Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар



бет15/102
Дата06.06.2023
өлшемі0,72 Mb.
#99280
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   102
Байланысты:
Æûëäàð àðàëû?ûíäà?û çåðòòåóëåðäåã³ åñ³ìä³êòåðä³ æ³êòåóãå ?àòûñòû

Ы.Маманов етістіктің осы шағына мынадай анықтама береді: «Осы шақ – сөйлеу кезінде болып жатқан қимылды білдіретін етістік формасы». Қазақ тілінде осы шақты білдіретін арнайы грамматикалық морфема жоқ. Осы шақ қалып етістіктеріне және созылыңқы сипатқа жіктік жалғауы тікелей жалғану арқылы жасалады деп қорытынды шығарады. Етістіктің ауыспалы келер шақ формасы қимылдың әр түрлі ағымын білдіріп, осы шақ мағынасында жұмсалады деп көрсетеді. Ал осы шақ мағынасы оның ауыспалы мағынасы екендігін айтады.
Морфологияға қатысты еңбектердің ішінде А. Ысқақовтың еңбегін айрықша атау керек. Ғалымның бұл еңбегі ғылыми құнды тұжырымдарымен ерекшеленеді. А. Ысқақов: «Шақ формаларының сыртқы тұлға-түрлеріне қарай да, ішкі мазмұн өзгешелігіне қарай да жіктеуге (таптастыруға) болады. Бірақ, қашан да болсын, мазмұн түрге жетекші болатынын ескергенде, шақтарды да мағыналарына қарай жіктеу әрі олардың мазмұнын тану үшін, әрі баяндау жүйесі ықшам болу үшін қолайлы да, ұтымды болады» [1, 328 б.] деген уәждеме айтып, семантикалық сипаттарына қарай өткен шақты – анық (айғақты) өткен шақ, танық (айғақсыз) өткен шақ, неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ; осы шақты – жалпы осы шақ, нақ осы шақ, неғайбыл осы шақ; келер шақты – жалпы (анық) келер шақ, болжалды келер шақ, мақсатты (арнаулы) келер шақ деп топтастырады. 
Бұл аталған грамматикалық категорияның әлі де зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді.
А.Ысқақов осы шақты грамматикалық сипатынан туатын мағынлық ерекшеліктеріне және оларды білдіретін амал-тәсілдердің қызметтеріне қарай жалпы осы шақ, нақ осы шақ және неғайбыл осы шақ деп үш түрге бөледі. Мұнда өткен шақ пен осы шақтың жігін ажырату үшін сөйлеу кезі, сөйлеушінің тыңдаушыға сөйлеп тұрған сәті (мезеті) шек, шақ формасы сөйлесіп отырған уақыт бойында болатын я болып жататын әрекет, тыңдай жүріп жататын амал-әрекетті білдіреді.
​Қазақ тілінде осы шақ категориясының арнаулы морфологиялық көрсеткіштері жоқ. Бірақ етістік жүйесінде оның қилы-қилы мағыналарын білдіруге икемделіп, замандар бойы сол қызметтерді атқару нәтижесінде әбден орнығып, қалыптасқан грамматикалық амал-тәсілдер бар.

1. Жалпы осы шақ етістік негізіне көсемшенің –а (-у-й) жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Өйткені, бұл форма, контекстегі қызметіне қарай, сөйлеп отырған кезде болатын амал-әрекетті де (байқайсың ба, күн қызып келеді) үнемі істелетін кәсіби және басқа күнбе-күнгі әрекетті де адамзатқа, ғаламзатқа тән үйреншікті, дағдылы жалпы қимыл, қозғалыс, амал, әрекет, істі де (ит үреді, құс ұшады; сиыр мөңірейді; шөп өседі; жел еседі; бала күледі; әнші ән салады; мұғалім бала оқытады) білдіре береді.
​Бұл форма тек жалпы осы шақ мағынасында ғана емес, жалпы іс-әрекетті тыңдаушысының көз алдында бұрын болғандай, қазір болып жатқандай және келешекте шүбәсіз болатындай етіп суреттеп көрсету үшін жұмсала береді. Сол себептен бұл форма, әдетте, ауыспалы шақ формасы деп те аталады.

​2. Нақ осы шақ көсемшенің өткен шақ (-ып, -іп, -п) және осы шақ (-а,-е,-й) түріндегі етістік формасына жатыр, жүр, тұр, отыр деген жай-күй етістіктерінің біреуі тіркесу арқылы жасалады. Мысалы, айтып отырмын; көріп тұрмын; оқып жүр; келе жатыр т.б.


​Жалпы осы шақ пен осы шақ мағыналарының айырмашылықтарын мына мысалдан да аңғаруға болады: мен келемін дегеннен келу процесі тек жалпы аталғаны аңғарылса, мен келіп тұрмын; мен келіп жүрмін; мен келіп жатырмын; мен келіп отырмын дегендерден келу әрекеті жалпы түрде емес, ситуация нақтыланып аталатыны көрінеді. Бірақ бұл 4 етістік тек нақ осы шақ мәнін ғана білдіріп қоймайды. Олар шақ осы шақ мағынасын тек тікелей жіктеліп тұрғанда ғана білдіреді. Бұл төрт етістік амал-әрекеттің белгілі бір қалыпта (тұрған, отырған, жүрген, жатқан) ұзақ, уәдік-создық, өзгеріссіз дәйім болатынын білдіретіндіктен, өткен шақта да, келер шақта да, рай түрлеріне де, субстантивтеліп те жұмсалады.

​3. Неғайбыл осы шақ екі түрлі аналитикалық формант арқылы жасалады. Оның біріншісі - көсемшенің келер шақ (-ғалы, -гелі...) формасындағы етістікке (барғалы, келгелі) жатыр,, жүр, тұр, отыр етістіктерінің бірі тіркеседі де, соңғы көмекшіге жіктік жалғау тікелей жалғанып жасалады (мысалы: барғалы отырмын; жүргелі отырмысың? Аттанғалы жатырмыз, көргелі тұрмыз, оқуға түскелі жүрсіңдер ме? екіншісі – йын дер (-йін деп) форманты жалғанған етістіктің бірі тіркеседі де, оған жіктік жалғау тікелей қосылу арқылы жасалады. (Мыс, барайын деп отырмын, жүрейін деп тұрмын).


​Бұл форма келешекте істелмекші болған амал туралы ойды сөйлеп отырған кезде (осы шақта) жүзеге асыратындай етіп көрсетеді. Бірақ, бұл форма да, қажетіне қарай, есімше, көсемше, рай, шақ қосымшаларын қабылдап, осы шақтан басқа да қызмет атқарады (кетіп қалайық деп отыр едік; жүріп кеткелі отырғанда, олар келе қалды; сәті түсейін деп тұрған іс екен; жұмысты бітіріп тастайын деп отырып қалыппын т.б).
​Ескерту: Оқулықтарды «өсуде дамуда..» формасы осы шақ көрсеткіші саналып жүр. Бұл формада ешқандай да вербалдық мағына болмайтындықтан және оған етістікке тән қосымшалар қосылмайтындықтан, етістіктің шақ формасы ретінде қаралмауы тиіс екендігін көрсетеді.

М.Серғалиев, А.Айғабылов, О.Күлкеновалардың «Қазіргі қазақ әдеби тілі» атты еңбекте осы шақ – етістіктің сөйлеу кезінде болып жатқан іс-әрекетті білдіретін бір түрі. Осы шақ формасы беретін мағыналарына қарай нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ деп 2 бөлінеді.
Нақ осы шақтың арнайы морфологиялық көрсеткіші жоқ. Бұл форма отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктері жіктелу арқылы жасалады. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет