Ендеше ғалымның өткен шақтың әр түріне байланысты көрсеткен мағыналық реңктің сөйлемде берілуіне тоқталайық:
Жедел өткен шақ формасы сөйлеушінің сөйлеу кезінен бұрын болып өткен қимылды жай хабарлау түрінде баяндауын білдіреді (Мен кітапханаға кеттім).
Бұрынғы өткен шақ формасын сөйлеуші сөйлеу кезінен бұрын болған істі жай хабарлау түрінде емес, тыңдаушыға сол өткендегі істің, қимылдың болу, болмау нәтижесін баса түсіндіріп, соған көңіл аудару керек болған жағдайда қолданады (Мен ол жігітті жақсы танимын, институтта бірге оқығанбыз).