Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


-са еді форманты шартты райдың реңкін сипаттауда қолданылады, бірақ -са етті, -у етті



бет78/102
Дата07.03.2023
өлшемі0,63 Mb.
#72397
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   102
-са еді форманты шартты райдың реңкін сипаттауда қолданылады, бірақ -са етті, -у еттітүрі кездеспейді. Сонымен, Ы.Маманов жіктеуінде өкініш райдан басқасы А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы топтастыруларына ұқсас.
С.Исаев, А.Ысқақов еңбектерінде «Қазақ тілінің грамматикасындағы» топтастырулар өзара ұқсас. Ашық рай мен бұйрық райды тануда аталған ғалымдар мен А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлының жіктеулері ұқсас. А.Байтұрсынұлының қайрау рай деп бөлек топтастырған рай түрі Қ.Кемеңгерұлы, Ы.Маманов, А.Ысқақов, С.Исаев еңбектерінде, «Қазақ тілі грамматикасында» бұйрық райдың реңкі ретінде берілген.
Бүгінгі таңдағы оқулықтарда да шартты райлы етістіктің мағыналық реңктерінің алуан түрлілігі жөнінде түрлі пікірлер бар. Мысалы, «Қазақ тілі грамматикасында»: «Шартты рай тұлғалары еді, болар еді, екен, ғой сөздерімен тіркесіп, сөйлеушінің тілегін, арманын, өтінішін (ғой демеулігі мен екен көмекші етістігі), екіншіден, опыну және өкінішін (еді, болар еді) білдіреді», - десе [Қазақ тілі грамматикасында, 172], С.Исаев«Шартты райлы етістік жіктеліп келіп, ғой, еді, екен, етті, (ма, ме) сұраулық шылау сияқты көмекші сөздермен тіркесіп, сөйлемді аяқтап тұрады да, сөйлеушінің тілек-арманын, өтініш-өкінішін, болжам, ниетін т.б. білдіреді: бар-са-м екен, сөйле-се-ң етті, бар-са-ңыз ғой, жолық-са еді т.б.», - деп жазады [С.Исаев, 197].
Бұл – қазақ тіл білімінде райдың нақты саны әлі анықталмағанын, оның қыр-сыры мол категория екендігін көрсетеді. Ендеше, рай категориясының түсін түстеп, түгендеу қажеттігі әбден сезіледі.

60. САПАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАТЫСТЫҚ СЫН ЕСІМДЕРДІҢ ҰҚСАСТЫҒЫ МЕН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» павлодар 2010
Сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай қайсысы болса да қандай? қай? (қалай?) деген сұрақтарға жауап береді.
Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, қызыл, көк, сұр, т.б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар, т.б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл), дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі) білдіретін және заттың басқа да қасиеттерін білдіретін сөздерді атаймыз.
Әдетте, сапалық сын есімдерге ешбір қосымша формаларынсыз тұрып-ақ, заттың әр қилы сыр-сипатын білдіретін түбір сөздерді жатқызу салты бар. Бірақ бұл қағиданы үнемі тапжылмайтын қағида деп қарамау керек, өйткені қазіргі кезде түбір сөз сияқтанып көрінетін көптеген формалар тарихи даму тұрғысынан қарағанда тиісті қосымшалар арқылы я басқа тәсілдер бойынша жасалған туынды сөздер болып келеді. Мысалы, ұзын, момын, ашық, тұщы, ащы, жалпақ сияқты сапалық сын есімдердің бәрі де ертеректе туынды сөздер болған, демек, олар ұзақ, үлкейген, қызғылт, ашыған, тұщыды, момақан, ашылды, жабылды, жалпайған сөздерімен түбірлес болған.
Сапалық сындар жалпы сын есім деп аталатын сөз табының негізгі ұйытқысы есебінде қызмет етеді. Себебі жалпы сын есімге тән негізгі категориялық ерекшеліктер мен сипаттардың бәрі де сапалық сындардың бойында болады.
Сапалық сын есімдерге арқау болып қызмет ететін негізгі белгілері мыналар:
1. Сапалық сындарға тән сөздердің бәріне де ұлғайту, кішірейту жұрнақтары және әредік сынның әр қилы реңін білдіретін шырай категориясының жұрнақтары қосылады;
2. Оларға сындық белгіні күшейте я өсіре түсу үшін қолданылатын үстеме буындар жамалады;
3. Олар аттрибуттық семантикалық ерекшелігіне қарай (жақсы оқушы), адвербиалдық (жақсы оқиды) қызмет атқарады.
Міне, осы аталған үш белгі сапалық сын есімдердің әрі қатыстық сындардан ерекшелігін, әрі жалпы сын есім атаулыға тән категориялық белгілері болып есептеледі.
Сапалық сын есімдерге -рақ, -рек, -ырақ, ірек, -лау, -дау, -тау (сарырақ, сарылау, жақсырақ, жақсылау, үлкенірек, үлкендеу) жұрнақтары талғамай жалғана беруімен қатар, белгінің жетімсіздігін я бәсеңдігін білдіретін -ғыш, -шыл, -ша, -ң, -аң,ең тәрізді жұрнақтар да жалғанады (сарғыш, ақшыл, сұрша, қуаң); сондай-ақ, сапалық сындарға күшейткіш үстеме буын да үстеле береді (ап-анық, түп-түзу, күп-күрең). Бұл формалар аласа, биік, кішкене, семіз, арық, қою, кәрі, жас, ыстық, суық, ащы, тұщы, қара, қоңыр, жақын, кәрі, жас, сынық, бүтін, сирек, қызық сияқты сапалық сын есімдерге (бәсеңдңк реңін білдіретін жұрнақтан басқалары) жамала береді.
Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз. Осы ерекшелігіне қарай, қатыстық сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: балалы үй базар, баласыз үй мазар. Шоқпардай кекілі бар. Ды, ғы, лы, іңкі, кір жұрнақтары арқылы жасалған.
Қатыстық сындар зат есім, үстеу, етістік сияқты басқа сөз таптарынан болатындықтан, олардың нақтылы мағыналары да өздерінің жасалуына негіз болған сөздерімен байланысты. осы себептен қатыстық сындардың мағыналары өздерінің төркіндес сөздерінің синонимі сияқты болып келеді. Мысалы: аталық борыш – атаның борышы, ауылдағы адам – ауылда тұратын адам, ауыспалы қызыл ту – ауыстырылып отыратын қызыл ту.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет