Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


Попробовать, попытаться Байқау мағынасын білдіреді



бет31/130
Дата10.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#33868
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   130
Байланысты:
емтихан сұрақтары (1)

Попробовать, попытаться

Байқау мағынасын білдіреді


-п қой

а) действие должно совершиться заранее

б) немедленноее исполнения

в) позволение или согласие…


Қимылдың аяқталған кейпін білдіреді;

Бір істі тез, бірден орындайтынын білдіреді



Ы.Маманов «совершенный вид», «несовершенный вид» деген атаулардың орнына «созылыңқы сыпат», «аяқталған сыпат» деп қолданып, әрбір сыпатты жасауға қандай көмекші етістіктердің қатысатынын көрсетеді. Атап айтқанда, қалып етістіктерінің созылыңқы сыпат жасайтынын, ал басқа мәнді көмекші етістіктер аяқталған сыпат жасауға қатысатынын көрсетеді. Сонымен қатар ғалым 1956 жылы 24-27 қыркүйек аралығында Алматы қаласында өткен түркі тілдеріндегі етістік түрлері мен сабақтас сөйлем проблемаларына арналған координациялық кеңестегі «Глагольные виды и их выражение в казахском языке» деген баяндамасында [116], «Қазақ тілінің грамматикасында» (1967) [117] да көмекші етістіктерді сыпат (вид) түріне қарай жіктейді.

Көмекші етістіктердің видке қатысуына қарай топтастырып, саралауға тырысатын еңбектердің қатарында Н.Сауранбаевтың «Семантика и функций деепричастии в казахском языке» (1944) [118]‚ «Русско-казахский словарь» (Под общей редакцией проф. Н.Т.Сауранбаева (1954) [119]‚ «Современный казахский язык» (1962) [102]‚ 1956 ж. координациялық кеңесте сөйлеген сөзі [120]‚ И.Ұйықбаев «Қазіргі қазақ тіліндегі етістік көріністері» (1958) [111], кеңесте сөйлеген сөзі [121], Н.Х.Демесинова «Сопоставительная грамматика русского и казахского языков (синтаксис)» (1966) [122] т.с.с. атауға болады.

Н.Сауранбаев «Семантика и функции деепричастии в казахском языке» деген еңбегінде: «Казахские, а также тюркские глаголы сами по себе не выражают видовых оттенков. Поэтому образование категории сложных глаголов есть по сути дела оформление категории видов. Деепричастие в составе сложного глагола есть форма выражения вида», - деп түсіндіреді [118, 176].

Қазақ тілінде көрініс (вид) категориясы бар деп түсіндірушілер оны түрліше топтастырады. Н.Сауранбаев аяқталған (законченный), аяқталмаған (продолжительный) және белгісіз (неопределенный) деп үшке бөлсе, И.Ұйықбаев пен Ы.Маманов созылыңқы (аяқталмаған) көрініс (сыпат), аяқталған көрініс (сыпат) деп екіге топтастырады.

Тіл фактілері қимылдың бәрі бірдей аяқталған және созылыңқы көрініске сыя бермейтінін көрсетеді, яғни Н.Сауранбаевтың дұрыс байқағанындай, істің аяқталмағанын, тіпті басталмағанын білдіретін аналитикалық формалар баршылық. Мәселен, -ғалы отыр (тұр, жүр, жатыр); -айын деп келе жатыр (тұр, отыр, жүр); -айын деп отыр (тұр, жүр, жатыр) т.с.с. аналитикалық форманттардағы қимыл созылыңқы көрініске де, аяқталған көрініске де жатпаса керек, себебі мұнда іс әлі басталған жоқ,басталмай қалуы да мүмкін.

И.Ұйықбаев, Н.Сауранбаев еңбектері көмекші етістіктердің өзіндік ерекшелігін танытуда елеулі үлес болды.

И.Ұйықбаев көмекші етістіктерді тұрақты, тұрақсыз деп екіге топтастырады да, тұрақты көмекші етістіктерге е-, жазда етістіктерін, тұрақсыз көмекші етістіктерге кет, баста, жібер, отыр, тұр, жатыр т.б. етістіктерді жатқызады. Ғалым кет, қал, шық, ал, қой, өт, бол, сал, таста т.с.с. етістіктердің аяқталған көрініс жасауға қатысатынын, жат, жүр, отыр, тұр етістіктерінің аяқталмаған көрініс жасауға қатысатынын, ал, бар, кел, түс, көр, е- етістіктерінің негізгі етістікке байланысты кейде аяқталған, кейде аяқталмаған көрініс жасауға қатысатынын айтады.

Аяқталған көріністің өз ішінен: қимылдың аяқталуы, қимылдың шапшаңдығы, қимылдың жол-жөнекей болуы, қимылдың жорта жасалуы, қимылдың бір рет болуы, қимылдың бағыты‚ қимылдың басталуы‚ қимылдың бола жаздауы, аяқталмаған көріністің: қимылдың аяқталмауы, қимылдың қайталануы, қимылдың үдеуі, қимылдың жол-жөнекей болуы, қимылды жасауға әзірлік сияқты мағыналық реңктерін (видовые оттенки – И.Ұ.) көрсетеді. Байқап отырғанымыздай, И.Ұйықбаевтың санамалап көрсетіп берген реңктері мен Қ.Кемеңгерұлының көмекші етістіктердің мәнін түсіндіруі біршама ұқсас.

«Современный казахский язык» деген еңбекте Н.Сауранбаев: а) бір рет болатын қимылды білдіру (-а қой, -а қал, -а сал, отыра кет, жата кет, жығыла кет); ә) жол-жөнекей орындалатын іс (-а бар, -а кел, -а кет, -а шық, -а жүр, -а тұр);б) қимылдың созыңқылығы, үдеуі (-а түс, -а бер, -а тұр);в) істеп көру, байқау (- п көр); г) өтіну, тілеу (-а көр); ғ) қимылдың бола жаздауы (-а жазда); д) мүмкіндікті білдіру (-а ал/-а алма); е) қимылдың жорта жасалуы (-ған бол); ж) қалау мәнінің берілуі (-ғы кел) сияқты қимылдың түрлі сыпаттарын көрсетеді. Осылардың ішінде қимылдың созыңқылығы, үдеуі, істеп көру, байқау, қимылдың орындалу мүмкіндігі, қимылдың жорта жасалуы, қалау мәні – Қ.Кемеңгерұлының көмекші етістіктерді топтастыруында да кездеседі.

Координациялық кеңесте сөйлеген сөзінде Х.Х.Махмудов көрініс категориясын жоққа шығара отырып, қазақ тілінде қимылдың өту сипаты категориясы бар екенін айтады: «Нужно считать, что грамматической категории вида в тюркских языках нет, но есть различные способы выражения протекания способа действия.... Назвать можно по разному. Есть видовые значения в русском языке, а в казахском – выражения способа, характера протекания действия» [123, 67].

Бұл тұжырым кейіннен Н.Оралбаеваның аналитикалық форма, аналитикалық форманттарға арналған еңбектерінде жалғасын тапқан. «Аналитические формы глагола в современном казахском языке» деген докторлық диссертациясында [113] Н.Оралбаева түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тіл біліміндегі көрініс категориясының зерттелуін сипаттай келіп, бұл категорияның қазақ тіліне тән емес екенін, аналитикалық формалардың білдіретін мағынасы қимылдың өту сипаты категориясына жататынын көрсетті. Ғалым: «Cистему значений и средств, показывающих, каким образом совершается то или иное действие, мы называем способами действия», - деп анықтама бере келіп, қимылдың өту категориясының 12 түрін, кейінірек «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктердің аналитикалық форманттары» [112] деген еңбегінде 14 түрін көрсетеді. Оның ішінде жетімсіз қимыл (-а жазда); қимылдың ерекше ынтамен жасалуы (-п бақ); қимылдың немқұрайды жасалуы (-а сал, -а отыр, -а жүр); қимылдың асығыссыздығын білдіру (-а жатар); қимылдың жасалуға бейімдігі (-йын де, -ғалы отыр); қимылдың динамикалық қалыптан статикалық қалыпқа көшуі (-ып қал); бір қимылдың соңынан ілесе екінші қимылдың жасалуын білдіру (-е салып, -ысымен) Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде кездеспейді.

Н.Оралбаева көмекші етістіктерді көмекшілік қызметке көшудегі ерекшеліктеріне қарай: а) алғашқы (омонимі бар) көмекші етістіктер: ал, бер, бол, бар, бақ, баста, бол, біт, қара т.б.; ә) кейінгі (омонимі жоқ) көмекші етістіктер: ет, еді, екен, емес деп екі топқа бөледі [124]. Байқап отырғанымыздай, ғалымның көмекші етістіктерді топтастыру принципі мүлде өзгеше болғанмен, құрамы жағынан Қ.Кемеңгерұлы топтастыруынан ерекшеленбейді.

Көмекші етістіктер табиғатын, оның өзіндік ерекшелігін түсіндіруге тырысқан ғалымдардың бірі – А.Ысқақов. Ғалым көмекші етістіктерді толымды және толымсыз көмекші етістік деп топтастырады. Толымды көмекші етістіктерге негізгі мағынасын сақтап, етістіктерге түрлене алатын, дербес сөз ретінде де, аналитикалық (сараламалы) етістік құрамында да қолданыла алатын етістіктерді (ал, бер, бар, баста, тұр, отыр т.б.) жатқызады да, толымсыз етістіктерге (лексикалық) толық мағынасы жоқ е- етістігінен өрбіген формаларды жатқызады (екен, емес, еді, еміс-еміс т.б.). Сонымен қатар А.Ысқақов жатыр, жүр, отыр, тұр қалып етістіктерінің, бол, қыл, ет көмекші етістіктерінің, жазда, де етістіктерінің мағыналық ерекшеліктері мен қызметіне арнайы тоқталады. Ғалым көмекші етістіктердің қызметі мен өзіндік ерекшелігін, сипатын танып, ажырата білу үшін аналитикалық форма, аналитикалық форманттардың мағынасы мен қызметін айқындау қажеттігін айта келіп, басты-басты аналитикалық форманттарға сипаттама береді. А.Ысқақов пен Қ.Кемеңгерұлының аналитикалық форманттардың мағынасын түсіндірулері өзара ұқсас:

Аналитикалық форма

Қ.Кемеңгерұлы «Оқу құралы» (1928, 1929)

А.Ысқақов

«Қазіргі қазақ тілі» (1974)



-ып ал

Исполнение действия в пользу действующего лица


Субъект өзге істі қоя тұрып я басқа іске келіспей тұрып (осы) әрекетті әуелі өзі үшін, өз мүддесі үшін жүзеге асырып алуды қалайтындай мән (реңк) жамайды.

-а ал

возможность

Сол амалды жүзеге асырып я орындау мүмкіндігін (бар, жоқ) білдірерліктей реңк жамайды.

-ып бер

Законченность (в пользу другого)

Амалды бөгде (басқа) адам үшін істелетіндей реңк үстейді.

-а бер

Направление и исход действия: незаконченность

Амалды тоқтаусыз (тоқтатпай) жүзеге асыра беруді нұсқайтындай реңк жамайды.

-ып қал

Вид законченности и совершенства (с усилением значения)

Амалдың бірден басқа күйге (динамикадан статикаға) көшкенін білдіретін реңк қосады.

-а қал

Сверх ожидания, случайность

Амалдың кенеттен басқа күйге немесе динамикалық процестің статикаға көше қойғанын білдіретін реңк қосады.

-п көр

Попробовать, попытаться

Амалды жүзеге асырып байқау я жүзеге асырып көру мағынасын көрсететін реңк қосады.

Қ.Кемеңгерұлы жіктеуіндегі -п бол, -ған бол, -уға бол, -п өт аналитикалық форманттары А.Ысқақовта кездеспейді. А.Ысқақов бол көмекші етістігін қыл, ет етістіктерінің қатарында құранды етістік жасау қызметіне байланысты сөз етеді де, аналитикалық форма құрамында қарастырмайды. Ал Қ.Кемеңгерұлының сипаттамасында бұл етістіктің аналитикалық форма жасаудағы да, құранды етістік түзудегі де мағынасы қамтылған. А.Ысқақов талдауындағы -а баста, -п біл, -й біл, -ып бақ, -ып біт, -ып қарааналитикалық форманттары Қ.Кемеңгерұлында кездеспейді.

Сонымен, Қ.Кемеңгерұлының көмекші етістіктерге қатысты ой-пікірлерін жинақтай келе, төмендегідей тұжырым жасауға болады:

а) ғалым көмекші етістіктерді мағынасы мен қызметіне қарай екі топқа бөледі: 1) е- (еді, екен, емес, емей), бол; 2) тұр, отыр, жүр, жатыр, кел, бар, ал т.б.;

ә) көмекші етістіктің өзінен бұрын тұрған есімше, көсемше жұрнақты етістікпен қосылып, біртұтас мәнге ие болып, грамматикалық мағына үстейтін аналитикалық формант түзетінін түсінген;

б) аналитикалық формалы етістіктердің табиғаты құранды күрделі етістік, құрама күрделі етістіктерден бөлек екенін білген;

в) қазақ тілінде вид (көрініс) категориясы жоқ екенін айтқан;

г) қимылдың өту сыпатының бірнеше түрін көрсеткен;

ғ) көмекші етістіктердің модальдылықты, райды жасауға қатысатынын көрсеткен.

Сол себепті Қ.Кемеңгерұлын көмекші етістіктердің табиғатын, ерекшелігін терең түсінген, аналитикалық формант, аналитикалық форма, қимылдың өту сыпаты туралы ілімнің дамуына өзіндік үлес қосқан ғалым деп ой түйіндеуге әбден болады деп



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет