119
ЖА
С ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН Б
О
ЛАШАҚ
АғАйыН, АҚыН ЖҮР ғОй
АРАМыздА
(Ақын ұстазым Әмина
Құрманғалиқызына)
Өлең оты мәңгілік сөнбей жанар.
Қос кітабың – қос қанат теңдей қағар.
Ақындық пен ұстаздық - қос киелі іс,
Қадірін ұққан адам сендей болар.
Көргісі келмегендер күңкілдесін.
Күн нұрын жаба алмасын
сезбей ме олар.
Қыран жыр қанат қақса көк жүзінде,
Шауқылдасып қарайды шау қарғалар.
Үлгісін, өсиетін, өнегесін,
Оқысаң, мол қазынаға кенелесің.
Жақсыны жаныңдағы тани алмай,
Ей, қазақ, қайда барып көгересің?!
Бұл өлең сіздерге айтар датым болсын.
Наданға муза қайдан жақын болсын?
Шырылдаған шындықты қорғамаса,
Ойлаңдар, ақын қалай ақын болсын?
Күншілдік сіңіп қалған санамызға.
Содан, сірә, жақсылық табамыз ба?
Тірісінде
берейік өз бағасын,
Ағайын ақын жүр ғой арамызда!
АҚыН ІНІМЕ
(Өмірбек Айдос Батырбекұлына)
Маған бауыр жазбаса да тағдырым,
Құйып өскен жүрегіне таң нұрын.
Қарапайым тал бойында тал мін жоқ
Айдос деген ақын-әртіс бар інім.
Айдос маған тумаса да туғандай,
Кескіні бар кейде шабыт буғандай.
Жастығымның жалындаған жаз күнін,
Қаз қалпында қайталап ол тұрғандай.
Бізді, бәлкім, тоғыстырған өлең – жыр.
Ұлылықты күтем ылғи сенен бір.
Ақын қалпың маған ұқсап тұрған соң,
Өз інім деп өзеуретіп төгем жыр.
120
121
алтын бесік –
ақ бОта
балаларға базарлық
жұМБаҚТар
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады. (Мысық)
еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз,баптаймыз.
Бейбітшілік құсы,- деп,
Қайсы құсты мақтаймыз
(Көгершін)
Қанаты бар ұшпайды,
жұрт айламен, ұстайды.
(Балық)
Күндіз соқыр не деген?
Түнде қалай көреген? (үкі)
Өсірдім
ұлпа қар,
Шешуін кім табар? (Мақта)
Әкеміз ала баспақ асырады,
Күз келсе соямын деп асығыды.
Баспағым бойын шөпке
жасырады.
еті қызыл, терісі жасыл әлі.
(Қарбыз)
ашулы қонақ бұл анық,
Тонып шешсе, жыладық.
(пияз)
МаҚал-МӘТелдер
***
Көрнекті іс көмілмейді.
еңбек етсең – емерсің,
ерінбесең – жеңерсің.
***
істегенің еліңе жақсы,
үйренгенің өзіне жақсы.
***
Шоқ қайдан болса,
жылу содан.
***
ерінбеген етікші болады.
***
жігіттің түсін айтпа, ісін айт.
Бұлт
қайда орнаса,
Береке сонда шөгеді.
***
Шөбі жоқ деп жерден түңілме,
Мал бітпес деп ерден түңілме.
***
Тарыға май көптік қылмайды,
Күрішке су көптік қылмайды.
***
Күріштің арқасында күрмек су
ішеді.
123
бұйымдарын сатып, шағын бизнес жасайды екен. Бірде соларға барып суреттерін тамашалап
жүрсем, «Әй бала, қай ұлтсың?» дейді біреуі. «Қазақпын» десем, олар да қазақша сайрап
қоя берді. Өзім де таңқалып «Сіздер қазақ тілін қайдан ұғып алғансыңдар?» деп қоя мын.
Сөйтсем, олар Кеңес одағы кезінде Қазақстанға пойызбен жөнелтіліп, жер ауда рылған халық
екен. Кеңес одағы ыдыраған соң атамекендеріне қайта оралыпты. Маған кезіккендердің
бәрі де Алматы облысынан кеткендер. «Қазақ станды сағындық» деп, таныстамырларын
еске ала, қазақ тардың қонақжайлылығын айтып тауыса алар емес. Маған «тегің қазақ қой,
Алматы жаққа барып жатсаң сәлем айт» деп кейбірі қазақ достарының мекенжайын жазып
та берді. Тіпті, қандастарым көшіп жатқанда, қаражат болмай қинал ғанда «Мен бай емеспін,
бірақ өзіме деп жинаған ақшамды берейін, еліңе жетіп ал» деген қазақ азаматының берген
ақшасымен еліме жетіп алғанмын. Тірі болып, ауқаттанып алсам, мен жақсылығыңды
қайтарамын», деп көзіне жас алған апаның сөзін естігенде, ана мәрт қазақтың ерлігінен
Еуропа құр лығының ең биік мұздақ шы ңының түбінде тұрып керемет әсер алдым...
мұзӨзенді 100 дүркін кешіп Өткен
Жанарбек соңғы жылдары тау туризмі дегенмен айналысып жүр. Оған себеп, Бай
өлкеге әлемнің түкпіртүкпірінен ағылып келіп жатқан туристер. Олар сонау қиырда
қойын құрттап, айранын ұрттап, жадағай тірлік кешіп жатқан қазақтардың көшпелі өмірін
тамашаласа, екіншіден әлемге әйгілі мұз өзенді келіп көреді.
Атақты мұз өзен Ұланқұс сумыны жерінде орналасқан. Ол қазір Моңғол еліндегі жеті
кереметтің біріне балануда. Мұз өзеннің ұзындығы 20 шақырым, жалпақтығы 5 шақырым,
мұздағының тереңдігі 150300 метр шамасында. Әлемдік географияда бұл өзен «Потанинның
мұз өзені» деген атпен белгілі. Себебі, 1880 жылы Қобда бетіне барған өлкетанушы ғалым
аталмыш мұз өзенді алғаш рет көріп, әлемге таныстырған екен. Потанинның жазбасында
мұз өзеннің аумағы – 53 шаршы шақырымды алып жатыр деп белгіленген болса, қазір бұл
өлшемнен көп кішірейген.
Байөлке аймақ орталығын жанай өтіп жатқан Қобда өзені осы мұздақтан басталып, 550
шақырым ағып барып, Қарасу көліне құяды. Байөлке жерінде тек қана осы мұз өзенмен
салалас үлкендікішілі 179 көл, 21 шағын өзен, 73 бұлақбастаулар бар. Солардың ішінде
атақтысы – Сырғалы көлі. Мұз өзеннің 300 метр терең аңғарларын көруге жыл сайын
әлемнің түкпіртүкпірінен жүздеген туристер келеді.
Мұз өзенді көру, оның үстінен өтіп шығу өте қауіпті. Алдажалда аяғыңыз тайып кетсе,
300 метр терең аңғарға құлайсыз. Одан тірі шығу мүмкін емес. Сондықтан туристер мұз
өзенді көру үшін оның сырын білетін адам іздейді. Ол баяғы альпинист Жанарбек.
Жанарбек 2003 жылдан бері туристерді бастап, бүгінгі дейін аса қауіпті мұз өзеннен
сан рет арыбері өтіп шығыпты. Кейде біздің бауырымыз: «Сендер осы еуропалықтар,
американдықтар десе жатып жығаласаңдар, олардың бізден артылып тұрғаны шамалы, мен
аптасына бір рет осы бейбақтарды көшке тіркеген тайлақтай жетелеп алып, мұз өзеннің
үстінде дедектетем», деп мәз болып күлетіні бар.
Расында, Жанарбек жайлы испандықтар деректі фильм жасапты. Сондайақ, жоғарыда
айтқанымыздай, Жанарбектің жол көрсеткен кісілерінің арасында француздың атақты
«EDEN» туристік компаниясының басшысы Мариз Алойн, шведтің шенеунігі Крал, үнділік
байшыкеш Маниша, канадалық Реган, австралиялық Мат, венгриялық атақыт профессор
Сандор Наги, американдық спортшы Марк Лесник т.б. кете береді.
түйін сӨз
Жанарбек тек альпинист қана емес, жасында бокспен айналысқан. Қазірдің өзінде
кейде уақыт тауып, бокс үйірмесін жүргізеді. Шәкірттері республикалық жарыстардан олжа
салып, бір шәкірті, тіпті, Азия ойындарына қатысып үлгерді. Сондайақ, Жанарбектің тағы
бір қыры, байөлкелік азаматтар арасынан алғашқы болып әлеуметтік желіні пайдаланып,
өзінің жеке блогын ашып, халықты ақпаратпен сусындатып отыр. Жыл сайын Қазақ елінде
өтетін блогшылар құрылтайына өкіл болып қатысады. Қысқасы, Жанарбек Ақыбиұлы
альпинизммен қатар, ұлт руханиятына да өлшеусіз еңбек сіңіріп жүрген тұлға.
БЕКЕН ҚАЙРАТҰЛЫ
Екі айда
бір рет шығатын еларалық
қоғамдықсаяси, әдебикөркем журнал
№ 4 (73) 2015 жыл, шілдетамыз
2002 жылдан шығады
редакция алқасы :
Талғат Мамашев
Қуат Бораш
Әділбек Ыбырайымұлы
Сұлтан Жанболат (Қытай)
Хабсаттар Омарұлы (Моңғолия)
Абдулқаюм Кесіжі (Германия)
Тоқтарбай Дүсенбаев
бас редактор
Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ
бөлім редакторы
Салтанат МҰРАТҚЫЗЫ
безендіруші
Асыл ҚАРТАБАЕВА
меншікті тілшілер:
Бекен ҚАЙРАТ (Астана)
Марат АРЫНОВ (Өзбекстан)
Меншік иесі :
«Алтын бесік2» ЖШС,
Дүниежүзі
қазақтарының
қауымдастығы.
Журнал Қазақстан Республикасы
Ақпарат министрлігінен Бұқаралық
ақпарат құралын есепке қою туралы
№ 4629 Ж куәлігін алған.
22.01.2004 ж.
Алғашқы есепке қою кезінде
нөмірі мен мерзімі:
№ 3209 Ж. 25.04.2002 ж.
Жарияланған материалдардағы
деректердің нақтылығына
автор жауап береді.
Басуға 10.08.2015 ж. қол қойылды.
Таралымы 1000 дана
Журнал ЖШС «Dostar media group»
баспаханасында басылды.
РЕДАКЦИЯНЫҢ
МЕКЕН ЖАЙЫ :
050002 Алматы қаласы.
Ш.Уәлиханов көшесі, 43а
Тел.факс (727) 273 19 50
E mail: altyn _besik @mail.ru
алтын бесік