен  Шойғатыдан  әкелiнген  палуан  қарағайлар      жетi­
сегiз  кездiк  арқалық  қас  тасындай  қызылқоңыр  дiнгек,    гүлдi 
есiк­терезе,  әшекейлi  үй  жиhазы  болып  үш  ұрпақты  маңайына 
өрбiткен.  Ыстық  үйге  алғаш  кiрген  кезде,  ыстық  үйден  киiз 
үйге шыққан кезде отаулар соғым басы дей ме, сыбаға дей ме, 
кенжесiне сырмақ салыңдар! ­ деп жұрт мәуедей салбырайды .
Осындай  әке  салауатымен  аталас  туысымыз    Тұрысбектің 
үйiне жеткен Ақанның бiр мiнезiн кемпiрi Баден жақтырмапты:
­  Балалардың  Кәрi  қыстау  деген    сөзi  басыңды  жарды  ма, 
көзiңдi  шығарды  ма?  Өзiң  де  жындысын  ғой?!  ­  деп  қалыпты. 
Сол­ақ екен Ақан әлжуаз, аққұба кемпiрдi сыңар қолымен алып 
ұрып, құйрықтан дүрелей бастапты. Oны көрiп отырған бозғылт 
түстi Түкең “қой, тек” деудiң орнына: 
 ­ Қажының кенжесiне тiл тигiзген бетбақты ұр, ­ деп жанған 
оттың үстіне май құя түсіпті.
Ақан  Баден  апамызды  “домбытып”  болған  соң  үйге 
қайтып келіп: «Әй, бозөкпе­ау! Ау, су мұрын, былжырақ»,­ деп 
әркайсымызға  өзi  қойған  аттарды  атап,  басымыздан  бiр­бiр 
нұқып, айналып үйiрiлiп қалды. Ол және бiзге:  
«Өңшең шиборбай, шоқыншық балапандарым­ау! Тентектік 
iстемей,  лақ,  бұзауларыңа  қарадыңдар  ма?!  Mенi  сағындыңдар 
ма,  ауыздарыңды  ит  жалағыpлар»  ­  деп  санымыздан    бұрап,  
бүйiрiмiзден  мытып,  бажылдатып  қояды.  Мұндайда  қарсы 
келе  алмаймыз.  Жанұя  тәртiбiне  шет  болған  кiсi  әкемнiң 
алдына  жүгiнбей  қалмайды.  Әкемнен  қалса,  ел  киесi  де  тегiн 
жiбермейдi.  Ақан  санымыздан  мытып,  қабырғамыздан  бұраған 
кезде көзiмiзден жас, мұрнымыздан маңқа шығып кетсе де күле 
беремiз. Cонан кейiн­ақ ол жайылып түсiп қалады:
­ Е, қисайған аузың құрысын, жаман күшiк. Әкеңiздiң аты кiм? 
­ Аймек.
­ Оның әкесiнiң аты кiм? 
­ Түскей.
­Түскейдiң әкесiнiң аты кiм? 
­ Омар.
­ Тәйт балам, ол кісіні Өкен қажы деп айт! 
Ақанның желкесiнен ашу құрыстап, құясы алқымына келген 
кезде де ағасы Қанапияға қарсы келмейтін.
­  Сiңірiн  созып,  сөлiн  сорып  өлтiресiңдер  сол  жалғыздың! 
­  деп  бiзге  ұрсады.  Омардан  туған  ұлдардың  көбi  қайтыс 
болып  кеткендiктен,  Ақан  Қанапияны  жалғыз  деп  атайды. 
(Тiрi  жүрген  өзiн  де  бар  қатарына  қоспайды.)  “Менi  қойшы, 
тiрi  мен  өлiнiң  арасындамын  ғой”  дейдi.  Шешеме,  өзге  туыс­
туғандарына, ағасының атын ататтырмай. “Бати”, “Батiкен” деп 
атауды шегелейдi. Кейiн келе жалпақ елдiң аузында “Батiкеннiң 
кеңесi” “Батiкеннiң тәлiмi”, “Батидiң абыройы”, “Батидiң ерлiгi” 
деп  тәмсiл  етiлгенi  сондықтан.  Ақан  ағасын  сыйлағаны  үшiн 
жеңгесiн де сыйлайтын­ды. Көңiлдi шақтарында “Кәми, Кәмике” 
деп сыйласа, көңiлсiз  кезiнде “Камила Мұктасар” деп атайтын. 
“Батидiң  үйi”,  “Бaтiкемнiң    қонысы”,  “Қанaпияның  үйi”, 
“Қaнaпияның  малы”  деп  атауға  тыйым  салады.  Өйткенi  жер, 
су, мал иесi Омар қажы деп бiлетiн. Осылай ойламаған, осылай 
сөйлемеген  кiсiнi  кінәлі  етiп,  жанжал  шығаратын.  Сондықтан 
Кәрi  қыстау  деген  сөздi  екiншi  aуызға  aлмайтын  болдык. 
Жыртық­тесiк,  қара  лашығымызды  Омар  қажының  үйi,  қоңыр 
ауылымызды Омар қажының ауылы деймiз. 
Ақан  әдеттегi  күндерi  ұзап  кетпейдi.  Қораның  алдында, 
қамыс­құрақтың  ығында  немесе  биiк  ақ  құмның  төбесiнде 
жанбастап  жатып,  бұзау,  ешкi­лақ  жайған  бiздiң  санымызды 
шымшып қойып әңгiме айтады. Әңгiмесiнiң денi өз ауылының 
байлығы, батырлығы болады. Арғы аталарымыздыі бірі Қилыбай 
«үлкен Бапаң», екіншісі Құнияз «кiшi Бапаң» деп аталған кiсiлер 
екен.  Бапаң ауылдары көшкен кезде ұсақ өзеннiң суы  тартылып, 
бұлақ­бастау  құрғап,  өрiс­қоныс  ұстара  тигендей  сыпырылып 
кетушi  едi дейдi. Төре­қараның өзге қасқа мен жайсаңы Бапаң 
ауылдары арылғанша көш жолының арғы беті мен бергі бетіндегі 
сай салаға шегiне отырып, жол  босатып  бередi екен. Қилыбай, 
Құнияздың  жылқысы,  сиыры,  қойы,  түйесi  жөңкiлген  теңiз 
тасқыны тәрiздi  көлденең  жатқан мал  табындарын жалғыз  тал  
жапырақ  құрлы    көрмей,  өз  топтарына    қосып    сiмiрiп,  жұтып 
кетедi дейдi.
Ақанның  айтуынша,  «кiшi  Бапаң»    Құнияздан  Оспан, 
Тоқтамұрат,  Мұтаған,  Молдаш,  Омар,  Сіләм  деген  аталарымыз 
қажыға барған екен. Есбосын, Мәлгаждар, Тезекбай, менiң әкем 
Қанапия  жау түсiргiш батыр, егей  қамшыгерлер болыпты. 
Күзгi қара суықтың ызғары өтiп дiр­дiр етiп, тыңдап отырған 
бiз ­ бай, палуан, батыр аталарымыздың үрім­бұтақтары екенбiз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет