Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


ЕСІМДЕРДІҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ



бет23/130
Дата10.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#33868
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   130
Байланысты:
емтихан сұрақтары (1)

10. ЕСІМДЕРДІҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

А. Ысқақов бойынша зат есімдердің лексика-грамматикалық сипаты

Зат есімдердің қай-қайсысы болсын заттык ұғымды білдіретіндіктен, олар, негізінен алғанда, біркелкі болғандарымен іштей нақтылық және абстрактілік, жалпылық және жалкылық, даралық және жинақтылық, жекелік және топтық сияқты семантикалық категорияларды да қамтиды, Мысалы, ағаш, су, шөп, сүт, темір, шүберек тәрізді сөздер, әдетте, көзбен көріп, қолмен ұстап тануға боларлықтай нақтылы, деректі заттармен байланысты ұғымдарды білдірсе, ақыл, сана, ой, ықпал, әсер, жақсылық, адамгершілік, кіріс, зұлымдық, пікір секілді сөздер ойлау, топшылау қабілеттері арқылы танылатын абстракті (дерексіз) заттармен байланысты ұғымдарды білдіреді. Әрине, дерексіз (абстракт) заттык ұғымдардың аттары деректі заттық ұғымдардан кейін шыққан да және сол нақтылы ұғымдардың негізінде туған. Өйткені, мысалы, кісілік, балалық деген дерексіз ұғымдар да, олардың аттары да әуелгі кісі, бала деген деректі ұғымдардан, атаулардан туған. Бірақ конкретті ұғым- нап абстракт ұғымның тууы бірден-бір ғана жол болма- ган. Қонкретті ұғымдардан абстракт ұғымдар туа беретіні сияқты, адамның ойлау қабілеті дами келе, керісінше, абстракт ұғымдардан конкретті ұғымдар да туа беретін болған. Осыған сәйкес, конкретті зат есімдерден абстракті зат есімдер де, керісінше, абстракт зат есімдерден конкретті зат есімдер де жасала береді. Осы себептен қазіргі тілдегі абстракті ұғымдарды білдіретін көп сөздердің мағыналары конкретті ұғымдармен түйісіп те отырады. Сонымен катар, тілде бастапкы ақиқат нәрсенің атынан туғанымен, одан мүлдем қол үзіп, тіпті алыстап кеткен абстракті ұғымдарды білдіретін сөздер де көп. Сол сияқты, керісінше, бастапқы абстракт ұғымдардан туғанымен, мағына жағынан тіпті конкреттеніп кеткен сөздер де көп. Сөйтіп, сөз мағынасының конкрет- тену я абстрактану (деректену я дерексіздену) дәрежесі әр қилы және әр түрлі болады. Бұған оқу, оқушы, оқушылық, жүріс, құбылыс, құбылмалылық, білім, білімдік, ұйым, ұйымшылдық, басқару, басқарушылық тәрізді зат есімдер толық айғақ бола алады.

Зат есімдердің ішінде даралау және жинақтау ұғымын білдіру қабілеті де жоқ емес. Мысалы: құрт, құмырсқа, апа, қарындас, төсек, орын, шөп, шалам тәрізді дара сөздер белгілі-белгілі заттардың аты болса, құрт- құмырсқа, апа-қарындас, төсек-орын, шөп-шалам сияқты кос сөздер белгілі бір ұғымдарды жинақтап, олардың топ-тобының атын білдіреді. Қерісінше, мая-мая, қора-қора, жал-жал, сала-сала, тау-тау, төбе-төбе, та- рам-тарам, тал-тал сияқты қос сөздер бөлу я даралау ұғымын білдіреді.

Зат есімдерді іштей, семантикасының өзара орайлас, астас болуларына карай, әлденеше топка бөлуге болады. Мысалы, семантикалық ерекшеліктеріне қарай, зат есімдерді іштей мал атаулары, өсімдік атаулары, кұрт-күмырсқа атаулары, қора-қопсы және үй мүліктерінің атаулары, коғамдык тұрмыстың, саяси-әлеуметтік саласында қолданылатын атаулар деген сияқты неше алуан топқа жіктеуге әбден болады. Бірак ондай тек семантикалық қана ерекшеліктері бар, өз алдына грамматикалық ерекшеліктері жоқ есімдер лексикология үшін аса маңызды тексеру объектісі болғанымен, грамматика үшін, арнайы сөз етерліктей зерттеу объектісі бола алмайды.

Дегенмен, зат есімнің ішінде өздеріне тән семантикалык және грамматикалық ерекшеліктері бар кейбір топтар да жоқ емес. Ондай, семантикалық және грамматн- калық ерекшеліктері бар топтарға: адамзат (кімдік) және ғаламзат (нелік) есімдерін , жалқы есімдерді, көптік мәнді есімдерді, эмоциялы-экепрессивтік зат есімдерді, көмекші есімдерді жатқызуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет