Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


Қазақ тіліндегі көптік қосымшасының мағынасы мен қызметі



бет63/130
Дата10.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#33868
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   130
Байланысты:
емтихан сұрақтары (1)

32.Қазақ тіліндегі көптік қосымшасының мағынасы мен қызметі

А.Байтұрсынұлы жалғауларды жай жалғау (көптеу, септеу), жақ жалғау (тәуелдеу, жіктеу) деп топтастырса, Қ.Кемеңгерұлы жалғаудың 3 түрін ғана көрсетеді. Олар: септеу, тәуелдеу, жіктеу. Ал көптік жалғауын жалғаулар қатарында танымайды. Ғалым көптік мән үстейтін қосымша ретінде -лар/-лер аффиксін ғана атайды да, оның жинақтау ұғымын білдіретін сөздерге жалғанбайтынын айтады. Жинақтау ұғымын білдіретін сөздерге Қ.Кемеңгерұлы аю-саю, түйе-мүйе сияқты екінші сыңары с, м дыбыстарына ауысқан қос сөздерді жатқызады.

Ы.Маманов «Қазақ тіліндегі көптік форма» деген мақаласында:

- халық аттары, хайуан аттары, қосарлы дене мүшелерінің аттары т.б. сөздердің жинақтылық мағына білдіре алмайтынын;

- жинақтылық ұғымды қос сөздер ғана білдіре алатынын;

- көп, мол, қыруар, бірталай, әлденеше т.б. сөздердің білдіретін көптік ұғымы олардың ішкі семантикасынан екендігін, ендеше‚ олар грамматикалық көптік форма бола алмайтынын;

- сан есім және көптік ұғымды білдіретін көп, талай, бірнеше т.б. сөздер мен зат есімнің тіркесуі аналитикалық форма құрай алмайтынын, себебі олар біртұтас сөз дәрежесіне жетпегенін, түрлі сөз таптарына жататынын айта келіп, көптік форма лексикалық (семантикалық) және синтаксистік тәсілдер арқылы жасала алмайтынын дәлелдейді. Ғалым көптік форма тек қана -лар/-лер жұрнағы арқылы ғана жасалатынын көрсетеді [175].

Байқап отырғанымыздай, көптік форманың берілу жолын (-лар/-лер) көрсетуі, жинақтық ұғымды сөздерге қос сөздерді ғана жатқызуы жағынан Қ.Кемеңгерұлы мен Ы.Маманов еңбектері өзара сабақтас. Ы.Маманов Қ.Кемеңгерұлы тұжырымдарын одан әрі дамыта түсіп, -лар/-лер қосымшасы жалғанған сөздердің мағыналық ерекшеліктерін түсіндіреді.

Қ.Кемеңгерұлы сын есім, есімше, тұйық етістіктердің т.б. көптеліп, септеле алатынын, яғни‚ бүгінгі тілмен айтқанда, олардың субстантивтенетінін көрсетеді. Мұндай тұжырым А.Байтұрсынұлы еңбектерінде де кездеседі. Ғалым көптік, септік т.б. жалғауларды қабылдап, зат есімнің орнына жүре алатын сын есімдерді «затсымақ сын» деп атайды. Кейінгі ғалымдардың ішінде Қ.Басымұлы, С.Аманжолов еңбектерінде де басқа сөз таптарының затсымақтану қасиеті туралы айтылады. Сонымен қатар бүгінгі таңдағы грамматикаларда да басқа сөз таптарының субстантивтенуі кеңінен сөз болып келеді.

Бұл орайда -лар/-лер қосымшасының мәні мен қызметін әлі де нақтылай түсу қажеттігі байқалады. Сонымен қатар «көптік ұғымның морфологиялық, синтаксистік тәсілмен берілуі» сияқты қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан үңіліп, көптік қосымшасының морфемалар жүйесіндегі орнын айқындау қажеттігі туындайды.

Қазақ тіліндегі көптік қосымшасы (-лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер) үндестік заңына сәйкес жалғанады.

Сөздің соңы дауысты дыбысқа не үнді р, и, у-ға аяқталса, көптік қосымшасы -лар,-лер түрінде жалғанады. Мысалы: бала-лар, тау-лар, жер-лер.

Сөз соңы ұяң не үнді л, м, н, ң дыбыстарына аяқталса, көптік қосымшасы -дар, -дер түрінде жалғанады. Мысалы: қағаз-дар, шамـ-ـдар, аңـ-ـдар.

Сөз соңы қатаң дыбысқа не б, в, г, д дыбыстарына аяқталса, көптік қосымшасы -тар, -тер түрінде жалғанады. Мысалы: кітапـ-ـтар, клубـ-ـтар, мектепـ-ـтер.

Көптік жұрнағына қатысты ескерілетін жайттар:

1) сан есім не көп, мол, бірталай, бірнеше, әлденеше, бірсыпыра сияқты сөздер, сондай-ақ, қайталама қос сөздер заттың анықтауышы болып келгенде көптік қосымшасы жалғанбайды. Мысалы: бес малшы, көп кісі, мая-мая шөп;

2) жеке-даралап санауға келмейтін зат, құбылыстарға көптік қосымшасы жалғанбайды. Мысалы: қымыз, ұн, жел, шаш, ауа;

3) дерексіз зат есімдерге көптік қосымшасы жалғанбайды. Мысалы: достық, адамгершілік, байлық, махаббат, сүйіспеншілік, тәрбие, сыйластық, т.с.с.

3) көптік қосымшасы кісі аттарына жалғану арқылы сол кісінің көптігін емес, оның қасында көп кісі бар екенін білдіреді. Мысалы: Асқарлар ертең келеді;

4) көптік жалғау сан есімдерге жалғану арқылы шамасын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: Ондарда үйге қайттым. Жасы жиырма бестердегі жігіт;

5) қосарлама қос сөздер жиынтық мәнде қолданылатындықтан, ол сөздерге көптік қосымшасы жалғанбайды. Мысалы: Халықтың әдет-ғұрпы ғасырлар бойында қалыптасады. Ғалия ыдыс-аяғын жинастыра бастады.

Көптік категориясына байланысты тұжырымды пікір айтқан ғалымдарымыздың бірі – Н.Оралбаева “Зат есімнің көптік категориясы” атты мақаласында қазақ тіліндегі зат есімнің мағынасын беруінің негізгі 3 тәсіліне – морфологиялық, лексикалық, синтаксистік – тоқталады. Зат есімнің көптік мағынасын морфологиялық тәсіл арқылы, яғни, қосымшалар арқылы білдіру – түркі туыстас тілдердің барлығында негізгі тәсіл деп қарайды да, көптік жалғауының төмендегідей мағыналық ерекшеліктерін көрсетеді: 1) көптік жалғау зат есімге жалғанғанда көптік мағынасын береді; 2) көптік жалғауы жинақтау мағынасын білдіреді; 3) көптік жалғау зат есімнен болған бірыңғай мүшелердің тек соңғысына немесе әрбір мүшеге жалғанып келе береді. Осыған орай көптік жалғаудың беретін мағынасында да айырмашылықтар болады; 4) зат есімнің мезгілдік мағынасын беретін сөздеріне жалғанғанда, болжал мағынаны білдіреді; 5) көптік жалғауы зат есімге тәуелдік жалғауының екінші, үшінші жақ көпше түрімен байланысты да қолданылады. Тәуелдік жалғауының ІІ-ІІІ жақ көпше түрінің өз алдына ерекше жалғауы жоқ. Сондықтан екінші, үшінші жақтың көпше түрі жекешенің алдынан көптік жалғауы тіркесіп келуі арқылы жасалады (-лар + ың, -лар + ыңыз, -лар + ы); 6) көптік жалғауы жіктік жалғауының құрамында да қолданылады. Бұл кезде жіктік жалғауының тек қана екінші жақтағы көпшесінің анайы, сыпайы түрімен байланысты қолданылады (-ың + дар, -ің + дер, -ң +дер, -ыңыз + дар, -іңіз + дер, -ңыз + дар, -ңіз + дер). Көптік жалғауы жіктік жалғаудың көпше түрінде қолданылғанда, қимыл иесінің (субъектінің) көп екенін көрсету үшін және бастауышпен қиыстыру үшін жұмсалады; 7) көптік жалғауы сын есіммен немесе етістікпен қолданылғанда оған заттық мағына береді;

8) үстеумен қолданылғанда да заттық мағына береді; кейде болжалдық мағына береді; 9) сан есімге жалғанғанда да болжалдық мағына береді; 10) зат есімнің орнына қолданылып тұрған есімдікке көптік жалғауы жалғанғанда, көптік мағынасын береді.

Ысқақов: Қазак тілінде көптік ұғымды білдіру үшін жалғана- тын үш түрлі морфологиялык форма бар. Олардың бірі -ыз (-із, -з) формасы, екінші -қ (-к) формасы, үшіншісі -лар (-лер, -дар, - дер, -тар, -тер) формасы.

Көптік жалғаудың грамматикалық қызметіне қарай семантикалық мағынасы да, стилистикалық ролі де күшті. Оньщ бұл сипаттары төмендегідей:

1) Бұл жалғау(-лар) зат есімдерге жалғанғанда сол сөз арқылы аталатын заттардың көптігін білдіреді. Бірақ бұл көптік мағына дәл санды я сандық ұғымды білдірмейді, сол сөз арқылы аталатын белгілі бір заттың (құбылыстың, нәрсенің т. б.) тобы, жинағы туралы ұғымды жалпылап атайды. Мысалы, мектептер, мүғалімдер, уй- лер, балалар деген формалар бір мектеп, бір мұғалім, бір үй, бір бала жайында емес, олардың әрқайсысыііын жинақталған тобы жөніндегі ұғымды бағдарлатады.

2) Бұл жалғау (-лар) есімдіктерге, мысалы, сен, сіз, біз, ол, өз, кім, не (немесе), бұл, сол, әркім, біреу тағы басқаларына жалғанғанда, сол есімдіктер арқылы ишараланып аталатын заттың және баска әрбір ұғымның саналмай айтылған жинақтобын білдірумен қатар, саралап, тарамдап я талдап нүсқағандықты да аңғартады. Мысалы: Сендер бақыттысыңдар, Майпа!

3) Бұл жалғау (-лар) сын есімдерге, есімше формаларына қосылғанда, сол сын есімдерді, есімшелерді әрі субстантивтендіреді, әрі оларға көптік мағына жамайды. Мысалы: Бұл мінез — ақылдылардың, ар- лылардың, артықтардың мінезі (Абай);

4) Көптік жалғау (-лар) сан есімдерге де жалғанғанда, ол дәл сол санның көптігін бермейді, мөлшер я бол-жал үғымын білдіреді. Мысалы: Жасы қырықтарға жетпеген қапсағай қара кісі (Ғ. Мүсірепов);

5) Көптік жалғау (-лар) мезгіл үстеулерге де жалғанғанда, ол үстеу сөз көптік ұғымында емес, болжалдау я мөлшерлеу мағынасын білдіру үшін жүмсалады. Мысалы: Олар кешелер Біржан аттанған Барлыбай өзенін- дегі Ұлжан аулына жиналып жатты (М. Әуезов);

6) Көптік жалғау (-лар) даралап (бір-бірлеп) санауға болмайтын көптік формада жұмсалмайтын зат есім дердің, сондай-ақ, бүтіннің белшегі ретінде жұмсалмайтын кейбір ұғымдардың аттарына қосылғанда, ол сездер тікелей өз мағынасында емес, ауыспалы мағынада қолданылады. Мысалы: Сақалдар осы турған біле ме екен, Тентекке жаза, өлгенге құн кесуді (I. Жансүгіров);

7) Көптік жалғау (-лар) даралап, даналап санауға болмайтын кейбір заттардың атауларына жалғанғанда, ол сездің дәл ез мағынасын езгертіп, оған қосымша рең (мағына) жамайды. Мысалы: Жаз жетіп қарлар жетті, сулар ағып, Күн де тұр жарқ-жүрқ етіп нүрын шашып (С. Торайғыров)

8) 8) Көптік жалғау (-лар) кеп адамға тән я ортақ бола алатын заттардың (адамның, нәрсенің) атауларына қосылғанда, сол заттың көп (бірнеше) адамға бірдей (ортақ) екенін білдіреді. Мысалы: Әкелерін қатты сағынып, еркелеп отырған балалардың үшеуі де Абайдың сөздерін қостады (М. Әуезов);

9) Көптік жалғау (-лар), кейбір жағдайда көпшілік пайдаланатын я қолданатын заттардың (нәрселердің, бұйымдардың, ас-тамақтардың т. б.) атауларына қосығанда, олардың көпке ортақ, көптің қолдануындағы нәрселер екендігін білдіреді. Мысалы: Ac әзір екен, олар ас-тарын ішті (С. Мұқанов);

10) Көптік жалғау (-лар) орын, мекен атауларына қосылғанда, сол сөздің көптігін білдірмейді, оған «сол жақ», «сол маңай» (айнала, теңірек) деген сияқты қосымша рең үстейді. Мысалы: Жиын тарамастан бұрын Абай жалғыз бөлініп, өз үйлеріне қарай асыға жөнелді (бұда).

11) Көптік жалғау (-лар) жалқы есімдерге (кісі ат- тары мен жер-су аттарына), сондай-ақ, кейбір туыс-жұрағат атауларына қосылғанда, сол заттардың кептігін білдірмейді, «сол (кісі) және баскалар» деген сияқты топтау ұғымын береді. Мысалы: Сүйіндік аулына Абайлар ел орынға отыра келіп еді (М. Әуезов);

12) Көптік жалғау (-лар) жалаң сөздерге және дербес сөздерден қүралған күрделі сөздерге ғана емес, дербес сөздер мен көмекші сездерден құралған тіркестерге де қосылады. Ондайда көптік жалғау соңғы көмекші сөзге жалғанады да, бүтін тіркес бір сөз ретінде жұмсалады. Мысалы: Көлігі барлар өз үйлерінің жабдығын өздері таситын шығар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет