52. МЕКЕН ҮСТЕУЛЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ МЕН ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
Ақымет Байтұрсынов «Тіл – құрал» 197-бет бойынша:
Мекендік үстеу дейміз – істің мекенін көрсететін сөздерді. Мекендік үстеу болатын зат есім, сын есім, есімдік, етістік сөздер. Бұлардың мекендік үстеу екен-емесін сұраудан айыра- мыз. Мекендік үстеу сұраулары: қайда? қайдан? Бұл сұрауларға жауап болмаған сөздер мекендік үстеу болмайды.
Тыста жатыр, қалаға барды, жайлаудан қайтты дейміз. «Тыста», «қалаға», «жайлаудан» деген сөздер қайда?, қайдан? деп сұрағанға жауап болады (жатыр қайда? – тыста, барды қайда? – қалаға, қайтты қайдан? – жайлаудан). Бұлар үстеу орнындағы зат есім сөздер.
Онда бармады, мұнда келді дейміз. «Онда», «мұнда» деген сөздер қайда? қайдан? деп сұрағанға жауап болады (бармады қайда? – онда, келді қайда? – мұнда). Бұлар үстеу орнындағы есімдіктер.
Достарыңызбен бөлісу: |