Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар



бет91/102
Дата07.03.2023
өлшемі0,63 Mb.
#72397
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   102
БОЛЖАЛДЫҚ САН ЕСІМДЕР
Сан есімдер барлық уақытта өздері анықтайтын заттар мен құбылыстардың санын дэл, нақгы көрсетпей, шамамен тұспалдап атайтын кездері де болады. Осымен байланысты тілде болжалдық сан есімдер қалыптаскан. Сондыктан гылыми еңбектерде болжалдык сан есімге мынадай анықтама берілген: «белгілі бір заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін дэл атамай, тұспалдап кана шамамен атайтын сөздер (31, 63, 204, 101). « Мысалы, Аңшылар Қараадырдан бес- алты шакырымдай ұзап шықты (М. Әуезов). Бір жұп кұмырсканың ұрпағы бір жыл ішінде бір жүз жиырма миллиондай жэндік, бір жүз елу мыңдай кұрт жейді («Қызықты зоология« кітабынан).
Бұл сөйлемдердегі бес- алты иісщырымдай, бір жүз жиырма миллиондай жәндік, бір жүз елу мьіңдай қүрт дегенде аңшылардың нақты қанша шақырым ұзап шыкканы немесе құмырсканың қанша жэндік, кұрт жейтіні белгісіз, сан атаулары дэл өзінің сандык мәнінде тұрған жоқ, тек кана осы мөлшерде дегенді білдіреді.Енді осы болжалдық сан есімдердің қалай жасалып тұрғанына коңіл бөлейік. Алдыңғы сөйлемдегі бес- алты болжалды сан есімі есептік сан есімдердің қосарлануы яғни аналитикалық тәсіл арқылы жасалған, ал екінші мысалдағы бір жүз жиырма миллиондай, бір жүз елу мыңдай дегенде де заттың нактылы саны айтылмаган, тек кана атаған санның шамасында деген ұғым бар. Сол ұғым- дай жұрнағы аркылы жасалған, сөйтіп болжалды сан есім синтетикалық тәсіл арқылы жасалган.
Сан есімге арналган зерттеулерде, окулықтарда осы екі тэсіл іштей бірнеше түрге бөлініп тұр.
Сннтетикалық тәсілдің жолдары: — болжалдық сан есімдер дай, — дей, — тай, — тей жұрнактары жалғану арқылы жасалады. Мысалы, Өзен мен бұл үйдің арасы бес жүз қадамдай жер еді (X. Есенжанов). Екі жүздей ат шапты (Ғ. Мұстафин)
Бұл жұрнақтардың ерекшелігі- бірлік саны қосарланған сандарға (елу- алпыстай, жетпіс- сексендей) жэне ондық, жүздік, мыңдық көбейтілмелі сандарга (бес жүздей, жиырма мыңдай) қосылады.
Сонымен бірге бұл косымшалар есептік сан есімдер тікелей тіркесіп анықтайтын мезгілдік, көлемдік мағыналы есімдерге де жалғанып, болжалдьщ мағынаны білдіреді. Мысалы, он тэуліктей, алты аптадай, бес айдай, екі айдай, отыз километрдей т.б.
— ер жұрнағы аркылы болжалдьщ сандар тек бір есептік сан есіммен жасалады. Мысалы, Бірер мыңды місе тұтпай, бес-алты мыңнан алмақ (Ғ. Мүсірепов). Хажыға ол … менің бірер жасар күнімде, өзінің отыз бес жасында кеткен (Ғ./ Мұстафин)
есептік сан есімдерге — лаған, — леген, — даған, — деген, — таған, теген жұрңақтарының жалғануы аркылы жасалады. Мысалы, Қалада казір жүздеген машина бар, — деді Мейрам (Ғ. Мұстафин). Техникумда мыңдаған жас кадрлар окып жүр. (сонда).
лап, — леп, — дап, — деп, — тап, — теп жұрнактары сан есімдерге жалғану аркылы болжалдьщ сан есімдер жасалады. Мысалы, олар шығып кетті де, бір жәшікті төртеулеп көтеріп әкеліп, төренің қасына қойды (Ғ. Мұстафин). Соның ішінде партияның, үкіметтің ерекше қаулысы бойынша, бес жүздеп, мыңдап тобымен келетіндер бар (сонда).
есептік сан есімдерге көптік жалғауы, сонан соң жатыс септігінің жалғауы жалғану аркылы болжалдық мағына жасалады. Мысалы, Жиналыс сағат екілерде басталады.
Аналитикалык тәсілдің жолдары:
есептік сан есімдердің косарлануы аркылы жасалады. Мысалы, Тобылғыны түсіріп, үйге кірсек, Есембайдың 13-14 жасар үлкен баласы келген екен (С. Мұратбеков). Айналасы кырык-елу адам (Ғ. Мүстафин).
есептік сан есімдерге иіак,ты, шамалы, қаралы, таман, жуық, астам, асқан, келген, тарта, таяу сөздерінің тіркесуі аркылы жасалады. Мысалы, Ол осы жаздың басында он шақты жігітімен келіп, Жаншаның жасағына жазылғанды (X. Есенжанов). Екі жүзге тарта жігіт кетіп еді (С. Мұканов).
Болжалдьщ сан есімдер де зат есіммен тіркеспей, соның орнына жүргенде ғана көптеледі, тәуелденеді, септеледі. Мысалы, Екіншісі он бес — он алтыда (Ғ. Мүстафин).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет