Қатысты өткен шақ формалары сөйлеу кезінен бұрын болып өткен іс, қимылмен ұштасып, соған байланысты өткендігін немесе белгілі бір мезгіл ішінде өткендігін көрсетеді. М: мен кеше киноға барып едім.
Келер шақ:
Ауыспалы келер шақ: жазамын.
Болжалды келер шақ: жазармын.
Ниет келер шақ: жазбақпын.
Ы.Маманов етістіктің осы шағына мынадай анықтама береді: «Осы шақ – сөйлеу кезінде болып жатқан қимылды білдіретін етістік формасы». Қазақ тілінде осы шақты білдіретін арнайы грамматикалық морфема жоқ. Осы шақ қалып етістіктеріне және созылыңқы сипатқа жіктік жалғауы тікелей жалғану арқылы жасалады деп қорытынды шығарады. Етістіктің ауыспалы келер шақ формасы қимылдың әр түрлі ағымын білдіріп, осы шақ мағынасында жұмсалады деп көрсетеді. Ал осы шақ мағынасы оның ауыспалы мағынасы екендігін айтады.
А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі»
Өткен шақ:
Анық (айғақты) өткен шақ
Танық (айғақсыз) өткен шақ
Неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ
Осы шақ:
Жалпы осы шақ
Нақ осы шақ
Неғайбыл осы шақ
Келер шақ:
Жалпы
(қосымша. Маңызды!) Қ.Жұбанов еңбектеріндегі шақ категориясы туралы ойлар бойынша О.Жұбаева былай деп тұжырым жасаған: «Қ.Жұбанов – қазақ тіл білімінде шақ категориясы туралы танымның қалыптасып, дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдардың бірі. Ғалым өз тарапынан шақ мәнін аша алатындай жаңа атаулар ұсынумен қатар шақ категориясының түрлі қырын, реңкін дөп басып, анықтай білген. Ғалымның шақ категориясы туралы танымы етістіктің қыр-сырына үңіле түсіп, ерекшеліктерін байқауға, қалыптасқан қағидаларды түрлі қырынан зерделеуге мүмкіндік берері сөзсіз».
Академик Р.Сыздық өз мақаласында: «Қазақ тіліндегі отыр, тұр, жүр, жатыр деген төрт етістік күллі өзге етістіктерден үш түрлі морфологиялық қасиетімен ерекшеленеді дейді алғашқы зерттеуші Қ.Жұбанов. Бірі – олардың жіктік жалғауларын тікелей қабылдай алатындығы; екінші – түбір күйінде тұрып таза Präsеns-ті (осы шақты) білдіре алатындығы; үшінші – түбір күйінде тұрып Imperativ-тің (бұйрық райдың) II жағы мен Präsеns-тің III жағын көрсететіндігі. Оның үстіне төрт етістік әрқайсысы осы шақты жасағанда, соның өз аясындағы әртүрлі мағынаны білдіреді. Жатыр етістігі іс-әрекеттің дәл сөйлеп тұрған сәтте емес, әйтеуір жалпы жүріп жатқан, ара-арасында үзілісі де болатын түрін көрсетеді: Бейімбет бір үлкен роман жазып жатыр (мысал Қ.Жұбановтікі – Р.Сыздық). Егер іс-әрекет сөйлеп тұрған сәтте орындалып жатса, қазақ тілі отыр етістігін жұмсайды; ұзақ іс-әрекет үзілістерімен жүріп жатса, қазақ жүр көмекшісіне жүгінеді: тұр-ға келсек, ол соншама күрделі: осы сәттегі істі де, орындалып жатқан іс-әрекетті де білдіреді, дәл осы сәттегі істі білдіргенде тек адамға байланысты айтылады. Қ.Жұбанов өзінің «Көмекші, күрделі етістіктер туралы» деген орыс тіліндегі шағын кітапшасында төрт етістіктің осы сияқты семантикалық-функциялық дифференциациясын ең бір нәзік жерлеріне дейін талдап көрсетіп береді. Бұл – атақты төрт етістік (отыр, жатыр, жүр, тұр) туралы жазылған ең алғашқы ғылыми жұмыс», – деп ерекше атап көрсетеді.
Профессор М.Томановтың пікіріне жүгінсек: «Қ.Жұбанов көмекші етістіктер жайындағы өзіне дейінгі тарихи-теориялық зерттеулер айта алмаған, аша алмаған көмекші етістік семантикасы мен құрылысының басты ерекшеліктері мен зандылықтарын талдайды. Қазақ тіліндегі көмекші етістіктер жалғамалы тілдің құралдары бола тұрып, өз бойында синтетизмнің де көп белгілерін сақтағандығы тарихи талдау арқылы дәлелденді. Сондықтан да, кейде бір етістік түбірдің күрделенуі ме, әлде екі түбірдің синтаксистік тіркесі ме – осы жағын анықтау қазақ тілінің жүріп өткен жолының ерекшелігін анықтаумен тең түсіп жатады. Қазақ тіл білімінде бірінші рет Қ.Жұбановтың осы еңбегінде көмекші етістіктердің полисемантикалық және полифункционалдық сөздердің тобына жататындығы дәлелденді. Ал мұндай зерттеулер 30-жылдарда, тіліміз жаңа әлеуметтік жағдайларда дамудың қай бағытын ұстану керек дейтін сұрақ бар шындығымен қойылған кезде аса мәнді еді».
Профессор Қ.Жұбанов «Заметки о вспомогательных и сложных глаголах» деген еңбегінде отыр, жүр, тұр және жатыр етістіктерін басқа күрделі етістіктердің ішінде барынша әмбебап және өнімділігі өте жоғары деп бағалайды. Аталған етістіктер басқа етістіктермен тіркесіп келгенде басқа тілге аударғанда мағынасын бір сөзбен дәл беру мүмкін емес, бұл қасиет олардың көмекшілік қызметінен деп, олардың қандай тұлғалармен тіркесетіндігін және беретін мағыналық реңктерін алғаш рет ашып көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |