Жыл санап жайнап, көркейіп келе жатқан Астана еліміз бен Елбасының қуанышына



Pdf көрінісі
бет19/32
Дата11.01.2017
өлшемі14,7 Mb.
#1622
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32

68
жазып, адам жіберіп, Орынборға бағынышты  қазақтар  жеріне  
өтуіне    рұқсат    сұраған.  Бұқарбайдай    батырдың    осылайша 
хабарласуы  Тоғанас    Бәйтікұлы    Сырдың    төменгі    ағысында  
ХІХ ғасырда өмір  сүрген  билер  мен  батырлар  арасында  аса 
ықпалды болғанын білдіреді.
Кенесары хан  бастаған  ұлт­азаттық күреске  қазақтардың  
жаппай  қатысқаны    мұрағаттағы    жазбаларда  көрініс    береді.  
Мысалға  1843­1844  жылдары  шөмекей    руының  байлары  
Жабағы    мен  Таспеннің    жылқылары  Қарақұмдағы  жайлауда 
(Қара  үңгір­Тұздақта)  бірге    жайылып  жүргені  жазылса,  1845 
жылдың    желтоқсан  айында  Орынбор    әскери    губернаторына 
жолдаған  Кенесары  Қасымов  жайлы мәлімдеулерде: шөмекей 
руының  Балқы  бөлімінің  биі  Бисары    Ботабаевтың    Кенесары  
қарақшыларына  зекет    жинауға    көмектескені,  желтоқсан 
айының  басында үйіне  қондырғаны т.б. жайлар  нақтыланып 
жазылған.  Демек,  шөмекейліктер Кенесары  Қасымов  бастаған  
ұлт­азаттық  күресінің бел ортасында  болды.
Қоқан  және    Хиуа  хандықтары    орыс    шебінен    алыстау  
орналасқан  Сыр елінің қазақтарына қысым жасап, үнемі зорлық  
көрсетіп  отырған.  Хиуа  ханы  Мұхаммед  Рахимның (1806­1824) 
кезінде  орыс  еліне бағынышты  қазақ  ауылдарын   шаппауға ант 
берген  (1258  хижра)  уәдесін  ұмытып,  тонауын  тоқтатпағанын 
генерал  Обручевтің мәлімдемесінен  оқи  аламыз.  
Сол  1806 жылдан  басталған  Хиуа  бектерінің  шабуылы  
ұзақ  уақыт    бойы  бір  сәтте  тоқтаған    емес.    Қуаңдария    мен  
Жаңадария    бойындағы  қазақтарды    өздеріне    бағындыру 
мақсатында Жанқала маңынан  бекініс  салады.  Оны  қазақтар 
«Бесқала» деп  немесе  қорған  бастығы  Бабажан  есімімен  атаса, 
қоқандықтардың  1817  жылдан    бастап    салған    қорғандары: 
Жаңақорған,  Жөлек,  Ақмешіт,  Күмісқорған,  Шымқорған, 
Қосқорған. Олардың  әрқайсысын қоқандық бектер  басқарған. 
Жалпы    басшылық  Ақмешіт    бекінісінің    бастығы    Якупбек  
құзырында  болды.  Қорғандарды    Жұбанияз,  Уәйіс­Ниязбек, 
тағы басқалар  басқарған. Ал, қазіргі  Жалағаш ауданы,  Аққыр  
ауылы  төңірегіндегі «Құртөбе» деген жерден 1835 жылы  Хиуа  
бегі  Қожанияз бекініс салған соң, мұны  қазақта, «Қожанияз» 
қорғаны  деп  атаған.Тоғанас  батыр  Қожанияз,  Күмісқорған, 
Бесқалаға  шабуылдап,  берік  қорғандарды  бұзған  батырлардың 
бірі.    Қуаңдария  мен    Жаңадарияны    мекендеген    қазақтар  
1832­1833  жылдан    хиуалықтарға    бағынып,  зекет,  тағы  басқа 
алым­салықтар  төлеуге  мәжбүр болды. Осы  зомбы­зорлыққа  
қарсы  Сыр  еліндегі  айтулы  батырлар Жанқожа, Қыстаубай, 
Есет, Бұқарбай, Тоғанас, Жаназар, тағы басқалар тынбай күрес  
жүргізіп, қоқандықтардың  қорған­бекіністерін  бірнеше қайтара  
бұзған­ды.
Қорытып    айтар  болсақ,  Тоғанас      жалаң  қылышты  батыр  
ғана    емес,  қолбасшы  болған,  елді    аузына    қаратқан    айтулы  
бидің  бірі.    Тәуелсіздік  туған  қазіргі  кезде    бұрынғы  батыр  
бабаларымыздың    әрбір  ерлік    ісін    бүгінгі    ұрпаққа    үлгі  
еткеніміз жөн.  
Ханымның  Хан  ордасына қайта  оралуы
Он  жыл  бойы  1837­1847  ж.ж.Ресейдің  отарлау  саясатына 
қарсы күрескен   Кенесары хан  Қасымұлын өздеріне бағынышты 
ету  мақсатында  ресейлік  генерал­губернаторлар  түрлі  айла­
шарғыға  барды.  Солардың  бірі  Кенесары  ханның  бәйбішесі 
Күнімжанды  тұтқынға  түсіріп,    оны  құрметпен  хан  ордасына 
қайтаруы.  Алайда  қазақ  халқын  азаттық  жолына  бастаған 
Кенесары  хан  өзінің  негізгі  мақсатынан  айнымай  көтеріліс 
жалыны  одан  әрі  лаулай  түсті  және  қайсар  хан  түптің­түбінде 
қазақ елінің азаттығы жолында құрбан болды.  
Күнімжан  ханым  Кенесары  ханның  орыс өкіметіне  қарсы  
ұрыс  жүргізген  тұсында  Ресей  әскерлерінің  қолына  тұтқынға  
түсті.  Бұл  ханымды    қолға  түсіріп,  көтеріліс    басындағы  
Кенесарыны    өздеріне    бағындыру  үшін    туындаған    жоспар­
әрекет еді.  Бұл  әрекеті  іске  асты да. 
Біріншіден, Күнімжан кім,  ол Кенесары  ханға  ықпал  ете  
ала ма? Осыған тоқталайық. Күнімжан Кене ханның  бәйбішесі, 
сөзі  мен    ісі    орнықты,    атақты  кісінің  ұрпағы.    Тіпті    орыс  
әскері  басшыларының  өздері  Ханша деген  атаққа  лайықты  
адам  деп  жазады. Мұрағат  құжаттарында  Күнімжанды  ханша  
Тұрсынова  (кейінірек Қасымова деп те  жазылған)  деп атаған. 
Күнімжаннан Жапар, Тайшық, Ахмет туады.  Шамамен Жапар 
1824­1825, Тайшық  1827, Ахмет  –1832 жылы  туғаны  жөнінде  
жазба  деректер кездесті. Кенесарының үлкені Жапардың  қалай, 
қандай жағдайда қайтыс болғаны   белгісіздеу.  Тайшық  сұлтан  
1863  жылы    Жөлек    қорғаны    маңында  болған    ұрыста  мерт 
болса, Ахмет  сұлтан 1888 жылы  өз  ажалынан  өмірден  өтіпті. 
Ал  Кенесары  ханның  екінші  әйелі Жаңылдан Омар, Оспан, 
Әбубәкір, Сыздық (Садық), Шығай туады.  Шежірелік деректер  
осылайша  тарқатылады. Хан Кенеден  тараған  ұрпақтарының 
арасынан  батыр да, би де, шенеунік те, оқымыстылар да шыққан.
Күнімжанды орыс  әскерлерінің  қалай  тұтқындап,  аулын 
шапқандығы жайлы Сібір  ведомстволарына  қарайтын  төтенше  
тапсырмалар жөніндегі  шенеунік, губерниялық секретарь,  есаул 
Сотниковтың    Сібір    қазақтары    шекаралық    комиссиясының 
төрағасы,  полковник  Вишневскийге    1844  жылдың  28 
наурызындағы    жазған    рапорт­мәліметінде  анық    жазылған. 
Онда  Күнімжан    ханыммен    бірге    болған  күтушілерді  қоса  
тұтқындап, ауылды  қалай  шапқандығы жайлы шімірікпестен  
жазылған.
Сотниковтың  жазбаша    рапортында,    1844  жылдың    27 
ақпан    күні    таңертең    Қостангелді  Қазыбаев    бидің  ауылына 
келіп    тынығып  алып,  Жездікеңгір,  Ақши    маңында    отырған  
Кенесары  ордасына  10 шақырымдай жетпей  оң жақ  қапталдан  
30­40  киіз    үйдей      төлеңгіттер    жатағы    көрінгенін,  басты  
қырғын    салудың    небір    түрінің  осында    басталғанын  жазды.  
50­ден  астам    төлеңгіттер  өліп,  жаралғандарын    солдаттар 
мылтық    сүмбесімен  түйреп  өлтірілгені  айтылады.    Одан    әрі 
қарай Сотников   Күнімжан  ауылын  шауып, 500­дей  адамның  
жартысына    жуығының    өлім  құшқанын,  Кенесарының    үш 
ұлының    қашып    құтылғанын,  ал    бәйбішесі  Күнімжанның  
тұтқынға  түскенін қуана айтқан. Ол сондай­ақ  Ж.Әлібаев пен  
тілмаштың    Күнімжанды    ұстап  алып,  өзіне    әкелгенін    және  
ханшамен бірге  20 адамды (басым  көпшілігі қыз­келіншектер),  
тоналған    ауылдан    алынған    мал­мүлікті  есептеп,  дүниелерді 
ала жүруге тапсырма  бергенін,  Кенесарының  екінші әйелінің 
шабуыл қарсаңында төркіндеп кетіп  аман  қалғанын да  назардан  
тыс  қалдырмаған.
Есаул  Сотниковтың    тағы  бір  рапортында  Күнімжан  және  
онымен  бірге  ұсталғандар  жайлы жазылып, 30 шақты  қыз­
келіншектерді  аса  маңызды    тізімге  қосқанын,  30  адамның 
ішінде  екі еркектің болғанын, бірінің  атының Байбол  екені де  
айтылады.
Орыс   әскерилерінің  жазбасында  Күнімжанды  әркез  ханша 
деп  жазыпты.  1844  жылдың  27 ақпанында  Күнімжан  ауылын  
шапқанда  қасында  23  қыз­келіншектің    болғаны    және    олар  
кімдердің  қамқорлығына  (шындығында бақылауға)  берілгендігі 
жайлы    деректер    бар.    А.Сотниковтың    жазбаларымен    қатар 
1845  жылы        6  сәуірде      Күнімжан    өз  қолымен        жазған  

69
мәлімдемесінде  ұсталып, қамалғандар  туралы  мәліметтер бір­
бірімен  сәйкес.  Күнімжан  ханым өздерін  бұдан бір жыл, екі 
ай бұрын Сібір отряды тұтқынға алғанын, 9 әйел, 8 қызды  ұстап 
отырғанын    айтқан.    Күнімжан    ханыммен    бірге    үй  қамағы 
есебінде    тұтқында    болғандардың  тізімі  тарихымыздың  аса  
елеулі тұсы.  
Шынар  Бұланбаева  –  келіншек.  Қыздар:  Нақша  
Бекболатқызы,    Байкүміс    Дөненбайқызы,  Қарабике  –  бұлар  
Аққошқар  бидің    қарамағына    берілген.    Күшік  сұлтанның  
әйелі – Нақыш,  Қозғалмас,  Байбол  әйелі – Несібелімен бірге 
2 жастағы қызы  Айнажан.   Бұланбайдың қызметшісі – Дәнен. 
Бұлар  Құлжан сұлтанның  қарауында.  Төлеңгіт  Темірдің әйелі 
Ешкіөлмес, онымен бірге 3 жастағы  ұлы  Бостанбай; 14 жастағы  
Нияз  Күнсейітов;  Тіленқызы Лайық; Шегебаев Бейбіт; бұлар 
Әділсұлтанға берілген.  Төлеңгіт Шоқпыттың  әйелі – Нарша, 4 
жастағы  қызы Рахмет– бұлар  Қадыр бидің қарауында.   Төлеңгіт 
Тұрдының    әйелі  –  Тоқтық,  7  жастағы  қызы  Ақанмен  бірге  
Базылбек бидің  үйінде. Қожа (молда)  әйелі Таңсық, 2 жастағы 
қызы  Қалиша, 1 жастағы  ұлы Әбілмақатжан, Қазына – бұлар 
Құлмаханның    қарамағына  алынған.      Төлеңгіт    Шоқпыттың 
әйелі  Ұлбабек,    15  жастағы    Жакей,  13  жастағы    Талжан,    16 
жастағы Айбике (үшеуі де қыздар – Т.Д.) бұлар би  Жанқожаның  
бақылауында. Төлеңгіт Қойбағардың әйелі – Матеш,  төлеңгіт 
Байдаулеттің әйелі Ұлғара – бұлар  би   Жауқашар Алыбаевтың,  
Күміс    Жапандықтың  қамқорлығында  болғандығын    растап  
губерниялық  секретарь А.Сотников қол қойған.
Орыс  әскерлерінің    зорлық­зомбылығының  шектен    
асқандығын  сол шапқыншылықты   басқарғандардың  бірінің 
сөзінен анық аңғарамыз. 
Смирнов былайша жазыпты: 
«...Остальные  знатные        казаки      под  командой  есаула  
Рыбина  деятельно  истребляли    неприятеля в соседних аулах.  
В  это    время    киргиз  Джагалбайлинской  волости    Джаукачар 
Алыбаев  и толмач  Иван Безверхов  привел ко мне  отысканную 
ими  старшую  жену Кенесары  Кунумжан Турсынову, которую и  
оставил  в большой кибитке  нарядив к ней и к  находившемуся 
там имуществу достаточный караул».
Жоғарыдағы жазбаларға қарағанда Күнімжан  1844 жылғы 
27  ақпанда    ұсталып,  Көкшетауға,  маусым  айында  Омбыға  
жеткізілген,  одан  соң  генерал    Горчаковтың    бұйрығымен 
Тобыл  қаласына    жөнелтілген.  Бұдан  кейін    1844    жылдың    5 
желтоқсан күні ханшаның Тобылға   келгендігі  жайлы Тобыл 
полиция  бастығының  мәліметінде  көрініс тапқан. 
К ө п 
ұзамай   Орынбор шекаралық комиссиясының бастығы генерал  
Генс Күнімжанды  Ор бекінісіне алдырады және  1845 жылдың  
3  сәуірінен  бастап  Күнімжан    ханша    (дұрысы  ханым)    және 
оның  күтушілеріне  төленетін    ақша    қаражатының  мөлшерін    
белгілеген.  Әрине, Күнімжанға бөлінген  ақшаның   әр мезгілде 
мөлшері өзгеріп  отырғанын аңғару қиын емес.       
Ресей мемлекеті патша  генералдары арқылы  Кенесарымен 
тіл  табысуға тырысты.  Кей кезде  ымыраға келген  тұстары да  
болған. Сондықтан  да қолға түскен  Күнімжан ханым арқылы  
олар  Кенесарыны  өздерінің  айтқандарына көндіруге  тырысып  
бақты. Соның бір дәлелі  ретінде  1845 жылдың 19 ақпанында  
Кенесары  ханға  Долгов  бастаған    елшілікті  аттандырады.  
Долговпен    Кенесары  өзі    сөйлеспей    өзіне    жақын,  сенімді  
серіктері  арқылы    сөйлескен.  Бірақ  ешқандай    нәтижеге    қол 
жеткізе алмаған секілді.
Күнімжанды  пайдаланып  қалу  мақсатында  екінші  қайтара  
Бас  штабтың  поручигі  Гернді  жіберуге  ұйғарады.  Алдын­ала 
Күнімжан  мен  оның  қасындағыларға,    керуенбасы,  әскерлерге  
қанша  қаражат    жұмсалатыны,  ханшаға  берілер    сыйлықтар 
түрі  сараланады.    Кенесары  ханға    сыйлық  берудің    түрі  де  
ойластырылған.    Осы  сапары  жайында  жоғары    жаққа    Герн 
жазбаша    түрде    есеп  те  берген.    Екіншіден,      Күнімжанның   
ойынан  шығу  мақсатында    ханымның    көңілін    аулап,  оған 
кәмшат    ішікті  сыйға    тартады,  тіпті    Күнімжанның    күтушісі  
Ұлғара да  сый­сияпаттан  құр қалмаған.
Генерал    Обручевтің    Орынбор    шекаралық      комиссия 
төрағасына жолдаған  мәлімдемесінде: «...Вместе с тем согласно  
Вашему  заключению полагая и в  своей стороне полезно лично  
обласкать    эту  султаншу,  сделать  ей      своеобразное  внимание 
для передачи  мужу и вообще располагать  ее склонить  в нашу  
пользу»,  –деп    жазып,  өздерінің  негізгі    мақсаттарын    ашық 
айтады.
Поручик Герн  бастаған  елшілік 1845 жылдың  26 сәуірінде 
Ор    бекінісінен    шығып,  мамыр  айында  Кенесары  ордасына 
жетеді.  Алайда  хан  Кене    Гернмен  тікелей    сөйлеспей  би, 
жүзбасы, керуен басы арқылы  сөйлеседі.  Герн   Күнімжанның    
Кенесары          адамдарына    айтқандарын    жазыпты:  «...И 
действительно    Султанша    рассказывает  выезжащими  к  нам  
на  встречу    с  Есаулом  и    Толенгутом  Кенесары  о  хорошем  
обращении с нею оренбургского     начальства».
Хан  ордасына келген  Герн өзімен бірге  болған  керуенбасы  
Алмат  хақында былайша жазады: «...Сверх того как Алмат один 
только  во всем    караване  моем имели свидании  с Кенесары,, 
притом  с  давних  пор    лично    знакомые    Султаном    и  весьма 
уважают,  кажется имела достаточное основание  полагать, что 
пограничному  начальству  весьма  и интересно  будет  видеть 
этого  человека», –деп  жазып,   керуенбасы Алматты, Орынбор  
шекара    комиссиясының    бастығының    қабылдап,  мұндай  
адаммен  таныстырғаны  үшін өзіне алғыс  білдіргенін айтады.
Гернді    осы    сапарында    Орынбор    генерал­губернаторы 
Обручев    қабылдап,  құпия    тапсырмалар    да  береді.  Ол  
тапсырмаларды    Герн    орындайды.  Кездесулерде    Кенесары  
ханмен  бұрыннан    аралас­құралас  болған    керуенбасы  Алмат  
Тобабергенов,    Қожаның  есімі  аталса,  екінші    бір  құжатта  
Ресей  мемлекетіне  берілген  Аққошқар Кішкентаев, Жауғашар  
Әлібаев, тағы  басқалардың  есімдерін  оқи аламыз.
Күнімжан    ханымның    хан  ордасына  оралуы  хақында  
жауынгер  ақын Нысанбай  жырау «Күнімжанды алып келгенде» 
атты толғауын  шығарған.
Күнімжан    аман­сау  хан  ордасына    оралғаннан    кейін  
Кенесары    орыс    өкіметімен    байланысын  мүлде    үзді  деуге  
болады.  Герн  елшілігінен  соң мұрағат  құжаттары арасында  
Кенесарының    хаты    кездеспеді.    Хан    Кене    Ырғыз,  Торғай  
бекіністерінің    салынуынан    кейін    ығысып,  Телікөл,  Сарысу, 
Сырдарияға  қарай    көш  бетін    бұрғаны  байқалады.  Оны 
Ахмет    (сұлтан)  Жантөриннің        1845  жылғы    5  қарашадағы 
мәліметінен    оқуға    болады.  Кенесары    Қасымовтың  ордасы  
Қаратау,  Қарамұрын,  Сегізбай,  Айнакөл,  Сарысу,  Сырдария 
өзені  бойына  келгенін    және    қыркүйек    айының    ортасында 
қазақтардың    белгілі    билері:  Балаби,  Досбол,  Тобағабыл, 
Тұрсынбай,  Торғаймен  кездесіп,  оларды    өз  жағына    тартып,  
Қоқан бекіністерін жаулап алуды  ойластыруда деп жазыпты.  
Күнімжан  қайтып    оралғанша  Кенесары  хан    орыс  
генералдарымен    шығарып  салма  әдіспен  мәмілеге  келіп, 
уақыт  ұтып қана  қоймай, өз ұстанымын бекіте түсті. Бәйбішесі 
Күнімжан  ордаға    аман­сау  келгесін  патша    үкіметімен  ат­
құйрығын  біржола  кескендігін  көреміз.  Күнімжан  ханымның 
орыс  тұтқынында болып, хан ордасына  оралуы  осылай  өрбіген.
Күнімжан    қамақта  болса  да  өзін    ханның  жұбайы,  қазақ  
әйелі  ретінде    салмақты  ұстап,    тіпті    сый­сияпаттарына  
салқынқандылық    танытып,    сыйлықтарын    күтушілеріне  
таратып  отырған.  Бұдан  Күнімжанның  Кенесары  ханға  лайық  
жан  болғанын  сезіне  түсеміз.

70
5  мың  кинотеатры  бар  Қытай  елінде  жылына  500  көркем 
фильм  түсіріледі  екен.  Биылғы  қытай  кино  прокатынан  түскен 
қаржының  100  миллиард  юаньға  жеткендігі  кино  өнерінің  бұл 
елде  үлкен  сұранысқа  ие  екендігін  көрсетеді.  Міне  осы  алып 
кино  нарығының  ішіндегі  қазақтар  қалың  орналасқан  жердегі 
кино өнерінің дамуы қалай? 
Жәди  Шәкенұлының  дерегінше  1951  жылдан  бастап 
қазақтың  ән­күйлері  дыбыс  таспаларына  жазылып,  Шыңжаң 
халық радиостанциясында таратыла бастайды. 
1947  жылы  Үрімжі  қаласында  қазақ  тілінде  өлкелік  театр 
ашылып, оны алғаш Халық Қариұлы басқарды. 1953–1954 жыл-
дары Бұқара Тышқанбаев пен қытай жазушысы Уаң Иху бірлесіп 
жазған  «Хасен­Жәмилә»  фильмі  түсіріліп  барша  қазақтың 
көзайымына айналады. 
1954 жылы Іле Қазақ Автономиялы облысы құрылып, қазақ 
театры,  көркемөнер  мектептері  көбейді.  Үрімжі  қаласындағы 
көркемөнер  институтында  қазақ  факультеті  ашылып,  қазақ  жа-
стары оқуға қабылдана бастайды. 
1958  ж.  «Салиха­Сәмен»  либреттосы  жазылды  және  1961­
1962 жылдары сахналастырылған опера соңғы жылдары қайтадан 
сахнаға шығарылды. Бұл опера фильм ретінде де қойылды. 1964 
жылы Қытай қаламгері Уаңның жетекшілігінде қазақтың өмірінен 
«Айгүл»  атты  фильм  түсірілді.  Одан  кейін  Шыңжаңдағы  қазақ 
киносы сөз болғанда, ең алдымен ауызға түсетіні жоғарыда атап 
өтілген «Хасен Жәмила» фильмі, «Тянь­Шянь қызыл гүлі» Ал, 
1980 жылдардан кейінгі түсірілген Ә.Қатбаевтың «Жетім қыздың 
махаббаты» және «Қыз бейіті», «Сержан», «Сахарадағы Дәлеш», 
«Жусанды  дала»,  «Көрікті  мекен»  фильмдерімен  жалғаса 
береді.  Таңжарық  ақынның  өмірін  бастан­аяқ  бейнелейтін 
О.Егеубаевтың 5 сериялы «Таңжарық» атты бейнефильмі (1990) 
көп  сериялы  кино  өнерінің  шымылдығын  ашты.  Туған  жердің 
көркем табиғатын, ұлттық салт­сананы сипаттайтын Тұрсынәлі 
Рыскелдиев пен Қасымхан Уатханұлының «Іле салтанаты» атты 
деректі фильмі 1995 жылы көрерменімен дидарласады. 
Қазір  ШҰАР  радио­телевизия  меңгермесі  қарауында  және 
Іле  Қазақ  автономиялы  облыстық  радио­телевизия  мекемесі 
қарауында  қазақ  тілінде  арнаулы  телевизия  арналары  жұмыс 
істейді.  Қазақ  ән­күйлерін  және  радио­телефильмдерін  қазақ 
халқы жер­жердегі тарату тораптары арқылы еркін көре алатын 
болды.  Бүгінде  Қытай  қазақтары  теледидардың  2  каналынан 
қазақ  тіліндегі  бағдарламаларды  үздіксіз  көре  алады.  1970 
жылдан бастап іске қосылған Шыңжаң телевизиясы, 1985 жылғы 
22 қыркүйектен бастап қазақ тілінде хабар тарата бастаған. 1988 
жылға  келгенде  қазақ  тіліндегі  телефильм  аудару­жасау  бөлімі 
құрылды. Бұған қоса «Тянь­Шянь» кино студиясының қазақша 
аудару­жасау  бөлімі  мен  Іле  облыстық  қазақша  телефильм 
аудару­жасау  бөлімінде  аударма  фильм  жасаумен  айналысты. 
Сөйтіп,  1989  жылдан  1998  жылға  дейінгі  мәліметте  Шыңжаң 
телевизиясының қазақ тілінде таратқан кинофильмдері 2 мың 354 
сериядан  асқан.  Мұның  1065  сериясын  Шынжаң  телевизиясы, 
1035 сериясын Іле телевизиясы аударып жасаған. «Тянь­Шянь» 
студиясының  қазақша  кино  фильм  аудару­жасау  бөлімі  бір 
мыңға  жуық  фильмді  жасап  таратқан.  Бұл  фильмдердің  көбі 
қытайдың және басқа шетелдің таңдаулы телефильмдері болып, 
халықаралық Оскар сыйлығына ие болған фильмдерде бар. 
Біз  іссапармен  болған  ҚХР  ШҰАР  орталығы  Үрімжі 
қаласында  орналасқан  «Тянь­Шань»  киностудиясы  жұмыс 
нәтижесінде Қытай қазағының көркем фильм жасау саласында 
бірқатар  жетістіктерге  қол  жеткізген.  Киностудия  өткен 
ғасырдың 80­ші жылдарынан бері халыққа қызмет етіп Қытайда 
тұратын  56  түрлі  ұлттардың  тілінде  фильм  түсіріп,  солардың 
салт­дәстүр,  өнері  мен  мәдениетін  дамытуға  бағытталған.  Көп 
ұлттың бірі болған – қазақ халқы осы халықтар арасынан өзіндік 
үні  мен  жырын,  бояуы  мен  бедерін  жоғалтпай  шығу  жолында 
қызу  жұмыстар  жасап  жатыр.  «Тянь­Шань»  киностудиясының 
құрылғаннан  бері  қазақ  тілінде  жаратылған  фильмдердің  саны 
10­нан асады. Сол салада қазір талмай еңбектеніп жатқан кәсіби 
продюссерлер,  режиссерлер,  актерлер  мен    актрисалар  да  бар. 
Соңғы бес жылда 3 қазақ фильмінің түсірілуін Үрімждегі «Тянь­
Шянь» киностудиясы директорының орынбасары, мемлекеттік І 
дәрежелі белгілі қазақ режиссері әрі продюссері Мақсат Кәдірхан 
үлкен жеңіс деп есептейді.
Мақсат  Кәдірхан  қазақстандықтарға  кеңінен  танылған, 
ұнаған  «Көрікті  мекен»  және  «Бөрі  соқпақты  боз  дала»  көркем 
фильмдерімен  таныс.  Сонымен  бірге  ол  экранға  жақында 
жол  тартқан  «Гүлбике»  фильмінің  де  көркемдік  жетекшісі  әрі 
продюсері. 
«Көрікті мекен» фильмін алғаш қазақстандықтар 2005 жылы 
тамашалаған  еді.  Қазақ  көрермендері  үшін  бұл  кинолентаның 
орны ерекше болды. Еліміздің кинотеатрлары жаппай көрсетіп, 
Ұлттық телеарналар сатып алуы арқылы «Көрікті мекен» фильмі 
бүгінде    «Қазақстан»,  «Хабар»  секілді  ұлттық  телеарналар 
көрсетіп  тұрады.  «Көрікті  мекен»  туралы  кезінде  газет­журнал 
беттерінде  жақсы  пікірлер  айтылып,  оның  прокаты  да  жаман 
болмаған.  Фильмнің  Қазақстанда  көрсетілуінен  2,5  мың 
доллардай пайда келген. Сонымен бірге бұл фильм әлемнің 27 
мемлекетінде  көрсетіліпті.  «Тянь­Шань»  киностудиясының 
директоры  Жан  И  Ганның  айтуы  бойынша,  2006  жылы  Қытай 
басшысы Америка Құрама Штаттарына іссапарында Қытайдың 
таңдаулы  4  фильмін  ала  барыпты.  Соның  бірі  Қытайдағы 
қандастардың  өмірінен  түсірілген  осы  «Көрікті  мекен»  болған 
екен.  Киностудия  директоры  Жан  И  Ган  мырзаның  айтуынша 
осы фильмді Марокко, Тунис елдеріне апарып көрсеткен кезде, 
олардың  Қытайда  тұратын  қазақ  халқы  туралы  толық  ақпарат 
алғысы келіп көп нәрсені сұрағанын айтады. Бұдан кейінгі «Бөрі 
соқпақты боз дала» фильмі 2008 жылы Алматы қаласында өткен 
«Шәкен жұлдыздары» халықаралық кинофестивалінде І жүлдеге 
ие болыпты. 
ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ 
КИНО ӨНЕРІ

71
«Тянь­Шянь»  киностудиясының  директоры  Жан  И  Ган 
бүгінде қазақ тілінде түсірілген фильмдердің аса көп емес екенін 
айта келе соңғы түсірілген «Гүлбике» фильмі жайлы: «20 жылдық 
режиссерлік  тәжірибемде  «Гүлбике»  фильмі  жаман  шықпаған 
секілді. Шыңжаңдық көрермендер жақсы қабылдады» – дейді. 
2009  жылы  түсірілген  «Гүлбике»  фильмі  қазақ 
тұрмысынан  алынған.  Сахараға  кіндігі  байланған  қазақ 
өмір­салтын  5  жасқа  дейін  сақау  болған,  кейін  дарынды 
ақынға  айналған  Гүлбике  қыздың  өмірі  арқылы  баяндайды.   
– Бұл фильм жайында Ислам Адырбеков: «Меніңше, бұл фильм 
Қазақстанға  оқулық  ретінде  ұсынылуы  керек.  Себебі,  біздегі 
ұмыт боп бара жатқан қазақ тұрмысы мен мәдениеті «Гүлбике» 
фильмінде  өте  жақсы  суреттелген.  Біздегі  фильмдер  –  махаб-
бат,  жастар  тақырыбында.  Қала  мәдениетіндегі  жастар  дала 
мәдениетін түсінуден қалып барады» ­ деген екен Қазақстанның 
Мәдениет министрлігіне жазған хатында. 
Актер,  режиссер  Ержан  Мақпышұлы.  Кино  саласында  бақ 
сынап  жүрген  өнер  иелерінен  Пәтиха  Мәлікқызы,  Мүтәліп 
Әміреұлы,  Мүтәліп  Әбдірахманұлы,  Мақсат 
Кәдірханұлы,  Жанар  Сағатқызы  секілді  есімдерді 
атауға 
болады. 
Шетелдегі 
қандастарымыз 
ішінде 
өзінің 
шығармашылық 
қарымымен 
танылған  өнерпаз,  актер,  режиссер,  Қытай  Халық 
Республикасының  бірінші  дәрежелі  еңбек  сіңірген 
артисі,  Киногерлер  одағының,  Телеөнерпаздар 
одағының  және  Драмашылар  одағының  мүшесі  – 
Ержан  Мақпышұлымен  жүздесіп  шығармашылық 
қырымен таныстық. 
Ол 1963 жылы ҚХР Үрімжі қаласында Мақпыш 
Болатбеков  пен  Мырзахан  Әділбекқызының 
жанұясында дүниеге келеді. Мақпыш өткен ғасырдың 
екінші  жартысындағы  Қытайдағы  қоғамдық­саяси 
өмірге  белсенді  араласқан,  1945­1949  жылдар 
аралығында  болған  үш  аймақ  ұлттық  төңкерісіне 
қатысып,  үкіметке  еңбегін  сіңірген  адам  болған. 
Партияның жолдамасымен әр алуан елді мекендерде 
жауапты  қызмет  атқарып,  кейінірек  Іле  Қазақ 
автономиялы  облыс  орталығын  Құлжа  қаласында 
тұрақтайды.  Бала  Ержан  осы  Құлжа  қаласында  бастауыш  білім 
алып, орта мектепті бітіріп, мемлекет астанасы Бейжіңдегі Қытай 
мемлекеттік  драма  институтын  актерлік  мамандығы  бойынша 
1986 жылы аяқтайды. Алған кәсіби білімімен Үрімжідегі Шыңжаң 
өлкелік опера театрына актер болып орналасып, сахнада театрдың 
ірілі­ұсақты  рөлдер  атқарады.  Арада  бірнеше  жылдар  өтіп  1991 
жылы жас актерге білімін жетілдіру үшін тарихи отаны Қазақстанға 
барып  оқуға  мүмкіндік  алады.  Осының  арқасында  Ержан 
Қазақстанның  сол  кездегі  театр,  кино  және  көркемсурет  өнері 
бойынша бірегей оқу орны Т.Қ.Жүргенов атындағы Алматы өнер 
институтына режиссура мамандығы бойынша профессор Маман 
Байсеркеновтің  шеберханасына  қабылданады.  Қазақстандағы 
режиссерлік мамандыққа бет бұрған оқуында Ержан қазақ театр 
мамандарын  дайындау  мен  қытайдағы  білім  беру  жүйелерінің 
ара  салмағын  салыстыра  келе  шығармашылық  жолына  қажетті 
шеберлікті жетілдіру, кәсіби сахна өнерінің негізінде қалыптасып,  
дамыған  қазақ  режиссура  мектебінің  өкілінен  сахнаның  қыр­
сырына иек артады.  
Ержан  Мақпышұлы  Қытайлық  кино  қайраткерлері  түсіріп, 
еліміз  телеэкранында  үлкен  табыспен  көрсетілген  28  сериялы 
«Шыңғысхан» телехикаясында негізгі кейіпкерлердің бірі – Наяха 
ноянның  рөлін  сомдайды.  Сонымен  осы  тележобада  актерлік 
өнермен бірге режиссердің көмекшісі қызметін де қоса атқарады. 
Актердің  айтуынша  осы  фильм  оның  шығармашылығын 
ашады. Іле­шала 2000 жылы Қытай мен Корея мемлекеттерінің 
бірлесіп  түсірген  «Сайыскер»  атты  фильмде  тайпа  көсемінің 
рөлі  және    көрмекші  режиссер  қызметін  атқарады.  Шынында 
да актер үшін осы кинохикаядан кейін кино әлемінен қызықты 
ұсыныстар  түсіп  біраз  халықаралық  жобаларда  қызықты 
рөлдерімен  жан­жақты  көрінеді.  2001  жылы  АҚШтағы 
Голливудтың  Колумбия  киностудиясының  біргелікте  түсірген 
жұмысы  «Ғаламның  батыры»  фильмінде  түрік  тайпасының 
көсемінің образын сомдайды әрі фильмнің атқарушы режиссері 
қызметімен айналысады. 2002 жылы  50 сериялы «Қожанасыр» 
кинохикаясының  атқарушы режиссері болып жұмыс жасайды. 
Ал келесі 2003 жылы 30 сериялы «Зуо­Зуң Таң» атты телехикаяда 
басты рөлді сомдап атқарушы режиссері міндетін де атқарады. 
2004  жылы  Қытай  мен  Гонконг  киностудиясы  бірге  түсірген 
«Тәңір таудан түскен жеті батыр» фильмінде көмекші режиссері 
болып  еңбектенеді.  2005  жылы  Қытай  киностудиясында 
түсірілген «Жаңа әлемді жасау» атты 40 сериялы телехикаятында 
бас  кейіпкер  Чың  Йяу  Жиң  рөлін  орындайды.  Сол  жылы  ол 
«Қайта  шыққан  күншуақ»  фильмінің  көмекші  режиссері,  әнін 
орындаушы  болып  жұмыс  жасап,  фильм  Францияның  Канн 
қаласында  өтетін  халықаралық  кинофестивалдің  көрсетілім 
бағдарламасына енгізіледі. 
Ержан  Мақпышұлы  режиссура,  актерлік  қырларымен  бірге 
драматург­сценарист  ретінде  біраз  комедиялық  сахналарды 
жазған автор ретінде танылды. Онда қоғамның өзекті мәселелері 
болған тақырыптарды қозғап, кемшіліктерді өткір күлкі тілімен 
түйрейді.  «Жайма  базар»,  «Жоспарлы  туыт  жақсы»,  «Қалаға 
келу», «Шөлдегі махаббат», «Уәде», «Кім қанды қол», «Күту», 
«Ауыру көру», «Оқас кейіпкер», «Кездесу», «Қамсыздандыру», 
«Кешкі  шапақты  оркестр»,  «Шал  мен  қарақшы»,  «Ауырлық 
көтеру»  секілді  т.б.  көптеген  ірілі­ұсақты  комедиялық 
сахналар мен көріністердің авторы және қоюшы режиссері, әрі 
орындаушысы да болып көрермен ықыласына бөленеді.  
Бүгінде  Ержан  Мақпышұлы  Үрімжі  қаласында  орналасқан 
үлкен өнер ордасы Ұйғыр музыкалы театрының режиссері әрі актері. 
Оның үлкен арманының бірі осы жерде қазақ музыкалы театрын 
ашып қазақ көрермендеріне ана тілінде сүбелі қойылымдар көрсету. 
ШҰАРдың  қалың  жұртшылығына  қазақ  халқының  биік  сахна 
өнерін таныстыру, қазақ халқының өнерін мақтан етерліктей биікке 
көтеру. Ол өзінің бір сұхбатында журналистің берген «...Осындай 
бір толысқан шағыңызда қазаққа қатысты жақсы бір туынды жасау 
жоспарыңызда  жоқ  па?  –  деген  сұрағына,  ­  Осы  сіз  айтып  өткен 
дүние  мені  күні­түні  мазалап  жүр.  «Қазақты  танытатындай  бір 
туынды қалай жасаймын» деп, ойсоқты болып жүрген жайым бар» – 
дейді. Өнер қайраткерінің бүгінгі шығармашылық жоспарларының 
жүзеге асуы Қытайдағы қазақ мәдениеті мен өнерінің өрге басуын 
көрсетер жағымды көрсеткіш болмақ.     
Аманкелді МҰҚАН


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет