Жыл санап жайнап, көркейіп келе жатқан Астана еліміз бен Елбасының қуанышына


шаһибек ханның қазақтарға шабуылы және



Pdf көрінісі
бет17/32
Дата11.01.2017
өлшемі14,7 Mb.
#1622
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32

шаһибек ханның қазақтарға шабуылы және
 оның ісінің күйруі
Шаһибек  хан  хандар  және  менің  әкемнің  өмір  кесесін 
шейіттік  шәрбатымен  толтырып  оларға  ішкізіп,  тіпті  қағып 
салдыртуға мәжбүр етті. Өлең жолы:
Біреуге  шәрбат  ішкізсең,  өзің  де  ішесің.  Оның  да  ғұмыр 
кесесі лық толып басындағы бағы тайған­тын. һәм дәулет кесесі 
де төңкерілген еді. Сөйтіп әлгі кісілерге берген сол шәрбаттың 
сарқытын өзі де қағып салды. 
Бәйіт:
Жанарымның жарқылы, бір сөзім бар, тыңдағын,
Шәрбат толы кесеңді көтере сал тұр­дағы!
Тоқ  етерін  айтқанда,  ол  Шаһибек  хан  хандар  мен  менің 
әкемнен  құтылған  соң,  қолын  әр  тарапқа  жұмсап,  жазалағыш 
жебесін барлық жаққа жаудырумен болды, ойына не келсе, соны 
істеді.
915  һижри  қәмәри  (1509  ж.  қарашасы)  жылдың  қысында 
қазақтарға  шабуыл  жасады.  Сол  кезеңде  қазақтардың  ханы 
Бұрындық хан еді.
Бірақ шын мәнінде хандық билік және үстемдік Қасым ханда 
болатын.
Шаһибек ханның қолында үлкен күш бола тұра оған қарсы 
тұра алмайтын еді. Шаһибек ханның әскері сол заманда екі жүз 
мыңнан асатын.
Қыс түскенде оның барлық әскері жем­шөпке байланысты әр 
жерде қыстап шығатын. Қақаған қыста Шаһибек хан жортуылдағы 
бөріше  жорыққа  шығып,  бірде  жортып,  бірде  қайтып  оралып 
отырды.  Ондағы  ойы  дұшпанды  уәлаяттың  маңайына  жақын 
келтірмеу  болатын.  Ең  соңғы  жорыққа,  жоғарыда  айтылған 
жылы  шықты,  әскерінің  көліктері  әбден  титықтап  қалжыраған 
еді. Өзі Көккесене маңында қалып, тың, күш­қуаты бар бір топ 
әскерді бөліп, алға жіберді. Оларға бірнеше кісі кезігіп, оларды 
олжалап, тұтқынға алды.
Шаһибек ханның әскерлері бір күнді аттарын жайып жүруге 
белгілеген еді. Кенет Қасым ханның жақын маңда тұрған хабарын 
естіп, қатты үрейленді. Қасым ханның әмірлерінің бірі – Бойын 
Пір Асан Шейбанның шабуыл жасағанын есітіп, өз әскерімен сол 
топқа қарсы қозғалып, Қасым хан келді деген қауесет таратты да, 
оларға алыстан өз әскерінің қарасын көрсетіп отырды. Шаһибек 
ханның әскерлері, сірә Қасым ханның өзі келген екен деп ойлап, 
алған  олжаларының  бәрін  тастап,  күйзелген  күйде  Шаһибек 
ханға  жетіп,  Қасым  ханныңкелгені  жайында  хабар  жеткізді. 
Шаһибек  хан  ести  сала,  басқа  хабар  алуға  әрекет  етпей,  дереу 
аттаныс  дабылын  қақты.  Әскердің  бас­аяғын  түгендеместен, 
жиналғаны  жиналып,  қалғаны  қалып,  быт­шыт  болып,  қыстың 
аяғында  Самарқанға  жетеді.  Өзі  Хорасанға  өтіп,  сонда  өктемді 
өткізді.
Ал маусым айының басында 916 һижри қәмәри (1510 милади 
жылы)  Һәзареге  жорық  жасады.  Оларды  Һәзаре  тауларынан 
қанша  іздесе  де,  ізін  де  таппады,  өйткені  Һәзарелер  әр  жерге 
тығылып  қалғандықтан  табу  мүмкін  болмады.  Қайтар  жолда 
шатқалды  жиектей  жүріп  отыруға  тура  келді,  себебі  етегінде 
Тілман  өзені  ағып  жатты.  Шатқалға  түсетін  жол  аз  әрі  өте  тар 
болатын. Осыншама әскерге бір немесе екі сүрлеу жолмен түсіп, 
су  алып  шығу  өте  ауыр  болды.  Осылайша  олар  бірнеше  күн 
жүрді, судың жетіспеуінен әлсіреді. Шөлден көп ат өлді. Осылай 
бұл қосын әбден күйреп, күйзеліп ақыры Хорасанға жетті. Қыс 
мезгілі таяп қалғандықтан әрі әскері екі рет ауыртпалықты бастан 
өткізгендіктен  әскерге  Түркістан  аймағынан  Ирак  пен  Керман 
маңына дейінгі атрапта әркім өз мекенініе, өз шаңырағына тарап 
кетулеріне рұқсат етілді.
Сол  уақытта  шаһ  Исмаилдың  Хорасанға  шабуылға 
шыққандығы  туралы  хабар  жетті.  Әскері  жан­жаққа  бытырап 
кеткен соң, енді Шаһибек хан Гератта қалуды дұрыс деп санамады. 
Әскерін жинау үшін әр тарапқа жаушы жіберді. Сұлтандар мен 
әмірлер Мервте жиналсын деп бұйрық берді де өзі сонда балды. 
Ол Мервке ат басын тірегенде ізінше шаһ Исмаил да келіп жетті, 
ол жайында таяуда баяндалады.
қазақтар және қазақ сұлтандарының тіршілік 
ерекшеліктері туралы; бұл атаудың оларға берілу себебі 
хақында және олардың істерінің салдары 
Әбілқайыр хан Қыпшақ даласында түгелдей билігін орнатқан 
кезде Жошы әулетінен шыққан кейбір тіміскішіл сұлтандар одан 
келер  бір  пәленің  исін  сезіп  қалып,  оны  орнынан  тайдырмақ 
болды. Керей хан, Жәнібек сұлтан сияқты кейбір сұлтандар мен 
басқалар аз ғана топпен Әбілқайыр ханнан қашып, Моғолстанға 
келді. Сол уақытта Моғолстан хандығын билеу кезегі Есенбұға 
ханға  жеткен  еді.  Есенбұға  хан  оларды  қатты  құрметтеп, 
Моғолстанның  бір  шетін  белгілеп  берді.  Олар  осы  жерден 
қауіпсіз жайлы қоныс тапты. Сөйтіп тыныш өмір сүріп жатты.
Әбілқайыр хан дүние салғаннан кейін өзбектердің ұлысында 
алауыздық  пайда  болды.  Әркім  мүмкіндіктеріне  қарай  қауіпсіз 
һәм  дұрыс  өмір  сүру  үшін  Керей  хан  мен  Жәнібек  ханды 
паналады,  олар  осылай  күшін  нығайтты.  Басында  өстіп  елден 
қашып, олардан бөлініп жырылып қалып, біраз уақыт тарығып 
әрі  сергелдеңде  болғандықтан  оларды  «қазақ»  деп  атады.  Бұл 
лақап ат оларға осылай таңылды.
Керей  хан  қайтыс  болғаннан  кейін  хандық  таққа  оның  ұлы 
Бұрындық  хан  отырды.  Жоғарыда  аталған  Қасым  хан  Жәнібек 
ханның  баласы  болатын  әрі  әкесі  сияқты  барлық  іс  жағынан 
Бұрындық  ханды  тыңдап,  соған  бағынатын  еді.  Керей  ханның 
Бұрындық  ханнан  басқа  да  көптеген  ұлдары  болған.  Жәнібек 
ханның  да  Қасым  ханнан  басқа  балалары  болған.  Соның  бірі 
Әдік  сұлтан  еді.  Жүніс  ханның  төртінші  қызы  Сұлтан  Нигар 
ханымды  Мырза  Сұлтан  Маһмұд  ибн  Сұлтан  Әбусаид  мырза 
қайтыс  болған  соң,  Әдік  сұлтанға  берді.  Ташкент  ойрандалған 
кезде  Әдік  сұлтан  Шаһибек  ханнан  қашып  шығып,  қазақтарға 
кетті. Сұлтан Нигар ханым да оның соңынан ілесті. Әдік сұлтан 

62
сол күндері дүние салды. Содан Сұлтан Нигар ханымды Қасым 
хан некелеп алды.
Әдік сұлтаннан кейін Қасым хан билікке қол жеткізді. Сөйтіп 
Бұрындық ханға хандықтың атынан басқа ештеме қалған жоқ. Ең 
ақырында Бұрындық ханды қуып жіберді. Сонымен Бұрындық 
Самарқанға кетіп, жат өлкеде өлді.
Алайда Қасым хан Қыпшақ даласын түгелдей өзіне қаратып 
алғаны  соншалықты  Жошы  ханнан  кейін  ешкім  де  ол  сияқты 
мұндай билікке қол жеткізген емес. Мысалы әскерінің саны мың­
мыңнан (миллион) асатын еді. Ақырында 924 һижри қәмәри (1518 
милади)  жылы  қайтыс  болды.  Қазақ  сұлтандарының  арасында 
ұрыс  басталды.  Қасым  ханнан  кейін  оның  ұлы  Мамаш  хан 
хандық  таққа  отырды.  Ол  шайқастардың  бірінде  тұншықпадан 
өлді. Одан кейін Әдік сұлтанның ұлы Тайыр хан таққа отырды. 
Ол  қатігез  адам  болатын,  қаталдығы  өз  шегінен  шыққан  соң 
елінің саны төрт жүз мың бола тұра одан бірден безіп бытырап 
кетті.  Оның  қарабасы  қырғыздардың  арасында  жалғыз  қалды, 
мүшкіл жағдайда қаза тапты.
Отыз  мыңға  жуық  адам  тағы  да  Моғолстанға  жиналды. 
Тайыр ханның бауыры Бойлаш хан таққа отырды. Ең ақырында 
сәтсіз  тағдырдың  қырсығынан  соншама  халықтан  міне  бүгін 
төртінші  жыл  болып  барады,  ешбір  жерде  із  де  қалмапты. 
Отызыншы  жылдары  930  һижри  қәмәри  (1524  милади  жылы) 
қазақ саны мың­мың (миллион) болатын. Қырық төртінші жылы 
944 һижри қәмәри (1537 милади) сонша халықтан бұл жерде еш 
белгі қалмаған. Олар жөніндегі кейбір оқиғалар ханға қатысты 
әңгімеде  келтіріледі.  Ал  қазақтың  қысқаша  ахуалы  баяндап 
өткендей болды.
Қасым  хан  хандық  атағының  жарлығын 
өзіне алмай­ақ жатқан кезде оның үстемдігінің 
күштілігі соншалықты жоғары болғандықтан, 
Бұрындық ханды ешкім ауызға да алмайтын. 
Алайда  Қасым  хан  Бұрындық  ханның 
жанында  болуды  қаламайтын.  Өйткені, 
оның  жанында  болатын  болса,  оны  құрмет 
тұтуға тура келі. Егер де құрмет көрсетпеген 
жағдайда сынға ілінетін еді. Ал құрмет тұтқан 
жағдайда  өзі  іштей  оған  бағынғанғанын 
мүлдем  ұнатпайтын.  Сондықтан  Қасым  хан 
одан  іргесін  аулақ  ұстайтын.  Бұрындық  хан 
Сарайшыққа  оныс  тепті.  Қасым  хан  одан 
мүмкіндігінше қашық жүрейін деп Моғолстан 
шекарасына кетіп қалды.
Қасым  хан  Қараталда  қыстап,  ерте 
көктемде өзінің туған өлкесіне қайта оралмақ 
болған еді. Сонда бұған Кетебектен бір кісі 
Сайрам  әкімімен  бірге  келіп,  Сайрамның 
кілтін  оған  алып  барып,  оған  тарту  етті. 
Қасым хан оны қабыл алып,содан моғолдар 
Йәнги деп атап жүрген Тараз жаққа бет алды. 
Өзінен бұрын ол әмірлерінің бірін жіберді. Кетебек оған Сайрамды 
тапсырды  және  өзі  оның  қызметіне  кірді.  Әрі  Ташкентті  алуды 
үгіттеді. Қасым хан қалың қолмен Ташкентке бат алды. Сүйіншік 
хан Ташкент қамалына тығылды. Қасым хан сонда барды. Ташкент 
қамалында бір түн түнеп қайтты. Ташкент маңына шабуыл жасап, 
тапқанын  тонап  кетті.  Сайрам  айналасындағы  жайлауға  малын 
жайды. Оған қатысты басқа жағдайлар ретіне қарай айтылады.
сүйіншік ханның шайқасынан кейінгі болған оқиғалар.
сұлтан саид ханның қасым ханға, қазақтарға баруы 
918  һижри  қәмәри  (1512  милади)  жылдың  көктемі 
шығысымен,  Шейбан  өзбектері,  яғни  Шаһибек  ханның  қол 
астындағы  өзбектер  Мауараннәһрде  билік  құрды.  Олардың 
алдында адамдардың жүрегіне қорқыныш ұялады.
Саид  хан  қыс  мезгілін  амалдап  өткізген­ді.  Көктемде 
енді  не  істеу  керек,  алда  қандай  амал  қолдану  қажеттігін 
ойластырып  жатқан  кезде  Қасым  ханның  шабуылға  шыққаны 
туралы  күтпеген  хабар  жетті.  Ол  шабуылға  шыққанға  дейін 
Саид хан Ташкентке қарайтын аты мәшһүр Аһәнгәранға жорық 
жасады.  Мен  ол  жорықта  ханның  жанында  бірге  болдым.  Таң 
атысымен  шабуылшылар  Аһәнгәран  еліне  жеткенде  олар  мал­
мүлік,  әйел,  бала­шағасын  тоғайдың  ішіне  жасырып  тастаған 
еді.  Тоғайдың  бір  жағынан  үлкен  өзен  ағып  жатса,  ал  екінші 
жағы  терең  жар  болатын.  Оған  баратын  тек  жалғыз  жол  бар­
тын. Шабуылшыларды олар жақындатпай қойды. Ол жөніндегі 
хабарды Саид ханға жеткізді. Хан мені қауіпті жерге бармасын 
деп  тізгінімді  Қожа  Әлі  баһадүрге  тапсырды.  Өйткені  мен  әлі 
жаман мен жақсыны айыра алатын, өзімді қауіп­қатерден аман 
сақтап  қалатын  жаста  емес  едім.  Шабуылдаушылар  оларға 
жақындағанда  жаяу  мергендердің  бір  үлкен  тобы  түкпір­
түкпірден садақтарын көтеріп алып, жанкешті шайқасқа кірісуге 
оңды­солды  тізілді.  Біздің  адамдар  жақындап  келген  кезде  хан 
оң  жақтағы  батырларды,  сол  жақтағы  ержүректерге  күш­жігер 
беріп  «тізгінді  босатып  жіберуге  асықпаңдар,бәрің  бірден  лап 
қойыңдар!»,  деп  ескертті.  Содан  бәрі  бірден  шабуыл  жасауы 
керек деп тізгінді тартты. Бірақ баһадүрлердің шайқасуға асық 
болғанына  қарамастан  не  үшін  бұл  бұйрық  берілгенін  ешкім 
байқамай қалды. Өйткені ол бұйрықтың мақсаты хан өзгелерге 
байқатпай  өзі  жеке­дара  жауға  шабуыл  жасау  болған,  содан 
хан  бәрінен  бұрын  жау  ортасына  жетті.  Тасада  тұрған  үш 
мерген садағымен ханды көздеп, атып жіберді. Бірақ бақытына 
орай,  жаратқанның  айқын  жәрдемімен  атылған  үш  жебе  де 
нысанаға дарымай мүлт кетті. Содан Саид хан жауды жапырар 
өткір қылышын үш адамның біріне сілтеді. Ол одан үрейленіп, 
ханның  атының  бауырына  тығылды.  Хан  екіншісіне  ұмтылды. 
Алдыңғысы  хан  атының  бауырынан  бас  шығарғаны  да  сол  еді 
Рүстем  паналайтын  сарайдың  ержүрек  баһадүрлерінің  бірі 
Абдолуаһед баһадүр ханның ізін ала шабуыл жасап, семсерімен 
әлгі  адамның  басын  шауып  жібергені  сонша  кесілген  бас 
денесінен бөлініп бір найза бойы жерге домалап кетті.
Бұл кезде хан екіншісіне жетті. Артынша қан құйлы Бәһрам­
Марсты өз ісінде үйрете алар хан жауынгерлерінің қылыштары 
найзағайдай:
«Жай оты олардың көздерін қарықтырадай (Бақара. 2­сүре,20­
аят) көрініп, жалтылдап жалындады. Бір сәтте сол адамдардың 
тіршілікпен  қоштастырғаны  соншалықты,  қиямет  күнге  дейін 
олардың  болмыс  бейнесін  елестемейтіндей  етті.  Сол  шайқаста 
ержүректер  және  батыл  баһадүрлердің  ешқайсысы  ханнан 
асып  кете  алмағандықтан  бәрі  оған  бір  ауыздан  мадақтау  мен 
бәрекелдіні  айтты  һәм  кері  ауыздарын  жауып,  өз  ынсаптарына 
еніп, батырлықтың бас шені ханға әбден лайық деді.
Сол  жорықта  Саид  хан  олжалы  оралды.  Ізінше  Қасым  хан 
Ташкентке  Сүйіншік  ханға  шабуыл  жасады  деген  хабар  келді. 
Саид  хан  тездетіп  Ташкентке  бет  алды.  Ферғана  мен  Ташкент 
уәлаяттары арасындағы Кендірлік асуына жеткендерінде Қасым 
ханның қайтып кеткені туралы хабар жетті. Саид хан да Ахсиге 
оралды әрі Ферғана уәлаятының қамалдарын бекемдеп, қазаққа 
қарай  бет  алды.  Ондағы  ойы  Ташкентті  алуға  тағы  да  қазақты 
көтеру  болатын.  Мен  ол  сапардан  сырқаттануыма  байланысты 
қалып қойдым.

63
Хан жолға шығып, Моғолстанның мәшһүр жері – Шуға келіп 
жетті. Қасым ханның сол уақытта жасы алпыстан асып, жетпіске 
таяп қалған кезі. Ал ханның қылшылдаған шағы болатын – жасы 
отызға  жете  қойған  жоқ  еді.  Қасым  хан  жасының  ұлғаюына 
байланысты Саид ханды қарсы ала алмайтынына кешірім өтініп, 
Жошы әулетінен тараған кейбіреулерінің жасы елу мен алпысты 
алқымдап  қалған  отыз­қырық  сұлтанды,  солардың  ішінде 
Жаныш хан, Тыныш хан, Мамаш хан, Жан Айдар сұлтан, Қарыш 
сұлтан және тағы басқаларға тізе бүгіп құрметпен қарсы алсын 
деп  бұйырды.  Соның  ішінде  Жаныш  хан  мен  Тыныш  хан  жас 
жағынан Саид ханнан көп үлкен болатын. Олар тізе бүккен кезде 
хан  орнынан  тұрды.  Қалған  сұлтандардың  бәрі  де  тізе  бүккен 
уақытта хан өз орнына отырып, сәлемін қабылдады. Қасым хан 
Саид хан алдына келгенде жылы жүздесіп құрметтегені сондай, 
хан өмірінің соңғы сәтіне шейін оның кішіпейілділігін ұмытқан 
емес. Әрқашан сырласа қалғанда хан оны еске алып (Алла тозақ 
отынан құтқарғай): «Қасым хан асқан мәрт адам болған», – деп 
отыратын және онымен қалай танысқанын баян ететін­ді.
Осындай бір кездесуде Қасым хан Саид ханға жақындап: «Біз 
дала халқымыз, бұл жерде алуан­түрлі бұйымдар да жоқ, үй салу 
машақаты жоқ. Ең қымбат байлығымыз – жылқы және ең дәмді 
тағамымыз – оның еті, әрі ең сүйкімді сусынымыз – оның сүті 
және оның өнімдері.
Біздің өлкемізде бау­бақша мен ғимаратта жоқ. Серуендейтін 
жеріміз  –  малдың  жайлауы,  жайлауға  барып,  жылқыларды 
тамашалаймыз,  сонда барып, бірер сағат қызықтаймыз», – деп 
Саид  ханды  ертіп,  үйірге  жақындатып,  алып  барды.  Барлық 
шаруа мен жылқыларды көрсетті. Сосын Қасым хан тағы да ханға 
қарап: «Менің екі арғымағым бар, екеуі бүкіл үйірге татиды», – 
деп  арғымақтарды  алып  келді.  Саид  хан  мына  екі  сәйгүліктей 
жылқыны ешқашан көрмегенін талай рет сүйсіне әңгімеледі.
Қасым  хан:  «Дала  халқы  –  жылқының  күш­қуатына  қарай 
тіршілік  етеді.  Мен  де  осы  екі  арғымақтан  басқа  өзіме  лайық 
сенімді ат жоқ.
Сондықтан  екеуін  бірдей  сізге  тарту  ете  алмаймын.  Енді 
сіз қадірлі қонағым болғандықтан екеуінің бірін таңдап, қабыл 
алыңыз да біреуін маған қалдырыңыз», – деді. Ол әрқайсысын 
жеке­жеке  сипаттап  шықты.  Саид  хан  біреуін  алды.  Ол 
арғымақтың  аты  –  Оғылан  Тұрық  еді.  Шынында  да  ондай 
арғымақ бұдан кейін туған жоқ. Қасым хан тағы бірнеше атты 
сол үйірден таңдап, алдына тартты.
Сонан соң қымыз арағы құйған кесені ханның алдына ұстап 
тұрып  Қасым  хан:  «Біздің  қонақ  сыйлауымыз  осылай,  егер 
дәмін  татсаңыз  біз  үшін  үлкен  мәртебе  болмақ»,  –  деді.  Саид 
хан  осыдан  біраз  уақыт  бұрын  ішімдікті  қойып  кеткен  еді.  Сол 
себепті:  «Қойғаным  бұл  оқиғадан  бұрын  болған,  енді  сертті 
бұзуым қалай болар екен?», – деді. Қасым хан: «Бұрын айтқандай, 
біздің  сусынымыздың  ең  кереметі  –  жылқының  сүті  және  одан 
дайындалатын  тамаша  өнімдер  болып  табылады.  Егер  бұл 
өтінішімізді орындамасаңыз қонақ күтуде әлжуаз болып қаламыз.
Сізге  қандай  қызмет  көрсетіп,  көңіліңіздеен  қалай  шығу 
керектігін біле алмадым. Сіздей қадірлі қонақ біздің дастарқанға 
келуіне жылдар өтіп, мендей қонақ иесі бола берер дейсіз бе. Ал 
мен сізді дұрыстап қонақ етіп, күте алмасам, бұл арманды қалай 
орындай  алар  екенмін?»,  –  деп  басын  төмен  салып,  жүзінен 
мұңайған  нышан  көрінді.  Саид  хан  ашылып  Қасым  ханның 
көңіліне қарап, арақ сусынына ауысты. Қасым хан қатты қуанды. 
Әңгіме басталып кетті. Жиырма күн қатарынан қымыз арағының 
кесесін тауыса босатып ішіп жүрді.
Жаз айының аяғы еді. Қазақтар Қасым ханның бұйрығымен 
қыстауға  бет  алды.  Қасым  хан:  «Бұл  кезде  Шейбанға  шабуыл 
жасау қиын. Дала елі қазірден қыстың қамын жемесе болмайды. 
Қазіргі кезде жорық жасау мүмкін емес. Әрі бұл уақытта әскер 
де жинала алмайды», – деді. Ол сыпайы түрде жорыққа шығудан 
бас тартты. Кешірім сұрады. Бірақ әр түрлі адамгершілік, ілтипат 
көрсетіп,  Саид  ханға  қайтуына  рұқсат  етті.  Өз  көшін  туған 
жеріне қарай бастады. Саид хан өте қатты риза болып қайтадан  
Әндіжанға аттанып кетті. Шілде айы еді.
Хан сарайының бір ғалымы бұл оқиғаға Қазақ бейбетісөзінен 
хронограмма тапты ол – 919 һижри қәмәри (1513 милади) жыл.
қожа тәжеддиннің тұрфанға қайтуға рұқсат алуы 
жайында  және тайыр ханның қазақ-өзбекпен бітіме келуі 
һәм сол күндері болған оқиғалар 
Қожа  Тәжеддин  Тұрфаннан  келген  соң,  Саид  хан  қожаға 
лайықты  құрмет  көрсетіп,  сыйлады.  Ол  бір  жыл  Жаркентте 
болды.  Одан  кейін  қожаны  дәстүр  бойынша  Тұрфанға 
құрметтеп  қайтарды.  Келесі  қыста  Рашид  сұлтан  жорыққа 
шықты.  Қалмақтарды  қуып,  қалмақтың  Йаран  Тайшы  атты 
әмірін өлтірді. Ғазауатқа қатысу абыройына да ие болды.
Ол  Қошқарда  қыстап  шықты.  Саид  хан  тағы  да  азғантай 
адаммен  оған  келіп  қосылды.  Қыстың  орта  кезінде  сонда 
Тайыр  хан  келді,  жоғарыда  қысқаша  қазақ  хандары  жайында 
айтылғанда  Тайыр  хан  туралы  да  баяндаған  еді.  Елшілер 
алмасқаннан  кейін  былай  болып  шешілді:Тайыр  хан  ханға 
келетін болды және оған ханның әпкесі Сұлтан Нигар ханымды 
әкелетін болды.
Осы Сұлтан Нигар ханым бұрын айтылғандай, Сұлтан Жүніс 
ханның  төртінші  қызы  еді.  Сұлтан  Маһмұд  мырза  Әбусаид 
мырзаның баласы қайтыс болған соң, оны қазақ ханы Жәнібек 
ханның  баласы  Әдік  сұлтанға  күйеуге  берді.  Осы  ханымның 
Мырза Сұлтан Маһмұдтан Мырза хан атты бір перзенті болған. 
Ол Бадахшанда патша болған, 917 һижри қәмәри (1511 милади) 
жылы  өз  ажалынан  қайтыс  болды.  Оның  ұлы  Сүлеймен  шаһ 
мырза  қазіргі  уақытта  Бадахшанда  патша.  Сұлтан  Нигар 
ханымның Әдік сұлтаннан екі қызы болды. Үлкенін Обейдолла 
сұлтан Көшім ханның ұлына күйеуге берді.
Бірақ  ол  көп  ұзамай  қайтыс  болды.  Одан  кішісін  осы 
аралықта  Рашид  сұлтанға  ұзатқан  еді.  Ол  жөнінде  алда 
баяндалады. Осы Сұлтан Нигар ханымды Әдік сұлтан қайтыс 
болғаннан кейін оның бауыры Қасым хан некелеп алды. Қасым 
хан  дүние  салған  соң,  хандық  тақ  Тайыр  ханға  тиді.  Ол  Әдік 
сұлтанның ұлы еді. Ханымды туған анасынан да артық құрмет 
тұтатын. Ханым да оны сыйлайтын. Содан ол Тайыр ханға өтіне 
отырып айтты: «Сен менің перзентімдейсің, сен түрғанда мен 
басқа  бала  туралы  ойламаймын  һәм  армандамаймын.  Бірақ 
мен  қартайып,  шаршадым.  Менде  Өзбекстанның  қаласында 
көшіп­қонып  жүретін  әл­қуат  жоқ.  Енді  ғұмырымның  қалған 
уақытын қаладағы немере інім ­ Сұлтан Саид ханның жанында 
болып,  дүниеден  тыныш  көз  жұмсам  деймін.  Қазір  сенің 
Өзбекстанда  маңғыттардың  кесірінен  жұмысың  алға  баспай 
отыр.  Олардың  шабуылынан  сенің  он  ләк  (1000000)  әскерің 
төрт ләкке (400000) кеміді, Сенде оларға қарсы тұра алатындай 
күш  қалмады.  Сондықтан  мен  дәнекер  болып,  сені  моғол 
хандарымен,  достасуға  тиісті  әрекетті  жасаймын.  Сөйтіп,  сен 
де  маңғыттардың  зиянынан  аман  боласың.  Бұл  сенің  ісіңе  де 
лайықтау болады».
Бұл пікір Тайыр ханның көкейіне қонды. Содан Моғолстанға 
барып,  татуласу  жоспарын  жүзеге  асыруға  бет  алды.  Ол 
Қашқардағы  Саид  ханға  келді.  Хан  қадірменді  әпкесінің 
құрметіне  Тайыр ханды орнынан түрегеліп, қарсы алып, оған: 
«Мен  сенің  алдыңда  тұруым  төрелікке    қайшы.  Бірақ  қадірлі 
әпкемді  маған  жеткізіп,  жасаған  жақсылығың  үшін  тұруға 
болады», – деді. Хан тұрды, Тайыр хан дәстүр бойынша алдына 
келіп, басын иді. Хан оған әр түрлі патшалық ілтипат көрсетіп, 
шын жүректен сыйлықтар тарту етіп, оны қуанышқа бөледі.
Сондай­ақ  Тайыр  ханның  қарындасы  яғни  Сұлтан  Нигар 
ханымның  қызына  Рашид  сұлтанға  құда  түсті.  Қазір  ол  оның 
үйінде  тұрады,  балалары  бар.  Олардың  әрқайсысы  туралы  өз 
ретімен айтыла жатар.
Ханның  қайтар  кезінде  Мұхаммед  қырғыздарды  қайтадан 
ұстап,  тұтқындап,  Қашғарға  алып  келген  еді.  Бұған  себеп 
болған  нәрсе  олардың  тарапынан  мойынсұнбау,  бағынбау 
әрекеттері  байқалып,  өзбектерге  қашпақшы  болды  әрі  оларға 
қызмет  жасағысы  келді.  Сол  үшін  ол  тұтқында  ұсталды.  Хан 
қайтыс болғаннан кейін қамаудан босатылды.
Хан енді Қашқарға қайтты да мені халықты тыныштандыру 
үшін  Моғолстанда  қалдырды.  Қырғыздарды  басуға  қанша 
тырыссам да, олар бой бермей, қайтадан Моғолстанның шалғай 
аймақтарына кетіп, Тайыр сұлтанға қосылды, қалған аз бөлігі 
сол орнында қалды. Сол жылы хан перзентті болды.

64
Этнограф,  зерттеуші,  журналист,  жазушы  Тынышбек  Майлыбайұлы  Дайрабай  1943 
жылы  Қызылорда  облысы,  Жалағаш  ауданының  «Жаңаталап»  ауылында  дүниеге  келген. 
1969  жылы  Қазақ  Мемлекеттік  университетінің  журналистика  факультетін  бітірген. 
1969-1974  жылдары  Қызылорда  облысы,  Тереңөзек  аудандық  «Еңбек  туы»  газетінде  бөлім 
меңгерушісі,  1974-1976  жылдары  Алматы  жоғары  партия  мектебінің  тыңдаушысы,  1976-
1985  жылдары  Тереңөзек  ауданындағы  Қараөзек  совхозында  партком  хатшысы,  аудандық 
партия  комитетінің  бөлім  меңгерушісі,  1985-1994  жылдары  Тереңөзек  аудандық  Кеңес 
атқару комитеті төрғасының, әкімінің орынбасары, редактор қызметтерін атқарды. Қазіргі 
кезде халықаралық «Түркістан» газетінің бөлім редакторы
Тынышбек Дайрабай Қызылорда облысының Қармақшы,  Жалағаш, Сырдария аудандары-
ның   «Құрметті     азаматы»,   Қорқыт   Ата  атындағы Қызылорда мемлекеттік уни-
верситетінің  «Құрметті  профессоры»,  Әлеуметтік  ғалымдар  академиясының  «Құрметті 
академигі», ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан жазушылар, журналистер одағының мүшесі. 
КСРО Жоғарғы кеңесінің указымен 1988 жылы «Еңбек ардагері медалымен», 1993 Қазақстан 
Журналистер  одағының  құрмет  грамотасымен  марапатталған.  Дайрабай  Тынышбек 
Майлыбайұлы  2012 жылдың ақпан айында парламент сайлауын өткізуге белсенді қатысқаны 
үшін ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатын алды, 2012 жылдың 5 желтоқсан күні 
Елбасының жарлығы мен «Құрмет» орденімен наградталды. 
Тынышбек Дайрабайдың қаламынан туған 30-ға тарта тарих және ақын-жыраулар жайлы кітаптары оқырмандардан 
жылы баға алды. Сондай-ақ, қаламгердің тарихи-танымдық 700-ден астам мақалалары халықаралық «Түркістан», «Жұлдыз», 
«Парасат», «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Ана тілі», «Сыр бойы»  «Ақиқат» журналдарында жарияланды.
Төменде қаламердің Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған зерттеу еңбегін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет