Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


МӨЛШЕР ҮСТЕУЛЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ МЕН ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ



бет92/130
Дата10.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#33868
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   130
Байланысты:
емтихан сұрақтары (1)

55. МӨЛШЕР ҮСТЕУЛЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ МЕН ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ.

А.Байтұрсынұлы мөлшер үстеуін өлшеулік үстеу деп көрсеткен. «Өлшеулік үстеу дейміз– сынның я істің шамасын көрсететін сөздерді. Өлшеулік үстеу болатын зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздер. Бұлардың да үстеу екен-еместігін сұраудан айырамыз. Өлшеулік үстеу сұраулары: қанша? неше есе? Осы сұрауларға жауап болмаған сөз өлшеулік үстеу болмайды.

Түске шейін ұйықтады, кешке дейін жатты, ауылға шейін қуды дейміз. «Түске шейін», «кешке дейін», «ауылға шейін» деген сөздер қанша? деп сұрағанға жауап болады, (ұйықтады қанша? – түске шейін, жатты қанша? – кешке дейін, қуды қанша? – ауылға шейін). Бұлар үстеу орнындағы зат есім сөздер.

Аз берді, көп алды дейміз. «Аз», «көп» деген сөздер қанша? деп сұрағанға жауап болады, (берді қанша? – аз, алды қанша? – көп). Бұлар үстеу орнындағы сын есім сөздер.

Екі есе артық, бес есе кем дейміз. «Екі есе», «бес есе» деген сөздер неше есе? деп сұрағанға жауап болады, (артық неше есе? – екі есе, кем неше есе – бес есе). Бұлар үстеу орнындағы сан есім сөздер.

Сонша әдемі, мұнша кешікті, онша шапшаң емес дейміз. «Сонша», «мұнша», «онша» деген сөздер қанша деп сұрағанға жауап болады (қанша әдемі? – сонша әдемі, кешікті қанша? – мұнша, шапшаң емес қанша? – онша). Бұлар үстеу орнындағы есімдіктер.

Тойғанша жеді, қанғанша ішті, жеткенше шапты «Тойғанша», «қанғанша», «жеткенше» деген сөздер қанша? деп сұрағанға жауап болады (жеді қанша? – тойғанша, ішті қанша? – қанғанша, шапты қанша? – жеткенше). Бұлар үстеу орнындағы етістік сөздер».

А.Ысқақов мөлшер үстеуіне мынадай анықтама береді: «Мөлшер үстеуі түрлі қатынасты я жалпылап, я мөлшерлеп немесе қимылдың және сынның я теңдік, я кемдік дәрежесін білдіреді де, қанша? қаншалық? нешелеп? қаншалап? сияқты ғана сұрауларға жауап береді».





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет