Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


-сұрақ.Қазақ тіліндегі одағайды топтастыруға қатысты ұстанымдар



бет66/130
Дата10.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#33868
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   130
Байланысты:
емтихан сұрақтары (1)

35-сұрақ.Қазақ тіліндегі одағайды топтастыруға қатысты ұстанымдар

Қазақ тіл білімінде одағай терминін алғаш қолданған А.Байтұрсынов болды. Ғалым: «Одағай дейміз, одағайланып, оңашаланып айтылатын сөздерді», деп анықтама береді.

Ахмет Байтұрсынұлы: Одағайды бірнеше тапқа бөлінеді: 1) Ілездік одағай: лап, шап, жалт, жылт, зып, сып, дік, күмп, дүрс, күрс, мырс, қалт, бырт, кірт, кілт, тырс, шақ, тақ, шық, зырқ, дүңк, сап, қып, жып һәм басқа сондай сөздер (лап етіп, шап етіп дегендегі сияқты).

2) Еліктеу одағай: шыр-шыр! быр-быр! сықыр-сықыр! сылдыр- сылдыр! күлдір-күлдір! былдыр-былдыр! дыбыр-дыбыр! қарқ-қарқ! қаңқ- қаңқ! сұңк-сұңқ! шық-шық! маңқ-маңқ! күмп-күмп! дүңк-дүңк! пыс-пыс! һәм басқа сондай сөздер.

3) Шақырыс одағай: адамды шақырғанда әй! аттан! һәм ұран сөздер, һәр жүздің, һәр рудың, һәр атаның шақыратын өз ұрандары болғандықтан қазақ ұран сөздері басқа-басқа. Бір-ақ қазақ біткеннің бәріне бірдей жалпы ұран «Алаш!», малды шақырганда: түйеге көс-көс! жылқыға: құру-құру! сиырға: ау-қау! қойға: пүшайт-пышау! ешкіге: шөре-шөре!

Құдайберген Жұбанов болды. Одағай әр зат атауына, әрі іс-қимыл атауына жақын сараланбаған сәз. Әй! Мә! одағайларының кімге айтылғандығы, кімді шақыратыны белгісіз,-дейді. оларды мағынасына қарай «шаруашылық одағайлары, қатынас одағайлары, көңіл одағайлары» деп үш түрге бөліп, әр мағыналық түрдің қалыптасу тарихына, жасалу жолына, ерекшелігіне талдау жасайды.

Қазақ тіл білімінде одағай сөздерді жан-жақты зерттеген ғалым - Ш.Ш.Сарыбаев. Ш.Сарыбаев одағай сөздерді еліктеуіш сөздерден 8 түрлі ерекшеліктерімен айқындалатын нақты дәлелдермен көрсетіп, одағайлар мен еліктеуіш сөздерді жеке-жеке сөз табы ретінде қарауды ұсынады.

Ол одағай сөз табына жататын сөздер адамның көңіл-күйін, сезімін білдіру мақсатымен ғана емес, сонымен қатар басқа біреуге бұйыру, ишара білдіру немесе малды, үй хайуандарын шақыру, айдау, қорғау мақсатында да қолданылады. Тіліміздегі одағай сөздер осындай мәніне қарай үш топқа бөлінеді дейді. Олар:1) Көңіл-күй одағайлары, 2) Императивтік одағайлар, 3) Тұрмыс-салт одағайлары. Сондықтан да одағайлар сөйлемде белгілі бір мақсатпен қолданылғанымен, біріншіден, өз алдына жеке-дара тұрып, лексикалық мағына білдіре алмайды, нақты ұғымдық мәні жоқ, екіншіден, сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді. Сондықтан одағайлар синтаксистік жағынан оқшау сөздер деп аталатын топқа жатады,-деген тұжырым жасаған.

Н.Оралбаева өзінің «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясында» - «Одағай - адамның сезімін, көңіл-күйін, бұйрығын, шақыру мәнін білдіретін сөз табы» - десе, А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» еңбегінде одағайдың лингвистикалық сөздікте берілген өзіне тән ерекшелікті атап кеткен.Ал, С. Исаев «Көңіл-күй, жекіру, шақыру» деп мектеп оқулықтары бойынша береді.Таңырқау, шаттану, қуану, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну т.с.с. мәнде қолданылатын одағайлар көңіл күй одағайы деп аталады.

Көңіл күй одағайлары: аһ, уһ, оһо, пәлі, ойпырай, алақай, бәрекелді, пай-пай, әй, өй, ой, қап, әттеген-ай, беу, шіркін, уа, түу, т.б.

Зеку, жекіру, тыйым салу, бұйыру мәнді одағайлар жекіру одағайлары деп аталады. Жекіру одағайлары: тек, жә, тәйт, т.б.

Төрт түлік мал, ит-құсты шақыру, қуумен байланысты қалыптасқан одағайлар шақыру одағайлары деп аталады. Шақыру одағайлары: моһ-моһ, құру-құру, аухау-аухау, шөре- шөре, піш-піш, кә-кә, шек, шық, аһ, шүу, т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет