Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


Сөздерді таптастырудағы ұстанымдар



бет108/130
Дата10.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#33868
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   130
Байланысты:
емтихан сұрақтары (1)

66. Сөздерді таптастырудағы ұстанымдар
Тілдегі сөздердің бұл ерекшелігін ғалымдар ерте байқаған . Сонымен байланысты тілдегі сөздерді топтастыру мәселесi туындаған . Тiлдегі сөздерді топтастыру мәселесi тiл бiлiмi ғылымында алғашқы грамматикалардан басталған . Аристотельдің сөздерді есім және етістік деп бөлгені белгілі . Содан берi ғылым дамып , әр тiлдiң грамматикаларында сөздердің топтары нақтыланып , барған сайын анықталып келедi . Бiр тiлдiң өзiнде сөздер әр заманда түрліше таптастырылып отырғаны белгілі . Мәселен , 1914 жылы баспадан шыққан А.Байтұрсынұлының " Тіл құрал " атты оқулығында сөздердi алдымен атауыш сөздер , шылау сөздер деп екi үлкен топқа бөлген . Атауыш сөздерге : зат есім , сын есім , сан есiм , есiмдiк деген бес сөз табын жатқызған . Ал , шылау сөздерге үстеу , демеу , жалғаулық , одағай сөздерді жатқызған . Бұл қазақ тiлiнде жазылған алғашқы оқулық екені белгілі . Ахмет Байтұрсынов " Тіл құралдың " 1915 жылғы басылымында сөз таптары туралы пiкiрiне бiраз өзгерістер енгiзген . Оқулықтың бұл басылымында ғалым сөздерді бұрынғы басылымдағыдай екі үлкен топқа бөлмеген . Сөздерді 9 топқа бөлген : зат есім , сын есім , сан есiм , есiмдiк , етiстiк , үстеу , демеу , жалғаулықтар , одағай .

Қ.Жұбанов тілдегі сөздерді басқаша таптастырады . Ғалым сөз атаулыны мүшелi , мүшесiз деп екі топка бөлiп , мүшелі сөздерді түбiр және шылау деп бөледi де , мүшесiз сөздерге одағайды жатқызады . Ал түбір сөздерді зат есім , сын есім , сан есiм , мезгіл .мекен есiмi ( қазiргi үстеу ) , орынбасар ( қазiргi есiмдiк ) , етістік . Демек , бұл алты сөз табына шылау мен одағайды қосқанда , ғалым 8 сөз табын таныған . Мұнда төмендегi ерекшелікті санамағанда , кейiн грамматикалардан орын алған жаңалық шылаудың әр түрiн жеке сөз табы деп санамай , олардың басын қосып , бір сөз табы санап , оны шылау деп атауы . Бұл пікір ғылымда орын алып , әбден қалыптасты . Бiрақ Қ.Жұбанов қолданған мезгіл - мекен есiм , орынбасар есiм деген үстеу , есiмдiк терминдері мағынасындағы терминдер ғылымнан орын ала алмады . Сонымен , бұл кезеңдерден сон мына сөз таптары танылды : 1. Зат есім . 2. Сын есім . 3.Сан есім . 4. Есiмдiк . 5. Етістік . 6. Үстеу . 7. Шылау . 8. Одағай . Бұл сөз таптарын А.Байтұрсынов белгiлеген , тек Байтұрсынов екі сөз табы деген жалғаулық пен демеулiктi Қ.Жұбанов қосып , шылау атағаны ғылымда әбден орнықты . Бұл сегіз сөз табы қазақ тiлi грамматикаларында 1952 жылға дейiн өзгерiссiз қолданылып келдi . 1952 жылы А.Ысқақов оған еліктеуіш сөздерді қосты. 2002 жылға дейін 9 сөз табы танылып келді . Олар 1. Зат есім . 2. Сын есім . 3.Сан есім . 4. Есiмдiк . 5. Етістік . 6. Үстеу . 7. Елiктеуiш сөздер . 8.Шылау . 9.Одағай . Бұл сөз таптары барлық грамматикаларда көрсетiлiп жүр . Тек 2002 жылғы " Қазақ грамматикасында " модаль сөздер сөз табы ретiнде қосылып, онда 10 сөз табы берiлген . Бұл шолудан қазақ тiлiнде сөздерді таптастыру мәселесі әр кезеңде әр түрлi шешiлiп , бұл мәселеде ғылымда әр түрлi пiкiрлер болғаны анық көрінді .



Лингвист ғалым Т.Ерғалиевтың 1968 жылы жарық көрген «Қазақ тіліндегі сөздер мен сөз таптарының морфологиялық құрылысы» деген еңбегінде қазақ тілі сөздерін өз алдына үлкен үш топқа бөліп қарастырады. Олар: негізгі сөз таптары, көмекші сөздер және азат сөздер. Ғалымның еңбегінде сөзтаптарының бірнеше тобы ретінде есімдер тобына етістікті, хал-жағдайдық сөздер тобына үстеулерді және күй категориясы деп еліктеу сөздерді біріктіреді. Сондай-ақ ғалым көмекші сөздер тобына шылауларды жатқызаты да, азат сөздер тобына модаль сөздер мен одағайларды атап көрсетеді. Ғалым одағай мен модаль сөздер тобын не себепті азат сөздер тобына жатқызғандығы туралы былай дейді: «Негізгі сөздерге де көмекші сөздерге де қосылмайтын ерекше сөздер бар. Олар сөйлемде белгілі бір қызметке ие емес және басқа мүшемен байланысы жоқ бөлек, еркін категория болып табылады. Сондықтан термин ретінде олардың бәрін азат сөздер деп атады».



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет