99
Сүйекбай, Рахаттарға қайтақайта кезiгiп бiр тең балық
қалдырып, соңғы жұмыстарын тапсырды. Еркiне салса
Таралаңның желкесiндегi Қаратаудағы қарағайды азаздан тасып,
өзен бойынан сарай салар ма едi, қайтер едi?!
Әкемнiң есiл арманын бiздiң қанымызға сiңген көшпендiлiк
дағдысы жеңдi де, ертеңiнде көше жөнелдiк. Таңбалы теректен
өрлеген соңақ ауа, жер бедерi тiптi құлпыра түстi. Терiстiк
жағымыздан ну орманға құрсанған Қарашоқы, Ақтасты қyыс,
Шұбар деп аталатын қоныстар ұзын аққан өзенi, жыныс
орманымен көзге ұрып, баяу бұлқынып қояды. Қиыс шығыстан
Күрті, Арағаш, Аңсаты, Жорғаты деп аталатын өңкей қарағайлы,
балқашты сай жамырайды. Жол үстiнiң ұшқат, тасжарған,
ырғайының өзi талдан биiк, бетегелi, көделi белбелестер баяу
толқып, бiр түрлi хош иiс, саумал самалын аңқыткандай болады.
Әтiр құйынған келiншек пе, теңгемоншақ тағынған жас қыз ба,
Баян, Жібек, Құртқа, Салиханың мекенi ме, әйтеуiр бейiштей
бiр өмiр. Тазығыр тасты жер деп аталған өңiрдi арша бүркеген.
Кейбiреуi алып айдағардай иiрiлiп, көштiң жолын көлденеңдеп
өтедi. Әлгi жұпар аңқыған ауаның iшiнде осы арша исi де бар
сияқты. Бiз Шібелен деп аталатын өзеннiң бойына келiп аз
дамылдадық та, көлiктердiң арқасын суытып тағы да iлгерлей
бердiк. Шібелеңнiң ұзынұзын ақ талы мен қайыңнан құрық
ала алмағанымызға өкiнудемiз. Өзеннiң бойында жалаң аяқ
асыр салып, балақтарын сусу қылып қайтпағандарына Қайбар,
Тiлеубай, Манатай өкiнетiн болса керек, үлкендердiң ойы
Шойғатының Талдыбұлағына жете тыныс алу.
Төр жайлауға өтетiн ел кеуделеп кеткен екен. Бiз Шойғатыға
таяған кезде ғана, соңғы ауылдардың шетi көрiндi. Көшiмiздi
алыстан бейнелеп, сол шеткi ауылдан қайтқан қаздай шұбырып
шыға келген Ақан күре жолға бiзбен деңгейлес жақындады.
Сары ала айғырды мiнiп алыпты, екi сары ала құлын мен екi құла
бие артынан қалмайды екен. Үш сары сиыр да мұндай жүрiске
дағды алып алған. Балапанын шұбыртқан сары ала қаз үйiрiндей
болып далаға тағы да бiр айшық, алтын тұрман секiлдi көрiк
берiп келедi.
Ақан көшке жақындай бере тау даланы жаңғыртып әкеме
сәлем бердi. Бiз де қарсы маңырап, ол кiсiге жабырласа сәлем
берiп жатырмыз.
Оғалайкумассалам, оғалайкумассалам ! Бұл қайсы ауылдың
көшi?
Қанапияның! дедi Қадым әдейi.
Аузыңа қан толсын, каяр шоқыншық! Шыбыншiркей,
құртқоңыз терген Қанапия да ауыл болған ба екен ?!
Омар қажының, дедiм мен шақ етiп.
Оһ, айналайын! Қажының әруағына бас! Өзiң кiмнің
баласысың қарағым?
Құртқоңыз
терген Қанапияның, дедiм мен.
Қой, олай деме, “Жақсы лебiз, жарым ырыс” дейдi , жөндеп
сөйле балам! Қанапияның әкесi кiм ?
Өкең қажы.
Өкең қажының әкесi кiм?
Тәтiкең.
Тәтiкеңнiң әкесi кiм?
Құнияз!
А, бапан ауылының көшi екен ғой! дедi Ақан.
Мен мәз болып күлдiм. Ашау, Шәпемдер де күлдi. Әкем мен
шешем ғана салқын езу тартты. Ақан балаларға қалтасындағы
құрт, iрiмшiк, тәттiсiн үлестiрiп, Шойғатының ар жақ, бер
жағында сайсалада отырған ауылдарды бiрден тарата бастады.
Шойғаты сайсаласы мол, бұлақбастауы көп, қарағай
самырсыны қалың, шөбi шүйгiн тынысты өлке. Бұлқынып
ағатын әжептәуір өзен; суы, сонау бастағы апай төс Саршоқының
салаларын өрлеп, қар, жаңбыр суын құрап келетiн сияқтанады.
Саршоқы Алтай тауының осы тұстағы басынан бұлт асырмайтын
дара биiгi тәрiзденгенмен, жүйрiк төбесiне дейiн жарысып ағаш
өседi. Қызыл қарағай, самырсын, аққарағай, балқарағай бес
алты шақырымнан мен мұндалап, ереуілдеп тұрады. Шоқының
бауырына таман ұйыса өскен қара самырсын, аққайың, бозтал,
қызыл қоныр шетен самалмен тербеліп, осы бiр жайлы мекенге
бақыт, рахат шақырғандай болады.
Көш Шойғаты өзенiнiң өткелiне таяп келгенде жол шетiнен
қалың ағаш зират көрiндi. Денi қашалып, күмбез үлгісінде
салынған ағаштары ақ сөңке болып қураған ерте заманның
зираттары. Әкем, шешем, Ақан, Ашау, Шәпем секiлдi естияр
кiсiлер аттарынан түсiп, зират басындағы көгалға қоралана
жүгiнiп отыра қалды да, “Ясыннан” бастап ылғи бiр “инмен”
аяқталатын сөрелердi ұзақ оқыды. Бiз де ат үстiнде әкемнiң қоңыр
дауысына ұйып тұрмыз. Бар тiлегiмiз әруақтарға ол дүниенiң
жайлы мекенiн сыйлап, ұрпақтық мiндетiмiздi өтеу, сүре ақыры
аяқталып, «әумин», «иллахи әумин» деген тiлек жамырай қалды,
бәрiмiз қол жайдық. Бата да тым ұзақ болды. Жетпiс жетi атамыз
бiрақ терiлген болса керек. “Қалдыкөз, Қарамойын, Омар қажы”
деген сөз ғана құлағыма айқын естiлiп қалды. “Е, мынау зират
атамның зираты екен ғой, бөгенайы қандай қорқынышты едi
жарықтықтың!” деген ой келдi басыма. Ақан сау сыңар алақанын
тiзесiне сүйкеп, үнсiз отырған, дұға аяқталған соң бетiн сипады да:
Жаның жәннатта болсын, қажы атам! деп бiр сығым
топырақты зираттың терезесiнен iшке қарай шашты. Өлiлер
үшiн iстелетiн парызқарызымыз осымен өтелгендей бәрiмiз де
жеңiлдеп, бытырап көшiмiзге оралдық.
Талдыбұлақтың бойына көп үйлi қоңырқай ауыл орнап
қалған екен.
Татанайдың ауылы бiрер күнде Аралға көшкелi қамдалып
отыр дедi Ақан жылқының түп құйрығындай қайратты қара
мұртын ауылға қарай тiкiрейтiп. Tатанайдың аталуы менiң
көңiлiме Асқар ақынды түсiрдi. Өзiн әлi көрмеген кiсiм. Қау
атам да осы кiсiмен жақсы араласқан екен. Бiлерi мол ғұлама
ақын деп мақтайды. Әсiресе азаматтығын, қоғамдық пiкiрiн зор
бағалайды. Шәріпханмен iстес болған кезде сiңiрген еңбегiн,
мәдениет тұрғысын қастерлейдi. Асқар Татанай жазған өлең
дастандарды қойын дәптерлерiне көшiрiп алып, бiзге оқып
беретiн. «Жаман келсе, аман келедi» «Қала жiгiтi мен қыр
жiгiтiнiң айтысы», «Майлыбайдың ауылы» деген өлеңдерiн
естiген соң әкем:
Жарайды, жарайдыақ Tатанай Асқар деп атын тауып қойған
екенау. Асқар, десе Асқар ғой мынау, деп айрықша сүйiнгендi.
Өлеңнiң өрелi қойын, тапқыр тiлiн, қазақ болмысы мен мiнезiн
ауызға алатын. Ақынның «Алтай», «Өтiрiкшi шал», «Адасқан
аю», «Бикенiң өмiрi» деген шығармаларын оқытқаннан кейiн
тiптi желпiнiп, ықылымды ақтара жөнелетiн.
Ау, балаларымау, мына Асқар өлеңсөздiң жаңа бiр
тұрғысын, тынысын меңзеп, биiктеп бара жатырау! Заман
заманмен үзеңгi соғыстырған ойөресі, тiл қамалаты қандай
күштi өзiнiң! Ел жазғанды жатқа айтып тақылдағаннан басқа
не келiп едi бiздiң қолымыздан? Қазіреті Қали анадай күштi,
баба Құмар мынадай жүйрік, Салсал ең құдiреттi, пәлен әулие,
түген әулие, тәуiп, батыл болған деп қисындыру да өлең болып
па, мынаның жанында? Асқар Татанай Алтайдың асқар биiгi
екен ғой. Өз өмiрiмiздiң шындығын көз алдымыздан қайта
тамылжытып өткiзiп отыр ғой, жай ғана ақыл, нақыл емес,
кесеккесек ой ұсынады! Қандай ел болғаныңды, қандай ел
болу керек екенiңдi форымдайды, өз маңайымыздағы тұрғыдан
бағдарымызды көздей алмасақ, жоғымызды iздеп таба алмасақ
ел болғанымыз қайсы?!
Расау, жаңа заманның үнi деген осы ғой дейдi Ашау.
Әкеме, ағаларыма зор тiлек, үмiт арқалаткан Асқар
Татанайдың ауылы дәл қасымызда отыр дегенде, “Қандай кiсi
екен, бiр көрiп, лебiзiн естiп қалсам. шiркiн” деп армандадым.
Бiрақ біздің үй Татанай ауылына қосылмай Талдыбұлақтың
Шойғатыға құйған жерiндегi жүрекшеге қона салды. Татанай
ауылы үлкен, отаулары мен шағын көршiқолаңнан ғана құралған,
малы аз, берекесi, мәдениетi мол ауыл секiлдi. Шеткi үйлерiнен
акардеон үнi естiлiп қалады. Асқардың
отауы мұнда емес, Алтай
қаласында болып шықты.
Ымырт жабылды. Қойнауқойнау, сайсалада отырған елдiң
жер ошағынан, iргесiнен от жарығы бадырайып, қой иiрiп, қозы
бөлген дауыстар молайды. Жаз туған қозылақтың дыбысы,
шар саулықтың мекiренгенi, топырақ шашып, жар сүзген бұқа,
азбандардың дауысы тауды басына көшiредi. Шатаңдардан
күмбiркүмбiр кiсiнеген жылқының әлде неге айғайлаған
адамның үнi естiлiп қалады. Бұл даланың түнгi тыныштыққа
оралар алдындағы тынысы едi. Байғыз, үкi, жапалақтың