Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


) Сөз таптарының таным үдерісімен байланысы



бет105/130
Дата10.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#33868
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   130
Байланысты:
емтихан сұрақтары (1)

64) Сөз таптарының таным үдерісімен байланысы

Грамматика теориясының дамуы белгілі бір кезеңмен тығыз байланысты. Грамматикалық терминдердің семантикасы белгілі бір кезеңнің, сол кезеңде еңбек еткен ғалымдардың ұстанымдарымен, ғылыми мәнмәтінмен айқындалады. Морфологиялық концептілер белгілі бір зерттеушінің тіл жүйесінде қолданылып, метатілдік концептіге айналады, сол арқылы морфологиялық концептілер айқындалады. Метатілдік концептілер грамматикалық терминологияда көрініс тауып, объективтілік және концептуалды жағынан сипатталады. Метатілдік морфологиялық концептілер семиотикалық мәдени концептілерге жатады. Элитарлық тілдік тұлғалардың ғылыми тұжырымдарын талдау арқылы қазақ тіліндегі грамматикалық категориялардың қолданыс сипаты анықталады. 

Қазақ тіл білімінде морфологиялық концептілер арнайы зерттеу нысаны бола қойған жоқ. Алайда қазақ тіл білімінің қалыптасып, дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектерін саралай келіп, когнитивті грамматиканың алғашқы нышандары Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Қ.Кемеңгерұлы т.с.с. зерттеуші-ғалымдардың еңбектерінде сөз болғанын байқаймыз.

Ы.Алтынсарин қазақ балаларына орыс тілін үйретуде жекелеген сөздердің мағыналарын сипаттауда оларды сөз таптарына жіктеп, баланың бейсаналы сезіміндегі концептілерді негізге алғанын байқаймыз. Зерттеуші лексикалық бірліктерді: Нәрселердің аттары (зат есім) (Имя существительное): Құдай – бог, пайғамбар – пророк, періште – ангел, кісі – человек, ата – отец, әже – мать, баба – дед, дедушка, үлкен шеше – бабушка, аға – старший брат, қан – кровь, тамыр – жилы, бас – голова...; Зат-мақұлықтың қасиетінің аттары (сын есім) (Имя прилагательное): жақсы – хороший, жаман – дурной, ақылды – умный, ақымақ – глупый, батыр – храбрый, қорқақ – трусливый, сұлу – красивый, жұмсақ көңілді – добрый, қатын алған кісі – женатый, кәрі – старый, жас – молодой; Есеп аттары (сан есім) (Имя числительное): бір – один, екі – два, үш – три, төрт – четыре, бес – пять, алты – шесть, он бір – одинадцать, Местоимение деген сөздің бөлімі (есімдік): мен –  я, өзімді – я, өзіңді – ты, өзін – он, она, оно, они, оне / себя; Ақыры өзгерілмейтін сөздер (үстеу демеу) (Наречие и союз): қашан, кезде, шақта, мезгілде, жеткен кезде – когда дошел, бүгінде – ныне, кеше – вчера, ертең – завтра; Глагол деген сөздің бөлімі (етістік): болуға еді – быть, оқуға – читать, жазуға – писать, жаттауға – твердить, көруге – видеть, баруға – идти, келуге – придти, шығуға – выйти т.с.с. түрінде топтастырған.

Ъ Ғалымның сөздігіне тілде морфологиялық концепт құраған, тілді үйретуде маңызды болатын сөздер ғана алынған. Зерттеушінің бұл еңбегі сөздерді таптастыру, яғни сөз таптарына жіктеуі, сондай-ақ морфологиялық концептілерді анықтауы тұрғысынан да маңызды. Ғалым баланың санасындағы морфологиялық концептіні дайын күйінде пайдаланған. Бұл орайда концептуалды жүйенің негізгі бөліктерін категориялауда ғалым морфологиялық концептілерді қолданған.

А.Байтұрсынұлы еңбектерінде концептуалдау және категориялау, сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары, грамматикалық мағынаның сипаты т.с.с. мәселелер жан-жақты сөз болған. Ғалым тіл мен ұлттық ділдің өзара қатысы туралы былай дейді: «Халық өмірі бір жылдап, он жылдап, хәттә жүз жылдап та емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзақ өмірінің ішінде һәр халықтың дағдылы тұтынып келе жатқан сөздері, ол сөздерінің біріне-бірі жалғасып тізілетін дағдылы жолы, жүйесі, қисыны болады. Һәр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде һәм сондай басқалық болады. Біздің жасынан орысша я ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды, я жазса да қиындықпен жазады. Себебі жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық. Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай сөзінің жүйесімен тізсе, ол нағыз қазақша болып шықпайды» [А.Байтұрсынұлы, 142-б.].

А.Байтұрсынұлы лексикалық бірліктердің белгілері мен өзара байланысын ескере отырып, сөз таптарын белгілі бір грамматикалық топқа жатқызған. Сөз таптары – адамның таным әрекеті арқылы айналасын категориялау негізінде қалыптасады. Сондай-ақ сөз таптарын табиғи категория ретінде қарастыруда адамның сан ғасырлық тәжірибесін түйсіну, оны тілдік құралдармен объективтендіруге негізделген когнитивті қабілеті көрініс табады. Тілдік семантика тілдік таңбаларда бейнелейтін, сөз таптары арқылы көрініс табады. Түрлі сөз таптары (зат есім, сын есім, етістік т.б.) қолданыс барысында сананың түрлі құрылымдарын белсенді етіп, түрлі бейне, әсер береді, яғни түрліше сипатталып, әртүрлі ұғым тудырады. Когнитивтік құбылыс ретінде сөз таптары адамның әлемді тану, қабылдау, түсіну ерекшеліктерін көрсетеді. Сол арқылы таным иесі – субъектінің ментальді ерекшелігі айқындалады. Бұл ерекшеліктер тілде кеңістік, уақыт, сапа сияқты әмбебап сипатты негізгі концептілерде көрініс табады.

Ғалым еңбектерінде «зат есім» метаконцепті «нәрсе» концепті тұрғысынан айқындалған. Зат есімге берген анықтамасында ғалым былай дейді: «Сөздердің кейбіреуі нәрсенің өзін атайды» [А.Байтұрсынұлы, 160-б.]. А.Байтұрсынұлы зат есім мен сын есімнің айырмашылығы ретінде зат есім нәрсені атаса, сын есім нәрсенің сынын білдіретінін айтады. Ғалым зат есім мен сын есімді жіктеуде жалпы грамматика, түсінік, ұғым сияқты логикалық категориялар қағидаттарын негізге алған. Бұл ғалымның сан есім, есімдік, етістіктерге берілген анықтамаларында да айқын көрініс тапқан. Еңбектерін шәкірт балаларға арнағандықтан, ғалым тіл білімінің негізгі ұғымдарын түсінікті тілмен жеткізуге тырысқан. «Тіл – құралы» (қазақ тілінің сарфы) деген жалпы атауы болғанмен, оларды тарауларға жіктеуде фонетика дыбыс жүйесі мен түрлері – морфология сөз жүйесімен түрлері – синтаксис сөйлем жүйесі мен түрлері деп берілген. Яғни, тұтастай алғанда, тіл – жүйе ретінде сипатталып, әрқайсысының өзіндік ерекшелігі айқындалған. Ғалым оқулық түзуде әдістер ретінде жекеден жалпыға қарай ойыса отырып, оқушылардың материалды оңай меңгеруін ескерген. Ғалымның ұстанымдарын кейінгі оқулық авторлары да (Қ.Жұбанов, Т.Шонанов, Қ.Кемеңгерұлы т.с.с.) басшылыққа алып, сөз таптарын ажыратуда меже етеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет