Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


ҚОСЫМША МОРФЕМАНЫҢ МАҒЫНАСЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ



бет86/130
Дата10.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#33868
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   130
Байланысты:
емтихан сұрақтары (1)

49. ҚОСЫМША МОРФЕМАНЫҢ МАҒЫНАСЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ

Морфема іштей екіге бөлінеді: негізгі морфема және қосымша морфема. 

 Қосымша морфемалар — дербес қолданылатын сөздерге әр түрлі грамматикалық ғана мағына үстейтін тұлғалар.

Қосымша морфемалар ез ішінде жұрнақтар, жалғаулар және қосалқы сөздер деген үш топка бөлінеді. Бұл қосымшалардын, жүрнақтар деп аталатын түрі жалаң сөздерді жасау үшін қолданылады да, қосалқы деп аталатын түрі сөз тіркестері мен қүранды сөздерді жасау үшін қолданылады. Ал, жалғаулар деп аталатын түрі жүрнақтар мен қосалқы сөздер арқылы жасалған жалаң және күрделі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін қолданылады.

Қосалкы сөздер жайындағы мәліметтер әрбір сөз табынын, тұсында айтылып отырылады. Қосымша морфемаларда мағыналық дербестік те, түлғалык дербестік те болмайды. Өйткені қосымша морфемада жеке түрғанда өзіне тән арнаулы дербес мағына болмайтындықтан, ол (қосымша) түбірдің қатысынсыз жеке-дара қолданылмайды. Сондай-ақ қосымша морфема жеке-дара қолданылмай, тек түбірге (сөзге) тіркестіріліп қана жұмсалатындықтан, оның түлғасы жалғанатын түбір морфеманың әуеніне еріп, езгеріп, түрленіп отырады. Осы себептен бір морфеманың дыбыстық бірнеше түрі (варианты) болуы мүмкін. Мысалы: атты кісі, сүтті сиыр, сауулы інген, елеулі мәселе, малды іиаруа, білімді адам дегендегі -ты, -ті, -лы, -дьі, -ді бөлшектері — бір морфеманың әр алуан түрлері.

Түбір морфема мен косымша морфеманың мағыналарындағы ең негізгі айырмашылық мынау: түбір морфеманың мағынасына, біріншіден, әрі нақтылық (конкреттілік), әрі дербестік тән болса, екіншіден, сол мағына тікелей түбірдің өз бойында болады; қосымша морфеманың мағынасына біріншіден, әрі тым жалпылық (абстрактілік), әрі дербестігі жоқтық тән болса, екіншіден, сол жалпы (абстрактілік) мағына тек сөздің қүрамында ғана тиянақты болып анықталады. Осыған сәйкес, түбір морфема тілдінң өзіне тән мағынасы бар түлғасы (единицасы) ретінде жеке-дара тұрып қызмет етсе, косымша морфема тілдің мағыналы түлға (единица) есебінде жеке-дара жұмсалмайды, тек сөздің құрамында ғана қолданылады.

Тілімізде түбір морфемалар сан жағынан көп те, қосымша морфемалар олардан әлдеқайда аз.

Сөздің құрамы сияқты, морфемалар да — жүйелі құбылыстар. Олардың жүйелі құбылыс екендіктерін түбір мен қосымшалардың ара қатыпастарынан да көруге болады. Мысалы, есімшенің -ған (-қан, -ген, -кен), көсем- шенін, -ғалы (-қалы, -гелі, -келі) қосымшалары тек етістік түбірлеріне (негіздеріне) ғана жалғанады (барған, айтқан, келген, кеткен; айтқалы, көргелі, жеткелі) да, есім сөздерге (зат, сын, сан т. б.) жалғанбайды. Керісінше, -шыл (шіл) қосымшасы зат есімдерге жалғанып (сауықшыл, діншіл, қымызшыл) сын есім тудырса -м (-ым, -ім) қосымшасы етістіктен зат есім тудырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет